Материалдар / Жас ерекшелігіне сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас ерекшелігіне сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
566
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін

бізге күш қуат, қажыр - қайраты мол ,

ақылды да ойлы, дарынды жастар

керек».

Н.Ә. Назарбаев

Халқымыз ежелден пайдаланатын Тәңірлік, айлық (лунный) немесе Жалпы-шығыстық күнтізбе (календарь) 12 жылдық циклдан тұратыны баршаға белгілі. Өйткені, Күннің аспан белдігіндегі бір жылдық қозғалыс шеңберін Юпитер планетасы тек 12 жылда бір рет толық айналып өтеді. Сондықтан, бұл күнтізбе — ғарыш заңдылықтарынан туындаған, ғылымға негізделген және ғасырлар бойы тексеріліп, дұрыстығы тәжірибеде дәләлденген маңызды мерзім өлшемі. Мүшелдің он екі жылы абстракциялық түрде он екі хайуанаттың атымен аталады. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу , жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит және доңыз. Өткен ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүние жүзінде Шығыс күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршең әрі сұранысқа сай екендігінің белгісі. Ғылыми тұрғыдан қарағанда мінез-құлықтың негізі – адам темпераментінің барынша контрасты, яғни айшық түрлері жетеу.

DrawObject1

Олар: эмоциялы (әсершіл-күйгелек), динамикалы (албырт-жайдары), лабильді (жылпос-елгезек), пластикалы (биязы-жалтақ), статикалы (сабырлы-маңғаз), инертті (қыңыр-тұйық) және сенситивті (өкпешіл-сезімтал).
Біз өзіміздің арамыздағы қарым-қатынаста мінез-құлықтың әртүрлі типтерімен ұшырасып отырамыз. Олар темперамент типтерінен туындайды. Мысалы, аса жоғары эмоция мен импульсивті адамды эмоциялық типке, сенситивтілік пен жасқаншақтығы үстем болғанда — сенситивтік және пластикасы мен конформділігі басым жағдайда — пластикалық типке жатқызуға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, қылық типтері мен мінез типтері темперамент типтеріне тікелей тәуелді. Психика , мінез және қылық типтерінің саны жетіге тең. Өйткені, бұл типтердің жеті дәрежелі әмбебап классификациясы 3 типологиялық топтан шығады. Мінез-құлықтың 3 типологиялық тобына адам өмірінің ең басты 3 кезеңі сайма-сай: динамикалы жұлқынған қылыққа – жастық, пластикалыға – ересектік, инерттігі – кәрілік.

DrawObject2

Темпераменттің 7 типіне өмірдің 7 кезеңі сай келеді: барынша эмоциялы – сәбилік, барынша динамикалы – балалық, барынша лабильді – жастық, барынша пластикалы – марқаю, барынша статикалы – қартаңдық, барынша инертті – кәрілік және барынша сенситивті – қарттық.

DrawObject3


Соның ішінед менің тоқталатыным барынша – динамикалы – балалық, барынша – лабильді – жастық кезеңіне тоқталамыз. Бастауыш сыныптар 1 – 4 аралығында менің жасаған жұмыстарым Бастауыш сынып оқушыларына көру, есту ойлау қабілеттерін дамыту тренингтерін жүргіздім. («Ине мен жіп», «Төрт құбылыс», «Ерекшелігін тап», «Орныңды тап», «Менің көңіл-күйім») 1-сынып оқушыларына адаптация кезеңінде психопедагогикалық көмек беру. Әлеуметтік жағдайлары зерттелді. «Төртінші артық» т.б әдістемесі арқылы оқушылардың ақыл-ойын зерттедім. 4-сынып оқушыларына МАБ-қа дайындау мақсатында да ойындар жүргізіліп сауалнамалар алынды. Орта буын 5 – 8 сыныптар. 5-сынып оқушыларына адаптациялық кезеңде психологиялық көмек берілді. Оқушылардың темпераменттері анықталды, сонымен қатар дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары жүргізілуде тесттер, сауалнамалар алынды. Сонымен қатар 7 сыныптарға «Бағалайық бақытт» тренинг сабақ өткізілді. Аға буын оқушылары 9 – 11 сыныптар. Мен аға буын оқушыларымен әр түрлі экстремистік топтар мен терроризмнің оқушы психикасына әсеріне байланысты сауалнама алдым. Оқушылардың танымдық қасиеттерін зерттеу, дамыту мақсатында тренингтер жүргіздім. Және де 9 сынып оқушыларының МАБ-қа дайындау мақсатында сауалнама, тесттер алынды.

Соның ішінде менің тоқталып отырғаным орта буын оқушыларына яғни 5-8 сыныптар аралығы. Мен 5 сынып оқушыларынан адаптация кезеңіннен өту мақсатында сауалнама алынды.

1.Саған мектеп ұнай ма?

2.Сен мектепке қуанышпен барасың ба?

3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуін шарт емес, келгісі келетін оқушылар келсін десе, сен сабаққа келесің бе?

4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнай ма?

5. Сен үй тапсырмасын бермегенді қалайсың ба?

6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?

7. Сен ата-анаңа мектеп жайлы көп айтасың ба?

8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнай ма?

9. Сенің сыныпта достарың көп пе?

10. Сыныптастарың саған ұнай ма?

Зерттелуші: 5 – сынып

Барлық оқушы саны: 26 Қатысқаны: 24

Қорытындысында:

сынып

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

5 «А»

100%

-

90.9%

9.0%

100%

-

100%

-

-

100%

-

100%

100%

-

36.3%

63.6%

100%

-

100%

-

5 «Ә»

100%

-

100

-

86.6%

13.3%

93.3%

6.6%

100%

-

86.6%

13.3%

46.6%

53.3%

-

100%

100%

-

100%

-

Сонымен қатар оқушылардың темпераментін анықтау мақсатында тест алынды.

DrawObject4

Сангвиник ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайтын , өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім балалар. Сонымен қатар оқушылардан дарындылықты анықтау мақсатында да тесттер алынды казіргі таңда біздің мектепте 28 оқушы дарынды балалардың тізімінде болса, солардың ішінде 5 сыныптан 1 оқушы, 6 сыныптан 3 оқушы, 7 сыныптан 2 оқушы, 8 сыныптан 5 оқушы бар. Осы уақытта алынған сауалнамалар, тесттер анкеталар сангвиник оқушылардың көп болуы мектебімізде жақсы нәтижелер беріп отыр. Атап айтатын болсақ олемпиадалардан, мектепішілік сайыстардан орындар алып келеді.





































ҚҰЛАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІ КММ













ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СӘЙКЕС ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ



















2017-2018 Ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!