Материалдар / Жас мамандар жұмысын Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы арқылы жүргізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас мамандар жұмысын Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы арқылы жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен жүргізілетін жобалық жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2024
216
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жас мамандар жұмысын Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы арқылы жүргізу



Жаксиева Гулбиназ Бактыгожиевна

«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсының тренері

16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің оқу ісі меңгерушісі



Мектептің тірегі де, соғып тұрған жүрегі де – ұстаз. Мұғалім білікті болмай, шәкірті білімді болмайды. Осы орайда келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде жас мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңыздың мәселелердің бірі. Жас мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін, белсенділігі мен ізденістерін арттыру – мектептегі әдістемелік кеңестің міндеті. Ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты, білімді, өз бойындағы сол білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы шарт. Ал жұмысқа енді қабылданған жас маманның осы талап тұрғысынан табылуы кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын мектептегі «Жас мамандар мектебінің» жұмысының ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда мектебімізде ұстаздардың көпшілігі - жас маман. Бүгінгі қоғамды алға жетелейтін - жастар. Себебі, елдің елдігін де, жердің кеңдігін де танытып, әлемге паш ететін бүгінгі жастар қауымы екені сөзсіз.

Мектеп жағдайында жаңа формацияда ұстазды қалай қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап іздеу әрбір «Жас мамандар мектебі» жетекшісінің басты міндеті болмақ. Осы жауапты іздеу барысында мектепте жас маманның жеке біліктілігін арттыруда іс-әрекеттегі зерттеу жобасы үлкен көмек болады.

Мұғалім құзыреттілігінің маңызды құрауыштарының бірі – түрлі теориялық, әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми ақпарат көздерімен жұмыс істеуімен қатар, өзінің оқыту тәжірибесін жан-жақты зерделеу, талдау білігінің болуы. Қазіргі таңда мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдірудің құралы ретінде өзінің іс-әрекетін зерттеуі маңызды. Іс - әрекеттегі зерттеу қандай да тапсырманы орындау үшін немесе бұйрық арқылы іске асырылатын шара емес, мұғалімнің өзіндік даму қажеттілігінен туындайтын мақсатты әрекет болуы тиіс.

Іс-әрекетті зерттеу бұл – әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, тәжірибені жетілдіру мақсатында бақылау жасау үдерісі деуге болады. Ферранс іс-әрекеттегі зерттеуді мынадай үш түрге бөледі:

  • жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі;

  • бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу;

  • мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі.

Жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі – мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі мәселесін шешуге бағытталады. Ол тек сол мұғалім үшін маңызды зерттеу болуы мүмкін. Бұл зерттеудің маңыздылығы жеке мұғалімнің мәселесін шешу арқылы оқу үдерісін арттыруға ықпал етеді. Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу – бірнеше мұғалімнің бір сынып немесе бір ортақ мәселе аясында жүргізілетін зерттеу. Мысалы, бірнеше пән мұғалімі үшін ортақ мәселе туындауы мүмкін. Осындай оқу үдерісіндегі ортақ кәсіби –әдістемелік мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізген абзал. Мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі – бұл белгілі бір мектеп аясында барлық ұжыммен бірлесе жүргізілетін зерттеу түрі болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты – мектеп шеңберіндегі ортақ мәселені шешу. Ортақ мәселе оқу жылының соңында қол жеткен нәтиженің талдамасын жазуда анықталуы мүмкін немесе ағымдағы тәжірибе кезінде түрлі зерттеулер арқылы анықтауға болады.

Кәсіби даму үнемі ізденісті, жаңашылдықты қажет етеді және түрлі кедергілер орын алып жатады. Әрбір жүзеге асырылған педагогикалық қадамды зерттеу жас маманды мұғалім ретінде жүйелі, сапалы түрде дамытуға бағытталады.

Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді өз тәжірибелерін жақсарту үшін қолданады. Осыған байланысты жетілдіру үдерісі әр түрлі нысанда өтуі мүмкін. Бұл нысан тәжірибені жетілдіруге арналған жоспарлау туралы ерекше ойлануды көздейді.

Осы орайда жас мамандармен жүргізген іс-әрекеттегі зерттеу жобамды ұсынбақпын.

Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстағы іс-әрекетті зерттеу жобасы:

«New school» кәсіби қоғамдастығының жұмысы арқылы жас мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету»

Мақсаты: «New school» кәсіби қоғамдастығындағы мұғалімдердің іс-тәжірибесі арқылы жас мамандарға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен көрсетіп, практикалық қолдау көрсету.

Күтілетін нәтиже:

  • Табысты оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді;

  • Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігі қалыптасады;

  • Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде жаңа түр мен әдістерді қолдана бастайды;

  • Білікті және шығармашыл мұғалімдермен тәжірибе алмсады;

  • Құзыреттілікті қалыптастырудың алғышарттары орындалады.

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі алғашқы қадам жас мұғалімді толғантып жүрген мәселе мен өзім өзгерткім келген жағдайды анықтап алу болды. Бірінші кезең еңбек жолын енді бастаған жас мамандардың кәсіби дамуын жоспарлауда нені өзгерту керек, өзгеріс енгізу үшін не істеу керек, оны қалай жасау керек деген сұрақтарға жауап алу үшін мамандарға анкеталық сұрақтар беруден басталды. Сауалнама нәтижесінде жас мұғалімдерде сабақты өткізу әдістемесінің қалыптаспағаны, сыныпты басқара алмау, кейбір жастардағы өзіне деген сенімсіздік аңғарылды. Мұғалімдік мамандыққа қалай келгендігі, мамандық алдындағы жауапкершілік, мұғалімдік қызметтің салмағы, кімдерден қолдау-көмек күтетіні туралы сұрақтар қамтылған сауалнаманы талдау барысында жас мұғалімдердің тәжірибелі мамандардан көбірек қолдау күтетіні анықталды.

Жас маманның мамандығына кəсіби бейімделуі барысында олардың белсенділігін, мақсатты əрекетін, жоғары мектептің оқу-тəрбие процесіне «енуінің» шығармашылық сипатына мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары, әдістемелік бірлестік және тәжірибелі мұғалім жол сілтейді. Осылардың нəтижесінде олар өздерін танытуға, еңбек процесінде өз орнын табуға қажетті біліммен сусындайды, пəнге деген қызығушылығы артады, таңдаған кəсібіне оң пікірі, дағдылары мен білігі, ақыл-ой қызметін тиімді ұйымдастыру қабілеті мен кəсіби іскерлік қасиеттерді дамытуы, өзін-өзі тəрбиелеуі жəне кəсіби өз бетімен білім алу жұмысының жүйесі қалыптасады.  

Осы негізде педагогикалық тәжірибесі қалыптасқан, жаңашыл мұғалімдер тобы шоғырланған «New school» кәсіби қоғамдастығының қолдауы арқылы жас мұғалімдерді кәсіби дамыту қаншалықты тиімді?» проблемалық тақырыбы жұмыстың негізгі басымдығы болып белгіленді.

DrawObject2 DrawObject1 Зерттеу Цафос Бумердің интерпретациясындағы «жоспарлаймыз әрекет етеміз қадағалаймыз талдаймыз » сызбасы бойынша жүретін көп кезеңді Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы түрінде ұйымдастырылды.

Жас мұғалімдермен жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша негізгі басымдық анықталғаннан кейін сол басымдық бойынша оқу жылы ішінде атқарылатын жұмыстардың жоспарын дайындау үшін «New school» кәсіби қоғамдастығына енген мұғалімдермен кәсіби кеңес өткізілді. Кәсіби қоғамдастық мүшелері аталған жобада жас мамандармен жұмыс жасауға еш қарсылық көрсетпеді, өйткені олар – педагогикалық тәжірибесі қалыптасқан, зерттеу үдерісімен бұрыннан таныс, жаңашыл бағытта жұмыс жасап жүрген мұғалімдер. Кәсіби кеңес барысында жас мұғалімдердің мұғалімдік қызметке төселуі үшін қандай қолдау көрсетуге болатындығы талқыланды. Жас маманға ең қажетті көмек түрлері талқыға салынып, жоспар жобасы дайындалды.

Жас мамандармен бірлескен алғашқы басқосуда іс-әрекеттегі зерттеу жобасы аясында атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Сондай-ақ жоба барысында әр жас мұғалімге қолдау көрсетіп отыратын «сыншы дос» бекітілді. Жобаның келесі кезеңінде қоғамдастық мүшелері жоспарға сай оқыту семинарлары мен коучинг-сессиялар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Жас мамандардың кәсіби өсу деңгейін арттыру, оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «New school» кәсіби қоғамдастығы арқылы оқытудың жаңа тәсілдері бойынша бағыт беру мақсатымен іс-әрекетті зерттеу жобасы негізінде тәжірибесі қалыптасқан, жаңашыл мұғалімдер жоспарлы түрде коучинг-сессия мен оқыту семинарларын өткізді.

Өткізілген шараларда жас мамандарға бекітілген «сыншы дос» олардың семинар және коучинг-сессиялардағы іс-әрекетін бақылап, тақырыптық әдістемелік шаралардан алған тәжірибесін сабақтарында қолдану барысын назарда ұстап отырды. Олар бақылау парағына жас маманның әр шара барысындағы тұлғалық ерекшеліктерін, топ алдында өз пікірін айтуы, әріптестерімен қарым-қатынасы, жоба барысында қалыптасқан көшбасшылық қасиеттеріне талдама жазып отырды.

Оқу жылы ішінде жас мамандардың жұмысына бақылау жасаған сыншы мұғалімдер жүргізген зерттеу қорытындылары бойынша талдама жасап, кәсіби кеңес жүргізді.

Жас мамандардың өз жұмысына сараптама жүргізіп қорытынды талдау жасауына ықпал ету мақсатында және атқарылған шаралардың жас мамандарға қаншалықты әсері болғандығын зерделеу бағамдау үшін жас мамандардың жылдық шығармашылық есебі алынды. Оқу жылы ішінде жас мамандармен жүргізілген жұмыстарға талдау жасау үшін анкеталық сұрақтар жүргізілді. Жас мамандар Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы аясында үнемі «сыншы достың» бақылауында болудың тиімді тұстарын және өткізілген оқыту семинарлары мен коучинг-сессиялар бойынша өз қоржынына қаншалықты ақпараттар алғандығын сауалнамада ашық көрсетті.

Жұмыс барысында жас мамандарға «сыншы дос» жеке қолдау көрсетіп отырды.

Жас мұғалімдердің педагогикалық қызметке бейімделу барысындағы қол жеткізген табыстарын көрсете отырып, алдағы уақытта жетілдіруді қажет ететін мәселелерді нақтылап, өз ұсыныстарын жеткізді.



Жас мамандардың жоба соңындағы рефлексиялық жазбалары (1-сурет)

Ал ағымдағы оқу жылында «Командалық жұмыс арқылы жас мамандарды Lesson study үрдісіне үйрету қаншалықты тиімді?» жобасы жүргізілуде. Жобадан күтілетін нәтиже:

  • Жоба барысында Lesson Study үдерісі туралы қажетті ақпараттармен қанығады.

  • Сабақты бірлесіп жоспарлау және бақылау мен талдауды үйренеді.

  • Зерттеулерге қатысу арқылы оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістерді меңгереді.

Жобаға мектеп командасына енген педагог- зерттеушілер қатысуда. Аталған жобаның бір ерекшелігі команда құрамында математика ғылымының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Каражигитова Тамара Анатольевна жұмыс жасауда. Жоба барысында 3 цикл бойынша такырыптык коучинг- сессиялар өткізіліп, зерттеуші топ, жобаға қатысқан жас мамандар «сыншы дос» бақылауына алынды. Әр коучинг- сессия соңында талдаулар жүргізіліп, оң нәтижелер мен кездескен кедергілер талқыланып отырды. Кедергілерді жою амалдары қарастырылып, келесі циклге жоспарлау барысында әдіс тәсілдер сараланды. Әр жас маман «сыншы достың» қолдауымен іс-әрекеттегі зерттеу циклі бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын бастады. Жоба соңында кәсіби кеңес өткізіліп, «сыншы дос» тарапынан жас мамандарға ұсыныстар берілмек, жоба мақсаты бойынша SWOT талдау жасалып, алдағы уақытқа мақсат - міндеттер айқындалмақ.



«Сыншы дос» талдаулары (2-сурет)

Жас маманның негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы адамға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процес.

Жалпы жас мұғалімдер мектебінің жұмысын іс-әрекеттегі зерттеу жобасы аясында жүргізудің артықшылықтары өте көп.

Жас мамандар үшін артықшылықтары:

  • Педагогикалық қызметке бейімделуде қолдауды ерекше сезінеді;

  • Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін теориялық-практикалық тұрғыда меңгеруге мүмкіндік алады;

  • Зерттеу нысанасында болғандықтан өзін-өзі бағалауды үйренеді.

  • Педагогикалық бәсекеге қабілеттілік қалыптасады.

  • Өз жұмысына рефлексиялық көзқараспен қарауды үйренеді.

Кәсіби қоғамдастық мүшелері үшін артықшылықтары:

  • Шығармашылық ізденісте болады;

  • Зерттеу дағдысы қалыптасады;

  • Менторлық жұмыс жүзеге асады;

  • Бөлінген көшбасшылық орнайды.


Жас мамандарға кәсіби қолдау көрсететін жаңа форматты жұмыстар үнемі және жоспарлы жүріп тұратын болса, біздің мұғалімдер заман талабына лайықты болып, жаңалықтарды дер кезінде біліп, меңгеріп, өз жұмыстарын сапалы атқарады деп ойлаймын, оған мұғалімдеріміздің қабілеті толығымен жететіндігіне сенімдімін.

Жас мұғалімнің пәндік-теориялық және әдіснамалық білім негіздері жоғарғы оқу орнында қалыптасады, ал, әдістемелік және технологиялық білім-біліктері, көбінесе, педагогикалық тәжірибеде қалыптасады, яғни мұғалім шеберлігі мектеп қабырғасында жетіледі, сондықтан, жас мамандар мектебінің жұмысын жаңа форматта жүйелі ұйымдастырса, ол нәтижелі болмақ.







Пайдаланған әдебиеттер:




  1. Басшыға арналған нұсқаулық, үлестірме материал, 4-апта. 2014 ж, Астана қ

  2. Мектеп тренерлеріне арналған нұсқаулық, «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу», үлестірме материал. 2018ж, Астана қ

6



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!