Материалдар / Жарбұлақ ауылының тарихынан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жарбұлақ ауылының тарихынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бағдарламасының талаптарына сай "Туған өлкем" атта кіші жоба негізінде жазылды. Әркім өзінің туған өлкесін насихаттау, тамаша табиғатымен мақтанарлық және туған елге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1219
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАРБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫНАН...


Дюсембаева Сая Нұржауқызы

«Құрылыс колледжі» КҚМК. 1 курс студенті

Ғылыми жетекші: Оразымбетова Рашида Джумагалиевна



Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу әр адамға қызық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты жолдауында мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс деп атап көрсетті. Адам баласы ғажайып сезімнің иесі. Туған жерге, оның тарихы мен мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көрністерінің бірі. Осы орайда өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімді күшейтпек. Қазақстан елді мекендерінің жер-су атаулары, яғни топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Демек, белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өресі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін хабардар болып, ой түюге мүмкіндік береді.

Мен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жарбұлақ (қазіргі Қабанбай) ауылының тұрғынымын. Шығыс Қазақстан облысы -Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Облыс орталығы - Өскемен (1720 жылы негізі қаланған). Жер аумағы – 283, 3 км2 . Ауылдық аудан – 15. Үржар ауданы ШҚО-ның оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған. Аудан орталығы Үржар ауылы (селосы).Жер бедері едәуір күрделі. Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі. Ірі елді мекендері:Үржар (16,7 мың адам); Мақаншы (12,2 мың адам); Қабанбай (4,5 мың адам); Науалы (4,2 мың адам); Таскескен (3,5 мың адам), т.б. Сол ауылда туып өстім. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім керек деген оймен байланыстырды. Әр адамның туған жері оның кіші Отаны. Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Бұл туған жерге деген сезімнен туған өлең жолдар.

«Ауыл тарихы-ел тарихы» дегендей ауылым Тарбағатай күнгейіндегі, атақты Жоңғар қақпасының шыға беріс алқымындағы айдынды Алакөлдің арқа тұсында жатқан – Қабанбай ауылы. Өздеріңіз естіп отырғандай ауылымызда батырдың ұрпақтары көп қоныстанғандықтан ауылды солай атайтын болған. Ауылдың негізгі аты – Жарбұлақ. Ауыл өңірінің тұла бойы тұнып тұрған тарих. Қат-қат шежіре. Енді сол көп аңыз сырдың біреуіне құлақ түріңіз.

Дүниенің төрт түкпірін түгел шарлаған Асан қайғы Жарбұлақ өлкесіне аяқ тірегенде тотияындай толқыған Алакөлге кербез тауға, кең далаға көзі тұнып «Тоқта» деген екен. Содан бері ауылымыздың теріскейіндегі еңселі де елікті құздарды Тоқта тауы деп атайды. Атының тізгінін тартып айналаға көз салған кемеңгер: «Жер-ақ екен шіркін, бірақ «ұрыс» иісі шығып тұр екен» — деп мұңайыпты. Иә, расында да ауылдың үстінде сан ғасырлар бойы көптеген ұрыстар болған. Жоңғар қақпасынан шыға шапқан жау алдымен найза ұшын Тоқтаның бауырындағы Лаңкөлге тіреген. Көздің жасындай мөлдіреп тұрған көлдің орны қазір қазаншұңқыр.

Тегінде мекеніміздің жай-күйін сездіретін «Жарбұлақтың жұты да Ебі, құты да Ебі» — деген мәтел бар. Жоңғар қақпасынан басталатын аты шулы Ебі желінің аузын байламақ болған Жоңғар әміршісінің жетесіз қылығын табиғат шіркін көтере алмады. Уақытша Жарбұлақ өңірін жаулап алған Жоңғар әміршісі қол астындағы бүкіл күшін жинап Ебі желінің аузын таспен толтырады. Сол ісіне масаттанып той жасайды. Табиғат ана ханның бейбастығын көтере алмайды. Сөйтіп, қазанында қайнаған Ебі желі бұлқынып ауаға шыққанда өздері тасыған тас өздеріне оқ болып атылады, ақыры, қой тастар жиналған жоңғарды күллі дүние мүлкімен Лаңкөлге төңкере салған.
Одан бері қанша ғасыр өтсе де Тоқта тауы қасқайып қаз қалпында тұр. Міне адамзаттың табиғатқа қолдан жасаған жауыздықтың сыры өзі берген сый- сыйпатынан өзі айыра жаздады.

Отаным – Қазақстан, туған елім,

Тағамын жырдан алқа тұлғаңа сенің.

Тауларың еркелете құшақ жайса,

Арманым асқақтаған қырда менің.

Ұланыңмын ертеңіне жол аттаған

Аппақ бір арманыммен қанат қағам.

Туған жер- сен қымбатсың бəрінен де,

Отаным – сенің орның бөлек маған.

Менің өлкем-Шығыс Қазақстан су қорына бай. Соның бірі Жарбұлақ ауылына жақын орналасқан Алакөл көлі. Аталмыш көл тарих пен туризмнің тынысы десек болады. Алакөл өңірі бізге туризмнен бұрын, талай тарихи оқиғалардың куәсі ретінде белгілі. Жоңғарларға тойтарыс беруде басты қантөгістің бірі осында орын алғанын ел тарихының беттерінен білеміз. Одан бөлек Алакөл еліміздегі ең ірі және мемлекет қарауына алынған маңызы бар қорық. Және отандық туризмді дамытудағы маңызды рөл атқаратын туристік аймақтардың бірі.

Еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан Алакөл қазандығының (теңіз деңгейінен 340м жоғары) ең төменгі бөлігі саналатын Алакөл – Қазақстанның таңғажайып көлдерінің бірі. Көл ағыссыз, қисық алмұрт тәріздес пішінді, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған. (1-сурет) Алакөл көлі мен көл маңындағы ыстық бастаулар ежелден бері өзінің керемет емдік қасиеттерімен танымал. Теңіз деңгейінен 579 м биіктікте және Алакөл көлінен 2 км қашықтықта Барлық минералды бастауы орналасқан. Ұзындығы – 104 шақырым, ал ені  - 52 шақырым,  жағаның  ұзындығы  348 шақырым, орташа тереңдігі – 22 метр, ең үлкен   тереңдігі – 54 метр. Ол өзінің көркімен және ерекше табиғатымен бірегей. Көлдің жағалары қалың түбекпен, мүйістермен, шығанақтармен, айлақтармен тілінген. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығында 269-дан аса құстар түрлері мекен етеді. Реликті шағала, жеке дуадақ, қарабасты күлегеш, бізтұмсық шағала, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас үйрек және басқа да аз кездесетін және жер бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін шөл және тау құстарын кездестіруге болады. Аңдардан – арқарлар, ақбөкен, тау ешкілер, маралдар, аюлар және тағы басқаларды көре аласыз. Туристер саяхаттан 5-6 күн бұрын биік таулы Жоңғар Алатауынан Балқаш маңындағы шөлдерге дейінгі негізгі ландшафтық аймақтың флорасы және фаунасымен танысуына болады. Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді құстар Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген. Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған. Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор. 2013 жылы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аумағында созылып жатқан Алакөл мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты мәртебесін иеленді. Үржар ауданы шипалы емдік қасиетімен таңымал Алакөл көлі мен «Барлық-Арасан» курорты есебінен  Шығыс Қазақстан облысында қолайлы демалыс аймағына жатады. «Арасан-Тау» бөктерінде,  «Барлық»  жазығында,  ерекше  минералды  суын  қолданатын   «Барлық- Арасан»  санаторийі  орналасқан.    Осындағы  бастаудың  химиялық  құрамы  және  әлсіз  радиоактиві  суы «Цхалтубо», «Сары-Ағаш», «Алма-Арасан»  минеральдық  суларына  ұқсас.   Ауданда, санаторийға  іргелес, «Арасан»  өзенінің жоғары  жағында,  «Барлық»  тауынан  бастау  алатын, шипажайдан  жарты  шақырым  жерде   Барлықарасан бастауларының  13 суы жер  бетіне   шығып  жатыр. Бастау  сулары  құрамында  әлсізсутекті, сульфатты-хлоридті, натрилі, кальцилі жоғары  кремний ащылығы  бар. Цельсия суы  сияқты судың қызуы 20-42 градусты, тұрғылықты тұқымдарда және  35 метр тереңдіктен 44,5 градусқа   жетеді.   Еркін бөлінетін  газдар  азоттан  құралады. Бастаудың  ыстық  ваннасы тері, ревматологиялық   ауруларға,  буын  ауыруларының   шипасы үшін жазғы  уақытта   пайдаланылады.  Демалыс  пен  шипажай  үшін  таза, түздік ауа, минералдық сулар және бастаудың  минералданған күкірттісутектің батпағы  демалушы азаматтардың дұрыс ем алуына қолайлы жағдай тудырады. Алакөл көлі мен барлық-Арасанның   суы   өте мөлдір, таза, құрамын  Қара және Өлі  теңіздің суларымен  салыстыруға  болады  және  Менделеев   кестесіндегі барлық элементтер кіреді, бұл тері аурулары, тыныс алу  аурулары, сүйек және жүйке жүйе ауыруларына бірден-бір  шипа.  Бұл айтылғандар менің туған өлкемнің бір ғана тарих бетінен үзінді.





Пайдаланған әдебиеттер:

1. Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» Астана-2017

2. Р.Тлеубеков «Иелі жер-киелі» кітабы

3.ШҚО сайт материалдары

4.Үржар ауданы сайт материалдары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!