Астана
қаласы
№69
мектеп-гимназияның
география пәні
мұғалімі
Який
Хайрат
Тақырыбы: «Жас географтар»
сайысы
Мақсаты:
-
Оқушылар ойын жинақтауға
бағытталған сезімдік әсер, тапқырлық жолдарын игеру мүмкіндігін
туғызу;
-
оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру;
-
оқушылар өзді-өзін көрсетіп,
ашық және толық өз ара байланыста болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
т.б.
Барысы:
І.
Топ
құру
ІІ.
Кім
тапқыр?
ІІІ. Адасқан
әріптер
ІҮ.
Қане
бөлісейік
Ү.
Мақал-мәтел
сайысы
ҮІ.
Жұмбақ
жарыс
ҮІІ.
Интерактивті
тапсырма.
ҮІІІ. «1 әріпке 10 атау
ойыны»
ІХ. Қорытынды
Тек сәттілік, қатысыңдар
сайысқа, Оқу керек,білім керек қашанда
Мықты
болсаң, қабырғаңмен қайыспа. Ол
болмаса,сайыс деген сайыспа?!» дей отырып, сайысымызды
бастаймыз
І.
Топ
құру
Бұл
кезеңде 5-6 сынып оқушыларынан топ
құру. Ол үшін оқушыларға сұрақтар мен жұмбақтар жасыра отырып, оған
дұрыс жауап бергендер ортаға ойынға қатысуға жолдама
алады.
-
Географияның
атасы?
-
Тұңғыш қазақ
ғарышкері.
-
Планеталардың жүретін
жолы.
-
Ең үлкен
планета.
-
«Планета» сөзінің
қазақшасы.
-
Қазақстан қай материкте
орналасқан.
-
Сақинасы бар
ғаламшар.
-
Сауыттан мықты
шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны.
(Тасбақа)
-
Есек
құлақты,
Мысық
аяқты.
Түйе
ерінді,
Ешкі құйрықты.
(Қоян)
-
Ат
басты,
Арқар
мүйізді.
Бөрі
кеуделі,
Бөкен жанды.
(Шегіртке)
І. «Білімділер» ІІ.
«Тапқырлар»
Білімділер біз боламыз, Топтың
аты – Тапқырлар,
Білімге жол саламыз!
Тапқырлықта көп сыр бар.
ІІ. Кім
тапқыр?
Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы
әріпті таңдай отырып,сұрақ қойылады,берілген жауаптың бірінші әрпі
таңдалған әріптен басталады. Әр дұрыс жауап-10
ұпай
А.
1. Адам тұрақты мекендемейтін
құрлық (Антарктида);
2. Алып үлкен жылан
(анаконда);
3. Ең ыстық материк
(Африка);
4. Еліміздегі теңіз
(Арал);
5. Жердің ауа қабаты
(Атмосфера);
Б:1. Атмосфералық қысымды
өлшейтін аспап (барометр);
2. Қазақстандағы көлдің атауы
(Балқаш);
3. Тәулігіне бағытын екі рет
өзгертетін жел (Бриз);
4. Еліміздегі қорық
(Барсакелмес);
5. Әлемдегі ең терең көл
(Байкал);
Г:1. Су қабығының латынша атауы
(гидросфера);
2. Жердің кішірейтілген моделі
(глобус);
3. Көгілдір отын
(газ);
4. Жердің қара шірікті,
құнарлы қабаты (гумус);
5. Жер бетін зерттейтін ғылым
(география).
ІІІ кезең. Адасқан
әріптер (Берілген сөздердің орнын
табу.
І-топ:
1. Л П О Ю С
(полюс)
2. Т А Р К А
(карта)
3. Б И Р О Т А
(орбита)
4. М Т У З И А
(азимут)
5. Е Ф А М О Т А С Р
(атмосфера)
ІІ-топ:
1. Қ З А Ж Ы
(жазық)
2. Л П Н А
(план)
3. Р Т О К В Э А
(экватор)
4. Ф Е С Р А Й Б О
(биосфера)
5. С П М А О К
(компас)
ІҮ. Қане
бөлісейік. Әр топ өзіне тиісті ұғымдарды
таңдап алады.
Ұғымдар
|
І-топ Көлдер
|
ІІ-топ Өзендер
|
Байкал, Ертіс, Ніл, Балқаш,
Сырдария, Арал, Амазонка, Каспий, Дунай,
Зеренді
|
|
|
Ү. Мақал-мәтел
сайысы
Жүргізуші: (Мақалдың бірінші жолын
айтады, соңын топтар кезектесе отырып жалғастырады). Әр дұрыс
жауапқа 10 ұпайдан
-
Мал баққандікі,...(жер)
жыртқандікі.
-
Өлкенің көркі мал болар,
(өзеннің көркі...(тал) болар).
-
Жері байдың,...(елі)
бай.
-
Орман, тоғай-жер сыны,
(көкорай шалғын...(жер) сыны)
-
Судың кепкені....(тіршіліктің)
кеткені.
-
Өрісіне қарап мал
өсер,
Өзеніне қарап тал
өсер.
-
Ел жасымен
көрікті,
(Тау тасымен
көрікті)
-
Жақсы туса ел
ырысы,
(Жаңбыр жауса жер
ырысы.)
ҮІ. Жұмбақ
жарыс.
Жүргізуші жұмбақ жасырады. Қай
топ бұрын жауабын айтса, сол топқа ұпай беріледі. Әр дұрыс жауапқа
10 ұпайдан
-
Бар ма, жоқ па, оны анық
білмейміз,
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейміз. (Ауа)
-
Салынған көпір
керемет,
Қызығушы өте
көп.
Ал бірақта не
керек,
Кісі өтетін жолы жоқ.
(Кемпірқосақ)
-
Қаласы бар, үйі
жоқ.
Өзені бар, суы
жоқ,
Орманы бар, түбі
жоқ,
Бақшасы бар, гүлі жоқ.
(Карта)
-
Сатайын десем ауыр
кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
(Жер)
-
Қанатсыз құс маңып
барады,
Көзінен жас тамып барады.
(Бұлт)
-
Аумаған қар, жаумаған
қар,
Таңартең бар, сәскеде жоқ.
(Қырау)
-
Сырты тәтті, іші
тәтті,
Ортасы сүйек қатты.
(Алма)
-
Ашуланып
бұртиды,
Ашушаң бір
ақымақ
Аузы көпіріп
құтырды,
Кез-келгенді ұшырды.
(Құйын)
-
Үй үстінде асыл
тас,
Алайын десем табылмас.
(Жұлдыз)
ҮІІ.
Интерактивті тапсырма.
Электрондық оқулықтан тапсырмалар
орындайды.
ҮІІІ. «1 әріпке 10 атау
ойыны»
Атаулар
|
І
топ
«А»
әрпіне
|
ІІ
топ
«Б»
әрпіне
|
Мемлекет
|
|
|
Қала
|
|
|
Тау
|
|
|
Арал
|
|
|
Көл
|
|
|
Өзен
|
|
|
Аң
|
|
|
Құс
|
|
|
Ағаш
|
|
|
Жеміс
|
|
|
ІХ. Қорытынды. Жеңімпаздарды
марапаттау
«Ғылымның
сырын ұғына,
Шығыңдар
білім шыңына
Дарындылық
пен тапқырлық
Жеткізеді
сіздерді география сырына», - дей отырып, сайысымызды
аяқтаймыз.