Материалдар / Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөсірімдер арасындағы буллингтің ҚазҰУде зерттелуі.Қоғамдағы өзектілігі.
Авторы:
20 Қараша 2024
76
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі

Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі. Буллинг университет өзінің білім беру сапасы, ғылыми зерттеулер және студенттерге жоғары деңгейдегі кәсіби білім беру арқылы танымал. ҚазҰУ-дың психология факультеті – еліміздегі ең үздік психологиялық білім беру орталықтарының бірі. Мұнда студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларды да меңгереді, осы арқылы өздерін психология саласындағы маман ретінде қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Психология мамандығы ҚазҰУ-да жан-жақты білім беретін бағдарлама арқылы студенттерге психологиялық теорияны терең түсінуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл мамандықтың басты артықшылығы – тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, психология саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдермен танысу. Университет студенттеріне теориялық біліммен қатар, психологиялық тәжірибелер мен зерттеулерде өздерін сынап көруге мүмкіндік береді, бұл олардың кәсіби біліктілігін арттырып, болашақтағы жұмыс орындарында жоғары нәтижелер көрсетуге жол ашады.

ҚазҰУ-дың психология факультетінде оқу барысында студенттер жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, психотерапия мен кеңес беру дағдыларын игеру, психологиялық диагностика және кеңес беру салаларында тәжірибе жинақтайды. Бұл білімдер мен дағдылар болашақ мамандарды өз ісінде нағыз шебер әрі жоғары білікті мамандар етіп қалыптастырады.

Осындай тарихы тереңде жатырған университетіміздің ғалымдары мен оқытушылары қоғамда болып жатырған өзекті мәселеніде тысқары қалдырмады.Буллинг мәселесінің жан жақты зерделеді. Түpлi  зepттeyлepдiңнәтижeлepiбoйыншa cтyдeнттepдiң үштeн бip бөлiгi жoғapы oқy opнындa үнeмi нeмece кeйдe зopлық-зoмбылыққa тaп бoлaды. Тәжipибe көpceткeндeй, зopлық-зoмбылықтың бұл түpлepi, eң aлдымeн, ayызшa cипaттa бoлaды: aйқaйлay, ap-нaмыc пeн қaдip-қacиeттi қopлaйтын әзiлдep. Сoнымeн бipгe қaзipгi жacөcпipiмдepдiң төpттeн бip бөлiгi физикaлық зopлық-зoмбылыққa тaп бoлaды.

Жасөспірімдің жаста балалар девиантты мінез-құлыққа, әсіресе сыныптастарын,құрдастарын,тіпті мектептегі кез-келген балаға қоқан лоққы, құрметсіздік, кей кезде тіпті физикалық күш көрсетуге дейін барады.

Буллинг кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, алайда, буллингтің пайда болуының ең ықтимал кезеңдері де бар. Мұндай жас кезеңі – жасөспірімдік жас болып табылады. А.В. Петровский пікірі бойынша жасөспірімдік шақ «өзінің даралығын (жеке тұлғалығын) белгілеу үшін құралдар мен тәсілдерді іздеумен сипатталады. Осылайша, жасөспірім өзінің құрдастары арасында мінсіз өкілдік ету қабілетін барынша жүзеге асыра отырып, өзінің жеке даралығын іс-әрекет арқылы трансляциялау үшін барлық ішкі ресурстарын жұмылдырады ... ».

Дегенмен де, жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үдерісінде мұғалімдер мен оқушылар, оқушылардың өзара қарым-қатынасында бір-біріне қиянат, зорлық-зомбылық көрсету құбылыстары соңғы уақытта жиі кездесіп отыр. Себебі, қоғамымыздағы әлеуметтік, экономикалық, психологиялық ахуалдың әсерінен жасөспірімдер арасында күштілердің «әлсіздерге» қиянат жасауы, әлімжеттік құбылысы өршіп барады.

«Әлімжеттік» немесе «буллинг» мәселесі тек жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі өзектілігімен ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың әлеуметтік бейімделу мақсатты бағыттау қажеттігі айқындала түседі.

Қорытындылай келе қазіргі замандағы  жасөспірім балалардағы агрессиялық мінез-құлық, әсіресе буллингтің алдын алу өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады.Себебі буллингтің нәтижесі орны толмас өкінулерге әкелері хақ. Буллингтің соңы әлеуметтік байланыстан қашқақтауы,айналадағы адамдарға деген сенімнің жоғалуы, оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға соқтырады, мектепте үлгерімі төмен, интеллектуалды дамуы төмен, әлеуметтік бейімделуі нашарлап,отбасындағы қарым-қатынасынада сызат түсуі ықтимал, жан-жақты тұлғалық дамуына кері ықпалын тигізеді деп тұжырымдай аламыз



Тленчиева Н.С

Педогогика ғылымдарының кандидаты

Аманжанқызы Жайна 4 курс студенті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!