Материалдар / Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары Презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2023
1343
6 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:

«Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктері»


Мақсаты: Мұғалімдерге жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшетіктерін таныстыру.

Міндеттері:

1. Жаратылыстану пәндерін оқытуда функционалдық сауаттылық не үшін қажет? .

2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту моделі

3. Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды құрастыру жолдарын көрсету.

Презентация

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу.

«Қарындаш» әдісі арқылы үш топқа бөліну

"Екі шындық, бір жалған" тренинг. Мақсаты: таныстық орнату, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Қатысушылар өздері туралы екі шындық және бір жалған ақпаратты айтуы керек. Қалғандары сол жалған ақпаратты табуы тиіс.


Ширату сұрақтары:

  1. Жаратылыстану пәндерінде оқушының логикалық ойлауы маңызды ма, әлде теориялық білімі маңызды ма?

  2. Функционалдық сауаттылықты түрлерін білесіз бе?

  3. Функционалдық сауаттылықты бақылайтын қандай халықаралық зерттеулер бар?

  4. Функционалдық сауаттылық тапсырмалары қандай болады?


Бағалау: «Овация» әдісі


Негізгі бөлім

  1. Жаратылыстану пәндерін оқытуда функционалдық сауаттылық не үшін қажет? (География пәнінің мұғалімі Г.Тоқсанбекова)


Оқушыларға функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізгі болып табылады.
Қазақстан білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптары мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім деңгейіне жеткізуге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады.

Сонымен қатар «функционалдық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық  логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
• ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
«функционалдық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – сауатты сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз . Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмысын жүргізуіміз керек:
Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен  жүйелі жұмыс жасауды күшейту;
Сабақта  практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған  қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;
Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;
Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,   яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға бейімделуі,
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмірлік білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

  1. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту моделі

Үш топқа осы тақырып бойынша модель құрастырып, оны қорғау керек.


Бағалау: «Бутерброд» әдісі : Мадақтау-сын айту- мадақтау


  1. Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды құрастыру жолдарын көрсету. (Математика пәнінің мұғалімі М.Махамбетова)

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы

Физика пәні

2*Ньютон заңдары

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.

Сұрақ 5: Ньютон заңдары

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?

А) Қозғалмайды, ҒR=0

В) Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3

Биология

Тапсырма: Ұлу

Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері (14-сурет). Олардың түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос жұпты мұртшалары мен екі көзі бар.











14-сурет – Ұлу

1-сұрақ

Ұлу раковинасының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейін кездеседі. Раковина түсі қандай жағдайға тәуелді?


  1. Қабылданатын азыққа

B. Жасына.


C. Раковина формасына. D. Раковина иіріміне.

2-сұрақ

Ұлудың жасын қалай ажыратады?

A. Раковина жиегінің қалыңдығынан. B. Бұлшықет жиырылуынан.


C. Раковина түсінен.

D. Раковина формасынан












Математикалық сауаттылық


Презентация

Микрофон












Слайд



























































































Қорытынды

Осындай бағытта есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз-алған математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын,өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын,өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеп шығамыз.

ХХІ ғасыр –бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры ұстаздар қауымына аманат етіп тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті-өзіндік ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалім мен оқушының бір-біріне деген сүйіспеншілігі,оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлауға бейім,интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптас тыру мектеп мұғалімдері үшін жауапты іс.

Рефлексия






























Үлестірмелер
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!