Материалдар / Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
679
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»Сабақтың мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.Барысы: Ұйымдастыру бөліміШаттық шеңбері.- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.Жақсылықтан үйреніп,Боламыз біз жақсы адам.Жамандықтан жиреніп,Үлгі аламыз жақсыдан.- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.- Қайырлы күн,- Сабағымызды жақсы оқиық- Әрқашан күн сөнбесін,- Аспанымыз ашық болсын.- Аман болайық.- Деніміз сау болсын.- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.« Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың».
  • Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
  •  Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
  • Жаманмен салысып жақсы болмайсың.
  •  Жақсылық - ұзақ тұрмайды,Жамандық - әркез тозбайды.
  • Жақсы - жаны еріп тыңдайды.
  • Жақсының - жолы ашық.Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
  • Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
  • Жақсыны жаман көре алмас.
9. Жамандар сөйлей білмейді, жөніне тыныш жүрмейді.10. Жақсының жолы - жарық күн.11. «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» 12. Жақсыда жаттық жоқ.13. Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын.14. Жақсының аты өлмейді. 15. Жаман - шайқап сөйлер, жақсы - байқап сөйлер.- Жақсы болу өзіңненЖаман болу өзіңненӨзіңді өзің ая да,Өзің үйрен өзіңнен.Жамандық көрсең біреуденМен қандаймын деп ойла.Жақсылық көрсең біреуденМен қандаймын деп ойла!- Жарайсыңдар, балалар. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.Жақсы деген не? Жаман деген не?Биязы мінез тіл алғыш,Бал-бұл жанып жүретін,Бауырмалдық сол - ?(жақсы)Беті-қолың кір-кір боп,Берекесіз ыржақтапБейбастық өссең сол - ?(жаман)Үйдің ішін тазалап,Үстіңе де қарайлап,Үлгере алсаң сол - ?(жақсы)Ұшып-қонып жүретін,Шегірткедей еріншек,Ұшқалақ болсаң сол - ?(жаман)Ата ананың ақылын,Ала білмей кезінде,Ақымақ болсаң сол - ?(жаман)Жауқазындай  жайраңдапЖұрт ісіне қайран қапЖатса шіркін, сол жақсы.Тәтті досқа сөз беріпТанып жүрмей артынанТабынды болсаң сол жақсы.

Тал шыбықтай  таңертенТамаша әдет сол жақсы.

Саспай, жастай өнердіңСүйсен бәрін беріліп,Сан  істерден сол жақсы.

Төменде тұрған өздеріңТөбеде  тұрған алмағанТалассаңдар, сол жаман.

Бар кітабың шашылыпБерілген сабақ оқылмайЕкі  алсаң сол жаман.Рақат, ләззат табасың,Риза боп- ақ қаласың.Жақсы бала бес алып,Жадыратар мамасын.

Уақыттың ұқпай қысқасын,Өткізіп бекер қыс-жазын.Жаман бала екі алып,Жиіркентер үлгі ұстазын.

Балғынмын әлі десе деБілінбей жасы өсе ме.Жақсы бала әрдайымҚолғанат аға, әкпеге.

Бетімен мүлде кетпек пеЕш ойланбас ептеп теЖаман бала әйтеуірЖалқау үйде, мектепте.

Ұстаз сөзін ұғыпты,Тәртіпті боп жүріптіЖақсы бала кітабын.Ұстайды ылғи ұқыпты.«Ән» «Қызыл алма»

Біз не үйрендік?1.  Жақсы қасиет ең алдымен жеке бас тазалығын қатаң сақтаудан басталады. Біз соны үйрендік.2.  Жанұяда тазалық сақтау. 3. Сынып бөлмесінде сабақ орындау. 4. Сынып бөлмесіне ұстаздар, бейтаныс адам кіретін болса, бәріміз орнымыздан тұруымыз керек.5. Сабақ кезінде мұғалімді тыңдап, жан-жаққа қарамау бір-бірімен сөйлеспеу керек.6. Жанұядағы мүліктерді, заттарды күтіп ұстау.7. Егер сен біреуді  байқамай   қағып  кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде кешірім сұрау керек.Мұғалім: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз? Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.Мұғалім:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер.- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын, сабақты жақсы оқитын, жанашыр, кішіпейіл, мейрімді, ақылды, өтірік сөйлемейтін, адал, досқа сенімді.Жақсылыққа құштармыз,Жақсы адам болып шығамыз.Таза сәби жүректен,Қабылдаңыз мың алғыс. Бейнеролик Топтастыру«Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керекКүн тармақтарына озіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толтырайық. Мысалыухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керекСұрақтар:
  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

«Жақсылық тамшысы» . Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. - Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді. Рефлексия Біз не үйрендік, нені білдік, нені білуіміз керек?Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатігез болсаң - сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!