Материалдар / «Жаратылыстану» сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаратылыстану» сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие- ерте және мектепке дейінгі жастағы баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік нормаларын қалыптастыруға, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған негізгі білім деңгейі. Мектепке дейінгі жас- баланың үш жастан бастап жалпы орта немесе арнаулы білім алу үшін оқу орнына түскенге дейінгі жеке тұлғасының физикалық, психикалық және әлеуметтік даму кезеңі. Тапсырма- мақсатқа жету жолы (мәселелерді шешу қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2022
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАРАОБА ОРТА МЕКТЕБІ ЖАНЫНДАҒЫ

«АЙГӨЛЕК»ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ










РЕФЕРАТ




Тақырыбы: «Жаратылыстану» сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары













Дайындаған:

Гульмира Сериковна Ахметбекова











2022 оқу жылы




Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Жаратылыстану сабағы нені үйретеді

1.1 Балалардың жас ерекшеліктеріне тоқталу

2. Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру

2.1 Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру барысында (процесі)

2.2 Жаратылыстану сабағын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері

2.3 Жаратылыстану"сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формаларына жаңа әдістер енгізу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі









































Кіріспе


Балабақша түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету мектепке дейінгі білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар сай болуы тиіс. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың, тәрбиешінің басты міндеті. Қайсыбір тәрбиешілер оқу қызыметінің жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың  тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат- бағдарламадағы материалдың  мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, оқу қызметіне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің  алғашқы басқышы. Осыған сәйекс балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып , олардың сыни ойлауын жан- жақты  дамыту бүгінгі күннің басты талабы.   Осы талап тұрғысынан  алғанда, оқу- тәрбие  үрдісін ұйымдастырудың  сан түрлі әдіс- тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Мектепке дейінгі тәрбие- ерте және мектепке дейінгі жастағы баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес тұлғасын жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік нормаларын қалыптастыруға, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған негізгі білім деңгейі.

Мектепке дейінгі жас- баланың үш жастан бастап жалпы орта немесе арнаулы білім алу үшін оқу орнына түскенге дейінгі жеке тұлғасының физикалық, психикалық және әлеуметтік даму кезеңі.

Тапсырма- мақсатқа жету жолы (мәселелерді шешу қажетті нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді).

Зерттеудің обьектісі: мектепке дейінгі білімнің  оқу үрдісі.

Зерттеудің  мақсаты:

-  Мектепке дейінгі «Жаратылыстану» сабақтарында балалардың іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді формалары жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

-  тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау

 - танымдық тапсырмаларды орындаудың жолдарын, іздестіру;

         Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер балаларға жеке, топтық, ұжымдық жұмыс қызықты болса, оқу үрдісін де жеңіл қабылдайды, проблемалық мәселелерді тез шешеді

         Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, мектепке дейінгі балаларды білім беруде тиімді формаларын жүргізу түрлерін дәлелдеу.

  2. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды жаратылыстану сабағына баулу барысында орындалатын шығармашылық, танымдық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.

  3. Мектепке дейінгі білім беруде балаларын шығармашылық, танымдық тапсырмаларды түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу.


1. Жаратылыстану сабағы нені үйретеді

1.1 Балалардың жас ерекшеліктеріне тоқталу


Мектепке дейінгі тәрбиешінің кәсіби қызметі оқу - тәрбие процесінің арнайы ұйымдастырылған формаларын жүргізу сияқты жұмыстағы маңызды бағытты қамтиды. Тәрбиеленушілердің табысты оқытудың шарты - тәрбиешінің балалардың ой - өрісі, қабілеттері мен дағдыларының жүйесін қалыптастырудың дидактикалық заңдылықтарын білуі, олардың танымдық іс-әрекетін ынталандыратын оқытудың заманауи әдістерін меңгеруі, ізденімпаздық қасиетке ие болуы. Жаратылыстану саласы баланың жеке іс -әрекеті тәрбие жұмысының негізі болып табылады. Тәрбиеленушілердің ой -өрісін дамыту, іскерлік пен дағдыны меңгеруі мектепке дейінгі тәрбиенің мақсаты емес, оларды дамытудың құралы ғана болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының білім беру бағыттарының мазмұнын жүзеге асыруда тәрбиешінің басты мақсаты - дайын білімді беру емес, оларды өз бетінше меңгеру қабілетін, қызығушылығын қалыптастыру. Осылайша, мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу - тәрбие процесінің сапасына қойылатын заманауи талаптар балалармен әртүрлі (балалардың жасына, дидактикалық тапсырмаларына, жеке дара жұмыстарына, топтық тапсырмаларына оның мазмұнына, құрылымына байланысты) ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруға деген көзқарасты өзгерту қажеттілігін өзекті етеді.

Ерте жас - тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды,жемсауытқа ұшып келетін құстарды,үйқұстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға және оларға қамқорлық жасай білуге үйрету. Заттарды, еңбек құралдарын, жануарларды, кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығы дамыту,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Кіші топ - Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.Табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік пен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Дағдыларды қалыптастыру:

- ауа-райыныңжағдайынанықтау;

- табиғатқұбылыстарын(маусымдық)бақылау.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония жәнет.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру

Жануарлар әлемі

Үйжануарларымен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Жабайы аңдармен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру; табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғат бұрышының тіршілік иелерімен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер)және жыл құстарына (ұзақ,қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Құммен судың қасиеттерімен таныстыру.

Ортағы топ - Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту.

Өсімдіктер әлемі

Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.

Табиғаттағы, жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру.

Балабақшаның ауласындағы және маңайдағы өсімдіктерді атауға үйрету.

Көкөністер мен жемістердің 3-4 түрін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды атауға үйрету.

Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.

Жануарлар әлемі

Үйжануарлары және олардың төлдері туралы,кейбір жабайы жануарлардың табиғи жағдайдағы тіршіліктері туралы білімдерін кеңейту.

Ересек топ - табиғат нысандарын бақылау дағдыларын дамыту, олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайдары (өсімдік), оларға күтім жасау, табиғаттың жеке өзара байланысын көру;

- тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық салауатты мінез - құлықты қалыптастыру және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білу;

- балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін дамыту.


















2. Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру

2.1 Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру барысында (процесі)


Жаратылыстану сабағын ұйымдастыру барысында (процесі) - бұл білім беру міндетімен айқындалатын идеяларды меңгеру, дағдыларды қалыптастырудан тұратын балалардың дербес ақыл - ой немесе практикалық әрекеті. Сабақтың бұл кезеңінде әр баланың даму деңгейіне, қабылдау қарқынына, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес әдіс - тәсілдер жекелендіріледі. Мектепке дейінгі тәрбие түсіндіру мен көрсетумен тығыз байланысты және оған бағынады; түсіндіру жаттығуға кіреді. Баланың оқуға, ойынға деген құштарлығы болуы үшін оның физикалық және психикалық жағдайын ескеру қажет. Бала мұғалімнің айтқанының бәрін сөзсіз қабылдап қана қоймай («ассимиляциялау») ғана емес, ол үшін жеке маңызды, өзінің бұрыннан бар тәжірибесін барынша пайдалана білуі керек. Бұл тұрғыда мұғалім мен бала тең серіктес, гетерогенді, бірақ бірдей қажетті тәжірибенің тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді. Тәрбиешінің негізгі міндеті - баланың жеке тәжірибесінің мазмұнын ашып, оны сұралатын нәрсемен үйлестіру және сол арқылы осы жаңа мазмұнды тұлғалық игертуге қол жеткізу. Балалардың «нұсқаларын» қатаң бағалау жағдайында (дұрыс немесе бұрыс) емес, тең диалогта қалай талқылау керектігі туралы ойлану керек. Тек осы жағдайда ғана балалар ересектердің «естуіне» ұмтылады. Балалардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесі, егер ол ішкі мотивтерге түрткі болса, әлдеқайда жоғары болады. Ішкі мотивация баланың танымдық қызығушылығынан туындайды: «қызықты», «білгім келеді, білгім келеді» - бұл мақсат баланың өзінің белсенділігіне айналады.

Топ - тәрбиеші пен тәрбиеленушілердің арасындағы белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған, күнделікті тәртіптегі уақыт пен орынмен, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұзақтығымен нақты реттелетін арнайы ұйымдастырылған әрекеттестік формасы, тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған түрі.

Сабақтың нәтижесі - балалардың жан - жақты дамуы, олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру ретіндегі идеяларды, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруі. Тәрбиешінің іс-әрекет тәсілдерін түсіндіруі мен көрсетуі негізінде бала қарапайым тапсырманы жеке дара,топтық жұмыстарды қандай реттілікпен орындау керек, қандай нәтижеге ұмтылу керек екенін түсінеді.

Сабақтың соңы - тәрбиеленушінің үлгерімін айғақтаған, алған білімдерін көрсеткен танымдық іс - әрекетінің нәтижелерін қорытындылауға және бағалауға арналған. Алынған нәтиженің сапасы балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, берілген жеке, топтық, ұжымдық тапсырмаларының күрделілігіне байланысты. Кейін тәрбиеші оның тиімділігін талдайды, рефлексия жасайды, одан әрі оқу қызметінің болашағын белгілейді.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста бағдарламалық міндеттерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып бөлу таза шартты болып табылады, өйткені педагогикалық процесте олар бірлікте көрінеді. Тапсырмаларды әзірлеу тәрбиеленушілердің дамуын қамтамасыз ету танымдық қызығушылық, шығармашылық, ерік-жігер, эмоциялар, баяндамалар (сөздік қорын байыту және күрделендіру, мазмұнын байыту, сөйлеудің коммуникативтік қасиеттерін жетілдіру); ойлау(барлық қажетті ақыл-ой операцияларын орындау дағдыларын қалыптастыру; талдау, синтез, абстракциялау, жіктеу, сериялау, салыстыру, ажырату, негізгі нәрсені ерекшелеу және т.б.); моторлы сфера (шеберлік, қозғалыстардың пропорционалдылығы, қозғалыс әрекеттері және т.б.); сенсорлық (көз, дәлдік, спектр түстеріндегі айырмашылықтардың нәзіктігі, жарық пен көлеңке, дыбыстар, сөйлеу реңктері, уақыт пен кеңістіктегі бағдарлау және т.б.); есте сақтау, елестету, қабылдау, зейінжәне т.б.


2.2 Жаратылыстану сабағын тиімді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері


Оқу бағдарламасының мазмұнын жүзеге асыру бала тұлғасының жан-жақты дамуын және өзін - өзі дамытуын, оның адамгершілік нормаларының қалыптасуын және әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, білім берудің келесі деңгейіне сәтті өтуге дайындығын қамтамасыз етеді.

Тәрбие мен оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: ауызша, көрнекілік, практикалық, ойын. Грек тілінен аударылған «Әдіс» дегеніміз - бір нәрсеге апаратын жол, мақсатқа жету жолы.

Көрнекі-әрекетті және көрнекі - бейнелі ойлау мектепке дейінгі балалардың оқытуын ұйымдастыруда ең басты орын алады, көрнекілік принципі. Мектепке дейінгі балаларда оның маңызы күрделене түседі, оның мазмұны оларда бейне ретінде қалыптасады, тікелей заттарды, құбылыстарды, қоғамдық өмір және табиғатты қабылдау. әртүрлі көрнекіліктің түрлері (заттар, суреттер, кітаптың графикалары және т.б.), оқыту процесінде қолданылады, балаларда жаңа құбылыстарды толық, нақты бейне қалыптастыру үшін, кейде барларына түзетулерде жүргізіледі. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін ең тиімді тәсіл, балалардың күнделікті тәжірибесін ұйымдастыру және оны қолдану. Зерттеулер бойынша балалардың тәжірибесін қалыптасытрудың жолдарының (каналдарының) көптігі: үлкендер іс - әрекетіне қатысулары, іздену әрекеттері және сынамалар және т.б. Күнделікті тәжірибесін жолдар (каналдар) арқылы қалыптастыру, толықтылығын қамтамасыз етеді, оқыту процесінің көрнекілік негіздерін кеңеюіне белсенді ықпал етеді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу - тәрбие процесінде дамытушылық және оқу сабақтарын тренинг қолдануға болады.

Тренинг сабағында балалар қажетті жеке тәжірибені жинақтайды: идеялар, қабілеттер, дағдылар мен танымдық белсенділік дағдысы, өз бетінше зерттеу әрекетінің дағдыларын меңгереді. Дамытушылық бойынша, бұрын алған тәжірибесін пайдалана отырып, олар білімді өз бетінше алады. Осы мақсатта олар оқу материалын ұжымдық немесе жеке дербес іздеуді, эксперименттік әрекетті ұйымдастырады. Алайда, мұндай ойындар, сабақтар нақты дамытушылық әрекеттерге деген көзқарас болып табылады.

Оқыту түрі (жаңа идеяларды игеру).

Мақсат: балаларға танымдық тапсырмаларды қою, балалардың қоғамдық өмір мен табиғат объектілері мен құбылыстары туралы түсініктерін ұсыну, кеңейту және нақтылау;

Бекіту түрі (балалардың жинақталған тәжірибесін жинақтау және жүйелеу).

Мақсат: қабылданған идеяларды түсіну және бастапқы жалпылауды қалыптастыру.

Біріктірілген (аралас) түрі. Топтар арасында

Мақсат: жаңа мазмұнды тану және балалардың бұрыннан бар тәжірибесін қайталау, бекіту және жүйелеу.

Көрнекі әдістерді қолдану айқындықтың дидактикалық принципіне сәйкес келеді және мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Оларға мыналар жатады: демонстрациятабиғи объектілер (заттар, құбылыстар), көрнекі құралдар (суреттер, тұлыптар, макеттер, үлгілер және т.б.), фильмдер, телебағдарламалар, диафильмдер, магнитофондық жазбалар; бақылау(адамның қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарын мақсатты, жоспарлы, азды-көпті ұзақ қабылдауы); объектілерді қарау, көрсету(ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, құралдар және т.б.), суреттер, иллюстрациялар, үлгілер, іс-әрекет тәсілдері және т.б. фильмдерді, бейнефильмдерді көрсету; дидактикалық көрнекі құралдар, дидактикалық материал.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!