Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Жасөспірімдер арасындағы қылмыс"
Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Қаңтар 2018
2528
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Жасөспірімдер арасындағы қылмыс"құқықтық оқуб а ғ д а р л а м а с ы Мақсаты: Студенттердің құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.1-видео ролик: "Елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны өсті"
Баяндама: "Жасөспірімдер арасындағы қылмыс"оқитын Ауелбекова Гулжан Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруіде ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көңіл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы 3 жылда жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық. Алматы облысының Ішкі істер департаментінің берген ақпараты бойынша жасы кәмілетке толмағандарға соңғы 10 айдың ішінде 236 қылмыстық іс тіркеліп, 252 іс қозғалған. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы мынадай мәлімет таратты: «Ресми деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр кәмелетке толмаған жасөспірімдер қолымен жасалған қылмыс күрт өскен. Оның ішінде есірткіге байланысты қылмыс – 40 пайызға, кісі тонау – 54 пайызға, көлік ұрлау – 87,5 пайызға артқан. Осы уақыт ішінде 261 кәмелетке толмаған қыз жасанды түсік жасатып, 53 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.» Бұл есепке алынған ресми деректер. Ал шын мәніндегі жағдай бұдан әлде-қайда күрделі деп пайымдауға болады. Осыған қарап отырып, 8,9 пайызға артқан Оңтүстік Қазақстанның жағдайы осындай болса, 44,1 пайызға артқан Маңғыстау облысындағы жағдайды көзге елестетудің өзі қорқынышты. Бүгінгі басылым беттері мен интернет сайттарын қарап отырсаңыз, мектеп оқушыларының өзі, оның ішінде қыз балалар қару алып жүретін болған. Пышақтау, атып кету дегенге құлағымыз үйрене бастады. Бұл биылғы, күн сайынғы жасөспірімдердің жасаған қылмысынан басталатын кешкі жаңалықтардағы ақпаратты қоспағанда. ҚІЖК – 284 бабы бойынша тергеліп болған іс – 221, 183 іс сотқа жіберіліп, 38 жабылған. ҚІЖК – 132 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмаған 40 азаматты тергеушілер ұстады. ҚК 131 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған, 15- кінәлі болып танылған. ҚІЖК 284 бабына сәйкес - 14 азаматты сотқа беріп, 1 іс жабылған. Жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі меншікке қатысты қылмыстар. Кейбір қылмыстар жәбірленушінің өлімімен аяқталып жатады. Қылмыстың бұл түрін жасаған азаматқа ҚРҚК – 96 бабы бойынша іс қаралып, 6 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін наша заттарын пайдаланып, сақтағаны үшін ҚРҚК -259 бабы бойынша 3 жылға дейін, ерекше жағдайларда 7 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Жиі кездесетін қылмыстардың бірі тонау – бұл басқа адамның мүлкіне қол сұғу, 3 жылдан – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір 5–ші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жасауы жиі кездесіп жатады. Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көбінесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтын қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзақылық. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса қатығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған қылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халықтың құқықтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы заңды толық білмеуі олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Сонғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп түсуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қоғамның қысымы деген тұракты ой калыптасуда. Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді. Себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр, көптеген балабақшалар жабылып, ал балалар ұйымдары өз жұмыстарын тоқтатты. Солардың ғимараттары коммерциялық мақсаттарда паайдаланылады. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі. Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама –қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі. Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Жүргізуші: Демек қазіргі таңдағы жағдайымыз тым нашар, жастарымыз бұзылып жатыр! Сұрақтар:1. Осы мәселенің шынайы себебі неде? 2. Неге жасөспірімдер қылмысы күн санап артуда? 3. Айтылып жүрген ұсыныстар қаншалықты тиімді?4. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Баяндама: "Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?" оқитын Эк-16-1 курс студенті Балнұр Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне сын. Егер елдегі әртүрлі ұйымдар сабақтан қолы босаған оқушыларға арнап спорттық кешендер ашып, жарыстар өткізіп тұрса, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалардың жаман іске үйір болуына, тіпті мойын бұруына, мұршасы болмас еді.Жасөспірімдердің аяқ астынан қылмыскерге айналуының осындай терең себептері бар екенін ескерген Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрды. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды. Жасөспірімдер тәртібіне қатысты назарда тыс қалып келе жатқан тағы бір мәселе – колледждерде білім алушы жастардың жайы. Көптеген оқушылар 9-сыныпты аяқтаған соң, білімдерін колледждерде жалғастыратыны белгілі. Демек, ондағы оқушылар да кәмелетке толмағандардың қатарына жатады. Қазіргі кезде Қазақстанда кәмелетке толу жасы – 18 жас. Бала құқытарын қорғауды қамтамасыз ету дүниежүзілік қаумдасдықтың басты мәселесі болып отыр.Кәмлетке толмағандардың құқықтық мәртебесі Қазақстан таныған халықаралық құқық ережелерінің негізінде қалыптасады. Конвенция Қазақстан Республикасында бала құқықтарын реттеудің құқықтық импульсі болды. Сонымен қатар, біздің мемлекет кәмелетке толмағандарға: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеу, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасау секілді бір қатар міндеттер жүктейді.2- видео ролик: "Жасөспірімдер қылмысын қалай азайтуға болады" Жүргізуші: Бұл мәселе көпшілікті ойландырмағанымен де қарапайым халықты қатты ойландырары анық. Қоғамда болып жатқан кез келген өзгеріс жасөспірімдерден көрініс табады. Сол үшін үлкен жаһандық мәселелерді шешеміз деп жүріп, жастарымызды назардан тыс қалдырып қоймайық!
"Жасөспірімдер арасындағы қылмыс"тақырыбындағы құқықтық оқудыңх а т т а м а №317.09.2014 ж.Күн тәртібі:1. «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» баяндама.2. "Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?" баяндама. Колледждің құқық пәнінің оқытушысы Г. Ауелбекова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, жиынды Қазіргі таңда өмірге көз - қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруіде ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көңіл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы 3 жылда жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық. Алматы облысының Ішкі істер департаментінің берген ақпараты бойынша жасы кәмілетке толмағандарға соңғы 10 айдың ішінде 236 қылмыстық іс тіркеліп, 252 іс қозғалған. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы мынадай мәлімет таратты: «Ресми деректер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр кәмелетке толмаған жасөспірімдер қолымен жасалған қылмыс күрт өскен. Оның ішінде есірткіге байланысты қылмыс – 40 пайызға, кісі тонау – 54 пайызға, көлік ұрлау – 87,5 пайызға артқан. Осы уақыт ішінде 261 кәмелетке толмаған қыз жасанды түсік жасатып, 53 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.» Бұл есепке алынған ресми деректер. Ал шын мәніндегі жағдай бұдан әлде-қайда күрделі деп пайымдауға болады. Осыған қарап отырып, 8,9 пайызға артқан Оңтүстік Қазақстанның жағдайы осындай болса, 44,1 пайызға артқан Маңғыстау облысындағы жағдайды көзге елестетудің өзі қорқынышты. Бүгінгі басылым беттері мен интернет сайттарын қарап отырсаңыз, мектеп оқушыларының өзі, оның ішінде қыз балалар қару алып жүретін болған. Пышақтау, атып кету дегенге құлағымыз үйрене бастады. Бұл биылғы, күн сайынғы жасөспірімдердің жасаған қылмысынан басталатын кешкі жаңалықтардағы ақпаратты қоспағанда. ҚІЖК – 284 бабы бойынша тергеліп болған іс – 221, 183 іс сотқа жіберіліп, 38 жабылған. ҚІЖК – 132 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмаған 40 азаматты тергеушілер ұстады. ҚК 131 бабы бойынша кәмілеттік жасқа толмағандармен жасалған қылмыс бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған, 15- кінәлі болып танылған. ҚІЖК 284 бабына сәйкес - 14 азаматты сотқа беріп, 1 іс жабылған. Жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі меншікке қатысты қылмыстар. Кейбір қылмыстар жәбірленушінің өлімімен аяқталып жатады. Қылмыстың бұл түрін жасаған азаматқа ҚРҚК – 96 бабы бойынша іс қаралып, 6 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін наша заттарын пайдаланып, сақтағаны үшін ҚРҚК -259 бабы бойынша 3 жылға дейін, ерекше жағдайларда 7 жылдан – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Жиі кездесетін қылмыстардың бірі тонау – бұл басқа адамның мүлкіне қол сұғу, 3 жылдан – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгені турвлы айтып өтті. Келесі кезекті Эк-16-1 курс студенті Балнұрдың "Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?" атты баяндамасына берілді.Ол өз баяндамасында Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар каникулға шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектептің, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне сын. Егер елдегі әртүрлі ұйымдар сабақтан қолы босаған оқушыларға арнап спорттық кешендер ашып, жарыстар өткізіп тұрса, жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін бағалайтын үйірмелер ұйымдастырса, жас балалардың жаман іске үйір болуына, тіпті мойын бұруына, мұршасы болмас еді.Жасөспірімдердің аяқ астынан қылмыскерге айналуының осындай терең себептері бар екенін ескерген Ішкі істер министрлігі 2007 жылдан бастап орта білім беретін оқу ордаларының жанынан оқушылардың тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторлары тобын құрды. Бұл мектеп инспекторлары қазіргі таңда қалалық немесе аудандық Ішкі істер басқармаларының әкімшілік полиция бөліміндегі ювеналды полиция бөлімшелеріне қарайды. Егемен еліміздің ертеңі ойлап, оның тізгінін ұстар жастарымыздың жаман жолға түсуіне қарсы күресе білуіміз міндетті деп өз сөзін аяқтады. Жиналыс соңында оқушыларға түрлі жағдаят сұрақтары қойылып оқушылардан жауап беріліп отырды. Жиналыс соңында Ауелбекова Гүлжан «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» дегендей «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілісттер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді. Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз деп өз сөзін аяқтады.
Қаулы:1. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу мақсатында колледжде қажетті шараларды жүйелі жүргізу және жандандыру.
Жиналыс төрайымы: Г. Ауелбекова
Хатшы: Ж. Құлназарова

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)