Материалдар / Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілін кіріктіре оқытудың оңтайлы тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілін кіріктіре оқытудың оңтайлы тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама жаратылыстану пәндеріне ағылшын тіліе кіріктіріп оқытудың оңтайлы тәсілдері жайлы жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектептің биология пәні мұғалімі Кожахметова Нуржамал Сериковна

«Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілімен кіріктіріп оқытудың оңтайлы тәсілдері»

Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

  • Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.

  • Кіріктірілген сабақта оқушылар әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана отырып, оқиғалар мен құбылыстарды мүлдем жаңаша түсіне отырып терең және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді жинақтау, бір пәннен алынған білімді басқа пәнде қолдану білігін қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісіне негізделген сабақты жоспарлау. Сабақты өткізу барысында:

  • Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісіне негізделген сабақты жоспарлау

  • Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісіне негізделген сабақты жоспарлау

  • Тірек сөздермен жұмыс жасау

  • Пәнді екінші немесе үшінші тілде оқытудың бастапқы кезеңінде оқушы бірінші тілде сөйлесе, оған екінші немесе үшінші тілде жауап беру

  • Педагогтар арасында өзара ынтымақтастықты орнату үшін “Critical friend” «Сыншы дос» таңдау керек

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту барысында мұғалім мен оқушыға қажетті жағдайлар: Ынтымақтастық,сабаққа қатынасу, тілдік курстар, білім ортасы, тәрбие жұмыстары.

Биологияны көптілді оқыту принциптеріне тоқталатын болсақ:

Саналылық принципі: Негізгі биологиялық ұғымдарды, анықтамаларды, заңдылықтарды алдымен өз тілінде терең түсініп, меңгеріп алу, орыс тілінде, шетел тілінде айту.

Белсенділік принципі: Оқушылардың өзіндік жұмыстарды, шығармашылық жұмыстарды орындауда, оқу материалын меңгеруде белсенділік принципі қарастырылады.

Қазіргі таңда мектебімізде Биология (8- сынып) пәнін ағылшын тілінде
оқытуға арналған оқулықты қолданамыз.

  • Мемлекеттік стандартқа сай келеді

  • Негізгі оқулықта берілген тақырыптармен қамтылған

  • 14 тарауға бөлінген

  • Әр тарауда: ағылшын тілінде мәтін берілген

- сызба, сурет, кесте

- терминологиялық сөздік (үш тілде)

- тапсырмалар

Биология пәнін ағылшын тілімен кіріктіре оқытуда біз оңтайлы әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Мысалы алғашқы «Cell structure and types» тақырыбын өткенімінде мен бірінші оқушылрға сабақты сурет арқылы түсіндірдім, «Key terms» анықтамаларымен таныстырдым. Одан соң «Terminology» жаңа сөздіктермен таныстырдым.

Жаңа сабақты бекіту үшін «True and false» әдісі арқылы жүргіздім. Оқушылар орташа нәтиже көрсетті. Содан соң мен 3D формат-көрінісіндегі «Cell world» әдісі арқылы визуальды демонстрация арқылы жасушаның құрылысын көрсеттім.Бұл бағдарламаның ерекшелігі жасуша құрылысын жақыннан көрсете отырып, әр бөлігіне ағылшын тілінде мағлұмат береді. Көрсетілімнен соң «Matching task» әдісі арқылы суретпен термин сөздерді сәйкестендіру кестесін бердім. Оқушылар тапссырманы еш қиындықсыз тез орындады. Нәтиже ағылшын тілін жаратылыстану пәндерімен кіріктіріп оқыту кезінде «Learning Apps» бағдарламаларын қолдана отырып оқыту, пәнді екі тілде игертудің оңтайлы әдісі. Сонымен қатар 8 сынып бағдарламасында «Адам анатомиясы» тарауын өткенде , «Anatomy in 3 D» бағдарламасы өте тиімді.

Кіріктіре оқыту барысында ойлаудың жаңа деңгейі яғни кең арналы, кіріктірілген ойлау қалыптасады. Мұндай ойлауда бір пән арқылы ғана қалыптасатын ойлаудың тар шеңберінен тысқары шығатын, пәнаралық байланыс аясын кеңейтетін, оқу материалдарын қайталаудан сақтайтын деңгей пайда болады. Соның барысында оқушылардың ойлау әрекеті белсендіріліп, алатын ақпараттың аясы кеңи түседі, сөйтіп, оқушының оқып, білім алсам деген мотивациясы тереңдей түседі. Кіріктіре оқыту, түптеп келгенде, білім беру үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара дидактикалық қатынасында жаңа психологиялық жайлы қатынас қалыптасады.

Осымен, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер (информатика, физика, химия, биология) мен тілді кіріктіре оқыту оқу үдерісінің сапасын жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар, мектептегі білім берудің маңызды міндеті – оқушылардың пәнаралық байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуді көздейді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!