400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасмаманға арналған жадынама

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған қысқаша жадынама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас мамандарды ұжымға бейімделудің психологиялық ерекшеліктері.

Жадынама

Жас маман мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін тәрізді жұмысқа кірісті, ұжымға араласты. Оның жан- жақты маман болып шығуына қалай көмектесу керек, ол нені білу тиіс? Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. « Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» дейді көне Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Мұғалім өз ісіне берілген жанқиярлық еңбегі арқылы ғана халықтың терең ризашылығымен құрметіне бөленеді. Педагогтық шеберлік- үйретудің, үздіксіз ізденудің жемісі. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогика-әдістемесінен хабары мол,оқыта білетін мұғалім»-деген болатын.Мұғалімге қойылатын талаптардың ең негізгі мыналар:

  • Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы,қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі.

  • Кәсіптік мамандық даярлығы,терен де тиянақты жалпы ғылымды білімі болуы керек,өз пәнің ғылыми игеру,оның оқыту әдістемесің психология, педагогиканы менгеруі.

  • Педагогтық технологияны игеруі,кәсіптік мәдениеті.

  • Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен іздестіру.

  • Қарым-қатынастық мәдениеті,мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру.

  • Ұйымдастырушылық қабілет тәрбие процесіндегі әр түрлі әрекеттерді басқару

  • Бақылаушылық,бағалаушылық,оқу -тәрбие процесі мен оқушы іс-әрекетіне,біліміне үздіксіз бақылау жасау,тексеру,бағалау.

Жас мамандар,сонымен қатар баланы жан-жақты тани білу үшін,онымен жақсы қарым-қатынас орната білу үшін төмендегі психологиялық ережені жатқа білу қажет:

- Оқушы –жеке тұлға.Онымен сыйластық қарым-қатынаста бола біл.

- Оқушының көзінен оның ішкі жан –дүниесін танып біл,үйрен.

- Еш уақытта оқушыны келеке қылма,оған айқайлама,ашу шақырма.

- Оқушымен қарым-қатынаста төзімді де,талапты,кішіпейіл де кешірімшіл бол.

- Оқушы денсаулығына еш уақытта да зиян келтірме.

- Әр уақытта көңіл-күйің сергек болсын.

- Орынды жерде әзіл-қалжыңды қолдана біл.

- Оқушының өзіндік бағасын үнемі көтере біл.

- Әрқашанда шыншыл,сыпайы бол.

- Оқушының сеніміне ене біл,сенімді көзіңнің қарашығындай сақтай біл.

Болашақ ұстаздар мектеп табалдырығын енді ғана аттаған жас мамандар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе,бүгінгі қоғамымызды байытатын ,дамытатын,жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатынына сеніміміз мол.











Дайындаған:педагог-психолог Ш.Б.Төлеубаева













2018 оқу жылы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі