Материалдар / Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-кұлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-кұлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардың психологиялық білімдерін жетілдіреді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары (Баяндамашы А.О.Таскенова)


«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид терминін итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті.Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр.

Суицидтік мінез-құлық факторларына биологиялық, психикалық және әлеуметтік фактор жатады. Басқа факторлар да «іске қосушы шүріппе» рөлін атқаруы мүмкін:

  • Стресс(күйзеліс) тудыратын жағдайлар(мектептегі үлгерім және тәртіп мәселелері, отбасылық мәселелер, ажырасу және айрылу, қатарластарының қысым не зәбір көрсетуі, заң бұзу)

  • Суицид жасау құралдарына қол жетімділік

  • Басқа адамдар жасаған суицид оқиғалары

  • Төмендегідей әңгімелер

  • Өлгісі келетін немесе өзін-өзі өлтіргісі келетіні(«мен өлі болғанды қалар едім», «менің өмір сүргім келмейді»)...

  • Өмір сүргісі келетін себептердің жоқтығы(«өмір сүрудің еш мәні жоқ»)

  • өзін басқаларға мысал ретінде сезінуі(«менсіз отбасыма жақсы болар еді»)

  • тығырыққа тірелгені және шарасыздықты сезетіні («бұдан шығар жол көріп тұрған жоқпын»)...

Балалардың өзіне-өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады:

  • Баланың достары болмаса;

  • Ешкіммен араласпаса;

  • Ата-анасымен сырласпаса;

  • Ешкімге сенбесе;

  • Ешнәрсе қызықтырмаса;

  • Қымбат адамын жоғалтса;

  • Біреуге ренішін ұзақ уақыт  уайымдаса;

  • Сүйген адамы қарамаса;

  • Ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;

  • Ата-аналарының өмірден өткеніне қайғырса;

  • Басқа адамдар  қорлап, кемітіп тілін тигізсе;

  • Өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;

  • Жасөспірім қыздар жүкті болып қалып ұяттан қашып сондай іс-әрекетке баруы мүмкін;

  • Ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;

Оқушының көмекке мұқтаж екенін қалай білуге болады?

Жаны жабырқап жүрген бала:

    • Жалғыз жүргенді артық көруі мүмкін

    • Көңіл-күйі күрт өзгеріп отыруы мүмкін

    • Әдеттен тыс қуанышты, немесе көңілсіз, немесе тым ашуланшақ болуы мүмкін

    • Тамақтану әдеттерінде айқын өзгерістер байқалуы мүмкін

    • Достарымен қарым-қатынаста қиындықтар тууы мүмкін: жаңа дос таба алмауы мүмкін немесе бұрынғы достарымен қарым-қатынасын сақтай алмауы мүмкін.

    • Оқудағы үлгерімінің нашарлауы анық байқалуы мүмкін

    • Басына түскен қиындықтарын шеше алмауы мұмкін және күнделікті істерін атқара алмауы мүмкін

    • Қайта-қайта өзге адамдардың құқықтарына қол сұғуы мүмкін

    • Белгіленген ережелерге қарсы шығуы мүмкін, қойылған талаптарды орындамауы және сабақтан жиі қашып кетуі мүмкін

    • Ұрлық немесе бұзақылық жасауы мүмкін

    • Жиі ашу шақыруы немесе ызақор болып кетуі мүмкін

    • Өзіне зиян келтіруі мүмкін немесе зиян келтіретін мінез-құлыққа бейім болуы мүмкін

    • Өзін-өзі тым жоғары бағалауы мүмкін немесе шамадан тыс белсенді болуы мүмкін

    • Адамды мезі ететін, қайталана беретін мінез-құлық көрсетуі мүмкін, мысалы, қолын қайта-қайта жуа беруі, әлденені қайта –қайта тексергіштей беруі мүмкін.

Жаны жабырқап тұрған оқушы келесілерді айтуы мүмкін: «Мен өзімді жек көремін!» , «Одан да өлгенім жақсы еді...» , «Ешкімнің менде жұмысы жоқ», «Мен шаршадым, өмір сүруден жалықтым...» , «Мені біреу аңдып жүр!», «Барлығы маған күледі», «Бұдан артық шыдай алар емеспін», «Мен жолы болмаған бейшарамын».

Суицид вахтёрі дегеніміз-суицидтік мінез-құлықты көре алатын, байқай алатын адамдар.

Егер оқушының тікелей қатерге бас тіккенін байқасаңыз немесе алдын-алу бойынша төмендегідей әрекеттерді іске асырыңыз:

  • Ойланбастан араласыңыз;

  • Сізге бәрібір емес екенін көрсетіңіз:сабыр сақтаңыз және ақыл айтпай, тыңдауға уақыт бөліңіз;

  • оның жан күйзелісіне/қиналысына жанашырлықпен түсіністік танытыңыз;

  • Сезімдерін қызбалықпен жеткізуіне дайын болыңыз;

  • Оң нәтижеге деген үміт пен сенім ұялатуға тырысыңыз;

  • Ойы бар адамды ешқашан жалғыз қалдырмаңыз;

  • Көмек сұрау қажет екеніне көзін жеткізуге тырысыңыз;

  • Қажет болса, көмектесе алатын адамға апарыңыз;

Қорытынды:

«Балалар – бүгінгінің қонағы және болашақтың иесі» деген В.Белинскийдің сөзімен аяқтай отырып, оқушыны өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, ерік жігері мықты жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесімізді қосайық.

Назар қойып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет! Алдағы өмірлеріңізде тек сәттілік!



Баяндамашы: А.О.Таскенова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!