Материалдар / Жаратылыстану пәндеріндегі үштілді оқыту технологиясының қолданылуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану пәндеріндегі үштілді оқыту технологиясының қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштілік туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















БАЯНДАМА



Тақырыбы: Жаратылыстану пәндеріндегі үштілді оқыту технологиясының қолданылуы

























Жаратылыстану пәндеріндегі үштілді оқыту технологиясының қолданылуы

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі.

«Тіл – халықтың автопортреті. Әр тіл-өз орнында ұлы, әр тіл-бүкіл адамзат қазынасының палитрасындағы өз өрнегімен қымбат»

Ш. Айтматов

Жаңа заман, жаңа ғасыр орнағалы ширек кезең де өткен жоқ. Десек те, осы уақыт аралығында индустриалды-инновация, жаңа технология үстін-үстін дамып, қарқыны көз ілестірер емес. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында білім беру жүйесіне баса назар аударып, үштілділік мәселесі басты жолға қойылды. Мемлекет басшысы «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үштілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатыныс тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

«ХХІ ғасырдағы мұғалімнің кәсіпқойлығы», «Пән мен тілдерді біріктіріп оқыту» деген ұстанымдар алға мақсат болып қойылды. «Еліміздің болашағы, тағдыры жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы мектептегі ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз көрсеткендей, мектебіміз мемлекетіміздің игілігі үшін ортақ іске өз үлесін қосып, шәкірттердің алға қойған мақсаттарына жету үшін, өзара құрмет, сенім, ынтымақтастық жағдай жасауды мақсат етіп қою өте маңызды. Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Өзектілігі
Үштілділіктің маңыздылығын көрсету және оның елімізге тигізер оң әсерін түсіндіру. 
Мақсаты
Үштілділіктің қазіргі заман талабы екенін көрсету.
Міндеттері
Үштілділіктің коғам үшін пайдалы екенін көрсету, жаһанданудағы маңыздылығын айқындау. Еліміздің үштілділікті орнатудағы алған бағыты мен стратегиясын көрсету

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгеруге аса назар аударылуда.

Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Ағылшын тілі – әлемдік бизнес кілті, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде.

Үштілділік – нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма кезек қолдану құбылысы. Осыған орай құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:

- Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;

- мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;

- ағылшын тілін меңгерту;

- орыс тілін жетік білу;

- әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;

Әлем бойынша 1,5 миллиард адам ағылшын тілінде сөйлейді. Еуропалық одаққа кіретін 28 елдің ішінде 17-сі шет тілдерін балабақшадан бастап оқытады. Сол сияқты Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің (олардың ішінде Еуроодақ елдері де бар – авт.) жартысы ағылшын тілін бастауыш мектептің бағдарламасына енгізген. Басқалары 6-7 сыныптан бастап оқыта бастайды. Соның арқасында еуропалықтардың 54 пайызы кем дегенде бір шет тілін біледі, 25 пайызы екі шет тілін білсе, 10 пайызы үш тілде сайрап жүр.

«Education First» атты ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын халықаралық рейтингте Эстония мен Польша сияқты мемлекеттер оқ бойы озық келеді. Қазақстан болса, 63 елдің ішінде 54-ші орында тұр. Ал «English First» деген рейтингтік агенттіктің хабарлауынша, ағылшын тілін білетін халықтың кіріс көзі өсіп, жұмыссыз жастардың саны аз болады. Адам капиталы жоғары. Сондай-ақ бұл мемлекетте бизнес-климат жақсы, яғни кәсіпкерлік жүргізуге қолайлы болады.

Бүгінде отандық мектептерде ағылшын тілін оқыту соңғы сыныптарда басталады. Мамандардың айтуынша, бұл тым кеш. Соның салдарынан өзге пәндерді ағылшын тілінде оқыту мүмкін болмай жатыр. Ал төрт бірдей сабақты ағылшын тілінде беру үшін оны меңгеруді бірінші сыныптардан бастау қажет. Осы мәселе бастауыш мектептің жаңа бағдарламасына енгізілді. Енді, 2-сынып оқушылары ағылшын тілін 102 сағат (бұрын 34-ақ сағат болған) бойы үйренеді. Осыны іске асыру үшін мұғалімдерді ғаламтор арқылы ағылшын тіліне жаппай оқыту қолға алынбақ. Дегенмен, ағылшын тілін білетін педагогтарды даярлау жұмысына негізгі басымдық берілмек.
Бүгінде әлем бойынша ағылшын тілінде таралатын ақпараттың көлемі неміс, испан, қытай, тіпті басқа тілдерді қосып алсақ та, басым болып тұр. Ғылым-білім саласындағы соңғы жаңалықтар осы тілде жазылады. Ағылшын тілін білетін адамдар оны бірден оқып-біліп жатады. Кітаптарды аударып, оған қыруар қаржы жұмсаудың қажеті жоқ.
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқыту жүйесін жеңілдету үшін терминологиясы латын тілінде келетін пәндерден бастауды ұсынып отыр. Ол жағынан биология мен информатиканы алған жөн.

Бүгінде халықаралық қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілін білу аса қажет. Қазақстандық оқушылардың ағылшын тілін білмеуі IT-технологиялар, робот жасау, биомедицина, кибернетика және тағы басқа салалардың соңғы жаңалықтарын оқып-білуге қолбайлау болып отыр. Үш тілді оқыту жүйесі мемлекеттік тілді еш шектеп жатқан жоқ. Қайта қазақ тілді оқушылар орыс тілін оқыса, орыстілділер қазақ тілін меңгере бастайды. Сөйтіп, ақпараттық алмасу, одан кейін әлеуметтік араласу процессі басталады.

Мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту барысында күнделікті сабақта орыс тілі, ағылшын пәндерін кіріктіру арқылы өту тиімді. Бұл жерде өтіп отырған бағдарламаға сай үштілді біріктіре ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектісінің ізденісіне, яғни жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.

Үштілді білім алу бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениетінің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Қазіргі заманда әмбебап, ізденуші маман болуға білім мен ғылымның негізі ұстанымы – теория мен практикалық бағытты қатар алып жүру тағы да бір мақсаттың бірі. Өйткені өндіріспен байланысқан білім жүйесінің білікті маман дайындау, биология білімін ағылшын тілінде жетік меңгерген жастар шет елдік оқу орындарына емін-еркін білім жалғастыруға зор мүмкіндік туындайды.

Қорытындылай келгенден, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз.

Егемен  еліміздің  еңбасты  мақсаты  өркениетті  елдер  қатарын  көтерілу 

болса,  ал өркениетке  жетуде  жан – жақты дамыған  рухани бай тұлғаның  алатын  орны  ерекше.  Қазіргі  білім берудің  басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған,  рухани  бай жеке тұлға  қалыптастыру  болып отыр.

Еліміз  Егемендік  алып еңсесін  көтере  бастағанында  қазақ, орыс, ағылшын  тіліне  деген  сұраныс  пайда  болды. Демек  біз  өз  мемлекетіміздің  дүниежізілік  деңгейдегі  беделінің  өсіп, 50 елдің  қатарында  олармен  иық  тіресе  сөйлесе  алуымыз  үшін қазақ  орыс  тілдерімен  қатар ағылшын  тілінде де сөйлеп тұрсақ,  деңгейімізді  танытқандығымыз   емес пе.

Қысқасы мемлекеттігіміздің  негізі – қазақ  тілін  пән  ретінде  оқыту  мен бірге  орыс,  ағылшын  тілдерін  бүгінгі  таңдағы  инновациялық  технологиялардың 

озық  тәжірибелерімен меңгертуіміз  қажет. Ол  бүгінгі  – заман  талабы.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!