Материалдар / «Жас ерекшелік топтардағы балалардың ана тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жас ерекшелік топтардағы балалардың ана тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2020
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

61 бөбекжай –бақша жұмысының маңызды бағыттарының бірі балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың салауатты өмір салтына үйрету, мектепке дейінгі жастағы балалардың өмірлік қажетті қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады Биылғы оқу жылына балаларды сауықтыру, олардың денсаулығына қамқорлық жасау қажеттілігін тәрбиелеу бойынша міндеттер қойылды.

Бөбекжай – бақша бойынша жас ерекшелік топтарда денсаулық бұрыштары рәсімделген, денсаулық жолдары,таңғы жаттығу кешендері мен артикулияциялық жаттығулар картотекалары және электрондық нұсқадағы ойындар жинақталған. Спорт залы бағдарламалық талаптарына сәйкес қажетті спорттық жабдықтармен жабдықталған. Бөлмеде жалпы дамыту жаттығулары мен негізгі қимылдарға байланысты жүру, жүгіру, секіру, тепе-теңдік, сырғанау, лақтыру, өрмелеу үшін қажетті дене шынықтыру жабдықтары бар: (соның ішінде шынығу үшін), түрлі көлемдегі доптар, шеңберлер, гантельдер, таспалар, секірулер, кеглдер, құм салынған қапшықтар, гимнастикалық таяқшалар және тағы басқалар. МДҰ-ның кіші топтарынан басқа барлық топтарында дене қозғалысын дамыту үшін тренажерлік құрал жабдықтары бар. Қостанай қаласы әкімдігінің № 61 бөбекжай – бақшасында жас ерекшелік топтардың күн тәртібі бойынша жағдайы мен дене шынықтыру-сауықтыру шаралары зерделенді. Күн тәртібіндегі маңызды бөлігі таңғы жаттығу болып табылады. Таңертеңгілік жаттығуды жүйелі түрде өткізу сүйек-бұлшық ет жүйесін нығайтады, дене барлық ішкі ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Дұрыс таңдалған қозғалыстар жүрек бұлшық етін, қан жүйесінің қызметін нығайтады, өкпенің сыйымдылығын арттырады. Таңертеңгілік жаттығу құрылымына: жаттығу, сауықтыру жүгірісі, босаңсу, жалпы дамытатын жаттығулар кешені кіреді. Кешенді тәсілдің арқасында педагог баланы дене шынықтырып, дамытып қана қоймай, оған ағзаның сергектік күйге ауысуына көп көмектеседі, балаға күн бойы неғұрлым сергек болуға мүмкіндік туғызады. Бірақ ең бастысы-балалардың дене шынықтыру жаттығуларын үйлесімді, нақты орындауы.

Бөбекжай –бақашамызда таңғы жаттығулардың өткізу сапасы бақыланды.

«Қарлығаш» ортаңғы тобында 13 баламен Даниялова өткізді, кіріспе бөлімінде – балалар бойларын қыздырды Балаларды ұйымдастыру кезінде топтық әдіс қолданылды, барлық балалар бірге қозғалыстарды орындады. Балалар бірінің соңынан шеңбер бойымен жүру ретін біледі. 6 жалпы дамыту жаттығулары қолданылды. Әр жаттығу 4-5 рет қайталанды. Таңғы жаттығудың ұзақтығы 5-6 минутты құрады. Жаттығулар шеңберде жасалды.Тәрбиеші ждж түсіндіру көрсету арқылы жасатты. Балалар көрсетілген жаттығуларды орындайды, дұрыс жасамаған балаларға бөлек ескертулер берілген жоқ. Жаттығу барысында музыкалық сүйемелдеу қолданылды, бірақ тәрбиеші ырғақты жаттығу желісіне сай таңдамаған.

Жаттығу соңында бастапқы қалыпқа келу, дем шығару, тыныс алу орындалды.

Ұсыныс:

  1. Белге арналған жаттығуларды жасауда балалардың жас ерекшелігін ескеру

  2. Жаттығуларды аңдардың қимылдарын көрсету арқылы орындату.

  3. Жаттығу желісіне сай музыка сүйемелдеуін қолдану.

Ересек «Қошақан» тобында таңғы жаттығу музыка залында кестеге сай, Досымбаева уақытында өткізді.Бала саны -18. Жаттығулардың қарқыны жаттығулардың сипатына және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, балалар күнделікті киім киген. Жаттығудың ұзақтығы 8 минутты құрады. Бой қыздыру жаттығуы бубеннің көмегімен орындалды, ал ЖДЖ- на музыкалық сүйемелдеу болмады.Үш топқа бөліну ретін тәрбиешінің бұйрығы бойынша орындайды.Сапта жүру кезінде балалар арасындағы ара қашықтық сақталмады. Жаттығу саны - 6,қайталау реті 5-6 рет.

Ұсыныс:

Балалардың жаттығуды дұрыс жасауына назар аударылып ,ескертулер жасалып отырылсын.

«Айналайын» мектеп алды даярлық тобы бойынша дене шынықтыру залында Самратова таңғы жаттығу өткізді. Барлығы 19 бала қатысты. Жаттығу күнделікті өткізіледі. Жаттығу барысында жүгіру, аяқтың ұшымен,өкшемен жүру арқылы бой қыздыру орындады. Сапта жүру кезінде балалар арасындағы ара қашықтық сақталды. Сапқа тұру, үш қатарға бөліну ретін біледі. Жаттығу қарқыны орташа. Жаттығу саны балалардың жас ерекшеліктеріне сай, қайталау реті 5-6 рет, тәрбиеші жаттығуларды орындау сапасына көңіл бөлді Педагог жаттығуды өткізу кезінде балалардың қалпына, нақты орындауға назар аударды, жаттығуды тәрбиеші таңдаған бала өткізді. Тек музыкалық сүйемелдеу қолданылған жоқ.

Ұсыныс:

1.Жаттығу қарқынына сай музыка қолдану

2.Жаттығуға арналған құралдарды уақытты үнемдеу барысын ескеріп,тиімді үлестіру.

Дене шынықтыру «Көбелек» кіші тобында тәрбиеші Тасжанова өткізді. Бала саны 15, арнайы спорттық киімді барлық бала кимеген. Дене шынықтыру әдістемесі бойынша оқу қызметінің құрылымы сақталды. Балалар бірінің артынан бірі пойыз болып жүреді, шеңбер бойында ЖДЖ жалаушамен, музыка сүйемелдеуімен жасалды, жаттығу саны -5, Қайталау реті 3-4 жас ерекшеліктеріне сай, тәрбиешінің көрсетуімен жасалды. Негізгі қимыл жаттығуы кедергіні аттап, қос аятап секіру. Тәрбиеші негізгі қимылдың орындалу ретін көрсетті. балалар қимылды қайталап отырды. Оқу қызметінің ұзақтығы жас ерекшеліктеріне сай 14 минут болды.

Ұсыныс: Арнайы спорттық киімді толық балаларға кигізу. ЖДЖ жасау барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып реттік санаудың орнына жан-жануарлардың қимыл әрекетін көрсету арқылы орындату.

«Балапан» кіші тобында дене шынықтыру оқу қызметін 12 баламен Сартаева өткізді. Балалардың шеңбер бойында жүру реті қалыптасқан. Тәрбиеші мен балалар денешынықтыру қызметіне сай арнайы киінбеген. Дене шынықтыру қызметінің құрылымы сақталды. ЖДЖ жаттығуларына жалаушаларды қолданды. Негізгі қимыл қояндарша кедергіден секіру алынған. Қозғалыс белсенділігі орташа.

Ұсыныс:

Оқу қызметіне сай балаларға спорттық киім кигізу.

Заттармен жаттығу жоспарлағанда балалардың жас ерекшелігін қатаң ескеру

«Тамшы» кіші тобында 12 баламен Каирова д/ш оқу қызметін өткізді.Балаларда арнайы спорттық киім болған жоқ. Шеңбер бойымен жүру, жасағкан қимылды қайталау реті қалыптасқан. Негізгі қимыл арқан астымен өту алынды. Балалар тәрбиешінің көрсеткен қимылын қайталады,

Ұсыныс:

1.Балалардың топ бөлмесінде еркін орналасуына назар аудару

Дене шынықтыру құралдарын эстетикалық талғамға сай тиімді қолдану

ДШ нұсқаушылары оқу қызметінің кестесіне сәйкес дене шынықтыру сабақтарын уақытылы өткізеді, Спорт залында бекітілген кестеге сәйкес жуып- жинау жүргізіледі. Оқу қызметтеріне қатысу барысында дене шынықтыру нұсқаушысы Нурбаева Б.Е «Қарлығаш» ортаңғы және «Қошақан» ересек тобымен өткізді. Дене шынықтыру жабдығы дайындалған, ыңғайлы орналастырылған. Нұсқаушының дауысы нақты. Балаларда сапта жүру, шеңберде орналасу,бір –бірін күту дағдылары қалыптасқан. Оқу қызметінің негізгі бөліктері сақталды. Жаттығу саны, қайталау реті балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты алынған.Сапта жүру,орындарына жиналу, нұсқаушының бұйрықтарын орындау сияқты дағдылары қалыптасқан. Өтпелі тақырып оқу қызметі кезеңдері бойынша өтіп отырмады, жалпы тығыздық екі топта да орташа болды.

Ұсыныс:

1.Балалардың көңіл –күйін көтеру мақсатында музыкалық сүйемелдеуді қолдану.

2.Өтпелі тақырыпты оқу қызметі кезеңдері бойынша өткізіп отыру

Ересек топтарының жас ерекшеліктеріне сай бой қыздыру жаттығуларына арналған түрлі жүгіру түрлерін қосу.

«Айналайын» МДТ тобында Байдаулетов С.А өткізді.Балалар спорттық киім киген. Денешынықтыру қызметінің жүктемесін тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, бірақ музыкалық сүйемелдеусіз. Балалар сап бойымен жүріс, жүгіріс түрлерін орындайды. Үш қатарға бөліну реті қалыптасқан. Ара қашықтық сақтау барысы қолдың көмегінсіз еркін орындалады.ЖДЖ жаттығулары нұсқаушының таңдаған тәрбиеленушісінің көрсетілуімен өткізілді.ЖДЖ тәрбиеленушілердің мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалып алынған, нұсқаушы ЖДЖ барысында балалардың дене сымбатына көңіл бөліп,ескертулер жасады.ЖДЖ саны барлығы 6, қайталау реті 5-6, болу керек 7-8. Негізгі Қимыл допты кеуде тұсынан нысанаға тигізіп қағып алу арқылы орындалды.Өтпелі тақырып «Жабайы жануарлар» «Аюлар мен аралар» қимылды ойыны бойынша өтілді. Оқу қызметінің ұзақтығы жас ерекшелітктеріне сәйкес, 30 минутты құрады.

Ұсыныс: Жалпы дамыту жаттығулары мен дене қыздыру жаттығуларына үнемі музыка сүйемелдеуін қолдану. Қимылды ойындарға арналған бетперделерді ойын ережесіне сай қолдану және толықтыру.

Жүзу нұсқаушысы Тулегенова «Жидек» ортаңғы тобы мен «Салтанат» МДТ бойынша қаралды. Жидек тобында 5, ал Салтанат тобында барлығы 12 бала қатысты. Жүзу кезінде екі топтың да тәрбиешілері Жанғон, Нигметжанова қатысты. Жүзу нұсқаушысы екі топта да балаларды суға түсірмес бұрын ЖДЖ жасатты. Балалардың қауіпсіздікті сақтау дағдылары қалыптасқан.Оқу қызметіне сай құралдар алдын ала дайындалған. Бойларын біртіндеп үйрету мақсатында жаттығулар жасалды. Ортаңғы топ балалары судан қорықпайды.Нұсқаушының берген тапсырмаларын орындайды. Жаттығу, бой үйрету, су астына отырып жүру дағдылары бар, ал МДТ суда өздерін еркін сезінеді,тапсырманы бірінен –бірі артық жасауға дағдыланған. Тыныс алу мен өкпе жиырылуын жақсарту мақсатында нұсқаушы балалармен су астында бірнеше секунд бойы дем алмай тұруына байланысты жаттығулар жасатылды. Суда МДТ балаларымен ойындар ойналды.

Ұсыныс:

1.Балалардың көңіл –күйлерін көтеру мақсатында музыкалық сүйемелдеуді қолдану

2. Балалардың жүзуге 100 пайыз келуіне байланысты оқу қызмсетіне ата –аналарды жиі шақырып отыру.

Әр жас ерекшелік топтар бойынша «Денсаулық» білім саласы бойынша ашық оқу қызметтері өткізілді. «Балапан» кіші тобында Сартаева «Қоянға көмек», «Қарлығаш» ортаңғы тобында Сыздыкова «Денсаулық еліне саяхат», «Жұлдыз» ортаңғы тобында Казиева «Тазалықтың достары», ересек «Қошақан» тобында Досымбаева «Денсаулық зор байлық», МДТ тобында Нигметжанова «Денсаулық зор байлық» тақырыптарында өткізілді.

Серуен - балабақшаның күнделікті өмірінде ең тиімді шынығу шараларының бірі. Серуен күніне екі рет ұйымдастырылады: таңертеңгі және кешкі уақытта. Бұл балалармен жеке жұмыс жүргізу және олардың өздігінен қозғалу белсенділігін ұйымдастыру үшін қолайлы уақыт. Серуендеуді жоспарлау кезінде серуендеудің алдында қандай оқу қызметі болғаны ескеріледі: егер олар қозғалмалы сипатқа ие болса (дене шынықтыру, музыкалық), онда серуендеуді бақылаудан бастау керек, егер ҰОҚ- де балалар қозғалыстан шектелген болса, онда серуендеуді қозғалмалы және спорттық ойындардан бастаған тиімді. Бөбекжай –бақша бойынша серуенге жас ерекшелік топтар күн тәртібіне сай шығып отырады. Бассейін оқу қызметі болған жас ерекшелік топтар қыс мезгілінде серуенге шығарылмайды. Бірақ жас ерекшелік топтар тәрбиешілері серуеннің құрылымы мен бөлктерін күнделікті сақтамайды. Серуенде бақылау,зерттеу, еңбек, жеке жұмысқа аз көңіл бөлініп, керісінше еңбек әрекеті мен ерікті ойындар алынады. Күн тәртібінің бір бөлігі серуенді ортаңғы «Жидек» тобының тәрбиешісі Жанғон педагогикалық коледж студенттері мен оқу жылында жаңадан келген педагогтарға ұйымдастырды. Серуенге барлығы 16 бала шықты.Балалар жыл мезгіліне сай киім киген. Ойын құралдары, жемсауыт, еңбек құралдары алдын ала шығарылып, дайындалған. Тәрбиеші серуенді балаларға қызықты әрі мазмұнды етіп ұйымдастырды.Серуен 5 бөлімнен тұрды. Бақылау, тәжірибелік-эксперименттік қызмет, қимылдарды дамыту бойынша жаттығулар, ойын,еңбек әрекеті балалардың өзіндік ойындары. Серуен құрылымына сай қарды бақылады, қардың жылы жерде еріп кетуі туралы шағын зерттеу болды. Балалардың тоңып қалмауы мен қимыл белсенділігінің арттыру мақсатында еңбек әрекеті мен қимылды ойын «Мысық пен торғайлар» ұйымдастырылды.Музыкалық сүйемелдеуді өте тиімді пайдаланды. Балалардың қызығушылығы мен ынталары белсенді болды.Серуен күнделікті жоспарға сай, құрылымына байланысты толықтай материалдарды қолдану арқылы өткізілсе, балалардың дені сау, қимыл –қозғалысы дамыған ұрпақ тәрбиеленеді.

МДҰ-да ояту жаттығулары күн тәртібіндегі маңызды бөлігі болып табылады. Жаттығулар кешені баланың ағзасын белсендіреді, ұйқы қалдықтарын тартып, одан әрі іс-әрекет жасауға көмектеседі. Жалпы алғанда, ұйқыдан кейін ояну,шынықтыру жаттығуларының ұзақтығы тәрбиеленушілердің жасына және даму деңгейіне байланысты 9-дан 15 минутқа дейін ауытқиды. Топтарда жалпақ табандылықтың алдын алу үшін денсаулық жолдар бойынша жүру пайдаланылады. Ұйқыдан кейінгі төсекте жатып ұйқыашар жаттығуының ұзақтығы 2-3 минуттан аспайды. Тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар ұйқыдан кейін балаға белсенді жағдайға жылдам кіруге, бұлшық ет тонусын нығайтуға, оң эмоциялар тудыруы арқылы жақсы көңіл-күй туғызады. Өкінішке орай осы аталған шаралар барлық топта күнделікті жүзеге толықтай асырылмайды. Барлық жаттығулар жас ерекшелік топтарында құрылым бойынша дұрыс өткізілмейді. Ұйқыдан ояну шараларының барлық жиынтығы қолданылмайды, денсаулық жолдарынан өту қолданса,уқалау, артикуляциялық жаттығулар өткізілмей тыс қалып отырады.

Ұйқыдан ояну, түрткілеу, артикуляциялық жаттығуларын МДТ «Айналайын» тобында Балгабаева, ал және таңертеңгі жаттығуды өткізудің теориялық әдістемесі мен практикалық шарасын «Тамшы» тобының тәрбиешісі Абайдельдина оқу жылында жаңадан келген педагогтар үшін ұйымдастырды.

Жалпы ұсыныс:

  1. Өтпелі тақырыпты дене шынықтыру оқу қызметтерінің бөлімдерінде міндетті түрде күнделікті қолданып отыру

Мерзімі:үнемі

Жауапты: кіші топ тәрбиешілері,

дене шынықтыру нұсқаушылары

  1. Жүзу нұсқаушысына балаларды сауықтыру мақсатында тоқсан сайын судағы жарыстарды балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырып отыру.

Мерзімі: тоқсан сайын

Жауапты: Жүзу нұсқаушысы

3.Таңғы жаттығуды кешенге сай, жалпы дамыту жаттығуларына сәйкес музыка сүйемелдеуімен жүргізу


Мерзімі:үнемі

Жауапты: тәрбиешілер,

4.Жас ерекшелік топтарда тәрбиешілер мен нұсқаушылар ата-аналарға салауатты өмір салтын сақтауға арналған сауалнама жылына 2-3 рет өткізу.

Мерзімі: тоқсан сайын

Жауапты: тәрбиешілер



5.Күн тәртібіне сай жас ерекшелік топтарда ояну, шынығу,артикуляциялық жаттығулар мен жалпақтабандылықтың алдын алу мақсатында шынықтыру шараларының кешеніне сай күнделікті жүйелі түрде өткізу.

Мерзімі: үнемі

Жауапты: жас ерекшелік топ тәрбиешілері



6.Кіші топ тәрбиешілеріне өздігінен білім алу арқылы дене тәрбиесі бойынша педагогикалық шеберлікті арттыру.

Мерзімі: үнемі

Жауапты: кіші топ тәрбиешілері



7.Күнделікті серуен құрылымына сай бақылау, зерттеу, жеке жұмыс, спорттық ойындар мен қимылды ойындарды серуен кешеніне сай жоспарлап, құралдар иен дидактикалық материалды кеңінен пайдаланып қызықты етіп өткізу

Мерзімі: үнемі

Жауапты: жас ерекшелік топ тәрбиешілері



8.Серуендеудегі қозғалмалы ойындар мен қимылды дамытуға арналған материалдар мен петперделерді жаңарту.

Мерзімі: 15 қаңтар

Жауапты: жас ерекшелік топ тәрбиешілері



9.Педагогикалық ұжымға ата-аналармен әртүрлі жұмыс түрлері арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыру:

Мерзімі: үнемі

Жауапты: тәрбиешілер мен мамандар













Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

61 бөбекжай бақшасы» МКҚК














«Жас ерекшелік топтардағы балалардың ана тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру»

/ Педагогикалық кеңес/

















Әдіскер:Н.С.Алпысбаева













Қостанай, 2019 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!