Материалдар / Жас ұстаздармен жұмыс жоспары

Жас ұстаздармен жұмыс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2020-2021 оқу жылы бойынша жас ұстаздармен жүргізілген жұмыстар есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
1354
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2020-2021 оқу жылындағы жас мамандармен

жүргізілген жұмыстардың жылдық есебі

Жыл басында Жас ұстаздар туралы мәлімет дайындалып, тәлімгерлер бекітілді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Нұртаева жас мамандармен жұмыс жоспарын дайындап, бекітуге ұсынды. Жыл бойы әдістемелік көмек ұйымдастырылып, сабақтарға кіру жоспарланды. Қыркүйек айында педагогикалық көмек: «Бағдарлама, жоспар, сабақ» атты педпрактикум жүргізіліп, мұнда бағдарламалардың орындалуын, мақсаттың айқын болуы, жоспар жасаудың ережелерін, оқулықпен сәйкестігі тексеріліп, сағат санының сақталуы талап етілді.

Мектептің стандарттары іс-қағаздары: журнал, дәптер толтыруға қойылатын талаптар жөнінде сөз қозғалды. Қазан айында К.Үмбетова мен Б.Алиева «Жаңартылған білім мазмұнының талаптары» атты педпрактикум өткізіді. Бұл тұста жас ұстаздар қысқа мерзімді жоспарды құру және мақсатпен жұмысжасауды үйренеді.

Қазан айында мектеп психологі А.Зинекешова «Көңіл-күй терапиясы» атты тренинг өткізіп, жас ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнатты.

Қараша айында қосымша педагог С.Мақпырова «Бүгінгі жас мұғалім - ертеңгі ұлағатты ұстаз» тақырыбында ашық дискуссия - дөңгелек үстел ұйымдастырыды. Мақсаты: Ұлағатты ұстаздармен жас мұғалімдердің арасындағы байланысты нығайта отырып, үлгілі ұстаздарымыздың жас мамандарымызға кәсиби бағдар беру, ал міндеті: жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, оларды жігерлендіріп, көңіл-күйлерін көтеру болды.

Желтоқсан айында мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары А.Амантаева жас ұстаздардың сабақтарына қатысып психологиялық-әдістемелік көмек көрсетті, түсінібеген сұрақтарына жауап берді.

Осы айда мектеп психологі А.Зинекешова «Тұлғаның педагогикалық қызметіне дайындығы мен бейімділігін анықтау» мақсатында жас ұстаздардан тест жұмыстары алынды, нәтижесінде барлық жас маманның педагогикалық қызметке дайындығы мен бейімділігіжоғары деңгейді екені анықталды.

Қаңтар айында жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу мақсатында, С. Мақпырова «Үздік жас маман - 2019» сайысын ұйымдастырды. Сайыс үш турдан тұрды:

1. «Шығармашылыққа толы сын сағат»

2. «Мамандығым-мақтанышым» таныстыру

3. «Мақсатыма жету үшін талпынамын» ой-талқы

Қорыта келе химия пәні мұғалімі А.Сарбупина «Үздік жас маман - 2019» байқауының жеңімпазы атанды.

Ақпан айында мктеп психогі А.Зинекешова «Мұғалімнің әдептілігі» атты психологиялық тренинг өткізді. Нәтижесінде бес жас маман педагогикалық манерді сақтауға бағытталған, ал біреуі жылдам шешімді қабылдауға , бейімділікті көрсетті.

Наурыз айында А.Амантаева «Үздік тәрбиеші-2019» атты сайысын өткізді. Бұл сайыста интернат тәрбиешілерінің шығармашылықпен жұмысы көрініс тапты.

Б. Алиева наурыз айында «Оқыту сапасын жақсартатын формативті бағалаудың тиімділігі» тақырыбындағы коучинг өткізіп, жас ұстаздарға сумативті және формативті бағалауды үйретіп, тиімділігі мен маңызын түсіндіріп әдістемелік көмек көрсетті.

Жыл соңында жас ұстаздардың жыл бойғы жұмысы талданып, қорытынды жасалды.




































Бекітемін: «Бозой жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

М.Д.______ И.Алиев 2020-2021 оқу жылына арналған

« » ____ 2020ж жас ұстаздармен жұмыс жоспары



р/с

Іс-шара мазмұны


мерзімі

жауапты

1

Жас ұстаздар туралы мәлімет дайындау.

Тәлімгер бекіту.

қыркүйек

Нуртаева А.

Алиева Б.

2

Жас мамандармен жұмыс жоспарын дайындау, бекітуге ұсыну.

қыркүйек

Нуртаева А.

Тәлімгерлер

3

Әдістемелік көмек беру: сабақтарына қатысу

Қыркүйек-мамыр

Нуртаева А.

Үмбетова К.

4

Педагогикалық көмек:

«Бағдарлама, жоспар, сабақ»

Мектептің стандартты іс-қағаздары: журнал, дәптер толтыруға қойылатын талаптар.

Қыркүйек

Нуртаева А.

Үмбетова К.

5

«Педагогтің эмоционалды ахуалы» сауалнама


Қазан

Сәрсенбаева Г.

6

«Жаңартылған білім мазмұны талаптары» педпрактикум

Қазан

Үмбетова К.

Алиева Б.

7

«Сабақ кезіндегі қиындықтар және оны шешу жолдары» пікіртерім

Қараша

Үмбетова К.

Алиева Б.

Сейтова Ж.

8

«Дарынды оқушымен жұмыс ерекшелігі және жетістікке жету жолдары»

желтоқсан

Мақпырова С.

Алиева Б.

9

«Стреске төзімділікті анықтау» сауалнама


Ақпан

Зинекешова А.

10

«Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру» тренинг.

Ақпан

Зинекешова А.

11

«Үздік тәрбиеші-2020» сайысы

Наурыз

Амантаева А.

12

«Оқыту сапасын жақсартатын формативті бағалаудың тиімділігі»

Сәуір

Алиева Б

Нуртаева А.

13

Жас ұстаздармен жұмыс есебі, жетістік мониторингі

Мамыр

Нуртаева А.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ