Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаратылыстану "Қалай дұрыс тамақтану керек?"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Жаратылыстану |
Мектеп: Әлихан Бөкейханов орта мектебі |
|||||||
Ортақ тақырып: Мен және менің отбасым |
Мұғалімнің аты:Оңалбаева Гүлсім Фермебайқызы |
|||||||
Күні: 11.05.2018ж |
|
|||||||
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
Қалай дұрыс тамақтану керек? |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру |
|||||||
С Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
|||||||
Адамның өсуі және дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды және пайдалы тағамдарының атауларын біледі |
||||||||
Көпшілігі орындай алады: |
||||||||
Адамның өсуі және дамуы үшін керек қажеттіліктерді түсінеді. Қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі |
||||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді түсіндіреді.Ұлттық тағамдарға мысал келтіреді. |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Адамның өсуі және дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтайды. Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді |
|||||||
Тілдік мақсат |
Сабақ барысында оқушылар түйінді сөздерді қолданады. Мағынасын түсінеді. |
|||||||
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Пайдалы тағам-полезная пища-healthy food Тамақтану пирамидасы- пирамида питания - the food pyramid |
||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: -Адамдар не үшін тамақтанады? -Сен қалай ойлайсың? -Күніне неше рет тамақтану қажет? -Мөлшері қандай болу керек? -Қай уақытта тамақтанған дұрыс? -Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс? |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге,салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, өздігінен білім алу дағдыларын дамыту |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану -отбасындағы дәстүрлер |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Bilimiand.kz сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру |
|||||||
Бастапқы білім |
Тамақтану сөзінің мағынасын біледі, бастапқы білімі бар. |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарлан-ған уақыт |
|
Ресурстар
|
||||||
Басы |
Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту. Түстер( жасыл, сары, қоңыр,көк, қызыл) бойынша топтарға бөлу. Тағам түрлері туралы аудиожазба тыңдату Көзімізді жұмып көзалдыларыңа тыңдаған тағамдарды елестедіңдер. Оқушылар отбасындағы сүйікті тағамдарды естеріне түсіреді. Содан кейін мынадай сұрақтар қоямын: Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қою : -Адамдар не үшін тамақтанады? -Сен қалай ойлайсың? -Күніне неше рет тамақтану қажет? -Мөлшері қандай болу керек? -Қай уақытта тамақтанған дұрыс? Демек, біздің бүгінгі тақырыбымыз не туралы деп ойлайсыңдар? Сабақтың оқу мақсатын хабарлау: -Дұрыс тамақтану жолдарын білетін боласың. -Зиянды тағам түрлерімен танысасың. |
Көңілді әуен қосып қою Түсті стикерлер |
||||||
Ортасы |
1. Жаңа ақпарат. Ұ. МК. Оқушылардың назарын суретке аудару. “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” «Ұлттық тағамдар» бейнефильм көрсету Тағамдарға назар аударыңдар. Олардың ішінде қайсысы сендерге таныс? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесіңдер?
2.«Сен білесің бе?» айдары МК Кім саумал дегеннің не екенін біледі? Саумал биенің жаңа сауылған сүті .Биенің жаңа сауған сүті өте пайдалы. Мұндай сусынды саумал дейді Оның көптеген пайдалы қасиеттері бар. Бірақ қымызбен салыстырған құрамында спирт болмайды. Тамақтану пирамидасы — дұрыс тамақтану дың негізгі қағидаларының сызбалық көрінісі. Ол Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінде америкалық диетолог Уолтер Виллеттаның жетекшілігімен құрастырылған. Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қол данылатын азық-түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық-түліктер орналас тырылған. Кейіннен Азия, Жерорта теңізі мемле кеттері мен ет тағамдарын жемейтіндерге арнап тамақтану пирамидасын жасады. -Неліктен шеңбердің ішінде бейнеленген азық-түліктерді көп мөлшерде қолдануға тыйым салынған? Газдалған тәтті сусындармен шөлді басуға болмайды, себебі олардың құрамында көп мөлшерде қант болады. Тез дайындалатын азық-түліктер де зиянды трансмайлар көп болады
3. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі
Дескриптор: -Пайдалы азық түлікті атайды -Тамақтану пирамидасындағы орнын анықтайды. -Тамақтану пирамидасын құрастырады,салыстырады. Кері байланыс: серпілген доп ҚБ: бас бармақ
Сергіту сәті. «Қазақтың дастарқаны» әуеніне билету 4. «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі Ж Т Қалай дұрыс тамақтану қажет? Нұсқау беру және айту арқылы топтар төмендегі сұрақтарға жауап жазады Сұрақтарды топтарға беремін 1 топ : Дастарқанда қандай тағамдар бар? 2 топ : Күніне неше рет тамақтану керек? Мөлшері қандай болу керек? 3 топ : Қай уақытта тамақтанған дұрыс? Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс? Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынамын 1 топ: Жауабы: Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпек тер, жаңғақтар, жеміс-жидектер. Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. 2 топ: Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 8.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. 3 топ: Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы. Дескриптор: -Пайдалы тағамдар жайлы әңгімелейді. -Күнделікті тағамның мөлшерін түсіндіреді. -Тамақтану уақытын біледі, қажеттілігін түсінеді
Кері байланыс: Серпілген доп ҚБ: бас бармақ 5.Дәптермен жұмыс: «Шығармашылығыңды шыңда» әдісі Ө Әжеңе көмектес. Тек пайдалы тағамды бояйды. Аспаз болып көр. Оқушылар үш күнге арналғана таңғы ас мәзірін құрастырады. (Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әртүрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрлерін таңдағанын бақылаймын.) Дескриптор: -Пайдалы тағамды бояйды. -Таңғы ас мәзірін дайындайды Кері байланыс. Серпілген доп ҚБ: бас бармақ 6. «Минуттық шешім» әдісі Ө
Суреттегі барлық тағам түрлерін ата. Сен олар туралы не білесің? Қалай дұрыс тамақтану керек? Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+» белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына «-» белгісін қойыңыз. Дескриптор
- адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді; - адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды; - адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіре Кері байланыс Серпілген доп ҚБ: «Бағдаршам» |
Оқулық бейнефильм http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I. Қосымша мәлімет Саумалдың пайдасы туралы бейнефильм http://yandex.kz/clck Бос тамақтану пирамидасы бар парағы Оқулық Музыка
Жұмыс дәптері |
||||||
Соңы |
- Тақырыпты қаншалықты менгергенін тексеру үшін сабақ мақсатына қайта оралып, оқушылардың не үйренгендері туралы кері байланысын тыңдау. |
микрофон |
||||||
Қосымша ақпарат |
|
|||||||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||
Зерттейік Барлығы: Пайдалы азық түлікті атайды Көпшілігі: Тамақтану пирамидасындағы орнын анықтайды Кейбірі: -Тамақтану пирамидасын құрастырады,салыстырады. |
Бас бармақ әдісі арқылы білім алушылардың дағдысының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейі туралы ақпарат алмын. Оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулимын |
Техника қауіпсіздігін сақтау. Дене мүшелерін үшкір, ыстық, зиянды заттардан қорғау. Зиянды тағамдардан аулақ болуды үйренеді. |
||||||
Рефлексия Сабақтың мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1: 2: Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |