Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жас географтар - аламаны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс жұмыс
Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназиясының
география пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Жас географтар- аламаны» география пәнінен интеллектуалды ойыны
Жүргізуші :
Армысыңдар, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар.
Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Сіздермен бірлесе отырып «Жас географтар- аламаны» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең "Бәйге"
Бәйгеде сұрақтар берілген. Оған бірінші болып қызыл тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап бере алады,одан кейінгі жауаптар қабылданбайды .Әр жауап 10 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
Жүргізуші:
2 кезең «Полиглотта» сұрақтар берілген, оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай. 2 кезеңде ұпайы аз бір оқушы келесі 3 кезеңге өте алмайды.
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз бір оқушы келесі кезеңге өте алмайды.
4 кезең «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ» шешендік , ой жеткізу қабілетін көрсете алу керек.
А) «Жасыл энергия- болашаққа бағдар», «Менің өлкем- тұнған табиғи шежірелі өлке»
Ұпайы аз бір оқушы келесі кезеңге өте алмайды. Ұпай саны 2-5 аралығында қойылады.
5 кезең «Жорғада» ұпайы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі
бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
1-жүргізуші:
Тәрбиелеу, баланы ойната отырып, ойланта алатын сұрақтар, қызығушылықты арттырып, еркін дамуына мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 6 оқушы қатысады.
-
6 Б сыныбы-
-
6 В сыныбы –
-
6 Г сыныбы-
-
6 Д сыныбы-
-
6 Ж сыныбы-
2 жүргізуші:
Ендігі кезекте әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. __________________
2. __________________
1- жүргізуші:
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз.
1 кезең "БӘЙГЕ"
1.Нөл температурада су неге
айналады? (мұзға)
2. Жер
бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтерілген, қатты тілімденген
биік бөлігі? (тау)
3.Ең кіші планета
? (Меркурий)
4. 8848 қандай таудың щыңының биіктігі
? (Гималай. Эверест
)
5. Газ қысымы үлкен болған жағдайда су мен газ мезгіл-мезгіл
шапшып атқылауын не деп атайды? (Гейзер)
6. Табиғат денелері мен құбылыстарының жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейтін географияның саласы? (физикалық география)
7. Грек тілінде гео - , графо - қандай мағына береді? (жер, жазу)
8.Қытай, Үнді, Персия, Мысыр - (Ежелгі мәдениет орталықтары)
9.Ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізген кімдер? (гректер)
10. Қазақ жерін, Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлкен үлес қосқан географ ғалым?- (Ш. Уалиханов)
11. Табиғатын жан- жақты зерттеген, 16 ел ғылыми станцияларын орнатқан материк?- (Антарктида)
12.Бір жылда неше күн бар? /365/
13.Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды? /25/
14.Жер Күнді орта есеппен қанша қашықтықта айналып жүреді? (150 млн)
15.
40 000 км ұзындық нені білдіреді?- экватор
16. Оның бетіндегі температура 500 °С- қа көтеріледі, атмосфераның
97% көмірқышқыл газынан тұрады? (Шолпан
ғаламшары)
17. Латынша шар дегенді білдіреді? (глобус)
18. Жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан? (масштаб)
19. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
20. Масштаб неше түрге бөлінеді? (3)
21. Жер бетіндегі салыстырмалы биіктіктер қандай құралдың көмегімен анықталады? (деңгейлегіш)
22. Грекше горизон ? – (шектеуші)
23. Тұсбағдардың 90° ? (шығыс)
24. Абсолюттік биіктігі 200 м-500 м дейінгі жазықтар не деп аталады? (қырат жазықтар)
25.Абсолюттік биіктігі 500 м-1000 метрге дейінгі таулар қандай таулар деп аталады?
Жүргізуші:
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.
2 кезең "Полиглот"
«Жеті
тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар.
Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі.
Керекті сөздің орнын тауып, аудармасын табу керек. Кім жылдам,
әрі тез болса сол оқушы табысты
болады.
1. Жер- земля, land
2. Тау – гора, mountain
3. Шар- сфера, orb
4. Өзен- река, river
5. Белдеу- пояс, зона, zone
6. Мұзтау- айсберг, iceberg
7. Дауыл- буря, storm
8. Жел- ветер, wind
9. Құрлықтық- материковый, continental
10.
Табиғат- природа, nature
3 кезең "Ғажайып төрттік"
Бірінші, екінші кезеңде
жиналған ұпай сандары сақталады. Үшінші кезеңде
тақырыптар бойынша сұрақтар
қойылады.
Ұлы географиялық ашулар 10 20 30 40 50
План және карта 10 20 30 40 50
Географиялық карта 10 20 30 40 50
Литосфера және
жер қыртысы 10 20 30 40 50
Сұрақтары:
Ұлы географиялық ашулар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
«Ұлы географиялық ашулар заманы» қай ғасырларды қамтиды? |
1519-1522ж. Испаниядан шыққан экспедицияны кім басқарды, нәтижесі?
|
Бұл қоғам Азияның ішкі бөлігін зерттеуге айырықша көңіл бөлді. Қай жылы, қандай қалада құрылған қоғам? |
Еуропадан батысқа қарай жүзе берген жағдайда Азияға, онан әрі Үндістанға жетуге болады деп ойлаған саяхатшы, және оның экспедициясының нәтижесі? |
Оны жауып жатқан мұз жамылғысының орташа қалыңдығы 1700 м. Бұл қандай және қай жылы ашылған материк? |
|
Ж: |
15 ғ. соңы мен-17 ғ. ортасы |
Ф. Магеллан. Тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді. |
1845 ж. Санкт- Петербург. Орыс география қоғамы. |
1492 ж. Х. Колумб. Оңтүстік Америка материгінің жағалауын ашты. Үндістан деп ойлады. |
Антарктида, 20 ғ. ІІ жартысы, 1819-1821ж.ж. Ф.Ф. Беллинсгаузен, М.П. Лазарев. |
План және карта |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Бақылаушы тұрған нүкте меридианының солтүстік басынан қажетті бағытқа дейінгі аралықтағы бұрыш
|
1:5000. |
Жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған не қолданады? |
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелетін биіктігі? |
Мұнымен түсірілген суреттер жарты шардың бетін түгел қамтиды. Не туралы айтылды? |
|
Ж: |
Азимут |
Масштаб, / ірі масштаб/ |
Шартты белгі |
Абсолюттік биіктік |
Геостационарлық Жер серігі |
Географиялық карта |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның ............. арқылы белгіленеді.
|
Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор ........ |
План мен картаның айырмашылықтарын атаңыз? |
1: 30 000 000 масштабтағы глобустан өлшенген қашықтық 5 см болды. Жер бетіндегі қашықтығы қандай? |
Картаға түсірілетін нысандар мен құбылыстарды іріктеу және оларды ортақ белгілеріне қарап топтауды не деп атайды? |
|
Ж: |
Географиялық координаталары |
Градус торы |
Масштаб, меридианмен параллель сызықтарының, шартты белгілердің, жер бетінің дөңестігі |
5 см х 300 км Ж: 1500 км. |
Картографиялық сұрыптау |
Литосфера және жер қыртысы |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Ол материктік және мұхиттық түрлерге ажыратылады. Жердің ең сыртқы қабаты
|
Оның радиусы 3500 км алып жатыр. Ол бөлінеді? |
Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері |
Осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік –шығысы және Солтүстік Мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіретін литосфералық тақта. |
Жер қыртысының көлденең ба,ғытта жылжуымен қатар, .......... бағытта да қозғалып тұрады. Осыған байланысты бұрын пайда болған таулар ........., материктің жеке бөліктері............. . |
|
Ж: |
Жер қыртысы |
Ядро. Ішкі және сыртқы ядро. |
Жер сілкіну ошағы |
Еуразия тақтасы |
Жоғары- төмен, биіктейді, шөгеді. |
4 кезең «ҚИЯЛ
ӘЛЕМІ»
Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме
құрастыру керек. 3 минут уақыт беріледі.
А) «Жасыл энергия –
болашаққа бағдар!»
Ә)
«Менің өлкем- тұнған табиғи шежірелі
өлке»
Жүргізуші:
Білімнің шығып
шыңына,
Үздіктер шықты таласа
Жанкүйер бол оларға
Жауап беріп баршаңда.
Жанкүйерлерге сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық
музыкалық аспабы /домбыра/
2. Жер серіктері арқылы уақыт пен координаталарды анықтайтын
навигациялық жүйе? / GPS/
3. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары қандай шөгінділерді құрайды? / органикалық/
4. Жер
бетінің аз тілімденген , тегіс, немесе белесті болып келетін кең
алқабы? /Жазық/
5. Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақтар? –
/сейсмикалық
аймақтар/
Бұл кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар алқасынының
назарына
беріледі.
Бұл сайыта ең үздік деген екі оқушы алдыға шығады.
V
кезең - «Жорға»
Жүргізуші:
Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!
Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.
Бірінші оқушының сұрақтары:
-
Эротосфен өзінің Жерді сипаттап жазуға арнаған еңбегін не деп атаған? – /География/
-
Б.З.Д. ІІ ғасырда Қытай мен Алдыңғы Азияны қосқан жол? /Ұлы Жібек жолы/
-
8-11 ғасырларда Еуропаның солтүстік –батысын- Скандинавия түбегін жайлаған халықтарды еуропалықтар кімдер деп атаған? /Нормандар/
-
«Ұлы географиялық ашулар заманы» деген кезең қай кезеңді қамтиды?
/15 ғ.соңы мен 17 ғ. Ортасы/
5. Ф. Магелланн саяхаты қай жылдарды қамтыды? / 1519-1522 ж.ж./
6. Дүние жүзін тұңғыш айнала жүзген саяхатшы кім? /Ф. Магеллан/
7. 1819-1821 жылы ашылған материк? /Антаркида /
8. Орыс географиялық қоғамының құрылған жылы? /1845/
9. Тегіс жерде тұрған бақылаушы қанша км дейін көзі жетеді? / 4-5 км /
10. 270° қай бағытқа сай келеді? / Батыс/
11. Бөлшек санмен көрсетілген масштаб не деп аталады? / Сандық масштаб /
12. Жер бетінде кез келген нүктенің басқа нүктеден айырмасы ? / Салыстырмалы биіктік /
13. Сауыр тауының биік нүктесі? / Мұзтау/
14 . Жеке дара мұхитты алып жатқан литосфералық тақталарды ата? / Тынық; Наска /
15. 1988 жылы жер сілкінудің зардабынан Спитак қаласы жермен жексен болды? Қай ел?
/ Армения/
16. Грекше тостаған деген қалай аталады? /Кратер/
17. Ұдайы атқылап жататын жанартауды қалай атайды? / сөнбеген жанартау/
18. Тау жоталары шоғырланып нені құрайды? / таулы өлке/
19. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді? /3/
20. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундта қанша? / 1500м/с /
Екінші оқушының сұрақтары:
-
Жер қыртысының бетіндегі ойлы қырлыларының жиынтығын қалай атайды? / Жер бедері/
-
Жер бетіндегі нүктенің теңіз немесе мұхит бетінен бастап есептелетін биіктігі?
/ абсолюттік биіктік/
-
Антарктиданың мұз жамылғысының орташа қалыңдығы? / 2040м /
-
Антарктида материгінде қанша ел ғылыми –зерттеу стансаларын орнатқан ? /16/
-
Экватор мен меридиан доғасының 1° нешеге тең? / 111 /
-
0-90 градус аралығында есептелінеді? /Географиялық ендік/
-
Глобустың масштабы қай жағына жазылып қойылады? / оңтүстік /
-
Қандай карталар планға жақын тұрады? / топографиялық карталар/
-
Астрономиялық бақылау жүргізетін ғимарат? / обсерватория /
-
Мұхит түбінің тереңдігін қандай құрылғы арқылы өлшейді? / эхолот/
-
Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін қалай атайды? / материктік беткей/
-
11022 м қандай шұңғыма? /Тынық мұхиты, Мариана шұңғымасы/
-
Құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген, шағылға ұқсас құм төбелерді? / Барқан/
-
Жыра сияқты ұзынша ойыс? - /сай/
-
Грекше метамарфоза ? / өзгеру/
-
Базальт пен гранит қандай тау жыныстарына жатады? /Магмалық/
-
Еуразия тақтасы мен Үнді *Австралия тақтасының соқтығысқан жерінде пайда болды? / Гималай/
-
Атмосфера Жердің? / Ауа қабығы/
-
Жер өзбілігін неше сағатта айналады? / 24/
-
Жердің полюстік радиусы экваторлық радиуысынан қанша қысқа? / 21 км/
Жүргізуші:
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!
Жеңімпазды анықтап, марапаттау.
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды ойын –жарысымыз өз мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.