Материалдар / Жас инспекторлар үйірмесінің ашық сабағы
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Жас инспекторлар үйірмесінің ашық сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушылары арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында сауалнамалар жүргізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2021
648
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп оқушылары арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында сауалнамалар жүргізу

Балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу.

1.Адам жарақатының туындау себептері көп. Ең басты себеп – жарақаттануға әкелген жағдай. Жол қауіпсіздігін алайықшы. Егер жаяу жүргінші жол ережелерін сақтамай, көшенің кез келген жерінен қиып өте беретін болса, ол бүгін болмаса, ертең машинаның астына түсетіні хақ. Кінәлі де өзі болады. МАИ қызметкерлері ондай жаяу жүргіншілерді ұстап, тиісті айыппұл салып, ескертулер жасап жатса да, оған құлақ асып жатқандары шамалы. Тағы да қайталап, жол ережесін бұзады. Ал көлік жүрзушілеріне келетін болсақ, олардың арасында да жол ережесін сақтамайтындары, не болмаса көлікті мас күйінде жүргізетіндері болады. Олармен де күрес жүріп жатыр, бірақ айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмай отыр

Әлемде жол-көлік апатының нәтижесінде барлық өлім-жітімнің 59%-ы 15-44 жастағы жас және ересек адамдарға тиесілі. Соңғы жылдары 79 елдің, соның ішінде табыс деңгейі төмен және орта елдердің 56%-ы өлім-жітім көрсеткішін жақсартқанына қарамастан, тағы 68 ел, соның ішінде табыс деңгейі төмен және орта елдердің 84%-ы кері беталысты көрсеткен

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының (ТОҒЗИ) мәліметтері бойынша республикада жол-көлік жарақатынан 3000-ға жуық адам қаза тауып, 25 мыңға жуық адам түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алып, 1000-ға жуығы мүгедектікке шалдығады. ЖҚО-дан өлім-жітім сыртқы себептерден барлық өлім-жітім оқиғасының 20%-ын құрайды. 76,5%-ы оқиға болған орында және тасымалдау кезінде қайтыс болады.

Әлемде жол-көлік апатының нәтижесінде барлық өлім-жітімнің 59%-ы 15-44 жастағы жас және ересек адамдарға тиесілі

Республикада, соның ішінде балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу үшін қоғамның барлық мүдделі тараптарының күшін жұмылдыру қажет.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2013 жылғы дүниежүзіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы баяндамасында әлемдегі 99% халық немесе 6,8 миллиард адамды қамтыған 182 елдің жол қозғалысының қауіпсіздігі жөнінде мәлімет берілді. Дүниежүзінде жолда 1,24 миллионға жуық адам қаза тауып, ал 20-дан 50 миллионға дейін адам қауіпті жарақат алады. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нәтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%-ға төмендету өлімге әкелетін апаттың санын толықтай 30%-ға төмендетуге ықпал етеді. Балаларға арналған орындық пен қосымша құрал (жастық) апат болған жағдайда балалар өлімін 54-80%-ға төмендетеді.

Жолдағы және тұрмыстық жарақаттың жоғары болуының басты себебі балалар жарақатынан сақтандыруға ересектердің жеткілікті назар аудармауы, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауы, мектеп оқушыларының жол жүру мәдениетінің төмендігі, жол қозғалысы ережесін жеткілікті білмеуі, ата-аналардың кері үлгі көрсетуі және мектеп жанындағы жолдарға жүргізушілердің назар аудармауы болып табылады. Сонымен, рейд жүргізілгеннен кейін көп мектептер жанында ақпараттық-көрсеткіш, тыйым салатын, ескертетін жол белгілерінің жоқтығы анықталды және ол жол белгілері мен жүргіншілер өткелінің жаңартылып отыруын талап етеді. Мектеп жасындағы балалар үшін тұрмысқа тән жарақатқа велосипед тебу, әткеншек пен жоғарыдан құлау, ыстық пен тоққа күю жатады. Соңғы жылдары балалардың қатысуымен топтық жарақаттың көптеп тіркелуі жағдайды қиындатып отыр.

Балалар жол-көлік жарақатының негізгі себептері, төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып табылады:

жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен өтіп кету;

рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту;

реттеу дабылына бағынбау;

тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып кету;

тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу ойнау.

Ең ауыр ЖКО себептері – көліктің жол үсті қозғалысы бағытындағы жол жүру бөлігінде балалардың жүруі. Бір жақты жолдың жүру бөлігінің шетімен жүруге жаяу жүруші жолы, тротуар, жолдың жиегі болмағанда, жүргізушілер жаяу жүрушіні көре алатындай, жолдың бойымен және көлікке қарсы емес, ал жаяу жүруші – қауіпті дер кезінде байқайтындай рұқсат етіледі.

Ата-аналар балаларына көліктер қатты жүріп жатқан жолға үлкендердің алып жүруінсіз балалардың жүруіне болмайтынын түсіндіріп отыруы тиіс. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршам немесе жаяу жүруге арналған жолдар бар жерден ғана жолды кесіп өтуге болады.

Күрделі жол жағдайында баланың пайда болуы – ЖКО-ның алғы шарттары. Мектеп оқушысының шектен тыс өз бетімен болуы ЖКО ықпал етеді, ал бұл әрдайым ата-аналардың дұрыс қарамау және көшеде және жолдардағы қауіп-қатерге ұқыпсыз қараудың салдары болып табылады.

Өз жасының күшіне қарай оқушы қауіп-қатерді сезіне бермейді, жол жүру бөлігіне олар абайсызда атып шыққанда жүріп келе жатқан көліктің бірден тоқтай алмайтынын біле бермейді. Осыны түсінбейтіндіктен балалар қоршау арқылы жолға шығады, жолға жақын ойнайды, бағдаршамның қызыл немесе сары түсті дабылына жүре салады.Ережеге сәйкес ата-аналар балаларды, әсіресе кішкентай сыныптың балаларын мектепке апарып, әкелуі тиіс. Мектепке дейін қандай қауіпті жерлер бар екендігін және өздерінің баласы үшін қандай анағұрлым қауіпсіз маршрут таңдап алатынын білуі тиіс.Мұғалімдер де үнемі ата-аналарды ЖКО ықпал ететін, себептер мен жағдайларды бірлесіп жоятындай, мектеппен ынтымақтастыққа болуға шақыруы тиіс.

Баланың ЖКО-ға түсуі – тіпті бала тірі қалғанда және күрделі жарақат алмаса да әрқашан трагедия, өйткені, қатты психологиялық соққы өмір бойы қалып қалуы мүмкін.Сондықтан ата-аналар апат пен жазатайым жағдайлардың ықтималдығын және олардың алын ала білуі тиіс.МАИ қызметі көптеген жұмыс жүргізіп жатса да, жол-көлік апаттарының санын азайту мүмкін болмай отыр. Біз бұған өзімізше зерттеу жүргіздік.Оның бірнеше себептерін де анықтай алдық. Ең алдымен, бұған кінәлі – жүргізушілердің өздері. Жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберіп, рульге ие бола алмай қалады да, апатқа ұшырайды. Екіншіден, еліміздегі жолдардың сапасыздығы. Тіпті кейбір автокөлік жолдарының тар болатынын, қарсы келе жатқан екі машина бір-біріне тиіп кетердей болып өте шығатынын да көріп жүрміз. Сондай арақашықтықта жүріп жатқан көліктердің қауіпсіздігі қалай сақталмақ?Үшіншіден, автокөліктердің техникалық талаптарға сай келмеуі де жол апаттарының туындауына себеп. Төртіншіден, автобустарды айдайтын жүргізушілердің жолаушылар өміріне деген жауапсыздығы. Жақында КТК арнасынан, Алматыда аялдамаға асығыс тоқтап, жолаушы түсер-түспестен жүріп кеткен автобус жүргізушісінің кесірінен зейнеткер ауыр дене жарақатын алғанын көрсетті.

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасында жүргізушілер, жүргіншілер, жолаушылар, жұмысшылар, оқушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Ережелер бойынша жол-көлік оқиғасына тікелей қатысты жүргізушіге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Велосипед мінгендерде жол-көлік оқиғасына қатысты болуы мүмкін. Оған қоса, жүргіншілердің, жолаушылардың, оқушылардың да өздеріне лайықты жауапкершілігі болатынын ұмытпаңдар.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?

  1. Оқиға болған жерден көлікті және оқиғаға қатысты басқа заттарды қозғамау керек.

  2. Жарақаттандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.

  3. Шұғыл түрде полиция бөліміне хабарлап, оқиға болған жердегі жағдайды тексеруге атсалысу керек.

  4. Көліктердің тежеу жолдарын, іздерін сол қалпында сақтауды ұмытпаған дұрыс

  5. Болған оқиғаны көрген адамдардың мекен-жайын, телефон нөмірлерін, аты-жөнін жазып алу да пайдалы болады.

  6. Полиция келгенше, көліктің нөмірлерін, модельдерін жазып алып, ал оқиға орнынан қашып кететін жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!