Жануардардың
қорегі.
Жануарлар түрлеріне қарай әр түрлі қоректенеді,
бірақ барлығы да сусыз тіршілік ете
алмайды.
Табиғаты қолайсыз,суаттардан алыс жатқан жерлерде
тіршілік ететін жануарлар бар. Мысалы, кесірткелер шөлді жерлерде
көптеп тіршілік етеді. Кесіткелер, тышқандар өздері жейтін азықтың
құрамындағы ылғалды қанағат етеді. Ал ақбөкен, бұлдырық сияқты
жануарлар күнделікті су ішпесе болмайды. Алғаш көктем шыққан кезде
шөптер нілді келеді. Бұл кезде ақбөкендер көп су іздей қоймайды.
Жазда күн қатты ысығанда әрі шөбі кебіңкіремей бастағанда олар су
іздеп алыс суаттарға барып шөлін
қандырады.
Ақбөкен тез жүгіреді, ал бұлдырық жылдам
ұшатындықтан қанша километрді артқа тастап су
іздейді.
Түйе шөлге өте шыдамды келеді. Суға кезіккенде
олар шөлін әбден қандырып алады. Түйенің негізгі қорегі жантақ. Бұл
өсімдіктің биіктігі бір метрдей ғана болады. Жапырағы ашық жасыл
түсті,кішкене дөңгелекше келген. Жапырағы шырынды,сабағы тікенекті
келеді. Ол түйеге еш қиындық туғызбайды. Ал шөлде тіршілік ететін
қарақұйрық, есек, жылқы, суырларға оған жақындау мүмкін
емес.
Үй жануарлары шөппен қоректенеді, жыртқыштар
көбіне ет іздейді.
Қоректік тізбек түрлері.
Қоректік тізбек — қоректену типімен
біріктірілген организмдер жиынтығы.
Топтары
Өндіргіштер - өздігінен қоректенушілер
(делдалдар жоқ, мұндай
организмдер энергияны тікелей күннен немесе бейорганикалық
заттарды тотықтырып алады
- фотоавтотрофтар және хемоавтотрофтар).
Фитофагтар - делдал біреу
- өсімдіктер.
Бірінші реттік зоофагтар - делдалдар екеу - өсімдіктер және
фитофагтар.
Екінші реттік зоофагтар - делдалдар үшеу -
өсімдіктер, фитофагтар, бірінше реттік зоофагтар және
т.б.
Бір қоректік деңгейдегі организмның тұтынған энергиясының
10%-ы өтуі мүмкін. Қалған энергия организмнің тіршілік етуіне
жұмсалады.
Ыдыраушылар мен қалдық қоректілер - әр түрлі
қоректік деңгей көрсетуі мүмкін. Қурап қалған өсімдіктерді
пайдаланғанда олар екінші, фитофагтар өлігінде - үшінші, бірінші
реттік өлексесінде - төртінші, т.б. қоркетік деңгей
көрсетеді.
Бір қоректік деңгеймен байланысты емес жануарлар
(эврифагтар) бар. Эврифагтар
қатарына адам да жатады, себебі, ол өсімдіктерді де
және әр түрлі қоректік
деңгейдегі жануарларды да тағамға пайдаланады.
Қоректік деңгейлер
Бірнші қоректік деңгей - жасыл өсімдіктер
(өндіргіштер) .
Екінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі
жануарлар (бірінші реттік тұтынушылар).
Үшінші қоректік деңгей - өсімдік қоректі
жануарлармен қоректенетін жыртқыштар (екінші реттік
тұтынушылар).
Төртінші қоректік деңгей - екінші реттік
жыртқыштар (үшінші реттік тұтынушылар).
Шірік қоректі организмдер (ыдыратушылар) екінші
деңгейден бастап барлық деңгейде
кездеседі.
Жүйке жүйесінің
маңызы
Рефлекс, рефлекстік
доға
Адам денесінде болатын жүйке
жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке
жасушалары құрайды. Жүйке
жасушалары - нейронның денеден, ұзын және
қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс.
Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі -
аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын
қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған.
Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның
тарамдалған көптеген қысқа өсінділері
- дендриттердің сыртында ақ
қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат
түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана
тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар,
сигнал) дендриттер арқылы
келеді.
Құрылымы мен қызметіне
қарай нейрондар 3 топқа
бөлінеді:
сезгіш (қозу шеткі мүшелерден
орталық жүйке жүйесіне өтеді);
байланыстырғыш - козуды сезгіш
нейрондардан қозғалтқыш
нейрондарға өткізеді;
қозғалтқыш - қозуды орталық
жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге
өткізеді.
Жүйке
жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке
жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам
денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен
байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен
(аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш
жүйке. Сезгіш
нейронның қысқа өсінділерінен
(дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл
жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол
нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер
арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге
беріледі.
Жүйке жүйесінің
маңызы
Жүйке
жүйесі денедегі мүшелердің
жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің
жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын
сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей
жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер
жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін
басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы
күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен
жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің
жұмысы баяулайды.
Жүйке
жүйесі ағза мен сыртқы ортаның
байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан
қорғану әрекеті адамның жүйке
жүйесінің әсерінен болады. Мысалы,
жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп
кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану;
денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы,
саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді
(бағынышты).
Ағзалар тіршілігіндегі барлық
әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу
дейді.
Рефлекс. Рефлекстік
доға. Рефлекс (латынша - жауап
қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке
жүйесі арқылы ағзаның жауап
қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға,
қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен
тұрады:
жүйке ұштары - рецепторлар
(латынша - қабыл-даймын,
қабылдаушы);
сезгіш нейрондар (қозуды
орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
жүйке орталығы (орталық жүйке
жүйесі);
қозғалтқыш
нейрондар;
тітіркендіруге жауап
қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т.
б.).
Рефлекстік
доға рецептордан басталады.
Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық,
суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш
нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық
жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс
атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де
байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық
бөлімдері толық қызмет атқарса
ғана рефлекс болады.
Егер рефлекстік
доғаның бір бөлімі
зақымданса, рефлекс жойылады
(болмайды).