Материалдар / «Жақсылық жасай білейік» .Сыныптан тыс жұмыс. 6 -сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жақсылық жасай білейік» .Сыныптан тыс жұмыс. 6 -сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: “Жақсылық” ұғымын ақиқат құндылығы ретінде мәнін ашу, түсіндіру. Міндеті: Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту; Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2022
799
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Күні :13.10.2021ж

Сынып: 6 «А»

Тақырыбы : «Жақсылық жасай білейік»

Мақсаты: “Жақсылық” ұғымын ақиқат құндылығы ретінде мәнін ашу, түсіндіру.

Міндеті:

Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау

Көрнекілігі: компьютер, проектор, презентация, үлестірме қағаздар, бейнеролик.

Өткізілу формасы: дөңгелек үстел

Жүргізілетін жұмыс түрі:

«Жақсылық, «Жақсылық жасау» ұғымдарын талқылау;

«Жақсылығын өзіңе», «Жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жақсылық» бейнеролик көру, талқылау;

«Жақсылық гүлі», «жақсылық тамшысы», «жақсылық үйі» макетін құру;

Тренинг-ойын «Жүрек»

Барысы:

Құрметті оқушылар мен мұғалімдер бүгінгі біздің «Жақсылық жаса» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер.

Мұғалім оқушыларды түстер бойынша үш топқа бөледі. Қызыл түс- қамқорлық тобы,  сары түс- мейірімділік тобы,  жасыл түс – қайырымдылық тобы. Оқушылар өздері таңдаған түстері бойынша топтарға бөлініп отырады.

Мұғалім сөзі:

Оқушылар біз сіздермен «Жақсылық», «жақсылық жасау» деген сөздердің мағынасын ашып алсақ.

- Жақсылық дегеніміз не, балалар?

- Жақсылық жасау дегеніміз ше?

(Жақсылық жасау дегеніміз өздерін айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір – біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды).

Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.

Оқушылар қазір сендермен «Жақсылығын өзіне» тақырыбында бейнероликті тамашалайық.

Сұрақ: Бейнематериалдың негізгі идеясы не туралы?

Бағалау

1 топ «Қамқорлық» тобы .

2 топ – «Мейірімділік» тобы .

3 топ – «Қайырымдылық» тобы .


Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе”

Ы.Алтынсарин

Оқушылар қазір біз сіздермен үш топ болып «Кім көп сөз табады?» ойының ойнайтын боламыз. Тақтада дөңгелек фигуралардың ішінде жақсы және жаман адамның қасиеттеріне байланысты сөздер буындарға бөлініп жасырылған. Сіздер сол жасырылған сөздерді табуларыңыз қажет. Ойын шарты түсінікті болса онда бастайық, қане қайсы топ көп сөз табады екен.

Әр топ тақтада буындарға бөлініп жасырылған сөздерді тауып оқиды.

Бағалау

1 топ «Қамқорлық» тобы .

2 топ – «Мейірімділік» тобы .

3 топ – «Қайырымдылық» тобы .

Құрметті оқушылар сіздермен келесі әр топқа бір суреттен кескінделіп беріледі.Оқушылар сол кескіндерді бір-біріне қосып бір тұтас сурет жасап шығарады. Содан соң әр топтан екі оқушыдан шығып сол суреттегі бейненің мазмұнын айтып түсіндіреді.

Суретпен жұмыс: 



Бағалау

1 топ «Қамқорлық» тобы .

2 топ – «Мейірімділік» тобы .

3 топ – «Қайырымдылық» тобы .

 

Яғни, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадымызда ұстауымыз қажет.

Оқушылар қазір біз сіздермен топтық жұмысымызды жалғастырамыз. 

Мақал мәтел айдары.

Бағалау

1 топ «Қамқорлық» тобы .

2 топ – «Мейірімділік» тобы .

3 топ – «Қайырымдылық» тобы .

Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүлінің», Мейірімділік тобы: «жақсылық тамшысын», Қайырымдылық тобы: «жақсылық үйін» құратын болады.

Қамқорлық тобы: «Жақсылық гүліне», Қайырымдылық тобы: «жақсылық үйіне» жақсылық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек соларды тізіп жазулары қажет. Ал Мейірімділік тобы: «Жақсылық тамшысы» тамшы артына өзгелерге, айналасына жасаған жақсылықтары туралы жазып оқып жапсырады.

Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады.Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қортындылайды.

Бағалау

1 топ «Қамқорлық» тобы .

2 топ – «Мейірімділік» тобы .

3 топ – «Қайырымдылық» тобы .

Тренинг-ойын: «Жүрек»

(Жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген)

Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы сандықтан адамның қасиеттерін анықтайтын сөздер жазылған түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешірімді Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек құрастырылады.



Топпен ән айту.

1.Өмір менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір менің таусылмайтын дастаным.

Адам болып келгеннен соң өмірге,

Өмір мәнін ізгіліктеп, ізгіліктеп қоштады.

А а а а а а А а а а а а

Өмір мәнін ізгіліктеп, ізгіліктеп қоштады

2.Ақиқатты тану үшін ғаламда,

Сүйіспеншілік керек әр адамға.

Ойсыз ісің дұрыс болса әрдайым.

Қиянатта жасамайды,жасамайды әманда

А а а а а а А а а а а а

Қиянатта жасамайды,жасамайды әманда

3.Жалпы ортақ адамзатта құндылық,

Жақсылыққа жетелейді бір шындық.

Жүрегіміз нұрға толы жан болса,

Баршамызда бұлар ішкі 2 рет тыныштық

А а а а а а А а а а а а

Баршамызда бұлар ішкі тыныштық

А а а а а а А а а а а а

Баршамызда бұлар ішкі тыныштық




Қорытынды. Мұғалім сөзі:

Жақсылық жүрген жерде, таршылық болмайды.

Жақсы сөз – жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсы ойлап кісіге,

Тілейік үлкен – кішіге – деп тамаша сөздермен «Жақсылық жасаған бақыт» - деп айналаңа жақсы істер жасап, қуантсаң, көңілін әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың деген тамаша сөздермен бүгінгі «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында ұйымдастырылған сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп- көп рахмет. Сау болыңыздар!















«Салауатты ұлт –салауатты ұрпақ» эстетика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында


«Жақсылық жасай білейік!»

(Сыныптан тыс командалық сайыс)

6 «А» класс





Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі: Уринбаева Айгуль Жанбирбаевна.







13.10.2021ж. Ақтөбе қаласы.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!