Материалдар / ЖАС МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ САНА- СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАС МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ САНА- СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада жас мектеп басшыларының кәсіби сана-сезімін қалыптастыру мәселесі өзекті болады. Авторлар мектеп басшының кәсіби қарым-қатынасының маңызды түрі сабақтан тыс іс-шаралардың рөлі мен маңыздылығын негіздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 37.03

МРНТИ 14.37.29

Р. И. Боранкул 1, М. Д. Шагырбаева 2

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ

17М01101-Педагогика және психология мамандығы бойынша 2-курс магистранты, Алматы, Қазақстан. borankul.raushan@bk.ru

2 педагогика ғылымдарының кандидаты, аль-Фараби атындағы КазҰУ аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан. sh.mentay2021@bk.ru


ЖАС МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ САНА- СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аңдатпа

Мақалада жас мектеп басшыларының кәсіби сана-сезімін қалыптастыру мәселесі өзекті болады. Авторлар мектеп басшының кәсіби қарым-қатынасының маңызды түрі сабақтан тыс іс-шаралардың (кеш, экскурсия, мәдени жүру, сынып сағаты, жиналыс) рөлі мен маңыздылығын негіздейді. Осы жұмыста жүзеге асырылатын негізгі идея: Қазақстанның білім жүйесінде Білім беру ұйымының басшысы іріктеуден өту үшін сауатты әрі қабілетті және де өз біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруы қажет.

Шетелдік тәжірибені, әдеби дереккөздерді талдау нәтижесінде авторлар кәсіби қызметтің түрленуі, оның сапалық жаңа деңгейі, өз кезегінде, бұдан әрі тұлғалық өсуге (қызметтің операциялық аспектісінің түрлену есебінен ғана емес, сонымен бірге өз адамдардағы «бөгде тұрмыс», дербестену үрдісі арқылы) алып келеді, бұл өз кезегінде кәсіби қызметті жаңа мәнге, жағдаяттық мазмұнға толтырады. Сәйкесінше, субъектінің маңызды құндылықтары тұтас қызметті құратын заттар, құралдар мен тәсілдерді таңдаудың қорытынды қалыптастыру қызметін орындайды. Сондықтан жас мектеп басшысының өзіндік дамуы кәсіби қызметтің түрленуін ынталандырады, бұл өз кезегінде, мектеп басшысының дамуының қозғаушы күштерінің бірі болып келетіні туралы қорытынды жасайды.

Түйін сөздер: басқару, білім беру ұйымдарын басқару, мектеп басшысы, кәсіби сана-сезім



Р. И. Боранкул 1, М. Д. Шагырбаева 2

1магистрант 2 курса, специальности 7M01101 Педагогика и психология КазГУ им. аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан. borankul.raushan@bk.ru

2 кандидат педагогических наук, старший преподаватель КазГУ им. аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан. sh.mentay2021@bk.ru


ФОРМИРОВАНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО САМОСОЗНАНИЯ МОЛОДОГО РУКОВОДИТЕЛЯ ШКОЛЫ

Аннотация

В статье рассматривается формирование профессионального самосознания молодых школьных руководителей. Авторы обосновывают роль и значение внеклассных мероприятий (вечеров, экскурсий, культурных прогулок, уроков, встреч) как важной формы профессионального общения руководителя школы. Основная идея этой работы заключается в том, что в системе образования Казахстана руководитель образовательной организации должен быть компетентным , чтобы быть выбранным и постоянно повышать свою квалификацию.

В результате анализа зарубежного опыта, литературных источников авторы полагают, что трансформация профессиональной деятельности, приводит к дальнейшему личностному росту (не только за счет изменения оперативного аспекта деятельности, но и через процесс персонализации, «инобытия» в других людях), в свою очередь, наполняет профессиональную деятельность новым смыслом, ситуативным содержанием. Соответственно, основные ценности организации служат для формирования окончательного выбора веществ, инструментов и методов, составляющих всю деятельность. Следовательно, саморазвитие молодого школьного руководителя стимулирует трансформацию профессиональной деятельности, что, в свою очередь, приводит к выводу, что это одна из движущих сил развития школьного руководителя.

Ключевые слова: менеджмент, менеджмент образовательных организаций, директор школы, профессиональное самосознание.


R. I. Borankul1, M. D. Shadyrbaeva2

1 2nd year master for the specialty 7M01101- Pedagogy and Psychology at the Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan. borankul.raushan@bk.ru

2 candidate of pedagogical sciences, senior lecturer at the Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan. sh.mentay2021@bk.ru


FORMATION OF PROFESSIONAL CONSCIOUSNESS OF A YOUNG SCHOOL LEADER


Abstract

The article examines the formation of professional self-awareness of young school leaders. The authors substantiate the role and importance of extracurricular activities (evenings, excursions, cultural walks, lessons, meetings) as an important form of professional communication for the head of the school. The main idea of ​​this work is that in the education system of Kazakhstan, the head of an educational organization must be competent in order to be selected and constantly improve his qualifications.

As a result of the analysis of foreign experience, literary sources, the authors believe that the transformation of professional activity leads to further personal growth (not only by changing the operational aspect of activity, but also through the process of personalization, "otherness" in other people), in turn, fills professional activity with a new meaning, situational content. Accordingly, the main values of the organization serve to form the final choice of substances, tools and methods that make up the entire activity. Consequently, the self-development of a young school head stimulates the transformation of professional activity, which, in turn, leads to the conclusion that this is one of the driving forces of the development of a school head.

Key words: management, management of educational organizations, school principals, professional identity.



Жас мектеп басшыларының кәсіби сана сезімін қалыптастыру


Біздің қоғамымызда білім беру ұйымын басқару жалпы басқару жүйесінің бөлігі бола тұра оған ерекше әлеуметтік міндеттер жүктелген. Өйткені білім беру ұйымдары білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың талаптарын ұштастыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында қызметін іске асырады.

Басшы – ол, ұйымдағы әкімшілік және басқару жауапкершілігіне ие адам[1].

Басқару – ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, талдау және бақылау – бағалау үдерісі. В.В. Сухамлинскийдің айтуынша «Басқару – адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жандүниесіне үңіле білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер – даналықты жүрекпен ұға білу».

Басқарудың құндылығы:

  • Үздіктік;

  • Адами қор (мүмкіндігін толық ашу);

  • Ұжымдық жұмыс;

  • Жаңашылдық;

  • Шығармашылық;

  • Келісімге келу;

  • Іскерлік қарым-қатынас.


М.М. Поташниктің айтуынша «Басқару – ұйымның қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз ететін барлық субьектілердің мақсатты іс-әрекеті».

М.И. Кондаков білім беру ұйымдарды басқарудың басқа салалардан ерекшеліктері бар екенін, өйткені оның барысында оқу-тәрбие үдерісінің барлық жағын қамтитын ұйымдастырушылық-педагогикалық қатынастар жүзеге асырылатынын атап көрсеткен.

Білім беру ұйымдарының басты заманауи тапсырмаларының бірі – ол, әрбір адамның қабілеттіліктерін ашып, мына бәсекелес әлемдегі жоғары технологиялық өмірге дайын тұлғаларды қалыптастыру. Білім беру ұйымдарының басшылары педагог па? Әлде менеджер ма? Бұл мәселе барша кезеңде маңызды болып қала бермек[2].

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы басқару іс-тәжірибесіндегі басшыларды білім беру саласындағы менеджерлер деп атасақ болады. Айта кететін жәйт, біздің білім беру саласында таза классикалық менеджмент болуы мүмкін емес. Білім беру саласындағы болып жататын жылдам өзгерістерге тез бейімделу үшін менеджменттің академиялық қабілеттерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар болып жатқан өзгерістердің қасиеті мен қабілетін білу, олардың нормативтік-құқықтық актілерін және заңнамалық өзгерістерден де хабардар болуы шарт. Яғни, басқа сөзбен айтқанда Қазақстанның білім беру жүйесінде менеджменттің ерекше спецификалық түрі қалыптасуда. Сондықтан бұл екі сөзді бөліп қараудың маңызы жоқ.

Менеджмент – бұл басқарудың жаңа философиясы, ал қоғам өміріндегі басқару мен менеджердің рөлін, сондай-ақ оның әлеуметтік мәнін көрсетеді. Бұл басқару үдерісі жүйелі, мақсатқа сай және қарамағындағылардың абыройлы жұмыс жасап, содан рахат алатындай, нәтижеге қол жеткізудің жоспарын құру. Менеджмент басқару саласындағы адамның қызметі. Менеджменттің объектісі – адами қарым – қатынастардың жиынтығы.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде «Менеджмент – тәсіл, адамдармен қарым-қатынас жасау, басқару құралы, өнері» деп көрсетілген[3].

Неміс авторлары Вернер Зигерт және Лючья Ланг: «Менеджмент – қойылған мақсатқа адамгершілік негізде, тиімді жетуге мүмкіндік беретін адамдарға басшылық жасау» дейді.

Американдық теоретик Друкер Питер: «Менеджмент – адамдарды қызметіне қабілетті болуға, өз іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуге, олқылығын уақытылы жоюға бағытталған, адам төғңрегінде қозғалатын басқару әрекетінің арнайы түрі» деген.

Қазіргі менеджмент дегеніміз – ұйымдағы жаңа басқарушылық ойлау, нарықтық қатынастарға лайықталған басқарудың философиясы, саясаты, әдістері, принциптері, басшылардың өз бетінше әрекет жасауы, шешім шығаруы, бұйрықты күтіп жоғарыға жалтақтамай, күрделі мәселелерді шешуді жүзеге асыруы. Бұл білім беру ұйымының тиімді және сапалы қызметін жүзеге асыру мақсатындағы интеллектуалдық, материалдық және қаржылық ресурстарын жұмылдыру бойынша білім, өнер және іс-әрекеті[4].

Білім беру ұйымдарын басқарудың ұстанымдары:

Біріншіден – кез келген білім беру ұйымдары жекелеген түрде өмір сүрмейді, білім беру ұйымдары республикамыздағы білім беру жүйесінің бөлігі болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарының басшылары ішіндегі және оны қоршаған ортамен байланыстарыды нығайтып, ынтымақтастық ортасын құрып, білім беру ұйымдарының дамуын жүзеге асыруы қажет.

Екіншіден – кез келген білім беру ұйымдары өзінің миссиясын, философиясын, саясатын, стратегияларын анықтаумен мықты. Осы және басқа да өзекті әрекеттің қалыптасуы білім беру ұйымдарының менеджментінің ғылыми негізін құрайды. Сондықтан аталған түйінді мәселелер мектептің нормативті-құқықтық құжаттары: тұжырымдамасы, ережесі, Даму бағдарламаларынан өтуі тиіс.

Үшіншіден – бүкіл білім беру ұйымдарының жүйесінің орталық діңгегі.

Төртіншіден – нақты нәтижелерге қол жеткізудің басты шарты – білім беру үдерісі барысында ұжым мүшелері арасында жағымды, тиімді қарым-қатынас орнату. Соған байланысты басқарудағы қарым-қатынастың қазіргі уақыттағы әдіс-тәсілдерін: біріктірілген, стратегиялық, жүйелі кешенді, қатынастарды қолдану.

Сонымен жоғарыда аталғандарға байланысты білім беру ұйымдарының басшылық қызметіне жаңа талаптар қойылады[5].

Білім беру ұйымдарын басқару іс-әрекетінде ең алдымен мақсат қойылады. Мақсат ұйымдағы тұлғаның қалыптасуымен тікелей байланысты. Бүгінде білім беру ұйымдары, мысалы, мектеп халықтық тәрбие тағылымен игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойлайтын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Осындай түлек мектептен үлкен өмірге аттанады. Сондықтан басқару мақсаты, міндеттері осы жауапты, абыройлы іспен тікелей жалғасады.

Белгілі экономист Василий Леонтиев мынадай әділ тұжырым жасаған болатын. «Білім алу адамның ең маңызды қажеттілігін қанағаттандырады және өз кезегінде болашақта материалдық өндірістің өсуіне әкелетін қоғамдық инвестиция болып табылады. Ол қазіргі ұрпақтың өмір сүру деңгейін жоғарылата отырып, болашақ ұрпақтың табысын молайтады».


Бұрынғы басшы мен қазіргі басшының айырмашылығы



Бұрынғы басшы:

  • Талантты

  • Ұйымдастырушы

  • Әділетті

  • Білімді

  • Дарынды

  • Ұжымдағы адамдарға құрметпен, сеніммен қарайды

  • Уақытпен санаспайды

  • Жұмыста жанып жүреді

  • Адамдарды қызықтыра, жігерлендіре біледі



Қазіргі заманғы басшы:

  • Жоспарды, өзгерісті тәжірибеге, өмірге енгізуді өзінен бастайтын маман

  • Күш жігерді жинайтын, күшейтетін, ұжымды демеуші, қозғау салатын

  • Ұйымдастырушылық инфрақұрылымдарды құратын (шығармашылық топтар)

  • Шығармашылық еңбектің қалыптасуына жағдай жасайтын

  • Ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттілігін, соның негізінде жұмыстың сапсының көтерілітінін сендіре алатын

  • Алдын алатын, болашақты көретін, болжай алатын

  • Басқару үдерісін кәсіби, сауатты жүргізуші, білікті басшы және менеджер



Осыдан бұрынғы басшы мен қазіргі басшының айырмашылығын салыстыра келе, қазіргі білім беру ұйымының басшысын басқару үдерісін кәсіби, сауатты жүргізуші, білікті басшыны – іріктеу жүйесі арқылы табамыз.

Білім беру ұйымының басшысы іріктеуден өтпей тұрып, ең алдымен педагогикалық еңбек өтіліне келсек, әрине, педагогикалық еңбек өтілі басшылыққа апарар басты рұқсатнама болып табылмайды және білім беру ұйымының басшылығына сәтті мансап әпере қоймасы ашық. Педагогикалық еңбек өтілінің болуы білім беру басшысын іріктеу жүйесінде міндетті шарттардың бірі болып табылады[6].

Қазақстанның білім жүйесінде Білім беру ұйымының басшысы іріктеуден өту үшін сауатты әрі қабілетті және де өз біліктілігін үнемі жоғарылатып отыруы қажет. Сондықтан да қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау өте жақсы болып жатыр.

Мектеп директорлары – білім беру саласындағы өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы негізгі буын болып табылады. Оқушыларға білім беру үрдісіне етер әсері жағынан, мектептегі көшбасшылық тек сыныптағы оқытуға ғана жол беріп отыр[41]. Ofsted (Office for Standards in Education, «Білім беру стандарттарын басқару») деректері бойынша, жақсы бағаға ие болып отырған мектептердің 90%-ның басында мектеп инспекциясы тарапынан жоғары бағаға ие директорлардың отырғандығын байқауға болады. Британдық зерттеулер мұғалімдердің жұмысының тиімділігі көп жағдайда мектептің бірінші тұлғасына байланысты болатындығын көрсетіп отыр. Маңғыстау облысындағы мектептердің директорларының бірі өзінің сұхбатында былай дейді: «Мұғалімдердің мектепке жұмысқа орналасуға ұмтылуына негіз болатын басшылар бар, мұғалімдерді мектептен қашып кетуге мәжбүрлейтіндер де жоқ емес. Мұғалімдердің сапалық құрамы мектеп директорына байланысты болып табылады» [7].

Мектеп менеджерлерін кәсібилендіру ертеректен-ақ алдыңғы қатарлы елдердің трендіне айналған. Алайда, Маңғыстау облысында олардың дамуына айтарлықтай көңіл бөлінбей келеді. Білім берудегі менеджмент саласында зерттеулер жүргізіліп жатқан жоқ. Мектептердің басқарушылық саясатына оңтайлы өзгерістер енгізу үшін оларды кімдердің басқарып отырғандығын және олардың алдында қандай кедергілер тұрғандығын анықтап алған дұрыс болады.

Мектептердің басшыларын іріктеу тиімділігі білім беру саясатын құруда маңызды рөл атқарады. Мектеп басшысы шеніне кімдер үміткер бола алады? Мектеп директорларын жұмысқа алған кезде олардың білім біліктіліктеріне, заңдарды білуіне және жұмыс тәжірибесіне басты назар аударылады, ал дағды, құзыреттілік және басшылық ету қабілетіне көңіл бөлінбей қалып жатады.

Білім беру – басқарушыларды іріктеу критерийлерінің бірі болып табылады.

Біздің елдегі мектептер басшыларының 99%-ында жоғары білімі бар болса, 1%  техникалық және кәсіби білімге ие  [8]. Бұл ретте, мектеп директорларының, әдетте, педагогикалық білімінің болуы ғана қарастырылған, олардың білім беру менеджменті саласында біліктіліктері жоқ. Педагогикалық мамандықтар бағдарламалары мазмұнында білім беру менеджменті мәселелері қамтылмаған. Салыстыра кетер болсақ,

Сонымен, Маңғыстау облысының білім беру ұйымының басшысына қажетті біліктілігінен басқа директор лауазымына үміткер бес негізгі критерий бойынша тиісті білім, дағды және тәжірибе көрсеткіштеріне ие болуы тиіс: білім беру және оқыту саласындағы көшбасшылық, өзін-өзі жетілдіру және басқаларды дамыту, инновациядағы көшбасшылық, мектепті басқарудағы көшбасшылық, қоғаммен тиімді байланыс жүргізе алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Әр облыстың білім беру жүйесі менеджментіне тән кемшіліктердің бірі жаңа тағайындалған мектеп директорларына қолдау көрсету деңгейінің әлсіздігі болып табылады. Облыста басшыларға кәсіби тәжірибемен бөлісуге, өзара пайдалы білім беру жобаларын құруға мүмкіндік беретін мектеп директорлары ассоциациялары және одақтары жоқтың қасы [9].

«Өрлеу» ҰПКО» АҚ филиалдары аясында біліктілікті арттыруға арналған қысқа мерзімді курстар өткізіледі. 2016 жылы менеджмент мәселелері бойынша 3300 адамның біліктілікті арттыру курстарынан өтуі жоспарланған. Алғашқы жартыжылдықта 43,3% курстан өтіп отыр (2600 адам).

Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұны және мектептердегі жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселелерін қолданысқа енгізу бойынша директорларға қолдау көрсетуге бағытталған курстар да ұйымдастырылып отырады. 2013-2016 жылдары «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан Қазақстанның 7 өңірінде орта білімді жан басына шаққанда қаржыландыруды апробациядан өткізу жөніндегі оқыту семинарлары өткізілді.

Шешімін табуы тиіс мәселелердің бірі мектептің басқарушы кадрларын жұмысқа тарту және олардың жұмыс орнында қалуын ынталандыру жағдайларының қарастырылмағандығы болып табылады. Мектеп директорының орташа жалақысы мұғалімнің орташа жалақысынан шамалы ғана жоғары. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қатардағы мұғалімнің базалық жалақысы - 50 967 теңге, директордың жалақысы – 72 204 теңге [10]. Бұған қоса, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың үшдеңгейлі курстарының енгізілуіне байланысты мұғалімнің жалақысы мектеп директорының жалақысынан 2 есеге дейін жоғары болуы да мүмкін (курстардан өткеннен кейінгі мұғалімнің жалақы мөлшері – 169 609) . «Үшдеңгейлі курстардың жүргізілуіне байланысты, қазіргі кезде ешқандай мұғалімнің директор болғысы келмейді. Одан да, жауапкершілігі аз, жалақысы жоғары қарапайым мұғалім болып жүре берген артық» - деген пікірді мектеп басшыларының бірі білдірді.

Ауылды жерлердегі және артта қалған мектептердің директорларының жалақыларына үстеме ақының қарастырылмауы да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Басқа елдерде әлсіз мектептерге тиімді басқарушыларды жұмысқа тарту тәжірибесі қалыптасқан. Францияда және Жаңа Зеландияда әлсіз мектептердің директорлары үшін үстеме жалақы төленеді.

Сондай-ақ, кейбір облыстарда мектептердің басшылары үшін материалдық емес ынталандыру жағдайларын да құру қажет. Ресейде, мысалы, мектеп директоры мамандығының мәртебесі мен тартымдылығын арттыру үшін 2010 жылдан бастап жыл сайын «Мектеп директоры» конкурсы өтіп тұрады [54]. Бұл секілді конкурстар АҚШ Ұлттық мектеп директорлары ассоциациясы тарапынан 50 штаттағы мектеп директорлары арасында да  өткізіледі  (National Association of Secondary School principals).

Білім берудің тиімділігі жоғары жүйелерінде басшылар өз уақыттарының 80%-ға жуығын оқытуды жақсарту, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне арнайды екен. Олардың жұмысы мектепті әкімшілендіруге емес, оқу үрдісіне басшылық жасауға бағытталған.

Кейбір облыстарда орта білім беру жүйесі автономиясы бойынша жүргізілген зерттеулер мектеп директорлары уақытының  60-70%-ын әкімшілік мәселелерге арнайтындығын көрсетіп отыр. Олар оқу-тәрбиелеу үрдісін басқарудан гөрі, шаруашылық бөлімінің басшылары секілді әрекет етеді  [11]. Бұл ретте басшылардың өздері бухгалтерия, юриспруденция, мемлекеттік сатып алу салаларында білімдерінің жеткіліксіз екендігін тілге тиек етіп отыр және аталған мәселелер бойынша тренингтер өткізген жөн деп санайды. «Біз №1 педагог-мұғалімдер, заңгерлер, есепшілер, ұйымдастырушылар бола алуымыз керек» - деп өз сұхбатында мектеп директорларының бірі  атап көрсетті.

Мұғалімдерді бағалау үрдісімен салыстырғанда, мектеп басшыларын аттестаттау процедуралары әр облыста жаңа ғана басталып келеді (Заңнама бойынша үш жылда бір рет). Мектеп директорларын аттестаттаудың ресми критерийлері белгіленбеген, сол себепті бұл процедура шын мәнінде оқушылардың жетістіктерімен ғана бағаланады (ҰБТ орташа ұпай саны, олимпиадалардың нәтижелері) және бұл ретте мұғалімдерді кәсіби дамтудың үш жылдық есебі негізге алынады. Көптеген мектеп директорлары аттестаттаудан өтудің қағаз жүзінде ғана жүзеге асырылатындығын жасырып отырған жоқ. Аттестаттау нәтижесі директорлардың жалақысына және олардың мансаптық жолына ешқандай да әсер етпейді[12].

Білім беру саласында жүргізілетін реформалар: 12 жылдық білім беру жүйесінің қолданысқа енгізілуі, білім беру мазмұнын жаңарту, жан басына шаққандағы қаржыландыру, мектептердің уақыт өткен сайын өсіп келе жатқан дербестігі жауапкершіліктің басым үлесінің мектеп басшыларына жүктелетіндігін білдіреді

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!