Материалдар / «Жасай бер,қазақ тілі-Ана тілім !»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жасай бер,қазақ тілі-Ана тілім !»

Материал туралы қысқаша түсінік
5-7 сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебі
















Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Жасай бер,қазақ тілі-Ана тілім !»














Оспанова Гулайхан Серикбаевна








2017-2018 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Жасай бер,қазақ тілі-Ана тілім !»


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз ата тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз маңызын ұғынуға үйреті. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.


Сабақ көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер оқушылар шығармасы.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі .

«Сүйемін туған тілім –ана тілін,

Бесігімде жатқанда- ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін»,- деп С. Торайғыров ағамыз жырлаған ана тілі –қазақ тлі біздің сіңгені анық. Әр қалықтың өз ана тілі болады, сол арқылы өзінің ұлттың ерекшелігін , мемлекеттік беріктігін көрсете алады. Яғни тіл- ұлттың белгісі , халықтың мұрасы, дүниетаным мұрасы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны , сәні, тұтастай кесінін келбеті, болмысы. Адамдық мұрағатқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.

Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам , әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет»,- депті. Бала кейін оны әрі іздейді, бері іздейді таба алмайды. Арып –ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып : «Әке баласына өтірік айтпас болар. Ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат , мәңгілік мұра болмақ па, сірә! » - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана тіліміз!


Бірінші жүргізушы: Салтанат

Сен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе? Мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?!


Екінші жүргізушы: Қуаныш

Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына , әрине, тіл. Тіл ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің , ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?


Бірінші жүргізушы: Салтанат

Оның өте дұрыс . Шынында да тіл қатынас құралы болуымен қатар , ойдың да көрінісі. «Тілі байдың - ойы бай» -деп текке айтылмаса керек .

Екінші жүргізушы: Қуаныш

Иә , тілі тазаның ойы да таза деген де сөз бар емес пе ?!


Бірінші жүргізушы: Салтанат

Әлбетте , әр елдің, әр ұлттың өз тілі бар. Әр тіл өзінше сұлу, өзінше тартымды, өзінше бай. Алайда дүниеде өз тілінен асқан сұлу , бай , түсінікті тіл жоқ.




Екінші жүргізушы: Қуаныш

Адам баласы ес білген кезінен бастап, айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсне бастайды.


1-оқушы : Жалғас

Жастайыңнан қиялыңды қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке-бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы –мақал мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады. Ана тілінде тараған осындай халық мұраларынан үлгі аласың , оларды өміріңе өнеге етесің. Абай даналығына, Махамбеттің батырлығына , Бұхардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына , Абайдың данышпандығына , Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.


2-оқушы: Жансая

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын,

Қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.


3-оқушы: Әсем

Ал екінші бақытым-тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


4-оқушы: Әлібек

Бақытым бар үшінші Отан деген

Кім мықты ? десе біреу,

Отан дер ем

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай –ақ кел-дағы от ал менен.


5-оқушыМағжан

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса да ,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


6-оқушы: Мұхтасар

Әкемнің құты , шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Өткен ұлы тарихтың

Құйған сана ойыма

Туған тілім , өркенде,

Бола бер күшті көркем де.


7-оқушы: Меруерт

Алғыр деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Ел тілінде сөйлейміз,

Тіл білмесең жолың тар.


8- оқушы: Якуб

Білгірлігім асады бәріңізден,

Жетістікті айтамыз әнімізбен.

Отан тілім қашанда құрметтейміз,

Салт-дәстүрін сақтаймыз сәнімізбен.


Ән : «Ана тілім»

9- оқушы: Жадыра

Мұрагеріміз тіліне анамыздың,

Өлеңдерін айтамыз данамыздың.

Ел тілінде сөйлесек жарасады ,

Сәні кірер елім мен қаламыздың.

10- оқушы: Зайнаб

Қазақ тілі . Ол менің ана тілім ,

Ләззат –қуат сөйлессем табатыным.

Тізілтіп сөз маржанын жазғаным да .

Білем анық бағымның жанатынын.

11- оқушы: Ержан

Ана тілім , туған тілім , бал тілім,

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім,

Сен өмірімде таусылмайтын алтыным.

12- оқушы: Жалғас

Тілім менің өмірдегі тілегім ,

Тілім менен тарихымды білемін.

Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,

Қадірлеп те , қастерлеп те жүремін.

13- оқушы: Арайлым:

Қазақ тілі – дана тілі, асыл тіл,

Қазақ тілі баба тілі, ғасыр тіл.

Қазағымның қуанышын сән жырлап,

Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.

14- оқушы: Жандос

Қазақ тілім – сөз байлығың молынан,

Тусын мәңгі ай мен күнің оңыңнан .

Өз тілім деп тебіренген ерлердің ,

Ерейінші бүгінгі күн соңынан.

15- оқушы: Әділет

Ана тілім қымбат қой алтыныңнан,

Не пайда алтыныңның жарқылынан.

Өз тілі мен дінін қастерлеген,

Бабалар айналдым мен салтыңыздан.

16- оқушы: Меруерт

Тілім , дінім самғасын шарықтасын,

Самғаудан еш уақыт жалықпасын.

Өз алдына өмірден теңдік алған,

Ана тілім көгімде қалықтасын.

17- оқушы: Елнұр

Тілім , дінім мақтанышым , шаттығым,

Үнім барда пәк көңілде жоқ мұңым.

Қазақ болып, қазақ тілім болмаса ,

Не етемін өзге тілдің көптігін.



18- оқушы: Зайнаб

Туған тілім – тіршілігімнің айғағы ,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы .

Өссе тілім , мен де бірге өсемін,

Өшше тілі мен де бірге өшемін.

19- оқушы: Қуаныш

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөзден,

Мәнін терең білуді.

І жүргізуші: Салтанат

Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш қуат беретін , ой-сана беретін де осы сөз.

ІІ жүргізуші: Қуаныш

Тек оны тыңдап, мән-мағынасын түсіне білу керек.

І жүргізуші: Салтанат

Олай болса , ұлы адамдардың ойларын тыңдап көрелік.

20- оқушы: Мұстафа

Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы-тіл»- десе, Игунеки: «Әдептің басы- тіл» депті.

21- оқушы: Әмина

«Ана тілін ұмытқан адам өз өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген

Ғ. Мүсірепов

ІІ жүргізуші : Қуаныш

Міне , осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! Олай болса , біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

І жүргізуші: Салтанат

Тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Лайым ойларыңыз да, тілдеріңіз де таза болсын ! Тіліміз жасай берсін!

Оқушылар шығармашылығы.

22 оқушы: Мұстафа

Қасиетті ардақты ана тілім,

Айшықты ана тілім

Анамның ақ сүтімен еміп қоса,

Сонымен саналы ұл боп жаратылдым.

Ән : «Ана тілі»

ІІ жүргізуші Қуаныш

«Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай!

Жан дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай»,-

Ендігі кезекті «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей, мақал-мәтелдерге, тіл туралы нақыл сөздерге береміз.

23 оқушы: Тұрсынай

Ақыл көркі –тіл , тілдің көркі – сөз.

Сөз өнері – киелі өнер,

Өнер алды – қызыл тіл.

Сөз құдіретінен асқан құдірет жоқ.

Адамды жылататын да сөз, қуантатын да сөз.

ІІ жүргізуші: Қуаныш

Ашатын жан сарайын білімдінің

Кешегі анаң айтқан , бабаң айтқан.

Тіліне зер салыңдар бұрынғының-дей келіп, шешендік сөздерін естіп тыңдайық.




Көрініс: Қазыбек биге бір адам:

Ержан: «Кім жақын, не қымбат, не қиын? Деген үш сұраққа жауап беріңізші»,-деп қиылып алыпты.

Сонда Қазыбек би:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса апайың жақын.

Бауырмал болса інің жақын,

Инабатты болса келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың .

Сыбайлас болса , нағашың жақын,

Адал болса досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың –шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең –атың қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат.

Ұят пенен арың қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда .

Пана болмас өз үйің,

Жазылмас дерт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың – деп жауап беріпті.

ІІ жүргізуші :

Қазақпын мен қазақтың бөлшегімін,

Қажетті не , өзгенің өлшемінің .

Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,

Кейіпкері емеспін ертегінің.

Қазақпын мен, қазақтың тентегімін,

Жау шебінде сыналған семсерімін.

І жүргізуші: Салтанат

Қазақпын мен қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не , басқаның өлшемінің.

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді менің жетеді көпке үнім.

Ән «Егеменді Қазақстан»

Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі.

Мен тарихымды ұғындым деп мақтанам,

Тілін білдім, жарын білдім сақтаған.

Шәкірттерім, бұл сөзімді ұғарсың,

Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.

Менің ұстаз жүрегімді ұғын, тілімді ұқ,

Ал басқасын өзің де іздеп табарсың.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!