Тақырыбы: Жас
технолог
Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні
бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділігі:Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік,
инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық
қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Дамытушылығы:оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа,
икемділікке тәрбиелеу.
Сайыс өтілу барысында:
ұйымдастыру бөлімі.
Керекті құралдар:нақылсөздер, плакат, көрнекіліктер.
Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі 8 а ,9 а,9 б, 10 а, 10
б сыныбында өткелі отырған «Жас технолог» атты қыздар сайысына хош
келдіңіздер!
Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз қыздардың шашын
өсіріп ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпытағып, сұлулыққа
жастайынан баулыған, қызбалаға керек қасиет – талғам, жарасым,
ақыл, білім, іскерлік өмір тіршілігінен нәр алып тамырға
жайылады.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап
аламыз:
1.Тәрбие ісініңорынбасары:Жұмалиева.Н 2.Аға тәлімгер Харесова.Г
3.Педагог психолог:Кубашева.Г
Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1. «Таныстыру»
2. «Қол өнер»
3. «Сұрақ жауап»
4. «Мақал – мәтел жалғасын табу»
5. «Шаш үлгісін көрсету»
6. «Кім жылдам»
7. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады
І сайысбөлім – «Таныстыру» Бұл бөлімде оқушылар топ атымен,
эмблемамен, ұранымен таныстырады.
ІІ бөлім «Қолөнер» сайысы
Бұлбөлімдеоқушыларөздерініңжасағанзаттарыментаныстырып, жасалу
жолдарын түсіндіреді.Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жиғандай өнербағын.
“Анакөрген тон пішер” деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын
ІІІ бөлім «Сұрақ - жауап» сайысы.
1-жұп сұрақтары: 1.Торта дегеніміз не? (Қаймақ, сарымай
тұнбасы)
2. Жүн мен жібек маталарды қандай талшықтардан
дайындайды. (Жасанда, табиғи, химиялық)
3. Жіп катушкасынан келген жіпті ұстап тұрады. (Бұрандалық, тартқыштығырық)
2- жұпсұрақтары: 1.Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспес үшін қандай киім киіледі? (Алжапқыш. Халат. Арнаулы
орамал)
2.Матаның ауа өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы, ылғал мен
шаңөткізгіштігі қандай қасиеті? (Гигиеналық, физикалық-механикалық,
технологиялық)
3. Реттеуіштің бөлшектерін ұстату үшін қажет? (Ұстатқышшеге, тарту
серіппесі)
3-жұп сұрақтары: 1.Шалап дегеніміз не? (Ашытқанқымызға су
қосу арқылы дайындалады, айранға су қосу
арқылы дайындалады. Сүтке су қосу
арқылы дайындалады).
2.Негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылатын қандай айқаспа? (Кездеме, саржалық, сәтендік)
3. Тартқышығырықтарды бір-біріне қысып тұрады? (Қалпақ, тарту серіппесі)
4-жұп сұрақтары: 1.
Қор дегеніміз не? (Ашыған
айран.Ашығанқамыр)
2.Матаның отыру, тез сетінегіштігі,
тігістерде жіптің ыдырауы қандай қасиеті? (Технологиялық, гигиеналық, физикалық -
механикалық)
3. Ине мен шөлмекке өткізілетін артық жіпті тартып тұрады. (Жіптартқыш серіппе, ұстатқыш шеге)
5- жұпсұрақтары: 6.
Емдік қасиеті бар қандай
сүт? (Қымыз, шұбат, айран)
2. Өте жіңішке нәзік жіп, оны тұт жібек құртының қуыршағынан алады? (Табиғи жүн, табиғи жібек, табиғи мақта)
1.Тігін машинасының неше түрі бар? (3)
2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран, қатық, кілегейт.б)
3.Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4.Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үштүрі бар)
11. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады? (суретіне, жылтырлығына,
тігістігіне рай)
12.Шайдың отаны қай
ел? (қытай)
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі, етікт.б)
14. Бәрін тойдырады, ал өзіжемейді? (қасық)
15. Жарқылдаған қосқылыш, қолға тисе жоқтыныш. (қайшы)
16.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру керек? (ұшжағын
өзіңе қаратып беру керек.)
17.Шебер көпжерде (өнер) көп.
18. Матаның қоршаған орта данылғалдықа былдап алу қасиеті қандай қасиет? (ылғалөткізгіштік)
19.Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
20.Мата неден тұрады? (талшықтан)
21. Биылғы жыл қандай жыл? (қоян)
22.Матадағы негізгі жіп
пен арқау жіп қалай орналасады?
23.Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)
24.Су бүріккіш пен дәке не үшінқажет? (Күйіп
қалмау үшін)
25. Еңбекқылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
26.Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (мата, кергіш, ине, жіп,
қайшы.)
27. Ас үй құрал–жабдықтарын атаңыз. (қасық, пышақ, шанышқы, тақтай, т.б.)
28. Саусаққа киетін құрал? (оймақ)
29. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (кимешек)
30.Қой терісінен тігілген ер адамдардың сырт киімі? (тон)
ІV бөлім «Мақал-мәтел жалғасын табу» депаталады.1. Еңбек
қылмай тапқан мал .... ....... (дәулет
болмас) 2.
Пайда ойлама, ар ойла, талапқыл ...... ....
(артық білуге)3. Еңбек түбі мереке, көп тіңтүбі ...... (береке) 4.
Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ..... .... (ер көгерер)
5. Ақылды қыз білімге жүгірер Ақылсызқыз ...... ...........
(сөзге ілігер)
6........... басынан шіриді.(балық)7. Өнер алды қызыл .....(тіл)
V бөлім «Шаш үлгісін көрсету»Әр топ мүшелері шаштарын өріп,сол шашты қалай өрім жасағаны жөнінде айтып береді, қыздарға 6-7 минут беріледі.
Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойыңа жиғандай өнербағын.
“Ана көрген тон пішер” деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын
VI. «Кім жылдам»деп
аталады – бұл бөлімге екі қыз қатысады, біреуі картоп қабығын
тазартып жарысады. Картоп тазалауға кем дегенде 3 минут беріледі,
барлық қыздарға берілетін картоп формасы бірдей болуы
керек. Екінші аруымыз күрішті шиінен тазартады, күріш тазалауға 2 минут беріледі.
VII.“Ою ойғанның ойы ұшқыр” деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша түскиіз бетін ою
– өрнекпен әшекейлеу қажет. Әр топқа қағаз беріледі. Сол қағаздың бетіне түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек ойып, түсүйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруларыңыз қажет.
VIII. Сән үлгісін көрсету.
Оқушылар өздерінің қиялынан матадан немесе басқа да заттардан киімтігіп көрсетеді.
Қорытындылау. Осымен бүгінгі «жас технолог»
атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.