Жас маман мен тәлімгердің атқарылған жұмысы туралы есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас маман мен тәлімгердің атқарылған жұмысы туралы есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрімгердің бір жыл бойы жас маманмен атқарылған жұмысы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі тәлімгер

Сейдилдаева Гульмира Ерболатовнаның

жас маманмен жұмысы туралы есебі

Медетова Жазира Карасаевна 2023-2024 оқу жылының 5 қыркүйегінен бастап Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі лаузамы бойынша жас маман болып жұмысын бастады.

Туған күні, айы, жылы: 19.11.1991 ж.

Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шәкен Ниязбеков ауылы, Мұса Сыздықұлы көшесі №3 үй;

Байланыс телефоны: 87772057039; білімі: жоғары

2008-2012 ж.ж Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі күндізгі бөлім бітірген. Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі.

2019-2021 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі факультетін бітірген.

Жас маманнан 10 сұрақтан тұратын 3 сауалнама алынды. Нәтижесінде педагогикалық жұмысқа саналы түрде өз таңдауы бойынша қызығушылықпен келгені анықталды.

2023-2024 оқу жылындағы жұмыс барысында Жазира Карасаевна жыл басында нормативтік құжаттармен таныстырылды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, орта мерзім, ұзақ мерзім жоспарларын құру ерекшеліктерін көрді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды бекітпес бұрын жылдық сағат санын айқындалып, бекітілетінін түсінді. Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тоқсан соңында бір сабақ бұрын алынатыны түсіндірілді.

Жазира Карасаевнаның апталық жүктемесі 16 сағат болды. Сабағына тыңғылықты дайындалды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын сауатты жазуды үйренді. Бар болған жағдайда ЕБҚЕ оқушымен жұмыс және оқу сауаттылығы қысқа мерзімді жоспарына енгізілетіні жайлы ескертілді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасауда әр тоқсанда екі бөлім бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) санын нормативімен әдістемелік нұсқаулыққа сүйене отырып жасауды білді.

Жазира Карасаевна мектептің қоғамдық жұмысына белсенді қатысып отырды. Теориялық білімі жақсы, методикалық жағынан өз білімін көтеруге барын салды. Мектепішілік өткізіліп жатқан семинарлардан қалмады. Медетова Жазира Карасаевна 4 «Ә» сыныбына жетекшілік жасады. Сынып жетекшілік жұмысына жауапкершілікпен қарады.





Қазан айында бастауыш бірлестігінде ашық сабақтар декадасы өткізілді. Жазира Карасаевна әдебиеттік оқудан «Бақыт деген не?» тақырыбында ашық сабағын көрсетті. Сабақтың мақсаты: кейіпкердің іс-әрекеті,мінез-құлқының өзгеру себептері мәтіннен тауып салыстырып бағалау.

Ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен амандасып, өткен сабаққа шолу жасады. Үй тапсырмасы сұралды. Оқушылар үйге берілген тапсырманы жақсы орындап келген.Топтастыру әдісінде оқушылар Бақыт деген не? сендердің ойларыңша және «»Бақыт дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақтарға стикерге жазып,тақтаға ілді. Жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын оқушыларға таныстырды.

«Бақыт деген не?» ертегісін өзі оқып, содан соң оқушыларға оқытты. Оқушылар тізбектеп, жақсы оқып шықты. Дәптермен жұмыс жасады. Оқушыларға таза, көркем жазуды талап етіп отырды. Сергіту сәті жасалды. Ары қарай топпен жұмыс жасады. 1-ші топ: Бозбаланың айтуынша «Бақыт деген не?» екенін мәтіннен тауып Зауқынбек Айзере оқыды. 2-ші топ Қарияның ойы бойынша «Байлық деген не?» екенін мәтіннен тауып Жандосқызы Әнел оқыды. 3-ші топ «Бозбала тас қалаушының сөзінен не түсінді?» деген сұрағына Қалабай Нұржалғас жауап берді. Жұптық жұмыста тас қалайтын шебер мен бозбаланың мінез-құлқын бағалап,салыстырды. Қуаныш пен Әнелдің, Ақмаржан мен Жазылбектің, Сезім мен Нұржалғастың, Әнел мен Мұхамедәлидің жауаптары дұрыс болды. Жеке жұмыс кезінде «Неліктен денсаулықты сатып алуға болмайды?» деген сұраққа оқушылар өз ойларын жақсы айтып жауап берді.

Кері байланыс «Білім» почтасы әдісімен жасалды. «Бүгінгі сабақтан не ұнады? Қай жері түсініксіз болды?» деген сұрақтың жауабын хатқа жазып, "Білім" почтасына салды. Жеке оқушыны бағалау кезінде сабаққа жауап берген оқушыларды қолдарындағы шеңберлерін санап, бағалады. Топтық бағалау кезінде барлық топ жинаған шеңберлерін санап, ортақ ұпай сандарын шығарды. Сабақ аяқталған соң жас маман өткізген сабағына рефлексиялық есеп берді. Сонда Жазира Карасаевна менің сабағымның жақсы тұстары:

1.Күнделікті сабақта жауап бермейтін оқушым Көрпебай Қуаныш сұрақтарға жақсы жауап беріп, сабаққа белсенді қатысты.

2. Мен ашық сабақты бірінші рет өтіп отқандықтан, қобалжу үстінде болдым.

3.Сабағыма мұғалімдер қатысып, кері байланыс жасап, менің сабағым мақсатына жетті дегенде қатты қуандым

4. Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты

5. Бірінші рет әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларға сабақ қызықты өтті.

Менің сабағымның жаман тұстарым: қобалжу, сөздік қорымның аздығы, сабақтың мақсатына жете аламын ба деп қорықтым, оқушыларға сабақтың мақсатын жеткізе алдым ба? деген ойлар мазалады.



Ақпан айында Жамбыл ауданы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен TED форматтағы «Жас маман – 2024» атты байқауына : «Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамытуға ақпараттық техналогиялардың тиімділігі» тақырыбын қорғап, «Алғыс хат» марапатына ие болды.

Мектепшілік “Екі жұлдыз” ән байқауын Несіпбай Әнелмен қатысып,екінші орынды иеленді.

Сәуір айында "Жеті түсті желбір гүл" деген тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау. Сабақта жұптық, топтық, жеке жұмыстары орындалды. Кері байланыс жасалды.

Жас маман онлайн байқауларға өзі де, оқушыларды да қатыстырды.

«Daryn кz» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қазақ тілі пәні бойынша «Педстарт» бастауыш сынып мұғаліміне арналған байқауының ІІІ орын иегері

Республикалық «Кенгуру-математик» байқауы бойынша 2 оқушы қатыстырып, екеуі де ІІІ дәрежелі дипломға ие болды;

«Ақ бота» - 3 оқушы ІІ дәрежелі диплом ;

«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша - 1 оқушы қатысып, сертификатқа ие болды.

Маусым айында мектеп лагерінде «Көгершін» тобының жетекшісі қызметін атқарды.

Ұсыныс: жоғарыда көрсетілген жетістіктерін саралай отырып, Медетова Жазира Карасаевнаны «Педагог» статусына ұсынамын.


Тәлімгер: Сейдилдаева Г.Е


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2024
1107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі