Материалдар / Жас ұрпақтың жеке дара қабілетін ашу Шығармашылық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жас ұрпақтың жеке дара қабілетін ашу Шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шығармашылық жұмысты жүргізудің негізгі мақсаты дарындылық қабілеті бар оқушылардың білімдерін, бойдағы бар қасиеттерін дамыту, жан – жақты баланы қабілетіне қарай ашу. Менің ойға түйгенім: әрбір оқушы өз алдына бір әлем, бойында бір қабілет болады және де әр түрлі бағытта.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебі»





Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:

Жас ұрпақтың

жеке дара қабілетін ашу











Тарих пәнінің мұғалімі: Абуова Жибек Кураловна






Аннотация


Бұл шығармашылық жұмысты жүргізудің негізгі мақсаты дарындылық қабілеті бар оқушылардың білімдерін, бойдағы бар қасиеттерін дамыту, жан – жақты баланы қабілетіне қарай ашу. Менің ойға түйгенім: әрбір оқушы өз алдына бір әлем, бойында бір қабілет болады және де әр түрлі бағытта.

Бірақ кейбір балада бойындағы қабілет байқалып тұрады, ал кейбіреулерінде байқалмайды.

Дарынды, қабілетті оқушыға білімін шыңдай түсу үшін дұрыс бағыт – бағдар бере білу керек. Ал байқалмай тұрған қабілетті тереңірек үңіліп, аша білсек, дарындылар қатарына қоса білсек, бұл біздің, ұстаздардың жетістігі деп білемін.


Дарындылық қабілетті дамыту


Мақсаты:
«Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтау, бейімі мен қызығушылықтарына байланысты білім, білік, дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шыңдау және ғылым жолына бағыт бағдар беру, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»

Міндеті:

- Олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.

- Өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

- Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

- Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

- Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін,танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

- Жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту.

- Білімнің бағасын арттыру

- Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.


ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Дарынды оқушыларды таңдауда назар аударатын ерекшеліктер

Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды; Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.

Дарынды баланың сипаттамасы

Дарынды баланың сипаттамасы Интеллектуалдық сферасы Ойлау қабілеті тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса, тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді.

Дарындылық анықтамасы

Іс әрекетінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады Іс әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.

Дарынды баланың ата – анасына берілетін кеңестер:

Өзіңіздің балаңыз үшін өзіне ұқсайтын, жан дүниесі мен мінезі, қабілеттері сәйкес келетін дос табуына көмек беріңіз; Балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз сын көз-қарастарынан сақтай біліңіз.

Дарынды оқушымен жұмыс жүргізетін мұғалімге қойылатын талаптар

Жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезіну; Оқушыны жақсы көруі және жоғары деңгейдегі қарым-қатынаста болуы; Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі; Ата-анамен тығыз байланыста болуы Конец формы

«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» - деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.
Дарын - адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып,болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?
Ия, бүгін қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет. Дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет. Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді.


Дарындылық деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз?

1.Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
2.Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын беру.
3.Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелерді жинақтау.
4.Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологияларын жалпылау.
Күтілетін нәтиже:
Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделенеді.
Ғылыми–әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балаларға сипаттама беріледі.
Балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға арналған әр түрлі әдістемелер жинақталады.
Дарынды балаларды оқытудың инновациялық технологиялары жалпыланады.


Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілетті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік - бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оянып келе жатқан алғашқы белгісі. Демек,бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік келешектегі қабілеттіліктің көрсеткіші бола алады. Ерекше қабілеттілік - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
Адамның ерекше қабілеттілігі оның жоғары туа біткен жеке қасиеттерімен тығыз байланысты.
Табиғи дарындылық дегеніміз не?

Нышан дегеніміз - қабілеттің дамуының анатомиялық - физиологиялық алғышарты.
Қабілет дегеніміз - тұлғаның кез келген іс - әрекетті табысты орындауы.
Дарындылық дегеніміз - адамның кез - келген іс - әрекет түріне ерекше қабілетті болуы.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Данышпандық дегеніміз - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.


Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі.


Дарынды балалар сипаттамасы
Дарындылықтың факторлары

Ақыл-ой Жалпы қабілеттілік - Ақыл-ой коэфициенті120 балдан жоғары;
- Ерекше есте сақтау;
- Ауызша түсіну және ойды нақты баяндау ;
- Сөйлеу шапшаңдығы, мол сөздік қор;
- Есептеуіш қабілеттіліктер;
- Ойлау өткірлігі(қабылдау жылдамдығы)
- Қабылдау кеңдігі (объектімен кең композициялар құру);
- Жүйелі білім құрылымы (ақпаратты өңдеу, анализ -синтез, индукция- дедукция);
- Аса жоғары тұрақталған көзқарас
- Байқағыштық;
Арнайы қабілеттілік - Академиялық ( жеке пәндер бойынша жоғары нәтижелер);
- Лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттігі);
- Қисынды –математикалық (объектілермен,символдармен, белгілермен жұмыс жасау);
- Кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау);
- Музыкалық (орындау, шығару);
- Жеке тұлғалық ( өз сезімін басқара білу,ажырату, сараптама жасау)
Шығармашылық - Мәселені түсінушілік ( олардың танылуы, табылуы);
- Шапшаңдық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық);
- Икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу);
- Түпнұсқалық ( обьектіні дамыту, жаңа шешімдер, идеялар);
- Елестету ( фантазия);
- Жоспарлау;
- Шешімдерді қабылдау;
- Шешімдерді жүзеге асыру, зерттеушілік белсенділік;
- Эмоционалды белсенділік; Сезіну;
- Аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы);
- Өзін-өзі дамыту;
Мотивация Танымдық қажеттіліктер - Білімге құштарлық, танымдық белсенділік;
- Ақыл-ой еңбегін қанағаттандыру;
- Оқудың шапшаң жылдамдығы мен ептігі;
- Әрекет етудің белгілі бір жақтарына жоғары сезімталдық.
Мақсатқа тұрақтылық - Тұрақты қызығушылық;
- Мақсатқа жетудегі тұрақтылығы;
- Мүмкіндіктерін таратуға ұмтылу;
- Еркіндікке тұрақтылық;
- Еңбексүйгіштік жұмысқа қабілеттілік ;
- Өзін-өзі тәрбиелеу;
- Өзін өзі сынай білуі.
Оқушының тұлғалық әлеуметтік бейімделуі

Жанұя. Мектеп. Қоғам - Өз қатарымен, ересектермен өзара қарым-қатынасын орната білу дағдысы
- Ынталылық
- Өзін және өзгелерді түсіне білуі
- Іс-әрекетте тәуелсіздігі
- Жалпыға бірдей стандартты қабылдамау
- Ашық темперамент
- Өзін-өзі басқару, өзіндік жауапкершілік
- Мен - концепциясы (өзіне сенімдік және өзін адекватты бағалауы)
Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді.


Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға төмендегідей әр түрлі оқыту әдістерін кешенді түрде қолдану негіз болады:
- Балаларды бақылау әдістерінің түрлері;
- Арнайы психологиялық тренингтер;
- Балалардың мінез- құлқын бағалау арқылы тексеру;
- Арнайы бағдарламалар бойынша сынамалы сабақтар жүргізу;
- Интеллектуалдық іс шараларды ұйымдастыру ( пәндік олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, байқаулар және т. б.)
Баланың танымдық және тұлғалық даму деңгейін айқындау мақсатында төмендегідей шкала бойынша анықтау ұсынылады:
- Төменгі деңгей егер жеке ерекшелік мүлдем байқалмаса;
- Орташадан төмен деңгей егер жеке ерекшелік сирек байқалса;
- Орташадан жоғары деңгей егер жеке ерекшелік жиі байқалса;
- Жоғары деңгей егер жеке ерекшелік үнемі байқалып отырса.
Педагог баланың дарындылық қасиетін оның белгілі бір қызмет түрінде жиі байқауы мүмкін.

Тұлғалық сфера
- Жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс;
- Белгілі бір қызмет барысында жаңа шығармашылық жұмысты орындауға ұмтылу;
- Белгілі бір қызмет түрінде жаңа жобаны өздігінше жүзеге асыруға ұмтылу.
- Жаңа біліммен және біліктілікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
- Алынған ақпаратты талдауға, жинақтауға, қорытындылауға және өз қызметінде пайдалана отырып, нәтиже шығаруға деген қабілеттілік;
- Алға қойылған мәселенің қайталанбас шешімін таба білуге деген қабілеттілік.
- Өз көзқарасың басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну;
- Белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс;


Оқу мен тәрбиенің сыныптағы бала танымына лайық жолдарын сұрыптау, әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатымызға айналуы тиіс.Тұлғаның қоғамдық, құнды қасиеттерін дамыту.Заман ағымына қарай толысу, өсіп-жетілу, білімін, іскерлігін, шеберлігін шыңдау. Әрбір жеке тұлғаның өз басына сын көзбен қарап, өзін-өзі реттеп, өз бойындағы қасиеттерді іске асыратын Қазақстан азаматын тәрбиелеп шығару.



«Әрбір бала –болашақ данышпан» Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет. Адам бойындағы дарындылықтың екі түрі: «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісі «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған. « Туа қалыптасқан» данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовті жатқызуға болады. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен.
Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді»,

«Сен қабілеттісің» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық.

Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

Ұстаз алдында отырған оқушыларды: ерекше қабілетті,

орташа деңгейдегі оқушы,

үлгерімі нашар оқушы - деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе.

Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
XXI ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық - психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және есуі сүрлеуден арыла алатын, нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.

Дарынды бала – даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағымды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!