Материалдар / "ЖАС ГЕОГРАФ "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЖАС ГЕОГРАФ "

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой ұшқырын дамыту
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 8 «А» «Ә» «Б»

Тақырыбы: « Жас географ» танымдық сайысы 8 «а, ә, б» сыныптар аралығы.

Мақсаты: Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. :«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау

Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, презентация слайд. Барысы: I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі ойын сайысқа тоғызыншы сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 5 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады. Бәрі де талантты осы мектептің белсенді оқушылары, оларға сәт сапар тілейміз.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру - екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.

2 - кезең. Жорға сұрақтары.

3 - кезең. Жұмбақтар.

4 - кезең. Қара жәшік.

5 - кезең.Логикалық ойын.

6 – кезең.Капитандар сайысы.

Мұғалім:Ал ендеше сайысымыздың бірінші кезеніне кезек берейік

1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру. Екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады

ІІ тур: Жорға сұрақтары. Мұнда барлығы 30 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

. Жорға сұрақтары:

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)

2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)

3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)

4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)

5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)

6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)

7. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы (Ш. Уалиханов)

8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)

9. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан – Тәңірі 6995 м)

10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала (Токио)

11. Қазақстандағы ең үлкен мұздық (орженевский 12км)

12. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)

13. Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық (Меридиан)

14. Ең кішкентай құс (Калибри)

15. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)

16. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)

17. Еліміздің қай өңірінде рентген зауыты салынған (Ақтөбе)

18. Қазақстандағы АЭС қай қалада (Ақтау)

19. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет (Ватикан)

20. Жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын мемлекет (Ресей)

21. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)

22. Кофенің отаны қай материк (Африка)

23. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым (Сейсмология)

24. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем (Промилле)

25. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

26. Мұнай қандай өлшемнен өлшенеді (Баррель)

27. Қысқы күннің тоқырауы (22 – желтоқсан )

28. Жер шарында неше сағаттық белдеу бар

29. Ең ірі су жануары (Кит) 30. Қазақстанның астанасы Ақмолаға қашан көшірілді (1997 ж)


ІІІ Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»

І -ТОП

Сурет –жұмбақ (2-мин)

1. сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне, Сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (карта)

II-ТОП

2. сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

С.АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегн, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр) IV тур. "Қара жәшік"

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған.

Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.


Жауап: Сарымсақ


ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.


Жауабы: Шай

V тур.«Логикалық» ойын.

1.Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы, Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес келеді. Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша.

Жауабы: 6995м+132м=7127м 2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат.

2.Орташа биіктігі 300 - 500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Сұрақ: осы жерді ата.

Жауабы: Көкшетау.

3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз. Жауабы: Қызыл теңіз 4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Сұрақ: Бұл қандай өлке.

Жауабы: Сарыарқа VI тур. Капитандар сайысы. Мұнда әр топ басшысына 1 сұрақ беріледі.


Cұраққа толық дұрыс жауап берсе топ қоржына 10 ұпай беріледі.

1.Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса, онда материк климаты қалай өзгерер еді?

Жауабы: Егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді. шығыстан экваторлық және муссонды - пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен

2. Егер Антарктика болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?

Жауабы: Антарктида материгінің, оның мұздығының болуы Жер шары атмосфера циркуляциясына үлкен әсер етеді. Егер Антарктика болмаса Жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.


Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз



























Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия









Тақырыбы:

«Жас географ»

Сыныбы: 8 «А» «Ә» «Б»







Пән мұғалімі: Кенжебай Р.М





















2023 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!