Материалдар / Жас Ұлан ұйымына қабылдау сценарий

Жас Ұлан ұйымына қабылдау сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылданатын оқушыларды салтанатты жиынға дайындау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
7866
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларды "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау

(АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.
І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!ІІ жүргізуші: Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!І жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.Тыңдаңыздар! Мектеп түзел! Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!
ІІ жүргізуші: Түсініп терең, өмірдің мәнін,Жалынды жастар, сендерсің сәнімБеретін бойға күш-қуат,жігерШырқалсын шаттық әнұран әнім!Әнұран ойналадыІ-жүргізуші: Ендеше, оқушыларды Жас Ұлан ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.ІІ-жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының әрбір мүшесі:І жүргізуші: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.


ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.І жүргізуші: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.ІІ жүргізуші: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.І жүргізуші: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.ІІ жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.І жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресушіІІ жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.І жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.ІІ.жүргізуші: Жас Ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.І жүргізуші: Білімді –көкіректе нұр деп түсін Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін. Аталған мақсат, талап, ережені, Орындауға бәріңде міндеттісің!ІI жүргізуші: Біз ...Оқушылар: Жас ҰланІІ жүргізуші:- ұранымызОқушылар: Жас Ұланбыз – Тәуелсіз ел қыраны.
Патриотпыз , білім, бірлік ұраны.
Жас Қыранға – үлгі болар әрқашан
Біз жайықтың болашақ ел ұланы.(Жас Ұлан әнұраны ойналады).
І жүргізуші: Қабылдауға Жас ұландар дайын.ІІ жүргізуші:Егеменді еліміздің тірегіМектептің болашағы жігеріДостықпен татулық тілегіЖас Ұлан ұйымының біз түлегіОқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.І жүргізуші: Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді Жас Ұлан ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін Жас Ұлан ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.( Жас Ұланның 1 мүшесі ант береді, қалғандары Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;Білімге табандылықпен ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға;Табиғатты аялауға;Жас Ұлан Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеАНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


І жүргізуші: Құттықтау сөз
1.
2.
3.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар Жас Ұлан ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер Жас Ұлан деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай Жас Ұлан балалар ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ