Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстан!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Сынып: 6 «а»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы ұғымын кеңейту, елімізге, жерімізге деген құрметтерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтуға, құрметтеуге, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, елтаңбасы, слайдтар, кітаптар, буклеттер.
БАРЫСЫ:
І-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
ІІ-жүргізуші:
Қайырлы күн, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
І-жүргізуші: Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата- бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық- зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгін де халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды.
ІІ-жүргізуші:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 5 «а» сыныбының «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз (Қ.Р. гимні орындалады).
І- жүргізуші:
Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 минут орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
ІІ-жүргізуші:
Көрініс: «Әже мен немере» ( Есіктен немересі жүгіріп кіріп келеді)
Немересі-Нұрболат: Апа, апа далада керемет болып жатыр? Аспанда жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр! Жүріңіз көрейік!
Апасы-Гүлжанат: Е..., е...., жарығым, бұл нышан «Тәуелсіздік» мейрамына арналған керемет қой! Биыл еліміздің «Тәуелсіздік» алғанына 26 жыл толып отыр. Еліміз күннен күнге көркейіп, дамып келеді, балам!
Немересі: Апа , сіз не ойлап кеттіңіз?
Апасы: Ә, балам, апаң не ойлайды дейсің? Сенің болашағыңды, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір туралы ойлаймын.
Немересі: Апа, өткен өмір деген не?
Апасы: Ә, балам, өткен өмір - ол ата-бабаларымыздың өмір тарихы.
Немересі: Ал, ол қандай болған?
Апасы: Ендеше, тыңда балам!
Ерлан: XI ғасырда қазақ хандығын құрдық. Алайда қазақ хандығы бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Араб: Ел жайлауға көшіп, қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты жылатты. Дүрліккен жұрт қашып, Алакөлге аяңдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Диана: Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елді аман алып қалу үшін, данышпан Төле би, Қазбек би, Әйтеке би батырларды батырлыққа, елді бірлікке шақырды. Қазақ халқы бірігіп, жеңіске жетті.
Саят: 1923-33 жылдарда ашаршылықтан қалың халық опат болып, көптеген ақын, қоғам қайраткерлердің өмірлерінің түбіне жетті. Қасымхан: 1941-1945 жылдарында Ұлы Отан соғысында ел үшін жанын қиған қазақ батырлары Ә. Молдағұлова, М. Маметова,
Б. Момышұлы, Т. Бегелдинов фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетіп, жеңіске жетті.
Апасы: Ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған еркіндік пен бостандық таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды, жарығым.
Немересі: Апа, «Тәуелсіздік» деген не?
Апасы: Тәуелсіздік не екенін тыңда балам!
Ерназ:
Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.
Мырзахан Балнұр:
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл! Он бір әріп не мағына береді? Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.
(Оқушылар «Тәуелсіздік» деген әріптерімен ортаға шығады.)
Араб: Т-әріпі –білдіреді теңдікті
Руслан: ә-әріпі – әдептілік, әлдікті
Ерлан: у-әріпі – уайымсыз уақытты
Самир: е-әріпі – егемендік елдікті
Дінмұхаммед: л-әріпі – дейді лағып, лепірме
Әзімхан Аружан: с-әріпі - сенімділік секілді ең
Меруерт: і-әріпі – ілтипат пен ізет қой
Нұржанбай Балнұр: з-әріпі- зиялылық тілек қой
Аружан: д-әріпі –шақырады достыққа
Ерназ: і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа
Алтынай: к-әріпі- дейді күн боп көктегі
Апасы: Міне, балам, тәуелсіздік - сенің еркіндігің, бостандығың, бақытың, болашағың.
Немересі: Тәуелсіз ел атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?
Апасы: Тәуелсіз ел атануымызға Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мухамеджанова сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың арқасында еліміз жеңіске жетті.
Апасы: Балам, Тәуелсіз мемлекетімізді басқаратын елбасы кім?
Сен оны білесің бе?
Немересі: Білемін апа, Ол –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Апасы: 1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын, әнұранын бекітті.
Апасы: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесі күні болып аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Апасы: Міне, балам әрбір Қазақстанның азаматы өз Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бұлжытпай тану керек. Еліміздің тәуелсіздік белгісін қадірлеу, мақтаныш тұту біздің міндетіміз,балам!
І жүргізуші: (сахна сыртында)
Би: «Күй шашу». Орындайтын: Серік Аяулым,
Мырзахан Балнұр, Акбар Диана, Абеева Меруерт
Самир: 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. Иә, Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін, ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Қаншама қан төгілді.
Аяулым: 1986 жылы 16 желтоқсанда орталық алаңға жастар мен студенттер Үкімет басына Колбиннің келуіне қарсы екендіктерін білдіріп, елдің тәуелсіздігін алу үшін шеруге шықты.
І жүргізуші: (сахна сыртында)
Ән: «Желтоқсан желі». Домбырада орындайтын: Темірхан Нұрболат және Серік Аяулым.
Әзімхан Аружан:
Туған ел- Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.
Диана: Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан – туған елім, Досы көп, бата алмайды бір де дұшпан.
Нұржанбай Балнұр: Ел - халқымның Елбасына айналып, Шықтың қайта төр басына сайланып, Тәуекел деп абыройға сүйенген, Қазағыма жетер дейсің қай халық.
Қасымжомарт:
Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар. Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұран, тіліміз, теңгеміз бар. Тәуелсіздіктің жарық күні мәңгі ата берсін.
Ерназ: Әнұраным –жанұраным, Айтар әнім -сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады. Республикам Әнұраны!
Ерлан: Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік –ғажап күн. Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген, Елтаңба - егемен елдің белгісі.
Елтаңба - өжеттік, өрліктің белгісі. Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі. Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі. Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі. Елтаңба - егемен елдің белгісі.
І жүргізуші: (сахна сыртында)
Ән: «Қазақ елі». Қобызда орындайтын: Нұржанбай Балнұр
Дінмұхаммед: Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран –сәні бар. Көк байрақ –ашық көк кеңісім, Алтын күн- белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы- Халқымның батырлық белгісі!
Нұржанбай Балнұр:
Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Білу керек баладағы ең кіші. Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: (сахна сыртында)
Ән: « Тәуелсіз қазақ елі!» Орындайтын: Серік Аяулым
Меруерт:
Қазақ тілді - ана тіл деп атаудың себебі- Анасындай қастерлесін дегені. Өз анасындай сыйлайтұғын әр адам, Өз тілін де құрмет тұтып келеді.
Иманғали: Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар, Кең даладай жиналмаған шалғайы Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдаған.
Мұратқызы Аружан: Қазақстан, кең байтақ өлкем менің, Талай кезең артта қап өркендедің. Отан сүйер ұланның бауырында, Дарқан елім, кең жерім көркей менің!
Руслан:
Жақсы арманның жалғасы, Мұнанда биік самғашы, Тәуелсіз Қазақстаным! Қанат қақ биік талмашы.
ІІ-жүргізуші : (сахна сыртында)
Ән: «Жаса, Қазақстан». Орындайтын: Сейтіш Ерлан
Алтынай: Біз жас ұлан –Отан өркені, Үміт артқан болашағы ертеңі, Туған елдің даңқын көкке өрлетіп, Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені
Меруерт: Қазақстан – елім менің, Отаным.
Нұрболат: Қазақстан – еркін елім, еңселі.
Мырзахан Балнұр: Қазақстан кірлетпейік атағын.
Алтынай: Қазақстан - Ата Заңым бүгінгі.
Нұржанбай Балнұр: Қазақстан – болсын мәңгі ғұмырлы.
Әзімхан Аружан: Қазақстан – жері қазақ елімнің.
Барлық оқушы: Атамекен – әнім әсем шырқалар.
ІІ-жүргізуші : (сахна сыртында)
Хор «Атамекен»
І-жүргізуші:
Тәуелсіздігімізді тұғырлы, елдігіміз мәңгілік болсын деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
ІІ-жүргізуші:
Сау-саламат болыңыздар!
Атамекен
1.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны-ау деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі
Қазағымның махаббаты-ау деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
3.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі-ау деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсем Атамекен 2рет
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен