Жас келсе іске!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас келсе іске!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мектептегі педагог-психологтарға арналған тренинг жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жас келсе іске!

Тренинг мақсаты: жас мамандармен танысу, ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцияналды жігер беру, көңіл-күйлерін көтеру, іштегі агрессияны шығаруға көмектесу.

Қажетті құрал-жабдықтар: газет, түрлі-түсті маркерлер,бояулар, скотч,жіп, ватман, шар, суреттер, музыкалық әуен.

Тренинг жоспары:

  • Танысу жаттығуы «Менің көңіл күйім» жаттығуы

  • «Суреттер сөйлейді» жаттығуы

  • «Кәсіби жанған педагог кейпі» жаттығуы

  • «Ашулы шарлар және эмоция» жаттығуы

  • «Газет қиындыларынан мүсін» жаттығуы

Тренинг барысы:

Тренер сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті жас мамандар! Бүгін сіздерді психологиялық көңіл-күйлеріңізді көтеру, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір - бірімізді түсінуге тырысамыз.

«Менің көңіл күйім» жаттығуы
Мақсаты: топтағыларды бір-бірімен таныстыру, көңіл-күйін көтеру.

Барысы: Барлығымыз шеңбер жасап отырайық.Шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастайды. Алдымен өз есімдеріңді айтып, «Бүгін менің көңіл күйім осындай»,- деп іс-қимыл арқылы өз-өзін таныстырады.Қалған қатысушылар оның іс-әрекетін қайталауы қажет.

«Суреттер сөйлейді» жаттығуы

Мақсаты: суреттер арқылы ашу-ызаға берілмей, педагог ретінде бала жүрегіне жол таба білуге баулу.

Барысы: алдымен топқа бөліп, әр топқа үлестірмелі суреттер салынған парақтар таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суреттерді сөйлету керек.

1.Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте салынған.

2.Күн астында әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3. Түнгі аспан. Жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

4. Сұқ саусағын көрсетіп тұрған адам кейпі бейнеленген.

5. Пияз турап жылап тұрған адам кейпі бейнеленген.

«Кәсіби жанған педагог кейпі» жаттығуы

Мақсаты: бір-бірін қолдау,ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топ болып стресстен арылуға көмек көрсету.

Барысы: Құрметті мұғалімдер, қазір сіздерге 4 топқа бөліну қажет. Алдарыңызда жатқан ватман қағазына фломастермен кәсіби жанып кеткен адамның суретін саласыздар.Оның іштей күйіп, шаршағанын сөзбен емес сурет арқылы жеткізесіздер.

Ал, бір-бірден суретті көрсетейік. Не көріп тұрсыздар? Эмоцияналдық  көңіл-күйі қандай? Енді өз салған суреттеріңізбен алмасып, эмоциялық күйген адамның суретін жандандырып,  жағымды сөздер арқылы немесе позитивті суреттер арқылы адамды күйзелістен алып шығасыздар.

«Ашулы шарлар және эмоция» жаттығуы

Мақсаты: ашуды қалай басқаруға болатынын түсінуге көмектесу.

Барысы: алдымен үш топқа бөліп, әр топқа шарлар таратылып, үрлеуін сұраймыз. Бірінші топ шарды үрлеп, аузын байлап жарады. Екінші топ шарды үрлеп, желін жәймен шығарады. Үшінші топ шарды үрлеп, ұшырып жібереді.

Талдау: қай шардың жарылуы ұнады, бойдағы ашуды қалай реттеген дұрыс?

«Газет қиындыларынан мүсін» жаттығуы

Мақсаты: топтың қарым-қатынасын жақсарту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылығын дамыту.

Барысы:Қатысушылар алдарыңызда тұрған газеттерден топпен бірге жаңаша мүсін ойлап тауып, жасау қажет. Бұл әдіс арқылы шығармашылығыз бен қиялыңыздың ұшқырлығын дамытуға болады.

Қорытынды: Тренинг соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы конфеттерден дәм тата отырып, тілектерін айтады, барлық қатысушылар бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2023
374
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі