Жақсылық тамшысы

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Жақсылық тамшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы іс жасау арқылы қарым-қатынасымызды жақсарту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жақсылық тамшысы

Мақсаты: Жақсы іс жасау арқылы қарым-қатынасымызды жақсарту

Міндеттері:

1.Адамдар қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Қонақтармен амандасу» тренингі

Мақсаты: Балаларды қонақты қарсы алу барысында этикалық нормаларды сақтауларына, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас қолданып бойларына мейірімділік, қонақжайлылық қасиеттерін қалыптасуына жаттықтыру.

Тренинг барысы: Балаларға қонаққа көгілдір тік ұшақпен танымал ертегі кейіпкерлері: Чебурашка, Крокадил Гена, Буратино, Дюймовочка, Карлсон және доктор Айболит ұшып келеді. Балалар қонақтармен түрліше амандасып қарсы алулары керек. Сонымен бірге Чебурашканың әлі бала екенін, ал доктор Айболиттің үлкен жастағы ата екендігін ескерулері қажет.

Амандасу барысында вербалды және вербалды емес қарым-қатынас қолдану (мимика,жест), әрі төмендегідей шарттарды ұстану:

  • Қонақтың тіке көзіне қарау;

  • Жылы жүзбен күлімсіреу

Ойын барысында «Сәлем» деген сөздің қаншалықты орынды екенін, әрі оны балалардың достарына немесе үлкен адамдарға айтуға болатынын, болмайтыны анықтап алу.

«Көңіл күйім неге ұқсайды?» тренингі

Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа райына баламалай айтуға үйрету.

Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: «Менің көңіл-күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?» Келесі – «өте жақсы»деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан – « Бүгін біздің сыныптың көңіл-күйі қандай екен?» - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе ? –деп сұрайды.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Психолог сөзі : «Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттеріндің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі».

II. Негізгі бөлім.

«Гүл» әдістемесі

Ж үру барысы: Балаларға мынандай нұсқау беріледі: «Сіздер қазір біріге отырып мына гүлдерді бояуларымыз керек, және ол екеуіңе ұнауы тиіс.











«Ертегі әлемінде» әдістемесі.

Балалар, біздің мейірімді, сыпайы және мәдениетті болуымызға тек мұғалімдеріміз ата-аналарымыз ғана емес, сонымен қатар ертегілерімізде үлесін қосады. Жақсылық жамандықты жеңеді.

Тақтада екі ағаштың суреті бейнеленген, ағашқа ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар жапырақтарды жапсыруларыңыз керек.

Жарайсыңдар балалар!

А л, енді алдыңғы әдістемедегі гүлдерді тақтаға іліп сәндейік.













III. Қорытынды бөлім.

Жақсылық тамшысы ойыны.

Мақсаты: Жақсы іс жасауға тәрбиелеу.

Нұсқау: Балалар тамшыдан теңіз құралатындығын білемізғой?! Әр қайсымыздың тамшыдай жасалынған жақсылықтарыңызды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа, қамқорлық пен мейірімділікке толы болса, жер бетінде де бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Қ ұрметті ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда тірек сөздер жазылған ақ парақ берілген. Осы парақтан қайық жасап, тірек сөздерді пайдалана отырып балаларымызға тілек жазайық. Ал енді дайын қайықтарымызды «жақсылық» теңізіне орналастырайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2020
1084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі