Жақсылық жолымен жүреміз

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жақсылық жолымен жүреміз

Материал туралы қысқаша түсінік
1сынып 18 сабақ балаларды жақсылыққа жетелеп, бұл өмірде тек жақсылық қайырымдылық жасау керектігін түсіндіреміз. Жақсылық жасап жүрсең достарың көп болатынын айтамыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім: ІІІ

Адам болам десеңіз ...

Педагогтің аты-жөні

Танабергенова Камиля Абаевна

Күні:


Сынып: 1

Қатысушылардың саны: 12

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы № 18

Жақсылық жолымен жүреміз

Оқубағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары


- адамдарға, табиғатқа, қоғамдық меншікке ұқыпты және саналы қарайды.


Құндылық:

Ішкі тыныштық.


Қасиеттер:

Сыйластық,ізгілік.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жетізу арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнінін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік


  1. Дамытушылық


  1. Тәрбиелік


  • оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып,адамгершілік қасиеті туралы түсінік беру;

  • оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу,ізгілік қасиетін дамыту;

  • оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


1.Жағымды көңіл күй



Сәлемдеседі,оқушылардың оқу құралдарын түгелдейді. 5 «Т» ережесін оқушыларға айтқызады.

«Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Жағымды күйге еніп, терең ойлауға бейімдейді



Сабаққа қажетті құралдарын алады, 5 «Т» ережесін айтады. Оқушылар жағымды күйге енеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Волшебная Композиция – «Хрустальная Грусть»

https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc


2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру(әңгімелеу)

18 – сабақ. Мәдіхан Төрежановтың «Қамқорлық» мәтінін сұрақтар қою арқылы тексереді.

Сұрақтар:

  1. Жақсылық жасау адамға парыз ба? Неліктен?

  2. Жақсылыққа жаны құмар адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  3. Өздерің жасаған жақсылықтарыңды естеріңе түсіріп айтыңдар

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын айтады.

Оқулық 82 бет

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелеу)


Тақтаға жазады,дауыстап айтып береді. Сұрақ қою арқылы оқушылардың жауабын тыңдайды,дәйексөздің мағынасын ашып түсіндіреді, дәптерлеріне жаздыртады, қорытындылайды

сұрақтар қояды.

Жақсылық – жан азығы.

Мақал

Сұрақтар:

1. Жақсылық не үшін жасалады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


Жақсылық жолымен жүрген,жақсылық жасаған адамның жаны тынышта болады.Біз әрқашан қолымыздан келгенше қоршаған ортаға,жан-жануарларға жақсылық жасауымыз керек.Жақсылық жасау адамдарды достастырады,адам жасаған жақсылығын міндет етпеуіміз керек.



3 рет айтады ,дәптерге жазады,сұрақтарға жауап береді.


Оқулық

79 бет

4. Оқиғалар айту (әңгімелеу)



М. Құрманалиннің Жақсылық әңгімесін айтып береді,сұрақтар қояды. Әңгімеде берілген кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді сұрақтар қою арқылы оқушылармен ой бөліседі.


Күн – жексенбі. Үлкенге де, кішіге де – демалыс. Нығыздап таптап тастаған биік қар үйіндісінің төңірегі толған бала. Бәрінің де жетегінде бір-бір қолшана. Қарлы төбенің басына шығып, төмен қарай кезек-кезек құлдилайды. Тайдан құлағандай, аударылып қалып жатқандары да аз емес. Оған ренжу қайда, қайта бәрі қосыла мәз болып күледі.

Осы думанға, шанасын сүйретіп, жеті жасар Жақсылық та қосылған. Ол да ақ қарға әлде неше рет аунап тұрды. Биіктен сырғанағанда, қар құшып құламасаң, қызығы бола ма. Ол, буы бұрқырап, екі беті бал-бұл жаньш, қарлы төбс басына қайта өрмелейді. Бала жаны биікке, жылдамдыққа құштар!

Жақсылық кезекті сырғанаудан кейін аптығын басайын деп тұрған. Базар жақтан иығында қапшығы бар карт балалардың тұсына келіп тоқтады. Ол қапшығын жерге қойып, мандайының терін сүртті. Аялдауына қарағанда қапшығы ауыр болу керек.

Жақсылық шанасын сүйретіп қарттың жанына барды.

Ассалаумәликум, ата!– деп сәлем берді.

Әликумсәлам! Бақытты бол! Қай баласың? – деді қарт жөн сұрап.

Жақсылықпын!

Е-е-е. Жақсылық болсаң, өзің бір тәуір жігіт екенсің. Әке-шешең бар ма?

Бар!

Олар нендей жұмыс істейді?

Екеуі де теміржолшы, – деді Жақсылық.

Ал, өзің оқисың ғой, қай класта?

Екінші класта. Бәрекелде... оның дұрыс екен... Қой мен қозғалайын. Сен ойыныңнан қалма! – деді қарт. Жақсылық қартқа жақындай түсіп:

Ата мына қапты менің шанама салып апарайық! Арқалап жеткізу сізге ауыр ғой! – деді.

Біздің үй бұл жерден төрт-бес көше төменірек. Қайтарда адасып кетерсің. Өзім арқалап жеткізем ғой! – деп еді. Жақсылық алған бетінен қайтар емес. – Адаспаймын. Сіздің үйді білем. Сіз Шолпанның атасысыз ғой. Ол менімен бір класта оқиды, – деді.

Е-е-е, өзіміздін бала екенсің ғой! Онда не сөз бар!– деп қарт қапшығын қолшанаға салды. Жақсылық оны сүйрей жөнелді.

Екеуі әнгімелесіп, үйге қалай жеткендерін білмей қалды. Қоштасарда қарт:

Айналайын, Жақсылык, әке-шешең атыңды тауып қойған екен! Атаңды сыйлағаның –жұртыңды сыйлағаның! Бақытты бол! Өркенің өссін! – деп арқасынан қақты.

Жақсылық қарлы төбеге қайта оралып, ойынды одан сайын қыздырды.

Сұрақтар:

  1. Жақсылықтың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  2. Мәтіндегі «Атаңды сыйлағаның – жұртыңды сыйлағаның!» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  3. Сендер Жақсылықтың орнында болсаңдар не істер едіңдер

Өздерің басқаларға көмектескен кезде қандай сезімде боласыңдар?Әңгімелеп беріңдер.




Оқушылар әңгімені мұқият тыңдайды,сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады.


М.Құрманалиннің мәтіні


5. Шығармашылық жұмыс



Оқушыларды 2 топқа бөледі.Оқушылар ауысша айтып береді.

1 тапсырма.

  1. топ

Табиғатқа қандай жақсылық жасар едіңдер?

  1. топ Жалпыадамдарға қандай көмек көрсетесіңдер?

2 тапсырма.

Бойымыздағы жақсы қасиеттерді жазамыз

Өз ойларын айтады.


Бойларындағы жақсы қасиеттерін дәптерге жазады.

Суреттер,оқу-шы дәптері.

6. Жобалау қызметі





7.Үй тапсырмасы

19 сабақ Н.Шакузадаұлының

Мейірімнің күші мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келуді тапсырады.

Күнделіктеріне жазып алады,үлкендердің көмегімен оқып келеді.

Оқулық

87 бет

8. Топпен ән айту



Ф. Жолдасованың Бала тілегі

әнін балалармен бірге айтады.

Оқушылар әнді мұғаліммен бірге әнді айтады.

Экранға өлеңнің мәтіні,әуенімен қойылады.

9. Сабақтың қортынды сәті

Бүгінгі сабақта айтылған сыйластық,ізгілік қасиеттерін жүрегінде сақтауды ұсынып, өз мақсаттарына жетулеріне, абырой биігінен көрінулеріне тілек тілеп,сабақтағы белсенділіктеріне алғыс білдіреді.


Оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды.

Баяу композиция қойылады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2021
760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі