Материалдар / Жасанды интеллект саласы. Жасанды интеллектті әлеуметтік-экономикалық бағытта қолдану мүмкіндіктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасанды интеллект саласы. Жасанды интеллектті әлеуметтік-экономикалық бағытта қолдану мүмкіндіктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект саласы. Жасанды интеллектті әлеуметтік-экономикалық бағытта қолдану мүмкіндіктері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2024
167
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақ жоспары № 13


Сабақ тақырыбы

Тақырып 4.2.2. Жасанды интеллект саласы. Жасанды интеллектті әлеуметтік-экономикалық бағытта қолдану мүмкіндіктері.


Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Міндеттер

2) Әлеуметтік –экономикалық салада жасанды интеллект саласында машиналық оқыту және блокчейн технологиясының қолданылуы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру;

Мақсаты

2) Әлеуметтік –экономикалық салада жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін сипаттайды;

Күтілетін нәтижелер

Жасанды интеллектіні қолдану саласын, мүмкіндіктерін ажыратады

Қажетті ресурстар және АКТ

В.Г.Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б.Кадыракунов «Информатика» 11 сынып; қосымша ресурстар

Сабақтың барысы

Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру


Психологиялық ахуал

(7 минут)

Жалпы топпен жұмыс.

Шағын дәріс. «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып білім алушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.



Мақсаты мен міндетін хабарлау

1) Техника-технологиялық салада жасанды интеллект саласында машиналық оқыту және блокчейн технологиясының қолданылуы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру;

2) техника-технологиялық салада жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін сипаттайды;




  1. Теориялық және практикалық

2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(10 минут)

Алдыңғы білімді пысықтау

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) әдісі. Білім алушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-топ Ақпарат

2-топ Технология

«Кoнвepттeгi cұpaқ» әдici apқылы aлдыңғы бiлiмдi ecкe түcipу.  Білім алушыларға арналған конверт дайындалады және алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында 3-4 сұрақ жазып, конвертке салынады. Сұрақтарды кез–келген білімалушы ала алады.







2.2. Жаңа материалды зерттеу

30 минут

Білімді жаңарту

Шағын дәріс

«Миға шабуыл» әдісі. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

Жасанды интеллект (Artificial intelligence (AI) – компьютердің немесе роботтың адамдарға тән интеллектуалдық процестерге байланысты тапсырмаларды орындау мүмкіндігі. Бұл – алдыңғы тәжірибе негізінде ойлау, түсіну, жалпылау немесе үйрену қабілеті

Өнеркәсіп Кәсіпорында жасанды интеллектіні қолданудың «дәстүрлі» салалары мен бағыттарына мыналар жатады:

процестерді статистикалық басқару; Ойындардың мүмкіндігі шексіз әрі бізді әрдайым жаңа жетістіктерімен таңғалдыратынын атап өту қажет.

істен шығып қалу ықтималдығының салдарларын талдау;

өлшеу жүйелерін талдау;

баға белгілеу мен тауар қорларын басқару;

жабдықтарға өндірістік қызмет көрсету (ТҚЖ – техникалық қызмет көрсету және жөндеу)

Қоғамда. Бүгінде жасанды интеллект жолдағы кептеліс мәселесін шешу үшін қолданылып келеді. Ол үшін ЖИ нақты уақытта бағдаршамдардан ақпарат жинап, машиналар арасындағы қашықтыққа, орын алған апаттарға талдау жасайды, жолкөлік қатынасын реттеу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жүйе көптеген елдерде қолданылады. Бұл салада қолданудың тағы бір бағыты – автопилотты машиналар


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану

20

1-тапсырма:

«Кейс-стади» әдісі.

Топтық жұмыс. Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.

Ақпарат тобы:

Жасанды интеллекті автокөлік саласында қалай қолдана аласың?

Технология тобы:

Жасанды интеллекті автокөлік саласында қолданау мүмкіндіктерін анықта?



2-тапсырма: «Сұрақ ілмегі» әдісі.

Жұптық жұмыс

Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.Оқулықтағы тапсырманы білімалушылар жұмыс дәптеріне орындап, бір-бірінің тапсырмасын тексереді

Жасанды интеллектің салаларын мәтін бойынша сәйкестендіріңдер.

Автокөліктің борт-компьютері Yui деп аталатын жасанды интеллектімен жасақталған-


процестерді статистикалық басқару;

істен шығып қалу ықтималдығының салдарларын талдау;

өлшеу жүйелерін талдау;

баға белгілеу мен тауар қорларын басқару;

жабдықтарға өндірістік қызмет көрсету (ТҚЖ – техникалық қызмет көрсету және жөндеу).

Ойындық жасанды интеллект (ОЖИ) –

Оған көлік жолаушыларының көңіл-күйін аңғаруды үйретуге болады. Көлікке арнайы сенсор, камералар және мониторлар орналастырылған

Өнеркәсіп


Іс жүзінде интеллектуалдық жүйе ойын ішіндегі кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін басқаруға негізделеді.



  1. Сабақ бойынша рефлексия

6

Рефлекция

Бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарын,не түсініксіз болғанын, әр білімалушы өз ойларын айтады.материал бойынша түсінбеген 1 сұрағын жазады.



  1. Үй тапсырмасы

5 минут


Үй тапсырмасы

1. Google және Yandex компанияларында жасанды интеллектісінің пайдаланылуына салыстырмалы талдау жаса



Бағалау

5 минут

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы білімалушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Сол жазылған ойлары негізінде өтілген сабақтан алған білімі қорытындыланады.








Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


1) Әлеуметтік –экономикалық салада жасанды интеллект саласында машиналық оқыту және блокчейн технологиясының қолданылуы мен жұмыс істеу принципін түсіндіру;


Баға

«Жақсы»

70-89


2) Әлеуметтік –экономикалық салада жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін сипаттайды;


Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


3) Жасанды интеллектіні қолдану саласын, мүмкіндіктерін ажыратады



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.03.2-08 Басылым 5

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!