Материалдар / Жас маманмен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас маманмен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлерге арналған құрал "Жас маманмен жұмыс жүргізу жосары" 2019-2020 оқу жылындағы жас мамандармен жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2019-2020 оқу жылындағы жас мамандармен жұмыс жоспары


р/с

Жүргізілетін іс-шаралар тақырыбы

Мазмұны

Тапсырмасы

Жауапты

Күні

1

Жас және келген мамандармен әңгімелесу, тәлімгерлер таңдау

Жас мамандармен жұмыс


Оқу ісінің меңгерушісі,

ӘБ жетекшісі


2

1 отырыс.

Педагогикалық ұжымның зерттеп отырған проблемалық тақырыбы, жұмыс бағыттары, оны шешу мүмкіндіктерімен таныстыру

Мектептегі барлық іс-шараларға жас мұғалімдерді тарту, баулу.

Тәлімгерлер тағайындау

Оқу ісінің меңгерушісі

ӘБ жетекшісі

Қыркүйек

3

Оқу жоспары күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Оқу мақсаты мен сабақ мақсатын анықтап, қысқа мерзімді жоспарлар құруды үйрету.

Бағдарлама қиындық туғызатын тақырыптарды талдау және талқылау.

Сабақ жоспарын жазу

Тәлімгер

Қыркүйек

4

Мектеп құжаттарын жүргізу туралы нұсқаулық

Электронды журналды толтыру, жеке іс-қағаздарының жұмыс түрі

Электронды журналды дер кезінде толтыруды қадағалау

Тәлімгер

Жыл бойы

5

Жас мамандарды тәлімгерлердің сабақтарына қатыстыру

Тәжірибе алмасу


Оқу ісінің меңгерушісі

Тәлімгерлер

Жыл бойы

6

2 отырыс

Жас мамандардың сабақтарына қатынасу, оларға әдістемелік көмек көрсету

Ашық сабақтар, тәлім-тәрбие сабақтарын беру

Жас мамандар барлық тәлімгерлердің ашық сабақтарына қатынасу

ӘБ жетекшісі Тәлімгерлер

қараша

7

Сабақта жаңартылған білім берудің әдіс тәсілдерінің тиімділігін үйрету


Жаңа сабақтарға қатынасып үйрету

Оқу ісінің меңгерушісі Тәлімгерлер

Жыл бойы

9

БЖБ және ТЖБ құрудың жолдарын түсіндіру

БЖБ және ТЖБ құрудың жолдарын түсіндіру


ӘБ жетекшісі

Онкүндікте

10

Жас мамандарды үйрету семинары


Жаңартылған білім

Оқу жоспарын қадағалау, сыныптық есеп беруді үйрету

Тәлімгерлер және жас маман жетекшісі Сихымбекова Б.

Қаңтар

11

Әдістеме бірлестігінің онкүндігіне қатыстыру

Тәжірибе алмастыру


Пән мұғалімдері

Қантар ақпан

12

3 отырыс

1-жартыжылдық жұмыс қорытындысы. Тәлімгерлердің есебі

Тәлімгерлердің жас мамандармен жұмысын тыңдау

Жоспар бойынша жұмыс істеу

Тәлімгерлер

Ақпан

13

Жас мұғалімдердің ашық сабақтар мен тәлім сабақтарын беруі

Сабақтардың беру әдістемесін үйрету


Тәлімгерлер

Наурыз

14

Практикум «Педагогикалық әрекеттерді шешу жолдары»


Оқушының жеке ерекшелігін ескеруге арналған тапсырмалар

Тәлімгерлер

Наурыз

15

«Біз нені үйрендік» атты тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы дөңгелек үстел

Пікірлесу, талқылау

Сауалнамалық сұрақтарға жауап беру

ӘБ жетекшісі

Тәлімгерлер

Сәуір


















4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі







Жас мамандармен жұмыс жоспары







Тәлімгер: Бажиева А.Т.





2019 – 2020 оқу жылы

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ


Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша 6, 8, 9-сыныптарда пәндерді оқыту ҚР МЖМБС-2012 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен жүргізіледі және келесі пәндер оқытылады:

6-сынып - «Математика», «Информатика»;

8-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен:

- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;

- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;

- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдануды) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруге (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді құрастыруға) айрықша көңіл аудару керек.

«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2017-2018 оқу жылындағы 6-сыныпта «Математика» және «Информатика», 8-9-сыныптарында «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі 31-кестеде берілген.


31-кесте 6, 8-9 сыныптарда математика, алгебра, геометрия және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы.


Сынып

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы

сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

6

Математика

6

204

14-16

6

Информатика

1

34

6-7

8

Алгебра

3

102

7-9

8

Геометрия

2

68

7-8

8

Информатика

1

34

5-6

9

Алгебра

3

102

8-9

9

Геометрия

2

68

6-7

9

Информатика

1

34

3-4


Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!