400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас ұрпақ сіңіретін мәдени құндылықтардың әсерінен тұлға қалыптасады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ салт-дәстүрінде рухты көтеретін, жас ұрпаққа құндылық дарытатын мәдени-тәрбиелік маңызы зор бірқатар заңдылықтар бары бәрімізге аян. Мәселен, бала туғығанда қарын шаш жіберіп, тұлым өсіріп, атқа мінер шағында тұлымын кесіп, атқа қондырған дала мәдениеті, баланың тақымы берік, тізгінді,намысты болуға жетелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған:

КМҚК «Құрылыс колледжі»

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Хуанар А


ЭССЕ

Жас ұрпақ сіңіретін мәдени құндылықтардың әсерінен тұлға қалыптасады.



Қазақ салт-дәстүрінде рухты көтеретін, жас ұрпаққа құндылық дарытатын мәдени-тәрбиелік маңызы зор бірқатар заңдылықтар бары бәрімізге аян. Мәселен, бала туғығанда қарын шаш жіберіп, тұлым өсіріп, атқа мінер шағында тұлымын кесіп, атқа қондырған дала мәдениеті, баланың тақымы берік, тізгінді,намысты болуға жетелейді. Тұлға қалыптасу үшін, шаранада жатқан сәттен тәрбие берген жөн деп жатады. Ол да шындыққа жанасады. Себебі, бала ананың жатырында жатқанда қазақи құндылығы жоғары күй, терме сынды тәрбиелік қасиеті терең дүниелерді тыңдайтын болса, бала едәуір момын,сабырлы болатындай. Ойшыл бала қайдан шығады.Меніңше отбасында қазыналы қарты бар үйдің балалары ақылға зерек,еңбекке елгезек болатыны хақ. «Ата көрген оқ жөнар,ана көрген тон пішер»,- деген халық даналығында. Ата сөзі балалы, ана аузы дуалы, болған отбасында жас ұрпақ мәдени құндылықтарды өз бойына сіңіре отырып, қоғам баспалдағынан жоғары шығары сөзсіз.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар, ұстаздар оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан» демекші, мектеп оқушыларының санасына халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

    Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу – бүгінгі күн талаптарының маңыздысы. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»- деп ата –бабамыз өсиет еткен. Тамырын тереңге жайған саналы ұрпақтарымыз көп болсын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.10.2020
455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі