Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жасанды киізді тұрмыста қолданудың тиімділігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Абстракт
Зерттеудің мақсаты:
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған баға жетпес мұрасын жаңғырту, қазіргі заман талабына сай киізден, фетр матасынан жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру.
Зерттеудің міндеті
-
Тақырып бойынша керекті мәліметтерді іздеп, оқу;
-
Киіз басудың қыр – сырын меңгеру;
-
Бұл өнерге қанық үлкен адамдармен сұхбаттасу;
-
Қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысу;
Зерттеудің жаңалығы: практикалық жиынтық пен тәжірибені байланыстыру. Болашақта менің және мен құрылыптас жастардың қолөнер туындыларының жиынтығын болжау.
Зерттеудің практикалық құндылығы: киізден жасалған бұйымдарды тұтынған кезде киімге жүн, қылшық жұғып қалып, ыңғайсыздық тудырады. Осындай жайсыздықты болдырмау жолдарын іздестіру. Фетр маталарының пайдалы жақтарын зерттеу. Фетр материалынан жасалған бұйымдардың экономикалық, мәдениеттілік жағынан тиімді тұстарын анықтау.
Зерттеу барысы мен кезеңдері: Жетекшімен бірге жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалады. Зерттеудің нақты міндеттерін шешу үшін материалдарды жинақтау, іздену кезеңдері. Практикалық тұрғыда зерттеу және мамандармен, шеберлермен кездесу әдістерін қолдандым.
Зерттеудің тұжырымдары:
1.Фетр материалының неден, қалай жасалатынын білу.
2.Күнделікті тұрмыста қолдануға ыңғайлы, денсаулыққа зиянсыз әрі экономикалық тұрғыдан алғанда пайдалы заттар жасауды көздеу. 3.Қазақтың ұлттық қолөнеріне өз үлесімді қосу.
Зерттеудің даму болашағы: Осы зерттеудің нәтижелерін халқымыздың этномәдениетін дамыту, ұлттық өнерді дамыту жолдарын насихаттау үшін пайдалануға болады.
Abstract
The purpose of the study:
Modernization of the people over the centuries priceless heritage, a modern, felt fabric of everyday household products with convenient ways to search.
The task of the research
• The search for relevant information on the subject, reading;
• The knowledge of the secrets of the challenges felt;
• The people familiar with the art of a great deal;
• Getting to know the works of craftsmen;
The novelty of the research: practical experience and total binding. In the future, I predict the set of the works of the young people and as I crafts.
The practical value of the research: When the consumption of products made of felt wool brush gets on your clothing, and cause discomfort. Finding ways to avoid such discomfort. Felt fabrics useful aspects of the research. Products made of felt material, economic and cultural advantages in terms of definition.The course of the study
Research and stages of the process: the structure of the program of work with supervisor created. The accumulation of materials to address the specific objectives of the study and research stages. In practical terms, research professionals and craftsmen used the methods of the meeting.
The conclusions of the study:
1.Fetr know how that material.
2.Everyday household use, in order to create a healthy and economically useful substances.
3. Play a part in the national crafts of Kazakh.
The research prospects: ethnic and cultural development of our people, the results of this study can be used to promote ways of development of the national art.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Жүн және жүннің түрлері, жүнді өңдеу технологиясы
ә) Қазақ киізінің тарихы
б) Жасанды киізден (фетр матасынан) тұрмыстық бұйымдар дайындау
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де сарқылмас бұлақ. Қолөнер көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазына. Халық өнері – халық даналығының жемісі. Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе, онда елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді. Өйткені ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз.
Әр адам өз бойына даналықты халықтан, ақиқатты табиғаттан, шеберлікті еңбеккерліктен сіңіреді. Біз көркемдік және эстетикалық тәрбиені халық өнерінен үйренеміз.Қазақ халқының қолөнері өзінің көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен, ұлттық нақышымен дараланып тұрады. Халықтың мәдениеті өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Біздің ата-бабаларымыз жасаған қолөнер түрлері баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, бұйымдар, жиһаз бұйымдары жаңа түрге еніп, жетілдіріліп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ» деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек.
Соның ішінде мал жүнінен жасалатын бұйымдардың маңызы ерекше. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен қызмет атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім- кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасаған. Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі.
Негізгі бөлім
Жүн және жүннің түрлері, жүнді өңдеу технологиясы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны “жабағы” дейді. Әлгі жабағының астынан “боздақ” деп аталатын үлпілдек жүн өседі де, жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күпі тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер иіреді.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды.
“Шуда” деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқауылдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда жіп шертер, т.б. ән-күй аспаптарына ішек есебінде де тағылған.
Қойдың жүнін “жабағы”, “күзем жүні”, “қозы жүні”, “өлі жүн” және “шет-пұшпақ” деп бес түрге бөліп айтады. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жұмыс жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де жасалады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің тысының арасына салуға да жарамсыз. Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Киіз басылатын жүнді шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектер де қатысады. Жүн сабау маусымды және көпке ортақ жұмыс болып саналады. Жүн сабау жұмысы қазақ ғұрпында ойын-сауықпен көңілді өтетін-ді. Жүн сабалып болған соң “тулақ шашу” деген ырым бойынша жастар жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді. Жүн сабау жұмысына керекті заттар – сабау мен тулақ. Сабауды бұтақсыз түзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан маусым-шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Ұзындығы 1 м 20 см-дей етіп, екі ұшын тегістеп, тұжырады. Оның диаметрі 2 см-дей, бас аяғы бірдей. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісіде екі-екіден болады. Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Сабайтын жүннің астына тулақ төселеді. Ал тулақ деп әдетте өгіздің, сиырдың керіп кептірген шикі терісін айтады. Жүн сабау алдында тулақты аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетуі мүмкін. Киізді осы сабалған дайын жүннен басады (қ. Киіз басу). Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді “өлі жүн” деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді “шет-пұшпақ жүн” деп атайды. Мұндай жүндер, көбінесе, арқан-жіп есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған. Жылқының жал-құйрығын “қыл” деп атайды. Жал-құйрық, көбінесе, арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған, қауырсындарынан қарқара қадаған, жебенің желбезегіне желімдеген, ондай оқты төменде тұрып жоғарыдағы нысананы дәлдеп атуға қолайлы және ұшқан жолында ауытқымай дәл барады деп есептеген. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны “өте асығыс” деген белгіні білдірген. Осыдан келіп ел мен ел арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны “үкілі пошта” деп атаған. Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мыс., хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыққа үкі қадау ғұрпының жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған. Үкі жүнін ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін – ұлпа, ал бауыр жүнін – қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні, көбінесе, ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз-келіншектер киіміне, көбінесе, ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны “үкі жүндеу” деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Қазіргі кезде жүнді өңдеу жұмыстары өндірістік кәсіпорындарда атқарылады. Мұндай жұмыстар жүн жуу, жүн сорттау, жүн иіру, т.б. болып бөлінеді. Жүн жуу жүнді май мен шайырдан, шаң-тозаңнан, т.б. тазартатын арнаулы аппараттарда орындалады. Олардың құрылысы күрделі, көлемі үлкен (ұз. 70 м-ге дейін), сондықтан жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін ірі кәсіпорындарда қолданылады. Қазақстанда мұндай кәсіпорындар Тараз, Семей, Ақтөбе қалаларында салынған. Қазір бұл кәсіпорындарды қайта іске қосу қолға алынып отыр. Жүнде майлы заттар көп болады. Мысалы арқар-меринос қойдың жүнінде 30%-ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін жүн жуғыш машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын және аммиак қосылып, әбден араластырылады. Бұл құрамның салмағы жуылатын жүн салмағының 6%-ына жетуге, ал судың температурасы 55С-тан аспауы тиіс. Мұнан жоғары болса, жүннің реңі кетуі мүмкін. Жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді. Жүнді өңдеу кәсіпорындарында, сондай-ақ, экстракциялық әдіспен жұмыс істейтін жаңа машиналар қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі – жүн жабық бөлме ішінде хлорлы көмір қышқыл газбен өңделеді. Осы процесс нәтижесінде жүндегі май мен шайырдың 70%-ы кетеді, жүн ажарланып, биязылығы артады. Жүннен алынған май техника мен медицинада кеңінен қолданылады. Жүн сорттау кезінде жүннің дайындау стандартына сәйкес сапасы бағаланады. Мысалы қой жүні одан алынатын таза жүннің мөлшерімен бағаланады. Жүннің әр түріне (биязы жүн, биязылау жүн, ұяң жүн, қылшық жүн, т.б.) Қазақстан Республикасының Стандарттау және метрология комитеті дайындау стандартын бекіткен. Жүн сорттау процесі жүнді алғашқы өңдеу кәсіпорындарында атқарылады. Дайындау стандарты бойынша жүн қалыпты, шөпті, тікенек шөпті және ақаулы болып бөлінеді. Егер жүндегі шөп қалдықтары мен ақау жүннің мөлшері жалпы жүннің 10%-нан аспаса қалыпты жүн, егер бұл мөлшерден артса шөпті не тікенекті жүн деп атайды. Кейбір жүн ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал болады. Мұндай кемістік 10%-дан артса, онда ақау жүн болып есептеледі. Осы төрт түрдің әрқайсысы түсіне қарай бірнеше сортқа және сапасына қарай бірнеше класқа бөлінеді. Биязы және ұяң жүнді қойдың тұтас жүні ақ және әр түсті болып екі сортқа бөлінеді. Ақ түске таза ақ жүн, әр түстіге қылшық араласқан өзге түстер жатады. Меринос қой жүнін сорттағанда талшығының ұзындығы, жуан-жіңішкелігі, тазалығы, бұйралығы ескеріледі. Биязы және ұяң жүнді сорттағанда тұтас жүннен басқа да мынадай сорттары болады: құйрық жүн (бөлек қырқылады және бұған балақ жүн, желіннің айналасынан қырқылған жүн де жатады); жұлма жүн – тұтас жүннен үзіліп түскен жүн. Пұшпақ жүн – ірі қылшықты ұйпаланған жүн. Жүннен немесе жүн араластырылған басқа да талшықтарды иіру арқылы жіп алынады. Мұны жүн иіру деп атайды. Оның тарақтап иіретін және аппаратпен иіретін екі жүйесі кең тараған. Тарақтап иіру тәсілі арқылы жіңішке әрі тегіс, биязы әрі беріктігі жоғары жіп алынады. Осындай жіптерден жоғары сапалы мата тоқылады. Аппаратпен иіруде шикізат ретінде таза жүн, басқа талшықтармен араласқан жүн, тарақтап иіру қалдықтары мен қылшық, әр түрлі хим. талшықтар, мақта т.б. қолданылады. Мұндай жіптен шұға, драп, тех. мата, т.б. тоқылады.
Қазақ киізінің тарихы
Жалпы киіз басу ежелден келе жатқан дәстүр, бұл өнердің біздің заманымызға дейінгі ғасырларда қазақ даласына кеңінен таралып кеткені мәлім. Бұл жерлерді мекен еткен ата-бабаларымыз киізден түрлі бұйымдар жасайтын болған. Мысалы, Пазырық елді мекенінен киізден жасалған бедерлі, мүсінді бұйымдар табылған. Сол себепті де киіз басу дәстүрін осы құтты мекенде пайда болған деп топшылауға толық негіз бар. Бүгінгі күні пима киіп, үйіне текемет төсейтін қазақтар жоқ болғанымен, киізден жасалған бұйымдарға деген сұраныс бар. Киіз басу - қазақтың төл өнері. Сондықтан да оны қолданыстан шығып қалды деуге болмас. Керісінше, заман өзгеріп, қолданыстың жаңа формасына енді. Яғни қолдану аясы ғана өзгерген.
Киіз – түрік тілінен «жамылғы», ағылшын тілінде – filt, неміс тілінде – filtz. Бұның бәрі Нұх заманында аңызға сәйкес басталды. Бірінші басылған кілем Нұх кемесінде пайда болды. Сол кемемен жүзген қойлар тар қораларда ұсталды. Олардың бүйірлерінің жүндері жерге түсіп, су болып қалатын, тұяқтарының астында тапталып, ұрылатын. Қойлар кемеден шыққан кезде, жерде әдемі жүнді кілем қалып қоятын.Археологтар бірінші басылған бұйымдарды пайда болуын біздің заманымызға дейін VІ –V ғасырдағы мерзімді айтты. Түлеу кезінде жиналған жабайы жануарлардың жүндерін баса отырып, ежелгі адамдар бірінші қарапайым киімді дайындады, тек бір ғасыр өткеннен кейін ғана олар иіруді, тоқуды және өруді үйренді. Әлемдік мәдениетке киіз еуразиялық далалардың көшпенділерінен, Тибеттің, Памирдің, Алтайдың, Кавказдың тау мал өсірушілердің өнертабысы ретінде кірді. Ең көп таралған орыс киіз басылған бұйым, бұл әрине пималар болып табылады. Сонымен қатар Ресей жерінде пималарға қоса, олар шұға және шаруашылыққа қажетті киіздерді, киізден жасалған баскиімдерді сақтау үшін арналған дорбаларды дайындайтын. Ал енді өзіміздің қазақ халқының өнеріне тоқталсақ, халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнер тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған. Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, сән-салтанатына бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі.
Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты немесе босаң етіп басылады. Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуында киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше болады. Киіз басу өнерінде халық арасында кең таралғаны – текемет басу, сырмақ ою түрлері.
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда қойдың шығу тегіне, жүн өнімдері талшықтарының типтеріне тоқталып кеткен жөн секілді.
Талшықтардың типтері. Сыртқы түрі мен техникалық қасиеті бойынша жүн талшықтарының мынадай типтері: түбіт, қылшық, аралық, өлі, құрғақ қылшық және қысқа жүн болып ажыратылады.
Түбіт – жүннің ең құнды бөлігі. Биязы жүннің қойдың қабаты тек түбіттен тұрады.
Қылшық – жүн қабатының құндылығы төмендеу бөлігі. Ол біртекті немесе ірі және қылшықты жүннің құрамына кіреді.
Аралық қылшық – өзінің технологиялық қасиеті бойынша жүннің бағалы түрі болып саналады. Оған біртектілік, серпінділік тән.
Өлі қылшық – маталар тоқуға жарамсыз. Ол морт үзілгіш, қатты, иректілігі жоқ, боялмайды.
Құрғақ қылшық – қылшықтың бір түрі. Жоғарғы бөлігінде шайыры болмайды. Соның салдарынан қылшығы қатты, үзілгіш келеді, қылшықпен салыстырғанда беріктігі төмен.
Қысқа жүн талшықтары биязы жүнді қозылардың алғашқы жылында кездеседі. Қысқа жүн жуан және ирегі аз болып келеді.
Қой жүні – киіз, текемет басуға, шапан, көрпенің арасына салуға, тоқыма бұйымдар тоқуға қолданылады.
Күзем жүн – күзде қырқылып көбінесе киіз басуға қолданылады.
Жабағы жүн – көктемде қырқылып, киім, кілемше, алаша тоқуға қолданылады.
Қозы жүні – бірнеше қырқылған жүн, жабағы жүнге ұқсас болады.
Қазақтың киіз басу өндірісі, шынын айтқанда, ең бір қажет және мейлінше дамыған кәсіптің түрі. Қаһарлы, аязды суық жылдары киізді көп басып, қамданған жанұя ғана қыстан қысылмай шыққан. Киіз басу жұмысына үлкен, кіші, кәрі жас демей шамасы келген адамдар түгел қатысатын болған.
Алдымен жүнді ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайтын. Бұл жұмысқа әдетте жастар қатысқан. Жүн сабаудың мақсаты жүннің шуасын, оған жабысқан қиыршық тастар мен шөп-шаламды кетіріп, жүнді үлпілдетіп түту болып табылады. Жүн сабалап болған соң басылатын киіздің көлеміне қарай шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып шабақтайды. Бұдан кейін жүнге ыстық су сеуіп, шиді орайды, бірнеше жерінен арқанмен байлап, екі жаққа ерсілі-қарсылы домалатып тартады. Шидің сыртына жүннің қылшықтары шыққанда шиді жазып, киізді бөлек алады да, адамдар қатар-қатар отырып білекпен әбден дайын болғанша басады. Міне, киіз басу жұмысы осылай жүреді.
Ал қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қолөнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.
Ескі технология бойынша дайындалған киіз қазіргі заманғы машиналарда да жылытқыш ретінде ғана емес, сонымен қатар аяқкиімді дайындау кезінде және киімді тігу кезінде қолданыс тауып отыр. Кәсіби дизайнерлер оны декор элементі ретінде және киімде, интерьерде «ең қызық бөлігі» ретінде қолданады. Жүн материал ретінде өте икемді және жалпақ және көлемді пішіндер секілді кез келген пішіндерді жасауға мүмкіндік береді. Табиғи жүн қойдан, ешкіден және түйе жүнінен алынады. Жүн талшықтары қалыңдығына қарай жіңішке, жартылай жіңішке және қалың болып бөлінеді. Талшық жіңішке болған сайын, дайын бұйым нәзіктеу және жіңішке болып шығады. Қалың жүнді аяқкиім, үстіңгі киімдерді және сөмкелерді дайындау үшін, ал жіңішкені моншақтар, шарфтарды және жеңіл киімдерді дайындағанда қолданады. Жүнді басу талшықтардың өзіндік құрылымында бар қабыршақтардың өзара ілінсуінің есебінен болады. Табиғи жүнді басу екі әдіс арқылы жүзеге асыруға болады, яғни ылғалды және құрғақ әдістер.
Қазіргі таңда киізді баспай-ақ жүн талшығынан жасалған киіз мата – фетр матасынан (немесе жасанды киіз десе де болады ) бұйымдар үлкен сұранысқа ие.
Жасанды киіз (фетр матасынан) бұйымдар тұрмыстық бұйымдар дайындау
Фетр – бұл дәстүрлі жүн талшықтарының ыстық су, бу және қысым әсерінен бір-бірімен бастыру арқылы өңделетін тоқылмаған материал. Бұл киіз құрамының негізі. Фетр – киіздің бір түрі.Оны дайындау үшін жануарлардың жүні мен мамығы пайдаланылады.
Фетр кездейсоқ көшпенділердің аяқ киіміндегі жүре-жүре жүннің аяққа тапталуынан, тығыздалуынан алынған деген аңыз бар. Ертеден бері бұл материалды киім, шатыр, кілем жасау үшін белсенді пайдалана бастады. Қазірде де бұл материалды көшпенді халық күнделікті өмірде, Батыс елдерінде оның сапасына қарай тігін өндірісінде.де қолдана бастады.
Қазіргі уақытта таза жүнге қарағанда, құрамында аз ғана пайыз жүн талшығы бар жартылай жүнді фетрді кездестіруге болады. Өте көп таралған полиэстер, акрилді фетрлар қолжетімді боп келеді. Сондай-ақ бамбуктен жасалған фетрде бар.
Таза жүнді фетр – құрамы табиғи материал.
Жартылай жүнді фетр – құрамында жүн және басқа да материалдар бар, көбірек вискозадан тұрады. Қасиеттеріне қарай вискоза мақта және зығыр маталарына ұқсайды. Құрамында 60% жүн, 40% вискоза бар фетр матасы көп таралған.
Акрилді фетр – қазіргі заман өнімі. Бұл пластиктен жасалған жасанды материал. Эко фетр барлық жағынан акрилді фетрге ұқсас, пластик бөлшектерімен бірге қайта өңделінген пластик бөтелкелерден жасалады. Тек айырмашылығы осында.
Бамбукты фетр бамбук шикізатынан алынған, бамбук талшықтарынан жасалады. Бамбукты фетр құрамында вискоза бар. Сондықтан таза бамбук талшығы өте қатты болады.
Фетрдан әртүрлі заттар тігуге болады. Әшекей бұйымдар, блокнот пен фотоальбомдарды бетін әдемілеуге, көпшік пен жайындыларды безендіруге болады. Фетрдің әр түрлі түстері, әр түрлі қалыңдықта болады, оңай тігіледі, тез желімделеді, шеттері сөгілмейді.
Қазіргі уақытта дүкендерден әртүрлі қалыңдықтағы фетр матасын көруге болады. Жіңішке фетр ұсақ заттарды аппликация, ойыншықтар жасауға ыңғайлы.
Қазіргі таңда киізді басып әлекке қалмай-ақ фетр материалынан бірнеше тұрмыстық бұйымдар дайындауға болады. Менде фетр матасынан бірнеше бұйымдар дайындап көрдім. Инстаграм, ғаламтор арқылы көрген дизайнерлердің жасаған бұйымдарын көргеннен соң менде қызығушылық пайда болды. Дизайнер Кобеевтің жұмыстарын өте жоғары бағалаймын. Ауылымызда жеке кәсіпкер Нұрғазиева З. апаймен кездесіп, әңгімелесіп бірнеше жұмыстардың жасалуын үйрендім.
Осы кездесуден кейін осы өнерге деген қызығушылығым одан сайын арта түсті.
Менің ұсынған жобам
Фетр матасынан тұрмысқа қажетті бұйым жасау
Сөйтіп мен алғашқы қадамымды күнделікті өмірде қолданатын шәйнек астына қоятын, тұтқыш дайындап үйренуден бастадым. Кейіннен жұмсақ жиһазда тұратын жастықтарды безендіріп әдемілей бастадым. Әуелі жасайтын жұмысымның шығынын есептеп алдым. Жастықты безендіру үшін:
р/с |
Қажетті зат |
Көлемі |
бағасы |
Жалпы бағасы |
1 |
Мата |
70 см |
250т |
190т |
2 |
Синтефон |
2 кг |
180 т |
360 т |
3 |
Мата астарлық |
70 см |
180 т |
125 т |
4 |
Фетр |
0,5 см |
2000 т |
1000 т |
|
|
|
|
1675 |
Ұстазымның берген бағыт- бағдарына сүйене отырып, жастықты әсемдеудің бірнеше түрлерін жасауға болатындығына көз жеткіздім.
Жастықты тігу технологиясының нұсқау картасы
р/с |
Бұйымның орындалуы |
Құрал-жабдықтар |
1. |
Жастықтың негізгі үлгісін матадан қиямыз |
Мата, қайшы |
2. |
Фетрдан кішкентай дөңгелектің бірнешеуін қиып аламыз
|
Мата,қайшы |
3. |
Дөңгелектің екеуін машинаға салып ортасынан біріктіріп тігеміз.
|
Тігін машинасы |
4. |
Қиған алдыңғы үлгімізге біріктірілген дөңгелекшені мата бетіне орналастыра отырып тігіп аламыз
|
Ине, жіп |
5 |
Жастықтың екінші бөлігін де дәл солай етіп жасаймыз |
Ине, жіп |
6 |
Жастықтың екі бөлігін теріс бетінен біріктіреміз |
Тігін машинасы |
7 |
Ішіне синтепонды саламыз
|
Ине, жіп |
8 |
Ашық жағын тігеміз
|
|
Тек осы жастықты тігіп қана қойған жоқпын, басқа да тұрмыстық бұйымдардан тұтқыш, сөмке, башмақ, тәпішкілер, шәйнек астына қоятын т.б. бұйымдар жасадым, жасай аламын.
Қорытынды
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным-түсінігінің жарқын айғағы. Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің , қоғамның парызы. Кез-келген халық өз ата-бабаларының ең бай мәдени өмірінен үлгі алып, халық тұрмысындағы ұлттық дәстүрдің негізін сақтап, оған өзінің көркемдік шеберлігін қосады. Сан ғасырлар бойғы тәжірибенің негізінде талантты қазақ ісмерлері өз өнерлерін жетілдіріп, сақтап, өз шеберліктері мен білгендерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Ертеден жалғасқан тәжірибенің негізінде қазақ халқы өнерінің ұлттық ерекшеліктері қалыптасып, халықтың эстетикалық сезіміне және үйдің әсемдік бұйымдары қажеттілігін қанағаттандырады.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Атакәсіпті қайта дамыту атамұраны қалыптастыруға мәдени үлес қосу деп білемін. Осы бағытта біз киізден, фетр матасынан жасалған тұрмыстық бұйымдар жасау өнерін таңдадық. Жалпы киізді зерттеу барысында, оның жасалу жолдары, тарихы айтылды және де фетр матасымен, оның түрлерімен танысып, одан қазіргі заман талабына сай бұйымдар жасалды.
Қолөнер дегеніміз кәсіптің бірі. Мектеп қабырғасында қолөнердің бастауынан нәр алған жастар болса, өмірде өз орнын таба алады деп ойлаймын. Мен мектеп оқушысы болғаныммен, келешекте дизайнер маманы болып, ұлттық қолөнерімізді одан әрі меңгеруді мақсат еттім. Еліміздің экономикасы дамып, алып мемлекеттер қосылуы ертеңгі салиқалы да зерделі білім алған жастарға байланысты екені түсінікті. Адам бақыт пен қуанышқа тек өзінің адал еңбегімен ғана жетеді. Бүгінгі таңда егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені белгілі. Тарихтың асыл қазыналарын оқып үйренуде, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеп, дәстүрін жалғастыра білуде халқымыздың қолөнерін үйреніп, шығармашылық қабілетімді дамытып, іздене бермекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ халқының қолөнері. Қасиманова С.
2. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Өмірбекова М.Ш. «Алматы кітап», 2004 ж
3.«Қазақтың ою өрнектері» Энциклопедия Алматы кітап, 2005 жыл
4. Мектептегі технология журналы. №1, 2014 жыл
5. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. 1990 ж.
Пікір
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған Н.А. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтің қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді... Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөзі осының айғағы.
Оқушы тақырып төңірегінде көп ізденіп, көп оқып еңбектенді.Өз білімін жетілдіру мақсатында жұмыс жасап келеді. Технология пәнінің еңбек етуге үйретудегі қызметі мен маңызын дәл түсінген.
Бұл зерттеу жұмысында оқушы теориялық жағынан да маңызды мәліметтер жинақтап, оның тәрбиелік мәні зор екенін түсіндіре білді. Қазақтың ертеден келе жатқан киіз басу өнерін зерттей келе, қазіргі фетр материалының киізден айырмашылығы неде соны ажырата білді. басқа да тұрмыстық бұйымдардан тұтқыш, сөмке, башмақ, тәпішкілер, шәйнек астына қоятын т.б. тұрмыстық бұйымдарды ұсына білді. Алға қойған мақсатына жету үшін көптеген ғылыми әдебиеттер, ғаламтор, журналдар пайдаланылды.
Мектеп директоры: Ш. Унгарбаева.
Жетекші: А. Қойбағарова
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Атырау облысы Жылыой ауданы
Шоқпартоғай ауылы
№3 жалпы орта білім беретін мектеп
Төлеген Арайлым
9-сынып
Жасанды киізді тұрмыста қолданудың тиімділігі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Этномәдениеттану
Ғылыми жетекшісі: Қойбағарова А.Ж.
Технология пәні мұғалімі
2016 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Атырау облысы Жылыой ауданы
Шоқпартоғай ауылы
№3 жалпы орта білім беретін мектеп
Жолдай Әлия
4-сынып
Мәдени астық тұқымдас дақылдар (күріштің) адам ағзасына пайдасы
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секциясы: Медицина
Ғылыми жетекшісі: Нуркадирова К.Н.
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
2016 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Атырау облысы Жылыой ауданы
Шоқпартоғай ауылы
№3 жалпы орта білім беретін мектеп
Тайшабай Ақторғын
3-сынып
Қағаз қалдықтарын жұмыста қолдану тиімділігі
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секциясы: Экология
Ғылыми жетекшісі:
Айсина Жұлдыз Сансызбайқызы
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
2016 жыл