Мотивациялық оятушылық | Шаттық шеңберіАспан түрді түндігінЖерге сәуле шашылды.Неткен ашық күн бүгін,Қайырлы таң,қайырлы!Сәлемдесу үлкенмен Тәрбиенің басы ғой,Ал,қанекей бәріміз.Сәлем дейік үлкенге.
| Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушылық кезең | Психологиялық сәт.-Балалар,бүгін сендердің балабақшаға келген көңіл-күйлерің қандай?Мен соны білгім келіп тұр.-Балалар,сендер тағы қандай көңіл күй түрлерін білесіңдер?-Сендер ренжігендеріңді қалай көрсетесіңдер?-Қорыққандарыңды ше?-Таңқалғандарыңды ше?Қуанғанда,көңілді болғанда ше?Балалар, сендердің көңіл-күйлеріңді білдім.Әрқашан күліп,қуанышты болып жүріңдер.Енді орнымызға жайғасайық.Көзімізді жұмып, сиқырлы бұлтқа отырып, орманға ұшып барайық, орманның табиғаты тамаша екен.Ерте,ерте,ертеде бір орманда қоян көжегімен өмір сүріпті.Бақтар гүлдеп,құстар сайрап,көкте тырналар ұшып барады екен.Алыста сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.Қоян мен көжегі орманда күнде серуендейді екен. Тамаша табиғатты тамашалап жүріп, көжек анасынан адасып қалады.Көжек ары-бері жүгіріп анасын іздейді.Көжектің көңіл-күйі түсіп жылап келе жатса алдынан мыршай,қонжық,кірпі шығады.Олар:-Көжек ,саған не болды дейді?-Көжек:-Мен анамнан адасып қалдым, деп жылайды.-Кірпі:жылама көжек мен сенің үйіңді білемін,сені үйіңе апарамыз,- дейді.Олар көжектің көңілін көтермекші болады.Мыршай:- көжек кел, кішкене ойнап алайық сен көңіліңді көтер, сенің жылап тұрғаныңды анаң көрсе көңілі бұзылар.Сөйтіп, олар ойнап,көжектің көңілін көтеріп үйіне анасына апарады.Қоян көжегімен табысып қуанып қалады.Қоян қуанып,көжектің достарын дастарханға шақырады.Көзімізді жұмып,денемізді бос ұстап,сиқырлы бұлтқа отырып,балабақшамызға қайтып оралайық.
-Балалар:-Кішкентай көжек анасынан адасып қалғанда қандай көңіл күйде болды?-Достары көжектің көңілін қалай көтерді?Қандай жағдайда болмасын,қай уақытта болсын қуантуға бола ма?Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Осы жақсы көңіл-күймен қазір бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін,бәріміз бір-бірімізге сыйлық жасаймыз.(Түймеден,лентадан әр түрлі заттар жасайды)
«Күн және түн»ойыныПсихолог «Күн» белгісін бергенде балалар күледі,жүгіреді,секіреді.т.б.Ал «Түн»белгісін бергенде қозғалыстарын тыйып,бәрі ұйықтайды. |
Балалар көңіл күйдің түрлерін айтады .
Қандай көңіл күймен келгендерін айтады.Балалар түрлі көңіл-күйлерге байланысты іс-әрекеттер жасайды.
Балалар орындарына жайғасады,көздерін жұмып,орманға саяхатқа барады.
Ертегіні слайд арқылыкөріп ,тыңдайды.
Балалар көздерін жұмып,денелерін бос ұстап,сиқырлы бұлтқа отырып,топқа қайтады.
Балалардың жауабы.
Сергіту сәтін орындайды.Балалар түймеден әр түрлі заттар жасайды,бір-біріне сыйлайды.
Балалар ойынды ойнайды. |
|
Рефлексия.Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне қатысты көңіл-күйлеріңді сезім белгілерімен белгілеулеріңізді сұраймын.Кім қандай сезім-белгісін,неге таңдағанын айтқызу.-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзің де,олардың да өмірін,жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіншілігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет. |
Балалардың жауаптары |