Материалдар / Жаратылыстану сабағының қысқа мерзімді жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаратылыстану сабағының қысқа мерзімді жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1-сынып мұғалімдеріне арналған. Сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұнына сай жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
278
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану СЫНЫП: 1 «Б»

Мұғалімнің есімі: Кусайнова Гулсара Ибраевна

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар - тірі ағза

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. қағаз ұстағышы бар тақтайшалар;

  2. фотоаппарат (бейнекамера);

  3. ермексаз;

  4. жануарлардың суреттері. Интернет-ресурстар:

  5. Қазақстан табиғаты туралы бейнефильм http://www.youtube.com

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар жануарлардың тірі ағзаларға жата­ тынын мына белгілер бойынша біледі: олар қо­ ректенеді,­ өседі, дамиды, көбейеді.

  2. Оқушылар өсімдіктердің жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін түсінеді, оның ішінде жануарлардың қозғалуға қабілеттілігін түсінеді.

  3. Оқушылар бақылау, талдау, түйіндеу, түсіндіру дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Құралдарымызды әзірлеп,

Отырайық партада.

Шаттық шеңбері

Сабақтың ортасы

25 минут











Сергіту сәті









Оқулықпен жұмыс.


«Сынып ішін көзбен аралау тәсілі». Тақтада, қабырғаларда жануарлар суреттері, экранда жануарлар аттары.

-Балалар барлық жерден не көріп отырсыңдар?

-Қалай ойлайсыңдар, олар неге ілінген?

БББ кестесі.

Жануарлар туралы не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді




Балалармен бірге кестені ауызша толтыру. Жануарлар туралы не білетіндерін ортаға салу.

Бағалау: Өзін өзі бас бармақ арқылы бағалау.

Оқулықпен жұмыс.

Суреттерді екі топқа бөледі. Оларды салыстыра отырып, жануарлар да өсімдіктер сияқты өніп, өсіп, көбейіп, өлетіні туралы біледі. Олай болса, жануарлар да тірі ағзалар.

Сергіту сәті:

Аю сияқты жүрейік,

Балық сияқты жүзейік,

Құс болып ұшайық,

Тышқан сияқты жорғалайық,

Гепард сияқты жүгірейік,

Адам сияқты отырайық.

Дәптермен жұмыс. жұмыс дәптерлерінің .. бетін толықтырады.

Жануарлар суреттері









Таныстырылым Кесте







Оқулық





















Дәптер

Қорытынды бөлім

10 минут

Бағалау

Жануарлар туралы не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді




Кестені толтыру, өздерін өздері бағалау.



Көркем еңбек. Сүйікті жануарлардың бейнесін ермексаздан жасау.


Оқушылар ермексаздан өздері ұнататын бір жануарды жасап, оның басқа жануарлардан қан­ дай ерекшелігі бар екенін айтуы керек. Жасаған жануардың ерекшелігі мен ол туралы есте қалған қызықты сәттерін еске түсірсін.

Мысық қалай өсті? Оқушылар мысықтың өсукезеңдерін анықтап, дұрыс тәртіппен нөмірлеуі тиіс. Кейбір оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауға, қалғандарына топпен орындауға ұсыныс жасаңыз.

Бағалау



Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы мең­ гергенін тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды сипаттап беруін және қандай да бір өсім­ дікпен салыстырып, жануарлардың тірі ағза екенін түсінуі керек. Tапсырманы жеңілдету үшін оларға екі суретті (жануар мен өсімдікті) немесе нақты мысалды ұсынуға болады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!