Материалдар / Жарыс сабақ "21 ғасыр көшбасшысы" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жарыс сабақ "21 ғасыр көшбасшысы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарыс сабақтар ұйымдастыруда көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1940
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



А. С. Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп








Сынып: 2 «Б»


Сагиндикова Ж




Хантағы ауылы




«XXI – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты:
Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ - жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы шығып отырады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
4 - кезең: «Жорға»

Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге».

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
12. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
1
3. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
1
4. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
1
5. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
16. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
2. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
3. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
4. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака - dog)

3 - кезең: «Қызықты тоғыздық»
- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық! Жеңіл сұрақ алғыларың келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.

20ұпай: Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
20 ұпай: Үш кесіндіден тұратын фигура.
(Үшбұрыш)
20 ұпай: 0 ондық 3 бірлік пен 5 бірліктің қосындысы?
30 ұпай: Тыңайту дегеніміз не?
30 ұпай: Лондон олимпиадасында неше алтын алды?
30 ұпай: Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөз деген не? Мысал келтір.
40 ұпай: Үй тапсырмасына 24 сөз жазуға берілді. Әсел оның 10 сөзін оқыды. Әсел енді неше сөз оқуы керек?
40 ұпай: Қ. Р. Ұлтаралық тілі?
40 ұпай: Көкжиектің негізгі тұстарын ата?

4 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 17 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Үш би?
2. Қ. Р. Президенті?
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Сөйлем неден құралады?
6. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар?
9. Өсімдік тіршілігіне не қажет?
1
0. 1 дм неше см?
1
1. Жуан дауыстыларды ата?
1
2. Әкеңнің әкесі саған кім болады?
1
3. Астанамыз қай қала?
1
4. Ұя салмайтын құс?
1
5. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады?
1
6. «Байлық пен ақыл» ертегінің қай түріне жатады?
17. 5 ондық пен 3 бірліктің қосындысы неге тең?


1. Орман дәрігері?
2. «Қартқожа», «Ақбілек» кімнің романдары?
3. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?
4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?
6. Түйенің төлі қалай аталады?
8. 12 ай неге тең?
9. Абайдың анасы?
10. 7 ондық 0 бірлік неге тең?
11. Шаршы қандай фигура?
1
2. «Сұлба» деген не?
1
3. Ауаның негізгі қасиеті?
1
4. Буын дегеніміз не?
1
5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?
1
6. 1 метрде неше см?
17. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!