Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жас информатиктер сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
“Жас информатиктер”
/сайыс/
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика
пәнінен алған білімдерін сарапқа салу
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып,
зейінін, ой – өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын
арттыру.
Тәрбиелік: Өз
білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге
тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, компьютер, плакат,
кроссворд.
Өтілу барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сайысқа шақыру
ІІ. Сайысты өткізу программасымен танысу
А) Топтармен таныстыру
Б) Әділқазылар алқасымен таныстыру
В) Сайысты өткізу
Г) Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Д) Марапаттау
Жоспары:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?. 5.Кім жылдам (кроссворд
шешу)
6.Жұмбақтар (Екі топ бір - біріне жасырады)
7. Сөз тапқанға қолқа жоқ. (Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен
келетін информатикалық сөздер айтады)
Барысы:
Жүргізуші: Елбасының «Қазақстан – 2050»
стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын
болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ
ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске
асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де
өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы
уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен,
шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа
қатысушылар, бүгінгі “Жас информатиктер» атты сайысымызға қош
келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты
жауап берген топ қана “Жас информатиктер” атына ие болады.
Ойын 7 айналымнан тұрады.
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп
Достарым отырсың ба елеңдесіп
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы
топтарды шақырайық!
1 - ші топ Компьютер тобы
2 - ші топ Принтер тобы
Жүргізуші: Ойынымыз 7
айналымнан тұрады:
1. Бәйге жарысы
2. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
3. «Жүйрік болсаң, озып көр»
4. Қандай құрылғы?
5.
Кім жылдам (кроссворд шешу)
6.
Жұмбақтар (Екі топ бір - біріне жасырады)
7.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.(Әр топ өз топтарының бірінші әрпінен
келетін информатикалық сөздер айтады)
Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:
Топтарды таныстыру:
1 топ – «Компьютер»
Ұраны: Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам - қағазсыз.
2 топ -
«Принтер»
Ұраны: Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз
Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл - деп, бүгінгі сайысымыздың барысын
зерделеп, әділ бағасын беретін әділ - қазы алқасымен таныс
болайық.
Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда – дей отырып, Бәйге кезеңін
бастаймыз.
Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс
жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы
керек.
1. Бәйге жарысы:
1. Белгілі бір атпен
сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Windows - та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? /араб математигі Әл -
Хорезми/
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60 - 70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып - түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Пернетақтада қанша функционалдық перне бар? (12)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады?
(Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD -
ROM)
16.файлдар жиыны ( папка)
17. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына кіретін программа . (МS Word)
18. Вирустың кері әсерін жоятын программа (антивирус) 19.Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
20. Дүниежүзілік ғаламдық тор (интернет)
Жүргізуші: Келді кезек полиглотты шешуге Жауаптарын үш тілде беруге Қазақ, орыс,Ағылшынды білсеңіз 15 ұпай шәкірт саған несібе
Келесі кезең «Палиглот». Бұл кезеңнің ерекшілігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша,орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.
-
Полиглот. Компьютер тобына қойылатын сұрақтар:
-
Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)
-
Сақталған құжатты ашу командасы? (Файл-ашу, файл-открыть, file-open)
-
Windows-дегеніміз не? (ОЖ,операционная система, Operation system)
-
Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құлылғы (Тышқан, мышь, Mouse)
-
Қажет емес символды алып тастау пернесі-( өшіру, удалить, delete)
Принтер тобына қойылатын сұрақтар:
-
Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.(себет,корзина,basket)
-
Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)
-
Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блокнот-notebook)
-
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атасың балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)
-
Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер (бит-бит-bit)
Келесі айналым
3.Жүйрік болсаң,озып көр: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез
-Екі топ тор көздегі сұрақтарға балдық жүйедан таңдап, жауап беру арқылы ұпай алады. Егер жауабы дұрыс болса, сол таңдаған ұпайды алады.
Компьютер 20- Дербес компьютердің минимум тізімін ата (жүйелі блок, монитор, пернетақта)
Принтер 20-Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)
Компьютер 30- Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, өлшемді жылжымалы обьектілер (бейне ақпарат)
Принтер 30-Принтердің түрлері (бүріккіш, лазерлік, матрицалық)
Компьютер 40- Компьютердің атасы (Чарлз Бэббидж)
Принтер 40- Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. (Операциялық жүйе)
4.Келесі айналым «Қандай құрылғы?»Экранда берілген төртбұрыштың кезкелген біреуін алып тастап астында қандай құрылғы екенін атау керек.
Компьютер тобына
-
Принтер
-
Флеш карта
-
Монитор
Принтер тобына
-
Пернетақта
-
Тышқан
-
Аналық жад
5. «Кім жылдам» (кроссворд шешу)
Кроссворд. Кроссвордтағы сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндір.
-
Жұмбақтар шешу
1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)
2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
3. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)
4. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )
5. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )
7. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.
Жүргізуші: Тағыда үйренеміз аман болсақ,
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!- деп әділқазылар шешімін шығарғанша ендігі кезекте шешімін шығарғанша ендігі кезекте әнге кезек берсек
Жүргізуші:
Қазылар онықтырар әдідікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп «Жас информатиктерді» анықтау үшін әділқазылар алқасына алқасына сөз береміз. Оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші:
Қорытындылау: «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп «Жас информатиктерді» анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.
Оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші:
Қорытындылау: «Қазақстанның болашағы- білімді ұрпағында» демекші бүгінгі алған біліміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз.Сондықтан да, білім алудан, оқып үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Тақырыбы: «Үздік информатиктер» сайысы
Мақсаты:
1.Алған білімін
пысықтау,информатика тарихынан алған
білімдерін
кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін
жетілдіру;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ізденуін, танымдық
деңгейін жоғарылау;
3. Оқушылардың өздігінен оқуға үйренуін, логикалық ойлауын, ортақ
іске деген жауапкершілік сезімдеріне
тәрбиелеу.
Түрі: Сабақтан тыс іс – шара (сайыс)
Үйге тапсырма: Әр топ өздерін таныстыру үшін атын, эмблемасын, сәлемдесуін және қарсы топқа қоятын 4-5 жұмбақты алдын-ала дайындайды.
Көрнекіліктер: Плакаттар, шарлар.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. «Сәлем сөздің анасы»
топтардың таныстыруы.
2. «Кім білгір» сайысы.
3. «Сен маған, мен саған» жұмбақ сайыс.
4. «Ия немесе жоқ» капитандар сайысы.
5. «Тапқыр болсаң шешіп көр»
сайысы.
ІІІ. Қорытындылау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып , «Үздік информатиктер» атты білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі «Үздік информатиктер» сайысына 2 команда қатысады. Сайысымыздың 5 кезеңі болады:
1. «Сәлем сөздің-анасы»
топтардың таныстыруы
2. «Кім білгір» сайысы
3. «Сен маған, мен саған» жұмбақ сайыс
4. «Ия немесе жоқ» капитандар сайысы
5. «Тапқыр болсаң шешіп көр»
сайысы
Командаларға ескерту: егерде кімде-кім
сайыстың шартын бұзса мынадай үшбұрыш беріледі. Ол команданың ұпайы
1 балға кемігенін білдіреді.
І-тур. «Сәлем сөздің - анасы». Бұл
турда әр топ өздерін таныстырып
өтеді.
Демеймін
заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді –
дей отырып, кезекті таныстыруға береміз.
Оқушыларға сәттілік тілеп, «Тартысайық сайыста,
күш жігермен,
Тартысайық қимас біз дос көңілмен»-дей отырып, ІІ-турды бастаймыз.
ІІ-тур «Кім білгір?» деп аталады. Екі топқа 20
сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан
беріледі.
Сұрақтар:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. Функционалдық пернелер (Ғ1-Ғ12)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)
7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)
8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)
9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)
10. Сурет салуға арналған бағдарлама (пайнт)
11. Компьютердің миы (процессор)
12. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
13. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
14. Мәтіндік редактор (Ворд)
15. Дыбыс зорайтқыш қорап (колонка)
16. Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)
17. 1 Гбайт неге тең (1024 Мбайт)
18. Бүкіләлемдік желі (интернет)
19. Вирусты жоятын программа (антивирус)
20. Өшірілген файлдар қай папкіде сақталады
(себетте)
ІІІ-тур. «Білекке сенген заманда, ешкімге есе
бермейік,
«Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік»- деген
Абылайханның ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік. «Сен
маған, мен саған» сайысы. Бұл турда топтар
бір-біріне информатика пәні бойынша жұмбақтар дайындап келуі
керек. Командалар дайын болса жұмбақтарын қойсын. Ал жауабын
білетін екінші топ жалаушасын көтерсін. (Әр топ 4 жұмбақтан
оқиды).
ІҮ-тур. «Ия немесе жоқ». Капитандар сайысы.
Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығады. Топ
басшыларының әрқайсысына 10 сұрақтан қойылады, әр дұрыс
жауапқа 5 ұпайдан
беріледі.
Интернет тобының капитаны:
1. Пернетақтада абзацтан енгізу пернесі
Caps Lock болып табыла ма?
2. Enter пернесі шрифтерді бас әріпке ауыстыра ма?
3. Буып –түйілген файл архив деп атала ма?
4. «Информатика» ғылымы ақпараттық процестерді зерттей
ма?
5. «Іске қосу» батырмасын басқанда бас меню ашыла ма?
6. Қазіргі есептеу құрылғысына саусақ жатады ма?
7. Windows сөзі қазақша «терезе» деп айтыла ма?
8. Сканер шығару құрылғысына жатады ма?
9. Өшірілген құжаттарды себеттен қарауға бола ма?
10. Информатиканың өлшем бірлігіне бит жата
ма?
Компьютер тобының капитаны:
1. Жалпы желіге қосылу үшін модем қажет
па?
2. Монитор ақпаратты енгізу құрылғысына жата ма?
3. Сақталған құжаттарды себеттен қарауға бола ма?
4. Вирусқа қарсы бағдарлама антивирус деп атала ма?
5. Компьютер алғашқы есептеу құрылғысына жатады ма?
6. Монитор адам денсаулығына зиянды құрылғы ма?
7. Принтер қағаз шығару құрылғысына жата ма?
8. Әл-Хорезми атынан алгоритм сөзінің шыққаны рас па?
9. Тав пернесі бас әріпке ауыстыра ма?
10. Функционалдық пернеге 12 перне жатады
ма?
Ү-тур. Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма.
Мәреге таяп қалды бұл жарыс та- демекші, «Тапқыр болсаң,
шешіп көр» сайысын бастайық.
1. Автобуста 4 жолаушы бар. 1 аялдамадан 2 жолаушы мінді,2-ші
аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп
2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң
5-еуі түсіп 4-еуі мінді.Автобус неше аялдама жүрді.
2. Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды. Қанша
қойы қалды?
3. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарынан аяқталады. Қай айда 28
саны бар?
4. Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек?
5. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы
2-ге,көбейтіндісі 15 –ке тең.Олар қандай сандар?
6. Қаз неге судан құрғақ
шығады?
ІІІ. Қорытындылау.
Осымен бұл қызықты
тәмамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ-дей келе,
жеңімпазды анықтап, марапаттау.Сонымен біз бүгін информатика пәні
бойынша «Үздік информатиктер» сайысын өткізіп, сайысқа
қатысқан командаларға рахметімізді
айтамыз.
Сайыстың тақырыбы: Үздік информатиктер.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бақылау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және қатысушылар арасынан жігерлі, білімді және компьютерлік сауаттылығы жоғары команданы анықтау.
Ата – салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Үздік информатиктер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын
берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Әділ халқым берсін әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер
Әділқазылармен таныстыру.
Бүгінгі «Үздік информатиктер» сайысына 3 команда қатысады.
6,7 сыныптар. Сайысымыздың 8 кезеңі болады.
Сайысымыздың шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың атын, эмблемасын және ұранын. Команда капитандар шар үрлейді. Кімннің шары бірінші жарылса сол команда сайысты бірінші болып бастады.
Демеймін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді – дей отырып, кезекті таныстыруға
береміз.
Командалар өздерін таныстырады.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
І тур Бәйге
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып
сайысымыздың 1-ші туры «Бәйге» сайысын бастаймыз. Әр
командаға 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Әр
жауап 1 ұпайдан есептеледі.
ІІ тур ПОЛИГЛОТ. Бұл кезеңде оқушыларға сұрақтар беріледі. Сұрақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Қабат — қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап — книга — book)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш — линейка — ruler)
3. Үйдің негізгі бөлшегі немесе Windows-тың негізгі объектісі (Терезе, окно, windows)
4. Құжатты сақтау командасы(Сақтау, сохранить как, save as)
5. Сурет салу құралы? (Қарындаш, карандаш, pensil)
1. Білекті… жығады,
Білімді мыңды жығады.
(бір — один — one)
2. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкене күн көзін
(шам-лампочка-lamp)
3. Оң жақтағы символды өшіру пернесі? (Алып тастау, удалить, delete)
4. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы(монитор, screen)
5. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал(компьютер, computer)
1. Өнер алды қызыл ……. (тіл-язык-languade)
2. Асық ойнаған азар,
…… ойнаған тозар
Бәрінен де мал бағып,
Ет жеген озар. (доп-мячь-ball)
3. Бізді қоршаған ортадағы мәліметтер тобы
(ақпарат — информация — information)
4. Компьютердің басқару құрылғысы
(тышқан — мышка — mouse)5. Терезені жабу батырмасы? (Жабу, закрыт,
exit)
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
(Асан Қайғы) — дей келе келесі ІІІ тур ҚИЯЛ ӘЛЕМІ сайысымызды бастайық.
Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс.
1. Егер мен робот болсам…
2. Егер мен хаккер болсам…
3. Егер мен президент болсам…
Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.
Келесі ІV тур ҚАЙ СӨЗ АРТЫҚ? Бұл сайыста ойыншыларға адасқан әріптер беріледі, адасқан әріптерді тауып, артық сөзді алып тастайды.
V. Капитандар сайысы
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе
бермейік»
«Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылайханның
ойлы сөзімен келесі кезеңімізге көшейік. Келесі
тур «Капитандар сайысы». Әр топтың капитаны сұрақтың
түсін таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
VІ тур Құпия алаң
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – – деп, ойынымызды
бастайық.
Келесі VІІ тур Мынау не? Әр топтың кез-келген мүшесі суреттегі құрылғыны атайды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Тартысайық сайыста, күш жігермен.
Тартысайық қимас біз, дос көңілмен. –дей отырып ойынымыздың 8-ші
турын бастаймыз. 8 тур Жұмбақ шешу. Командалар жасырлған
ұяшықтағы жұмбақты таңдайды. Әр дұрыс жауапқа 5
ұпай.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе
Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Марапаттау
Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатиктер» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен командаға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.
|
25.05.2012, 11:40 |
Сары қозы, көк қозы, |