Материалдар / Жас мамандармен жұмыс: «Ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас мамандармен жұмыс: «Ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандармен жұмыс: «Ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
866
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 лекция.


Практикалық психологияға кіріспе.



Практикалық психология – психологияның бір бөлімі , оның міндеті : Психологиялық көмек , яғни психологтардың нақты бір адамға бағдарланған практикалық іс-әрекет .

Практикалық психологияның пайда болуы адамдар проблемаларына қоғамдық қызығушылықтардың өсуіне жауап берумен қатар , қазіргі психологияның оларды дұрыс шешуіне кепілдік береді . Практикалық психология пәніне : Теоретикалық , методологиялық және ұйымдық мәселелер комплексі кіреді . Оларквалификациялы психологтың адамдардың өмірлік қиыншылықтарына көмек көрсетумен байланысты .

Қазіргі практикалық психология мынадай бағыттарды бөледі :

  1. Клиникалық психология .

  2. Ұйымдық психологиялық кеңес . (басқарушылық)

  3. Жарнама , имидж психологиясы және олардың қоғаммен байланысты .

  4. Сот - психологиялық экспертиза .

  5. Арнайы бағыттар , мысалы : «Психологиялық операциялар»

Клиникалық психология өз алдына медициналық және медециналық емес болып екіге бөлінеді .

Медициналық психология (психотерапия) психиатрияның

«кіші» аймағы болып есептелінеді .

Психолог- дәрігердің алғашқы баспалдағы .

Олар : невроз және басқа да медициналық классификациямен сәикес ауруларды емдеумен аиналысады . Медициналық емес клиникалық психалогия :өз ауруларына сенбеи, медициналыкқ орталықтарда емделмеитін адамдарға көмек көрсетеді.

«Психоогиялық операция» термині американдық ерекшеліктерге баиланысты болып табылады. Бұл жерде профессионал психологтар іс –шара жоспарлауға қатысады.

Практикалық психология үш деңгейлі проблемалармен аиналысады: жеке бас , топтық ( жанұялық, ұжымдық) және қауымдық (массовый) ( стратегиялық) .

Клиникалық психалогия адам және жанұя праблемаларына

болжанған . Оның пәні : Жеке адам және әдістер.





Практикалық психология еңбек психологиясы төңірегінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде және адамның индевдуалдық өміріне әсер ету нәтижесінде пайда болған пән түрі .Практикалық психологияның міндеті-индивидуалдық өмір зандылықтарын зерттеу . Күнделікті өмір жағдаиларын зерттейтін (тұрмыстық) психолог (бытовой) көбінесе адамды зерттеумен оның ішкі жан дүниесіне қалай әсер ету жайлы , өз тәжірибелеріне сүйенеді . Ал психологтың профессионалдық тәжірибесі адамның маңызды қасиеттеріне бағдарланған .

Бұл жерден тәжірибелік психологтың ғылыми категорияларнын көре аламыз . Олар : әсер ету, басқару, манипуляция,психологиялық дистанция, өзара әрекетестік : өзара әрекеттестік құралы, өзара әрекеттестіктегі позиция .т.б.

Практикалық психолог адамдардың индивидуалдық өмірін зерттеуші ретінде қызмет етеді. Ол адамға әсер етіп, психологиялық ақпарат алады, уақытша болса да сол адам өмірінің бөлшегі болады . Яғни оның өміріне тереңірек үңіліп, түсінеді.

Бір адам туралы психологиялық ақпараттарды жинақтаудың өзі , бірнеше профессионалдық қызмет түрлеріне бөлінеді .

Әрбір бөлімнің өкілдері (психологтары) адам өмірінің индивидуалдық ағымына жауапты . Бұлбөлімдер:Психодиагностика , психологиялық коррекция , психологиялық кеңес .

Мысалы: Психодиагностика қортындыларына , әсіресе тест қолданылатын кезде , тест құрылымы бір болып әсері де стандартталған болығандықтан , психологқа көп міндет артылмайды . Ал психологиялық ақпараттың нақтылығына жауап береді , және адамның индивидуалдық өміріне профессионалдық тұрғыдан әсер етеді . Кеңес беруші психологтын міндеті « Клиенттерге өз өмірінде не болып жатқанын түсінніп , саналы түрде қойған мақсатқа жетуге тырысуын « ұйымдастыру .

















2 лекция.



Тәжірибе психологінің этикасы.


  1. Қарым-қатынас.

  2. Эмоциялық ұстамдылық.

  3. Біліктілік (компетентность).

  4. Жалпы мәдени білімдерге ие болу.

  5. Кез-келген ситуацияларды шеше білу.


  1. Қарым-қатынасты нығайта білу, кеңеске келген адамның әр-бір сөзін, қимыл -әрекетін, жест мимикасын қадағалап отыру. Клиенттағы барлық ішкі эмоциялық күйзелістер қимыл-әрект, жест, мимикасынан жақсы байқалады. Егер клиент әңгімелесу кезінде қобылжып, ұялшықтық сезімдер танытса немесе жыласа психолог бұл жерде сасқалақтаған мінез танытпау керек.

  2. Психолгтің эмоциялық ұстамдылығы клиентке өзінің тәртібіндегі өзгеріске аса қысылып назар алдармауын көрсетеді.

  3. Егер психолог жағынан эмоциялық ұстамдылық дұрыс сақталса клиент үйде, жұмыста тежеп жүрген эмоционалдық күйзелістерін психолог алдында жасырмай айтуға мүмкіндік алды. Психолог клиенттің келген іс-әректке дайын болу керек. Нағыз маман үшін жақсы, жаман клиент болмайды. Яғни әр-біреуіне шыдамдылық танытқан дұрыс.

  4. Психолог жұмысындағы ең керекті ерекшеліктін бірі – біліктілік. Ол адамға деген силаластық, оның құ0ығымен санасуын Чехов айтқандай: «бұл қасиет барлық интеллигенцияға тән болу керек» деген кейбір уақыттарда клиент психологиясымен ашық әңгімелесуіне болмайды, психологтің міндеті ол адамның өзіне сенім жасау, тіл табыса білу.

  5. Жалпы тәжірибе психологі мәдениетін біліп, әдебиет, философия, бейнелеу, өнер т.б. білім салаларынан хабары болу керек, бұндай білімдер клиентпен тез тіл табысуға көмек көрсетеді.













Зерттеудің негізгі әдістері.

С.Л. Рубенштейн классификациясына (1945).


  1. Тура бақылау (адам), жанама (адам өндірген өнімдерді бақылау арқылы жүргізіледі).

  2. Лабороториялық эксперимент арнайы (жұмыс уақытында жүргізіледі, көмекші әдістер:

  1. Психофизиологиялық приборлар, яғни бұл жерде приборлар адамның демалысын, пульсті, ми биотоктарын анықтайды. Бұндай ерекшеліктер жұмысқа қабілеттілік, қиындыққа топпен беру басқа бір іске тез қосыла білу, уақытында байқалады бұл адамның негізгі айырмашылығы. База қоймауында себебі: 1. нерв жүйесі жақсы 2. нашар баға ала алмаймыз



Б.Г Ананьев классификациясы (1977).

Ұйымдастырушы әдістер.


  1. Салыстырушы әдістер бір жастағы адамның айырмашылығын салыстыру.

  2. Сангетюктің адамдағы белгілі бір еркшеліктерін ұзақ уақыт бойы айырмашылықтарын салыстыру ( ұзақ уақыт бойы зерттеу).

  3. Комплекстік әдіс – адамдағы жеке қасиет анықталады, ситуация бағаланады.




3 лекция.


Психодиагностикалық зерттеулер.


Көп тараған диагностикалық әдістерінің бірі – тесттер.

  1. Бақылау – сырт көзбен қарағанда адам тәртібін түрлі ерекшеліктерімен байқалып отырады. Бұл ерекшеліктерден психолог диагност адамның мінез құлқын, көңіл-күйін, көз, қимыл жесттары арқылы біліп отыруға тиіс. Сонымен қатар киім – киісі, сөйлеу манері адам туралы көп нәрселерді білдіре алады. Бақылаушының міндеті осы көптеген белгілерден белгілі бір қорытынды шығару. Психолог үшін белгілі бір клиентті зерттеу, тану сыртқы пішінінен оны бағалауынан басталады.

Неміс психологі Кречмер мінез бітістерін дене бітімімен байланыстырған теориясын Ленинградтық психолог Б.Г. Ананьев жұмыстары (еңбектері) дәлелдейді. Бұл ғалымдар адамды үш топқа бөліп қарастырған: астеникалық, пикникалық және атлетикалық типтер. Ғалымдардың айтуынша адамның дене бітімдері олардың тәртібімен, іс-әрекетімен тығыз байланысты. Астеникалық тип арық күйде клеткалар тегіз келген. Пикникалық тип орта бойлы, тығыз денелі. Атлетикалық тип дене бітімі бұлшық еттері жақсы жетілген.

Астеникалық типтегі адамдар көбінесе жобалау (проективный) конструктілер қызметтері жақсы жұмыс жүргізе алады (инженер, сызба жұмыстары). Пикникалық типтер көбінесе педагогикалық қызметтері жақсы көрінеді. Атлетикалық типтер басқаларына қарағында әр-түрлі басқару жұмыстарын тез меңгереді. Атлетикалық типтегі адамдар стресске төзімді келеді. Пикникалық типтерде нерв жүйесі әлсіз келеді. Астениктер тұлға аралық қарым-қатынаста көп қиындық көреді (яғни қарым-қатынас жасауға бейімделмеген). Олардың ақыл-ой жасырын түрде болғандықтан яғни басқалардың өз ойын ашық түрде, бөліспеген түрде. Оларға тұйық мінез тән сондықтан да психолог олармен жұмыс жүргізгенде абайы болуы қажет. Бақылау әдісі анықталған ережелерді ұстануды талап етеді .

  1. Сыртқы көріністерді кем түрде сипаттау.

  2. Бөлек кезендерді ғана бақылап қоймай жалпы тұтас процессті бақылау.

  3. Ең маңызды тапсырма мақсат үшін қажетті ерекшеліктерді ғана емес барлық көрсеткіштерді жинақтау . Нақты сенімді қорытынды: егер бақылауды екі маман қатар жүргізіп сонан соң біріге отырып қорытынды жасағанда көрінеді.




4 лекция

Психотерапия түсінік.


Адамның психотерапевтке бару себептері ішкі дискомфорт немесе тұлғалық қасиетінің бір бөлігі бақылауға болмайтының түсінген жағдайда екені мәлім. Пациент психолог немесе врач оның ішкі дүниесінің бір қалпына келтіруіне, сенімдік, күш куат беретіне үміт артады. Ішкі тепетеңдіктін бұзылысы психологиялық жәрдем сұрауларында әкеледі, қысқаша айтқанда психотерапевттен адам үміт күтіп жәрдем беруді сұрайды.

Әлеуметтік қоғамның дамуы жылдам жүріп, адам ағзасын бұзатын қолайсыз әсерлерімен толы. Адамның әлеуметтік болмысында цивилизация дамуында көптеген жаңа факторлар пайда болып жатыр: коммуникация құралының жетілуі, өмір ырғағын жылдамдатады; демографиялық процестер әлеуметтік топтар және от басындағы әр бір социумдағы өз-ара байланыс қатынасты қиындатады; урбанизация көтерулері адамды табиғи табиғатты ортасынан алыстатады, онымен қақтығысуға әкеледі. Технологиялық қызмет нәтижесінде ағзаға зиянды заттар кіреді, мысалы, химиялық заттармен жұмыс істеу барысында. Осылай, кәзіргі адам қысқа тарихи дамуында, стресормен толы ортаға тап болады.

Еске түсірсек, алғашқықауым адамы өзінің цивилизациясының ерте сатысында стресс әсерін түгелдей компенсациялау мүмкіншіліктері болып ауыр физикалық еңбек жатқан. Ежелгі грек философы былай деп ескерткен: «Ештенеде адамның ағзасын тоздырып, бұзбайды, қаншалықты ұзақ уақытағы әрекетсіздік».

Цивилизация дамуымен адамның өмірлік бейнесі де, еңбек сипаты да күрт lөзгерді. Көп жұмыстар бір орында қозғалмай жұмыс істеуді , жауапкершілікті талап етеді, соның ұзақ жүйкелік қысым нәтижесінде еңбектін мазмұны да эмоциональды болып келеді.

Ал егерде үйде тұрмыстық жағдайда эмоциялық ұстамдылықты талап етеді, сөйтіп адам ағзасында теріс зарядтар жиналады.

Бұған бүгін қосылатын тері стрессорлар көп, патологиялық аурулар, кенеттен пайда болатын дерттер, экономикамыздағы дағдарыстар т. б.

Сөйтіп кәзіргі адам бүгінгі кездерде компенсацияланбаған (орыны толмаған) стресс жағдайында өмір сүреді. Ол көптеген психосоматикалық, жүйкелік бұзылыстарға әкеледі, адамның ағзасының бейімделу жүйесінің үзілісі (срыв) түбінде неврозға әкеледі.

Адам өзінің жүйке жүйесінің жағдайын басқара алатың қабілеті бар . Адам қандай да болмасын стрестен мықты келеді, бірақ табигат берген сол бейімделетін мүмкіншілігімізді біз қолдана алмаймыз, яғни адам тым цивилизация жетістігіне беріліп, ықпалдардың әсеріне қарсы тұра алмаймыз.

«Психотерапия» термині әлеуметтік тәжірибеде көп жағдайда медициналық термин болып қабылданады. Көптеген медициналық және пәнаралық әдебиеттерде психотерапия-психика арқылы және психикаға ықпал жасай отырып емдеу жүйесі ретінде қарастырылады.

Осымен қатар психотерапиялық әдістер педагогикада, социологияда, физиологияда, медицинада, психлогияда да және т.б. ғылымдарда да қарастырылып қолданылып жатады. Бұл әдістін пәнаралық сипаты өте айқын қазіргі топтық психотерапиялық формаларында кездеседі.

Клиникалық медицина мекемелерінде, жұмыс істейтін псхотерапевтер өз күштерін мемлекеттік және мемлекеттік емес структураларда( отбастарына әлеуметтік-психологиялық жәрдем беру кабинеттері, сенім телефондары т.б.) қолданылып жатыр. Психологиялық жәрдем беру практикасы, психотерапия саласындағы теориялық білімдерден алдында озып отыруды. Бұл ғылым тарихында бірінші рет емес.

Қазіргі психотерапияның осындай қалін көрсетіп кеткен-Б.Д.Карвасарский, М.С.Лебединский, В.Н.Мясищев т.б.

Психолог-психотерапевт медициналық және медицинадан тыс мекемелерде де жұмыс атқара алады. Психотерапиялық жұмыс атқаруға біліктілігі туралы диплом немесе сертификат болған жағдайда рұқсат.

Психотерапия-дәрі-дәрмек, жабдық-аспаптар, арнайы бөлме талап етпейтін, ем қолдану әдісінің женіл түрі. Терапияда қолданылатын иландыру, сендіру, нандыру сияқты рациональды түрлері тек оқытушы немесе дәрігерге ғана пайдалы болып қоймай, оны игеруі ұжым басқарушыларына да және қоғам қызметкерлеріне де өте құндылы. Адам парасатқа ие болғаннан бастап, психосоққылық әсерлерге тап болып отырады (мысалы, үрей, үрку, қорқу, жабығу т.б.). Сол себептен, психотерапиялық жәрдем пайда бла бастаған. Ежелгі антика ғасырларында ,акт ретінде діни оқып түшкіру, аластау т.б. ғұрыптар адамдарда, бейнет, ажал, апаттардан аман алып құтқарады деген үміт туғыз

Психотерапия ғылым болып 19 ғасырдың 80 жылдары-гипнозбен қатар бір мерзімде дами бастады. Оған дейінгі техникалық, дәрі-дәрмек терапиясының, биологиялық және хирургиялық әдістердін жетістері есепке алынып, медицинада психотерапия ролі ұзақ уақыт бағаланбаған. і9 ғасырдың аяғында психотерапия дербес ғылым болудан қалып, оқу бағдарламасы бойынша невропатология және психиатрия курстарымен шатысып кетті. Психотерапияның орнына «дәстүрсіз» немесе альтернативті медицина келіп, әр түрлі білмеш, знахарьлар, емшілер өздерін экстрасенс және парапсихолог деп атаған. Сол себептен, психотерапия саласында білікті мамандар дайындауға кірісті.



5 лекция.

Жеке адам қасиеті

Психологияда барлық мәселелер ортасында - адам факторы, адам тулға ретінде, «барлык әлеуметтік қатынас жиынтығы» ,т.а. психиқалық дамуы анықталған денгейге жеткен адам.

Әлеуметтік қатынастар субъектісі әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердін иегері ретінде әрбір адам- жеке адам болып сипатталады.

«Жеке адам» тусінігімен қатар біздің қолданымымызда «адам» , «дара адам» /индивид/, «даралық» /индивидуальность/ терминдері бірге жүр. Бұл тусініктердін әрқайсысы өз ерекшкліктерімен ажыралады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардын ішінде ең жалпыланған , көп қасиеттердін бірігімін - «адам» тусінігі қамтиды . Адам-өмір дамуынын ең жоғарғы денгейінің көрінісі, коғамдык енбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық /индивид/ сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.

Дара адам - «homo sapiens» тектілердін өкілі, адамдық даму нышандарының иесі- нақты адам.

Даралық- нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.

«Жеке адам» тусінігіне байланысты ең алдымен адамнын қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері /эталон/ әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады.

Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдаң жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғары да жетекші денгейі-қажеттік-себеп аймағы- жеке адамның бағыт- бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және коғамдык әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру кабілеті де үлкен манызга ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс -әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көніл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.

Адам өмірге дайын кабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізінде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінін негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысың /динамика/ белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен әлеуметтердің білім, салт,заттай және рухани мадениеті күйінде топталған өмір тәжірибесің игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.

Жеке адам дамуы- өз мүмкіндіктерің үздіксіз кенітіп қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз түлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбенінен аспайды. Ал даму денгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді қүндылыктарымен ерекшеленеді.

Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен кунделікті тіршілік проблемаларын шешіп барады. Бірдей қиыншылық, кедергілердін шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу ушін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.

Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жеткілу, ізгі мураттарды басшылыкқа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарыту көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей тенестіру принципі өріс алады да, ондай қоғам мүшелерінінң көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды.

Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін түлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу кабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шенберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымнын, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрінеді, ол өз дәуірінін сапалық денгейінен кош ілгері журеді.

Жеке адамнын өз дербестігіне ие болуы, онын тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетуімен бірге сол адамнын жоғарғы денгейде кемелденгенінін дәлелі.

Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік үнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.

Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі ушін манызды факторлар: идентификация , яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара адамның өз басының баска адамдар өміріңде кадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінін кісілік мұмкіндіктерін іске асыра алуы.

Баска әлеумет мүшелерімен жеке адам өз « Мені» негізінде қатынасқа түседі. Ғылымда «жеке адамдык рефлексия» деп аталған бұл «Мен» ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымың, өз мүмкіндіктерін және өз кадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамнын ішкі жан арпалыстары келіп шығады.

Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дуниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тутыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамнын тұрмыс салтын анықтап, онын тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.

Әркандай жеке адам өзнін өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудін жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін тізіп барады.

Осындан адамнын тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудін бағдарына айналады. Әлеуметтік кұнды салт-бағыттан адамнын жоғары инабатты,жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дуниетанымы туындайды. Адам өмірі, осындаң, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі зандалық ниет-себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметік мәнді, мағыналы мүраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігің алады.

Тұрмыс - салт бағыты түрақтанбаған адам кұнделікті куйбеннен аса алмайды, осыдан мұмкіндіктердін толық жүзеге асыра алмай, өміршендігі кемиді рухани - адамгершілік талаптары тарылады.

Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс - ауыткулар оның өзіндік «Менің» танымаудан, объективті мәнді жеке басынын құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысынын ен айқын көрсеткіші - онын өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет - қылыктарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.

Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, түлғанын барша ерекшеліктері онын тума, нәсілдік және әлеуметтік - мәдени сапаларын бірлігінен калыптасады

6лекция

Жеке адамның эмоциялық шеңбері

Қоршаған ортада кезіккендердін бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады Сезім түрі сан - алуан. Төніректегі нысандардын жеке қасиеттері мен сапаларынын өзі де адамнын белгілі сезіміне себепші болады. ¤мір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім аукымы өте кен: ө кіініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену - мұндай сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамнын қоршаған болмыс заттары және қубылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әркилы формада корініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік ұшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір-өшкен өмір. ¦лы ғулама А. Науаи «Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек»- деген екен. Көп сезімдерге адамнын өзі куштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялык ашырқауға» келіп, онын орнын толтыру үшін әнкүй тындайды, әсерлі фильмдер коріп не қым-қигаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дуниеден откен адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ онын тұжырымдары эклектикті, яғни әрүурлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Онын пікірінше эмоция-бұл алдымен сезімінің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамнын ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердін сезімге әсері, ал органикалық процестер- эмоциянын салдары ғана.

Эмоцияның казіргі заман тарихы У. Джемстін і884ж. Жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнін туындау себебі-сыртқы ырықты коғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамнын кеіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінін бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздін кайғыруымыз - жылағанымыздан; корқуымыз - калтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден» /У.Джемс/. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі / перифириялык/ органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардын ырықты реттелуінін қара дұрсін тұсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған касірет сезімін басуға болады- мыш.

Джемс -Ланге тужырымы бірқанша көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртурлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте уқсас, сондықтан олар адамнын сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді.

Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененін әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн корді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин енбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердін көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар кахары жауын корқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі откен эволюциялық дамудын бір кезенінде қажет болған әрекеттердін нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы /рудимент/.Мысалы, алақаннын қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздін маймыл тектес бабаларымызға кауіп қатер тонгенде ағаш бутақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды. Ол «кандай да бір сезімнін туындауы - адамнын кезіккен жағдайға икемделе алмауынан /адаптация/. Егер адам қашып, қутыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне туспейді» - деп жазады.

Ендігі бір окшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамнын ақыл-ой / когнитив/ мұмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердін сана ұйлесімсіздігі / когнитивті диссонанс/ теориясы өз алдына. Бұл көзқарастын мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында тандау ете алмай, кұйзеліс эмоциясына тұседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әррекеттін нақты нәтижесі мен көзделген ниет озара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.

Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудын екі жолы бар :

1) өз ниетінді шындыққа сәйкес өзгерту;

2) ниетке сәй болатындай әрекеттін жана жолдарын іздестіру. Сонымен когнитивтік теория адамнын сезімдік кейпін онын әрекет, қылықтарынын негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

7 лекция,

Тұлға қасиеттері.

Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не күбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағы үқсамайтын көніл кейпіне беріледі.

Сезімдер адамнын қоршаған дуниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан, ол жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл турғыдан нысан бейнесі эмоциянын танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнін субъектив элементін танытады.

Сезімдер адамнын қасиеттерімен тығыз байланысты. Субъект қажеттігі және сол қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа болінеді. Біріншісі - қажет заттардын объектив мазмұнына жана, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыруға бағытталған әрекетінін сеп-түрткісіне /мотив/ айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардын пайда болуы үшінаса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көніл-күй серпінісі қажеттікпен уйлесе келе, іс-әрекеттін бастауын береді, оған ынталандырады

және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай сезімдер іс-әрекетпен сәйкесиікке туседі /релевантны/.Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталган /В.К.Вилюнас/.

Екінші эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердін орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға /ұміт, ыза/, жетіскен нәтижелерге /қуаныш, окініш/ немесе қалыптасқан не мұмкін болар ситуацияларғғ / катерлену, сенімді болу/ субъектін қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, козделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір тұрлі сезім туындатса,енді сол кедергі жаудан қутылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайда, сол саттегі омірлік маныздылыққа орай ман алады.

Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі-адамнын объектке қатынасын айқындайтын қажеттіктер; екіншісі-адамнын осы нысаннын тиісті қасиеттерін тұсініп, оны санада бейнелеу кабілеті. Объектив және субъектив жағдайлардын өзара байланысынан адамнын қоршаган дуниеге саналы баға беруімен қатар жеке эмоционал көзқарасынан себебтері ашылады.

Сезімдердін озіндік ерекшелігі олардын қарамақарсылықты (полярлы) сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарғда (унату-жеккору, қуаныш-мүн, көнілді-қайғылы, т. б.) тән.

Сезімдерге ғана тән аса манызды сипат-олардын бірігімді (интегралды) келуі. Сезім букіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге болейді. Барша дене қызметтерін басын бір сәтте біріктірумен (интегрировать) сезім өздігінен пайдалы не зиян әсердін хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененін жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мұмкін.

Сезімдердін және бір манызды ерекшелігі- олардын денедегі тіршілік әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері. Шектен тыс үзак уақыт және қарқынды болған көніл-күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: корқыныш-жүрек ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұн- асқазанды бұзады (М.И. Аствацатуров).

Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әртурлі халықтарда, кезендерде мән-мағынасы мен көріну формасын ауыстырып отырған. Қоғам дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сұрген адамдардың ұксас, тіпті бір текті заттын өзіне жасаған қатынасы бірін бірі қайталамайды. Сезім үдайы қозғалыста болып, турақты және ауыспалы элементтердін түтастай бірлігінен қуралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан- бір ізді -қысқа мерзімді толғаныстар қурылымын: пайда болу- орбу-шынына жету-сону, екінші жағынан-әртурлі толғаныстар түйдегінен тұзілген ұзақ мерзімді сезімдер қурылымын айыруға болады. Барша сезімдер жүйесінін өлшемі бірі біріне қайшы келген екі бағытта беріледі ( В. Вундт ); сүйсіну-жеркену, қозу-тыншу, көнілдену-мүнаю, т.б.

Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттын өзіндік ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі манызыңа немесе нақты бір ситуация мәніне орай туындаса, одан болатын көзудын дәрежесі сол сезімнін өзімен шарттас түрлілігі мен курделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезімінді сүреттеп, айтып беру үшін сөз жеткізе алмауда келеді. Мысалы, каћар-дулей қызбалық формасында көрініс берсе, керсінше, қанағаттану -адамның сабырлы, байсалды күйнен білінеді.

Көп байқалады: қолданған сөздердін мәні бұлынғыр, көніл-күй қалпына сәйкес болмай шығады

Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан.

. Бұл процестердін көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде, дегенмен, олар бүкіл дене әрекет қимылына әсер етеді. Осыдан, мысалы, көніл-күй қандай да күйзеліске келсе, қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшандайды не бәсендейді, қан қысымы ауысады, қан тамырларының кұш-куаты /тонус/ артады не кемиді ж.т.б. Нәтижеде, бір жан толғанысынаң адам қызарады, екіншісінен бозарады. Сезімдік өмірдін барша өзгерістеріне өте нәзік - адамның жүрек ағзасы. Халық аузында көп жағдайға байланысты «жүрегім қатты соғып тұр», «жүрек шыдамайды», «журегім орнына түсті» ж.т.б. сөз тіркестерінің жиі қолданылатыңы осыдан. Дене мүшелерінің қай-қайсысындағы болмашы өзгеріс жүрекке әсерін тигізбей отпейді / ас қорыту, тыныс алу, бездер жүйесіндегі т.б./.

Алайда, адам организмінің қурылымы симпатиқалык жүйке жүйесінін қызметіне тәуелді. Осы жүйенін қозуынан бүйректен адреналин суйықтығы бөлінеді. Адреналин дене ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бұлшык еттерге қан жеткізу күшееді, ас қорыту ағзаларының жумысы бәсендейді, ішкі органдардан қансыртқа тебеді. Бұлшық еттерге қарқынды әрекетке келуі үшін көп мөлшерде қант жеткізіледі, себебі қант-булшык ет қуатынын негізі.

Сезімдердін пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшалар қабығы манызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісі мен көрінісін реттеп, денедегі барлық қубылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын тежеумен, оларға басшылық етеді.

Егер ми қабығында шектен тыс козу туса /шаршағанда, ішкіліктен, ж.т.б./ қабықтан төмен жайғасқаң ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам өзінің әдеттегі ұстамдылығынаң айырлады. Үлкен ми жарымшалары алынған жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоциялық күйзелісте болады. Ал кен жайылған тежелүге тап келсе, мұндай жануар сылбыр калғе түседі, оның әрекет-қылығы әлсірейді, жұрек, қан тамыр жумыстары мен тыныс алуы бәсендейді.

Сезімнің негізі болған физиологиялық процесс бастауын ми қабығында ала отырып, төмендегі қабык асты орталықтарына тарайды. Эксперименттер кезінде мидін кейбір аймақтарын қоздырса, жағымды эмоция туып, жануар сол әсердін қайталанғанын қалау сынайын танытқан. Бұл ми бөлігі рахаттану орталығы аталған. Ал екінші бір ми аймағына әсер тұскенде, жануар тынышсызданып, қиналған күй корсеткен, осыдан мұндай жүйке жүйесі қиналу орталығы аталған. Осы күнде мидін сол жарым шарында жағымды эмоциялар туындап, ал он жарым шарында жайсыз сезімдер оріс алатыны дәлелденіп отыр.

Адамның эмоционалдық өміріне қуат беруші жүйке-ретикулярлы формация деп аталады. Әртүрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып, ретикулярлы формация оларды өндеп, бас миының үлкен жарым шарларына жеткізеді. Қуат жинақтагышы ретінде бұл жүйке ми белсенділігін көтереді не төмендетеді, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап әрекеттерді босансытады не іркіп барады.

Адамның сезімдік болмысыңда екінші сигналдық жүйенін манызы үлкен. Толғаныс тек сыртқы әсерлерден туындап қоймайды, ол үшін сөз бен ойдын ықпалы кұшті.Осыдан, адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі эмоциялық күйге тұседі. Жоғары, адами сезімдердін - физиологиялық негізі осы екінші сигнал жүйесінде.

Екінші сигналдық жүйенін бірінші сигналдық жүйемен біртутастық байланысынаң адам өз сезімдері мен олардың қоғамға сай тысқы көріністерін саналы реттеп отырады.

Басқа түлғалардың сезімдік кейпін олардын мәнерлі козғалыс-қимылдарынаң, ым-ишарасынаң, мойын-бас буруынаң ж.т.б. айқың тануға болады. Әрбір сезімнін өзіне сай әрекет түрі бар. Мысалы, қорыққанда қоз аларады, діріл пайда болып, бет бозарады, ал қуаныш - жанар жарқылынаң, бет қызаруы мен әрекеттер жеделдеуінен білінеді.

Сезім, әрине, біздін тек ойымыз ғана емес, сол ойға болған қатынасымызды да білдіретін сөзіміз бен сөйлеу мәнерімізде анық көрінеді. Мұнда дауыс ырғағының /интонация/ да ролі үлкен. Осыдан біз тіпті де түсінбейтін тілде айтылып жатқанды тындай отырып, айтушының қандай күйде екенін қалтқысыз тануымыз мұмкін. Толғаныстардың түрлі мазмұнына орай сойлеу қарқыны өзгереді, сойлем қурылымы бұзылады.

Сезім әлпеті /выражение/ сол сезімдердін өздері сияқты қоғамдық сипатқа ие. Әрқандай қуаымнын өзі қабылдап, қалыпқа айналдырған әдептілік, кішіпейілдік, тәрбиелік шектері әртурлі. Сезімдік әрекет-қимылдардың шектен тыс болуың кей адамдар тобы тәрбие кемшілігі деп біліді, ал екіншісінде - бұл жағдай жалғандықпен үштастырылады. Адамдардың жиі араласып, қатысуынан сезімдік әрекеттер баиды, бір турге бірігіп, сан-алуан эмоция ренктерін жеткізудің жалпылаңғаң қорына айналады. Сонымен, сезім білдірудін формалары мен олардың қолданымы нақты қоғамдық қатынастармен анықталып, әлеуметтік бақылау объектін қурайды.

Адам сезімінін көріністері әрқилы: қарқынды да үзаққа созылған, созылынқы, бірақ әлсіз /қайғы/; күшті, бірак қысқа мерзімді /қуаныш/ -болуы мұмкін. Сонымен бірге, сезімдер терендігі, саналылығы, тектілігі /генетически/, пайда болу және сону шарттары, денеге әсері, даму желісі, бағыты, көріну тәсілі ж.т.б. жағынан әрқилы сипатты келеді. Сезімнің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.

Субъектив толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді; тіршілік қажеттіктерді қанағаттандырып, рахатқа болеуші унамды сезімдер; тіршілік қажеттіктердін орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіктерінін денгейіне орай сезімдер қарапайым және курделі келеді. Қарапайымдары - ашу, қорқыныш , уайым, қызғаныш, күндеүшілік ж.т.б.; күрделілері-моральдық, эстетикалық және отан сүйгіштік.

Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келесідей турлейге жіктеледі; көніл - күй, кейіп, эмоция, аффект, стрес, фрустация, қумарлық, жоғары сезімдер.

Көніл (чувственный тон) - субъектке қандай да эмоционалды ренкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестін ерекше сигналдық түры; кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер өздеінін негізді мәніне байланыссыз біздін есімізге түсүден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамнын өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұнын бәрі біздін сол сәттегі көнілімізге байланысты. Егер көніл тұракты жиіркенушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия сыркатынын белгісі.

Көнілде қоршаған ортадағы заттар мен кұбылыстардың жиі кездесетін пайдалы не зиянды тараптарынын жалпыланған бейнесі калыптасады. Осынан аркасында көніл күтілген әсер жөнінде оны бұрынғы естегі акпараттармен салыстырып отырмастан, күні ілгері шалт шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Көніл көбіне субъектив сипатка ие: қызықты кітап, сыпайы сұхбаттас ж.т.б. бір адамда жақсы сезім тудырса, екінші тұлғаға тіпті жакпай калуы эдеттегі құбылыс. Көніл сипаты іс-әрекеттін желісіне де байланысты. Қажетті, бастауында ұнаған іс, бірак өзінің ұзаққа созылгандығынаң адамды жалықтырып, көнілсіз күйге түсіретін белгілі. Сырттай байқала бермейтін адам көнілін танып, оны орнымен пайдаланса,жеке не коғамдық еңбек, оқу жемісті нәтижесін береді.

Кейіп (настроение)-біраз уақыт бойы адамның көнілін билеп, мінез- құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық, күй. ¤мір тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған куанады не күйзеледі, біреуде сүйеді,бір нәрседен шошиды. Адам кейпінін көрініс белгілі сезімге, себебтерге байланысты. Мысалы, ұнамсыз хабар естіген адамның көнілі түсінкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, реттеле бастаса, онын көнілі тасиды, шаттық лебі ұзаққа созылады.

Адам кейпі тіршілік жагдайында байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, онын кейпі солгын болады. Ал дені сау, ұйқысы канық, көнілі көтерінкі болса, адам мэз болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табигат көрінісі, жыл маусымдары,, ауа райы сиякты құбылыстар да айтарлыктай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айкын адам ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін менгеріп, оган иелік етеді (Э. Алдамуратов)

Эмоция (сезім шарпуы) - сезімнін тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Мысалы, сахнадагы айтыскер акындардын бір ауыз тапкыр сөзіне бола, корермендердін бір мезет дурілдете кол согып, кошемет айкай салуы.

іс-эрекетке ыкпал жасау тургысынан эмоциялар стеникалык жэне астеникалык болып бөлінеді. Стеникалык эмоциялар адамға қуат беріп, іс-эрекетке ынталандырады. Бұл жагдайда адам «тау копаруга» дайын турады. Керісінше, кейде толганыстан адамнын аяк алысы байланады, енжарлык басады-бул астеникалык эмоция корінісі. Осыдан, жагдайга, дара ерекшеліктерге орай эмоция адам кылыгына эртурлі ыкпал жасауы мумкін. Мысалы, коркыныш сезімінін саналы болуынан адам озін жинактап, катерге карсы шабуылга шыгады. Ал сол коркыныш адамды шідерлеп, «тізесі калтырайтын» дәрежеге де келтіреді.

Куаныш-орындалуы кумэнді болып турган кажеттіліктін толык канагаттандырылуына байланысты туындайтын унамды эмоционалды куй.

Тандану- кутілмеген окигага байланысты пайда болатын эмоциялык белгі. Осыдан зейін толыгымен тандануга себеп болган нысанга ауысады, кеін ол кызыгушылык ниетке жол ашады.

Касірет-алгашында азда болса сенім куттірген манызды омір кажеттігінін орындалмауы не онын орындалмайтыны жонінде акпарат алудан болатын жагымсыз эмоциялык куй.

Каhар- субъекте өте маңызды қажеттің күшті кедергіге ұшырап, орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қалып.

Жеркену-тікелей қатынаста болған объектілердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар ж.т.б.) жеке адам идеологиясына, адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.

Жек көру-адам аралық-қатынастарда субъектінің көзқарас, өмірлік салты мен сезім объекті қылықтарының бір-біріне сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көніл-күй.

Корқыныш-субъекте өз тіршілігіне шын немесе болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алумен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.

¦ят-субъектінің өз қылық әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағанын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз сезім түрі.

Эмоциялық толғаныстар біртекті болмайды. Бір объектің өзі біріне бірі қайшы келген әрқилы сезімдік кйүді пайда етеді. Бұл құбылыс амбивалентті (екі ұшты) деп аталады. Амбивалентті жағдай адамдағы тұрақты қалып пен нақты оқиғаға байланысты оның сезімі арасындағы қайшылыктан туындайды: мысалы, махаббат және қызғаныштан болатын өшпенділік екеуі бірге жүреді.

Күнделікті байкау негізінде эмоциялық күйзеліс адамның ағзасында өтетін өзгерістер мен және физиологиялық процестермен тығыз байланысты. Эмоциялық процесс жүрек қызметінін өзгерісімен соңшалықты тығыз байланыста екенін адамның сөйлеу екпінінде байқалады. Эмоциялық куйзелісте адамның тыныс алуыда өзгереді: бірінің демалысы жиіленеді, бірінікі саябырлайды. Ас қорыту процесі де бездер секрециясы да өзгеріске ұшырайды, соңымен эмоциялық көрініс барлық ағзаға әсерін тигізіп жағымсыз жағдайда неврозға әкеліп соғады.

Адам сезімінің физиологиялық негізі болып бас миының қыртысында жүретін процестер жатады.

Бас миының қыртысы сезімнін тұрақталынуың және күшін басқарады. Бұл мынандай дерек пен дәлелденген: ми шарынаң арылған жануарлар сәл аз тііркенішке катты қозадыю.Бет бұлшық етінін қыртыс параличі бар наукас адамдар жоқтаң-жоқ себепке қатты күледі. Ал кейбір науқастар, әсіресе бас ми қыртысының қызметі бұзылған адамдарда әр түрлі себептер сәйкес келмейтін эмоциялық көрініс береді. Соңымен қатар науқас күле отырып көнілі көтерінкі деп айту киын.

Сезім бас миының қыртыс астарының қызметімен байланысты. Сезім көрінісін беретін ырықсыз қозғалыс орталығы- көру томпешігі жатады.

Қыртыс астарлы аймақта вегетатив жүйке жүйесінің басқаратын орталығы бар, ол эмоциялық толкумен байланысты. Соңдықтан эмоциялық куйзеліс толку кезінде адамның қан кысымы, қан айналымы көтеріледі, ас қорыту қызметі өзгереді, көз мөлтілдейді, тері қызарады. Ішк секреция бездерінің әрекеті жоғарлайды, жүйке жүйесін қамтамасыз және тітіркендіруге керек ағзаға шырын бөлінеді.Мұндай жағдайда біз өзімізді қажырлы, қуатты,жұмысқа қабілетті сезінеміз.

Басқа сезімдер, керісінше, вегетатив жүйке жүйесінін әрекетінің солуығымен және басқа органдардың осы жуйе басқаратың қызметінің төмендеуімен байланысты болып теріс эмоция көрінісін береді-қайғы, қасірет, уайым, қорқыныш. Мұндай жағдайда барлық ағза қызметі өзгеріп адам бозара түседі.

Кейбір теріс сезімдер, кей жағдайда вегетатив жүйке жүйесінің қызметің көтере түседі, мысалы, қаћар, ұрей. Бірақ, осы теріс сипаттағы сезім ағзаға жағымсыз әсерін тигізеді: ағзаның нашарлауы, әлсізденуі, жігер-күшінің төмендеуі немесе жүйке жүесінің тозуы (невроз) тууына әкеледі.

Адам ағзасында жүретін вегетатив процестері бас миымен тығыз байланыста және оған тәуелді. И.П. Павловтың ілімі бойынша, бас ми жоғарғы жүйке жүйесінің бөлігі болғандықтан «денеде жүретін құбылыстардың бәрін бір тізгінде ұстайды» деген. Осы тұрғыдан барлық эмоциялық толкудын барлығысы бас миының қызметімен байланысты.

Адамның эмоциялық толкуында негізгі роль атқаратын екінші сигнал жүйесі. Екінші сигнал жүйесінін байланысында- адамның жоғарғы сезім жатыр.


8






7 лекция.

Психотерапия негізі.


Психотерапия-бұл ақпаратпен емдеу деп саналады, яғни оның емдеу тиімділігі физикалық немесе химиялық тітіркендіруде емес, оның қасиеті ақпаратта.

Психотерапияның аса манызды атқаратын ролі, ол науқастын көніл-күйіне эмоциясына ықпал ету. Ақпараттын мазмұны врачтың жүріс-тұрысы, сөзі, тұлғалық қасиетіне байланысты келеді.

Адамның ішкі дүниесіне әсер ететіндей психотерапияның төрт түрлі моделін көрсетейік:

1. Психикалық соматикалық ағзаның қызмет шеңберіне әсер ететін психотерапия әдісі (бұл, медициналық психотерапия моделі)

2. Үйрену процесін әрекетте айналдыратын психотерапия (психологиялық модель)

3. Қоғамдық бақылау мақсатына қызмет көрсететін психотерапия (әлеуметтік модель)

4. Адам арасында өзара байланыс барысында комплексті құбылыстар ретіндегі психотерапия (философиялық модель).

Психотерапевт жиі науқас адаммен жұмыс жүргізеді. Аурудун патогенезінде адамның тұлғалық деңгеймен қатар, организмнің әр түрлі сатыдағы интеграциясы мен қызметі соқтығысады. Сол себептен психотерапев басқада мамандармен бірлесе жұмыс атқаруы керек.

Психотерапияны кімдерге қолдану керек деген сұрақ туады.

1. Адамның шекаралық жағдайы немесе невроздарда қолданылады

2. Адамдардың психоәлеуметтік реакцияларды алдын алу (психопрофилактика) үшін

3. Психосоматикамен байланысты дерттерде қолданылады.


Психотерапиялық ықпалдардың негізгі әдістері.


Психотерапияның әдістерінің классификациялары әр түрлі болып келеді, әр классификация шеңберіндегі психотерапиялық теорияларда әр түрлі болып келеді. Әрбір психологиялық бағыттардың шеңберінде психотерапиялық әдістер пайда болып қосылып отырады.

Психотерапиялық ықплдын формасына байланысты, әдістін үлкен екі тобы бар:

1. Жеке дара психотерапиясы

2. Топтық психотерапия.

Негізгі психотерапиялық ықпалдырдың әдістері:

1) тұлғалық бағытталған әдістер

2) суггестивтік психотерапия әдістері

3) мінез-құлқылық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері

Тұлғалық-бағытталған немесе реконструкциялық әдіске токталсақ, оның мақсаты, міндеттері бар:

а. Адам не науқастың тұлғасын зерттеу жатады (эмоциялық реакциясың, мотивациясын, қатынас жүйесін).

б. Жүйке тозу жағдайының пайда болуымен сол жағдайдың тұрақты сақталу себебінің механизмін зерттеу.

в. Адамның жүйесі мен дерт арасындағы қатынастық себеп-салдар байланысын түсіну

г. Адамның санасы мен психикасоққылық жағдайларды шешіп шығаруға жәрдем беру және керек болса ол қоршағандарына қатынасын объективті өзгертуге жәрдем.

д. Адамның немесе науқастын қатынас құруын өзгерту, сезім күйін жақсарту, құндылы әлеуметтік орнына келтіру үшін мінез құлқысы мен адекватты жауап реакциясын коррекциялау.

Сөйтіп, психотерапия-қайта тәрбиелеу деп В.М.Бехтерев, П.Б. Ганнушкин, К.И.Платонов, Е.К.Яковлева т.б. жазып кеткен.

Адамның қатынас жүйесіне, мотивация ерекшелігіне, жағдайына т.б. себептерге байланысты психотерапияның түрлері де әр түрлі болып келед


9 8 лекция.

Психотерапияның түрлері

Наным немесе рациональды терапия

Адамдарды наным арқылы емдеу дегеніміз-ол, адамның пікірі мен байланысқа түсетін ақпаратпен емдеу. Осының негізінде, адамның өмірге, затқа, құбылысқа, болмысқа деген көзқарасы өзгеріп психасоққы жағдайға басқаша қарауы қалыптасады.

Осы ем арқылы адамның деңсаулығы нығайып, жаңа пікір пайда болып, ескі пікірі тежеленеді. Осылайша патогенді тітіркендіргіштердің ақпараттық мағнасының құндылығы өзгереді. Сыртай көрінісінде, адамның дерт тудырған актуальды күйзелісі шектеледі де ол оны басқаша қабылдайды

Наныммен емдеу барысында психасоққы жағдайға ғана ықпал етіп қойылмайды, оның түгелдей тұлғалық бейнесі- мінез бітісі, дүниетанымы қайта тәрбиелеу жүреді. Бұл әдіст тұлғаны жалпы сауаттандырып қоймай, аурудын алдын алып отырады.

Наным көп жағдайда сендіру, иландырумен аралас келеді, әсіресе жүйке генезінің симптомы жасырын болып, адам оны елемейгнен жағдайда каузальды (себепті) психотерапия қолданылады.

Наныммен емдеу жолын жақтаушысы швейцар невропатологі Дюбуа болған, ол бұл әдісті жанжақты құрастырып рациональды психотерапия деп атаған (латын тілінен аударғанда рацио-сана деген мағынаны білдіреді). Оның пікірінше психотерапия ол қайта тәрбие, содықтан бұнда тәрбиенін түгелдей тәсілдерін қолданып науқас адамның ақылын оятып нығайту дұрыс Сөйтіп сократтық әдіс нағыз қолайлы деген көзқараста болған.

Сендіру немесе иландыру (суггестия) дегеніміз- сынсыз бағамен қабылданып және жүйке-психикалық процестерге ықпал етуге берілген апарат.

Сендіру арқылы түйсіну, елес, эмоция және ерік түрткісін тудыруға болады және тұлғаның белсенді қатысушылығынсыз-ақ, қабылдағаның қисынсыз қорыту арқылы вегетативті қызметке әсер етіп те осыларды пайда болдыруға болады.

Сендіру тікелей мағынасын ұғынумен байланысты келеді, мысалы, басқа ініксіз тілде сендіру мүмкін емес, және ақпараттардың барлығысы бірдей сендіре алмайды, яғни, ол оның жеткізілуіне, жеке тұлғалық қабылдауға байланысты келеді.



Гипноз

«Гипноз» деген сөз грек тілінде ұйқы дегенді білдіреді. Бұл терминді алғашқы рет 1843 жылы ағылшын хирургі Бред ұсынған. Гипноз құблысы ертеде Ежелгі Египеттін және Үнді жрецтарына мәлім болған, бірақ бұған тәжірибе қойылған вендік врач Антон Месмер заманынан 18 ғасырдың 70-ші жылдары назар аударылды.

Месмер заманында медицинада магнитпен емдеу кенінен таратылған. Бұндай емді қолдаған Парацельс болған, ол мағниттің құпиялы қасиетіне қатты сенген, яғни ол темір қоқыстарды тартқандылығынан, адамның ұлпаларындағы дерттерді де жұлып алады да ауырсынған жерді емдейді деген пікірде болған. Магнитпен емдеу тәсілі- адамның арқасын не ауырсынған жерлерін ұзыннан магнитпен жургізеді, сол кездерде ауырғаны басылған жағдайлар жиі кездесін жүрді. Месмер, осындай эффекті жай қолмен жүргзген кезде де болатының анғарған. Ол оны «жануарлық магнетизм» деп атаған. Сөйтіп, Месмер Парижге келгеннен сон бұл тәсілді кенінен қолданды. Емшілердін саны көбейіп, барлығын емдеу мүмкіншілігі шектелген сон, магнит күшін жинау үшін қолын үлкен чандағы суға малды. Бұл судында емдеу құдіреті байқалды. Кейін Месмер темір заттарды магниттеуге кірісті, оны ұстаған адамдар каталепсияға түсіп жатқан жағдайларда кездесті. Осының негізінде , Месмер «магнеттік флюид» атты теориясын құрды.



Гипноздың терапиялық қолдануы.

Ағзаның әр түрлі процестрінің ағымына гипноздағы ұйқын жағдайында сендіру жолымен терапиялық мақсатпен салмақты ықпал етуге болады.

Мұны нашақорлықты, созылмалы маскүнемдікті емдеу үшін және ұйықтау бұзылыстарын, әртүрлі генездағы ауруларды жою үшін, әсіресе: босану кезінде, операцияданғы сон және т.б. ауырсынуларды, жүктілердің токсикоз, аменорея, меноррагия, климакс, сонымен қатар дерматологияда- экзема, қышыма т.б. түрлерін емдеуге қолданады. Гипноз кенінен невроз симптомдары мен ауруларын емдеге қолданылады. Гипноз ұйқысы кезінде сендіру арқылы невроз науқастарының көніл-күйін көтеруге, мазасыздану, жабығу невроздарын босатуға, өзіндік сезім жағдайын жақсартуға, ішкі органдардың бұзылыстарын қалпына келтіруге болады.

№109 лекция.

Психоанализ.

Психоанализ терминің австриялық врач, психиатор және психолог З. Фрейд 19 ғасырдын аяғында ұсынған.

Психоанализ деп:

1. З.Фрейд құрастырған санадан тыс психикалық іс-әрекет («бейсана») туралы ілім.

2. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясына негізделген психотерапия әдісі деп түсіндіріледі.

Фрейдтің невроздарды психикалық талдау теориясы бойынша баланың алдынғы үш жылдығында, балалар түсінігінше тиымға кірмейтін әр түрлі әуестер пайда бола бастайды. Бұл әуестер сексуалды сипатта келеді, мысалы, қыз балаларда әкесіне деген құштарлық, ұл балаларда анасына деген құмарлық (эдип комплексі), аутоэротикалық құштарлық (мастурбация, нарциссизм, гомосексуализм) т.б. болып келеді. Фрейдтін пікірінше, бала тәрбие барысында бұл құмарлықтарға тиым салынатының біледі де тәртіпке кірмейтін ұғым екенін үсінкендіктен ол туралы ой санадан тыс «бейсанаға» сырғытылып де ұмытылуға түседі. Осы құмарлықтарға тйым салу күштерін Фрейд «цензура», ал құмарлықты басу процесін «сырғыстыру» деп атаған. «Бейсанаға» сырғыстырылған күйзелістер «комплекс» деген атқа ие болған. Егерде келесі күүйзелістер осы комплекстерді ұдайта түссе, ода невроз ауруы пайда болады деп түсіндіріледі.

Нормада сырғытылған сексуалды әуестер энергиясы «цензура» рұқсат берген іс-әрекеттерге ауысады (сублимацияланады), мысалы, қамқор жасау, өнер, ғылым немесе діңмен шұғылдану. Егерде бұл процесте бұзылыс болса, онда аффектілі зарядталған комплекстер басқа ұқсас түсініктермен байланысып символикалық бейнеленеді. Сырғыстырылған комплекстер соматикалық симптомға қосылса онда оны «конверсия» деген терминмен белгілейді.

Сонымен, З.Фрейд осы теорияға негізделе отырып невроздын емдеу жолы-психоанализ, себебін анықтау деп санаған.


110 лекция.

Арнайы психотерапиялық әдістер мен тәсілдер.

Топтық психотерапия.


Бұл қазіргі кезде интенсивті дамып келе жатқан психотерапиялық ықпалдын формасы, оны әр түрлі ауруларға қолдануға болады: невроз, психогендік бұзылыстар, мінездің патологиялық қасиеттері, нашақорлық, маскүнемдік, улануға құмарлық, психоз, эпилепсия, жүйке жүйесінің органикалық дерттері, жүрек-тамыр аурулары т.б.

Топтық психотерапияны әр түрлі жастағы адамдарға қодануға блады-мектепке дейінгі балаларға А.В.Спивакская, кәрі адамдарға қолданған И.А.Мирзухин.

Көптеген психотерапевтер пікірінше, топтық психотерапияны адам аралық қатынастардың, фобиялық бұзылыстар немесе қоршағандар мен кикілжінге түсетіндерге де ұсынылады.

Топтық психотерапия науқасқа қауіп төндіретін болып көрінгендіктен, психолог оны топқа қатыстыру үшін науқас адамның арудан арылуға деген мотивациясын, көзқарасын өзгерткен дұрыс.

Топтық психотерапияның ерекшелігі болып, бір мезгілде бір топ адамдармен терапия өткізіп ұжым құрайды.

Топтық психотерапияда негізгі ықпал жасау құралы болып вербалды және вербалсыз коммуникация жатады. Топтық қарым-қатынас формасы болып топтық пікір сайыс болады.

Топтық психотерапиянының қосалқы формалары болып- жағдайды рольды атқару, психогемнастика, сурет және музыкотерапия болады.

Жағдайды рольды атқару топ үшін әр қатысушылардың проблемаларын түсінуге мәлімет береді. Бұл форма, егерде топ қатысушылардың арасында эмоциялары мен проблемаларын вербалдау киын болған жағдайда өте құндылы.

Жағдайды рольдық атқару бөлек сабақ ретінде немее пікір талас барысына да кіреді. Егерде бөлек сабақ болса бір тақырып беріледі, тақырып әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы,

1 тақырып «Қиын әңгіме» (жағымыз адаммен немесе жағымсыз тақырыпқа сөйлесу);

2 тақырып «Өтініш» (өтінішінізді қанаттандырмайтын адамнан бір нәрсе сұрау);

3 тақырып «Талап» (талабынызды орындағысы келмейтін адамнан талаптану);

4 тақырып «Татуласу» (өкпелі адаммен татуласу);

5 тақырып «Өкпе» (адамға өкпесін айту, ол адам өкпелеудін орынды екенін біледі);

6 тақырып «жақтыртпау» ( өзін дұрыс ұстаймын деп санайтын жақын адамға қылығы жөнінде жақтыртпаушылығын білдіру).

Психогимнастика да қозғалыс экспрессиясы, мимикасы, пантомимикасы негізінде өзара байланыс құрылатын психотерапия формасы.

Психогимнастикадағы жаттығулар екі бағыттағы мақсатты көздейді: қысымды азайту, топтың қатысушыларының эмоциялық қашықтықтарын қысқарту, өзінің және басқа адамның тілегін, ойын, сезімін білдіру іскерлігін қалыптастыру жатады.

Психогимнастиканы зейнге байланысты жаттығулардан бастайды:

1) «Кешігу жаттығуы»: барлық топ мүшелері бір жаттығу қозғалысынан қалып отырып қайталау. Жаттығулардың темпі біртіндеп жылдамдатылады.

2) «Ритмді шеңбермен жіберу». Бір қатысушы мүшесінің сонынан кезекпен қозғалыстарын қайталау, ритмге байланысты жпалактап отырып.

3) «Шеңбер бойынша қозғалыстары жіберу». Бір қатысушының сонынан бейнелей жасаған қимылдарын кезекпен жалғастыру.

4) «Айна». Топ қатысушылары екі екіден бөлініп партнерының қимыл қозғалыстарын қайталайды.

Қысымды түсіру үшін қарапайым қозғалыстар жеткілікті келеді.

Эмоциялық қашықтықты жақындату үшін «тар көпірде кездесу», «бір орындыққа отыру», «сезімін шеңбер бойымен жеткізу» деген жаттығуларды қолдануға болады.

Вербалды емес қылықтар, басқа адамның сезім-күйін түсіну үшін қолданылады:

1) Шыңы арқылы сөйлесу: ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылы келісімге келу.

2) Адамның жағдайын көрсету, мысалы, куаныш, қайғы, реніш т.б.

3) Басқа адам қандай сезім білдіргісі келгенің көрсету.

4) Топтың өзіне назарын аударту.

Міне осындай жаттығулар топтық терапияның дайындық кезеніне кіреді.

Жобалау суреттері. Бұның тақырыбы арнайы намесе өз еркіне беріледі. Тақырып үлгілері: «Мен қандаймын», «мен қандай болғым келеді», «менің отбасым», «менің ата-анам» т.б. Сурет салуға 30 минут беріледі. Кейін суреттер тақтаға ілініп талқыланады. Басында сүрет туралы барлық топ пікірін айтады, кейін автордың өзі. Интерпретациядағы ажыраулар талқыланады.

Сурет салудын екінші нұсқасы бар-бір суретті барлық топ болып салады. Бұл жағдайда топтың әр мүшелері сурет салуға қандай үлес қосқаның, қандай өзара байланыс болғаның айтады.

Психотерапия әдісінің өнер мен қарым-қатынас жасаудағы емдік ықпалын тигізетін вербалды емес формасына: музыкотерапия, библиотерапия, имаготерапия, арттерапия, натуртерапия, логотерапия, гештальтерапия, трансакті талдау, мориттерапия жатады.

Осыларды қысқаша айтып кетейін.

Музыкотерапия. Бұл әдіс өте тиімді болып саналады, егерде музыканы психотерапевтің өзі орындаса-сенім, қалқу өзара тығыз байланыс орнығады. Бұл әдістін жағымды жағымен қатар теріс жағы да бар-клиенттер жабығу, күйзелу сияқты сезім туатының айтады. Музыкотерапияның бағдарламасына көбіне классикалық шығармалар кіреді.

Библиотерапия дамның психикасына ем ретінде қолданылады да негізгі әдісі кітап арқылы емдеу болады. Оқу барысында клиент күнделі жүргізеді, оны талдау адамның жағдайын түсінуге көмектеседі. Бұл әдіс топтық және жеке де жүргізіледі. Оқылатын кітап тізімің психотерапевт клиенттін проблемасына байланысты өзі таңдайды.

Имаготерапия-ол терапия мақсатында бейнелермен ойын жасау түрі (латын тілінен имаго-бейне дегенді білдіреді). Адам өзінің динамикалық бейнесін құрайды. Нақты қолдану тәсілдері әр түрлі болып келеді: әдеби шығармаларды, алдын ала берілген диалогқа ауыстырып айтып беру, импровизациялық диалог, алдын ала берілген жағдайды импровизациялау, халық ертегілерін драматизациялау және айтып беру, әңгімені театрлау, спектакльдегі роль т.б.

Имаготерапия да үлкен роль атқаратын терапевтін ассистенттері, олар бұрынғы клиенттері-супервизорлар.

Имаготерапияның міндеттері мен мақсаты:

  • Сәтсіз жағдайларға адекватты жауап беру қабілетін дамыту, рольге ену үшін клиенттерге жағдай жасау болады, сөйтіп оларда, «Мен» бейнесі

дамиды.

  • Адамның эмоциялық ресурстарың, оның коммуникативтік мүмкіншілігін байтып нығайту.

  • Клиенттің өзінің «Менінің» жаңа ресурс бойынша шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту.

  • Өмірлік тәжірибесіне шоғырлану қабілетін жаттықтыру, өзіндік реттеуін дамыту.

Клиенттің өміріне жаңа лебіз кіргізу.

Арттерапия-өнер терапиясы. Жиі өнердің қолданбалы түрлері қолданылады. Арттерапиялық сабақтар екі нұсқада қолданылады: Тапсырылған материалдар бойынша нақты тақырыпта жұмысты орындау тапсырмасы және өзі еркімен өзі таңдаған материалдамен және тақырыппен жұмыс орындау (клиенттер тақырыпты, материалды, жабдықтарды өздері таңдайды). Сабақтын сонында тапсырмалар талқыланып пікірге түседі.

Ерекще негативизмге көніл бөлінеді. Арттерапияның тиімділігі жайлі науқастардын жақсы пікірлері, жиі қатынасуы, қызығулық байқатуы, өз еңбегінін нәтижесімен танысуы т.б. негізінде түйіндеме жасауға болады.

Бұл әдістін бірнеше түрлері бар:

1) Өнер шығармаларын клиенттермен талдау, қорытынды жасау,

2) пациенттерді дербес шығармалыққа түрткілеу,

3) өзіндік шығармалары мен өнер шығармаларын қолдану,

4) Клиентпен өзара байланыс жасауға бағытталған -сурет, балшықпен жұмыс т.б.-психотерапевтің шығармашылығы.

Натурпсихотерапия, немесе табиғат ықпалы.

Кейде ландшафттерапия жайлі айтады. Бұл әдісті қолданатын маман әлі тарамаған.

Логотерапия, немесе сөйлеу терапиясы. Психолог клиентпен сөйлесіп отырып эмоциялық жағдайын вербалдатады, осының арқасында клиенттің өзі қйын жағдайын женіп шығады да, өзі дербес тұлғасында өзгерістерді анғарады да, қанағаттанады, өзін өзі силау бағасы көтеріледі де жетілген тұлға сатысына көтеріледі. Ьұл әдісте жиі қолданылатын ұғымдар бар: самоэксплорация, вербализация, жақсы баға, эмоциялық жылулық, самоконруэнтность, самовыражения деген.

Самоэксплорация- клиенттің сұхбатқа кіру өлшемі.

Вербализация- психотерапевт пациенттерінің көніл күйін сөзбен жеткізу.

Жақсы қатынас, жақсы баға, эмоциялық жылулық-басқа адамның тұлғалық құндылығын мойындау және дербес адам ретінде қамқор көрсету, көніл бөлісуге дайындық.

Самоконгруэнция-адамның ішкі және сыртқы жағдайы сөзбен сәкестілігі.

Самовыражение- психологтың немесе клиенттің жеке күйзелісіне, ойына, сезіміне, әрекетіне, қалауына, сөзіне асқынуы (акценттелуі).

Гештальттерапия ықпал жасаудың тиімді әдісі ретінде қабылданады (Ф.Перлз). Бұның негізгі мақсаты- тұлғаның потенциалын, күшін, мүмкіншілігін интеграция және дамыту арқылы жоғарылату, көбейту болып саналады. Негізгі психотерапиялық процедурасы болып клиент өз өзімен контактке кіріп күйзелуге түсіп, өткенде қалыптасқан мінез-құлқы, ой, т.б қасиеттерінің мәнің бүгінгі күні түсіну болап жатады.

Трансактілі талдау Э.Берн. Бұның тұжырымдамасында, тұлға «Мені» үш жағдайда қарастырылады да клиенттің айтуы бойынша диагностикаланады. «Мені» жағдайы Ата-ана, Бала,Ересек болып сипатталады.

Бала үш түрде көрсетіледі: табиғи, көнбейтін және бейімделетін болып. Ата-ана бақылаушы, тәрбиелеуші, ересек адам-позитивті болып көрсетіледі. Берн айтуынша әр адам үш жағдайда да және тоғыз позицияға ауысып отырады екенін көрсеткен.

Морита-терапия, бұның негізі 1921 жылы Жапонияда басылып шыққан Морита кітабінда жазылған. Бұл әдістін негізгі мәселесі, адамдарды ұғыну, адамдарға жақсы әсер ету. Әрине, осындай жағдайда адамның басқалармен қатынас жасау үрейі туады. сол себептен, бұл әдістін үш кезені бар:

1-төсек режимі (4-8 күн) Нәтижесі-әрекеттенуге ұмтылыс пайда болады.

2-ешкіммен сөйлеспей демалусыз женіл жұмыс атқару (5-10 күн). Клиент күнделік жүргізеді, ал психолог оны шындыққа бағыттайды.

3- ауыр жұмыс (5-14 күн).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!