Материалдар / Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жасөпірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау себептері мен салдары, сондай-ақ осындай оқиғалардың алдын алу шаралары сипатталған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Серікқызы Милена

Үмбетәлі Тоқжан

Жоланова Ақмоншақ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

serikovna.milena@mail.ru

togzhanumbetaly@gmail.com

akmonsakzolanova@gmail.com

Ғылыми жетекшісі: пс.ғ.к: Шайжанова К.У.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы



Аннотация: Бұл мақалада жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау себептері мен салдарлары. Мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары сипатталған. Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты — қазіргі және болашақ жасөспірімдерге мұндай әрекеттің дұрыс еместігін және бұл қиын жағдайлардан шығудың жолы емес екенін түсіндіру, сондай-ақ олардың мұндай әрекеттерді жасамауы үшін жағдай жасау.

Кілт сөздер: жасөспірім, суицид, себеп, алдын алу.



Аннотация: В данной статье рассмотрены вопросы суицида подростков, их причин и последствий, которые поднимаются в Республике Казахстан. Изложены меры по предотвращению подобных инцидентов. Главная цель профилактической работы — объяснить нынешним и будущим подросткам, что такое действие является неправильным и это не выход из сложных ситуаций, а также создать условия для того, чтобы они не совершали таких действий.

Ключевые слова: подросток, суицид, причина, профилактика.



Annotation: This article discusses questions about the causes of suicide of teenagers in our country and their consequences. Measures to prevent such incidents are outlined. The main purpose of the study is to explain to current and future teenagers that such an action is wrong, and to create conditions for them not to commit such actions.

Keywords: teenager, suicide, cause, prevention.



Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еліміздің болашағы саналатын олардың мұндай оқыс әрекеттерге баруы алаңдатарлық жағдай. Статистикалық мәліметтердің сүйенетін болсақ, әлемде жылына 1 млн адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Суицид дегеніміз — бұл саналы түрде өмір сүруді тоқтату, яғни осы тұрғыдан қарағанда өзіне-өзі қол жұмсау адамның саналы мінез-құлық актісі болып табылады.

Қазақстандық жастардың арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың ең көп тараған себептері:

1) психикалық күйзеліс, депрессия;

2) қаржылық проблемалар;

3) жалғыздық, қажетсіздік сезімі;

4) ата-анамен екі арадағы жанжалдар.

Ал мамандар көбінесе өмірімен ерте қоштасуға:

- қыздар;

- жұмыс істемейтін қала тұрғындары;

- жоғары білімі жоқтар;

- дінге сенбеушілер асығады деп санайды [1].

ДДҰ мәліметтері бойынша жасөспірімдер арасындағы суицидтің кем дегенде 800 себебі бар. Оның ішінде: 41 % — себебі белгісіз, 19 % — жазадан қорқу, 18 % — психикалық ауру, 16 % — үйдегі қайғы-қасірет болса, қалғаны ақшалай шығындарға, тұрмыстық жағдайларға байланысты болады. Бұл ретте, қазақстандық психологтардың пікірінше, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау себептерінің 30 % — психикалық патология, ал қалған 70 % қолжетімді тұрғын үйдің, білімнің болмауы сынды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа тіреледі екен. Осы ретте, баланың өмір сүруге деген құлшынысын жоятын бірнеше себептер бар. Қоғамнан көретін қысым, отбасылық кикілжің, күнделікті ата-анадан таяқ жеу сияқты іс-әрекеттер. Нәтижесінде бала өз өміріне балта шабу, аталған қиындықтардан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайды [2].

Суицидке апаратын бұданда басқа бірнеше негізгі себептері бар:

1. Тұқым қуалау. Атадан балаға беріп кететін мұра секілді, суицидта тұқым арқылы, қан арқылы берілетіні дәлелденген. Отбасы, жақындар арасында көп жылдар бұрын бұл нәрсе болған болатын болса, кейін бұл балалардан өз-өзіне қол жұмсау белгілерін байқауға болады. Бұл кезде бұндай әрекеттің алдын алып, өмірімен қоштасуына жол бермеуге барын салу қажет.

2. Оқыс әрекет — психикалық жарақат. Тәрбие тал бесіктен басталады. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақалдар бекер айтылмаса керек. Бала өзінің ұясында қанатын қатайтып, жылу мен мейірімге зәру болады. Ал қазіргі көптеген отбасылар керісінше баланың көзінше ұрысып, керісіп тіпті төбелесіп те жатады. Не болмаса балаға жекіп, «бәле болдың» деген сияқты ауыр сөздер айтып жатады. Бұл балаға жылу да, мейірімділік те бермейді. Керісінше қорқыныш пен үрей сыйлайды. Сондықтан оқыста жасаған кез келген әрекет балаға жарақат салатынын ескерген жөн.

3. Тылсым күш. Құлағына түрлі дыбыстар естілетін, түсінде де, өңінде де белгісіз біреу көрінетін адамдар ортамызда бар көрінеді. Бұл — өте тереңінен зерттейтін тақырыптардың бірі. Бұл – өте қауіпті және қорқынышты жағдайлар. Себебі, белгісіз делінген статистикалардың көбі осындай тылсым бір жан түршігерлік жағдайлардың нәтижесінде орын алған секілді. Осындай әрекеттер өмірлеріңізде де орын алып жатқан болса, уақытында психологқа қаралып, керекті емді алған жөн.

4. Нашақорлық. Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы — әлемдік қоғамдастықтан бөлек Қазақстанда да өзекті мәселенің бірі. Нашақорлық – жеке тұлғаның кері кетуіне, жастар арасындағы өлімнің көбеюіне алып келетін негізгі фактордың бірі болып табылады.

5. Жауапсыз махаббат. Жасөспірімдер арасындағы махаббат жағдайы да өзөзіне қол жұмсауға дейін әкеліп жататыны белгілі. Жауапсыз махаббат салдары күйзеліске әкеліп, соңында бұл күйзелестен шығу жолын көп жасөспірім осылай іздейді.

6. Науқас. Дертке шалдыққан балалардың көбі ата-анасының қиналғанын, оған масыл болғанын көріп, өзін іштей жеу арқылы күйзелуі мүмкін. Ең бірінші жақындарының қиналғанын көргісі келмеген бала осы жол арқылы барлық қиындықтан құтыламын деп ойлайды. Дегенмен, әр ата-ана мейірімін жеткілікті бөліп, науқас баласының жігерін жанып, қолдау білдірсе, аталған жағдайдың орын алмауына септігін тигізуі мүмкін [1,17 б].

Ғалымдардың зерттеуі бойынша суицидтің үш түрі бар:

1) шынайы суицид (бұл түрмен ауырғандар расында өлгісі келеді, көңілсіз жүреді);

2) жариялық суицид (бұған барғандардың көбісі өлгісі келетінін алдын ала жарияға жар салады);

3) жасырын суицид (бұл түріне шалдыққандар өзіне-өзі қол жұмсау жақсы іс еместігін біледі, бірақ қиындықтан шыға алмаған сәтте өлімге бас тігеді)

Личко классификациясы негізінде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының себептерін қарастырсақ:

1) жақын адамынан айырылу;

2) артық жұмыс жағдайы;

3) алкогольдi, гипногендi, психотроптық препараттарды және есiрткi заттарды қолдану нәтижесiнде жеке тұлғаның қорғаныш механизмдерiнiң бұзылуы;

5) өз-өзіне қол жұмсаған адаммен сәйкестендіру;

6) әртүрлі себептермен болған қорқыныштың, ашудың және қайғының әртүрлі формалары [3].

Суицидтің алдын алу шараларын қарастыратын болсақ: ең алдымен, отбасындағы ашық, еркін қарым-қатынас. Бұл күрделі кедергі тек суицид мәселесінде ғана емес, өзге де кеселді дүниелердің басты себебі болып отыр. Көптеген жеткіншектер мен жасөсіпірмдер ата-аналарынан жасқанып, кез келген тақырыпта ашық пікірін білдіре алмайды. Оның себебі - жастайынан ата-ана тарапынан болған асқан шектеу немесе салқын қабақ таныту. Яғни, әр ата-ана бала есін білетін жастан бастап, оның ойын тыңдап, пікіріне құлақ асуды үйрену керек. Күйбең тіршіліктің қамымен жүрсе де балаға әрдайым көңіл бөлуді ұмытпаған жөн [4].

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры суицид мәселесін шешу үшін төмендегідей ұсыныстарын жеткізді:

1. Жастардың суицидтік мінез-құлқына бағытталған арнайы емдеу хаттамасын әзірлеуге және суицидтердің алдын алудың бірыңғай хаттамасын әзірлеуге бастамашылық ету қажет.

2. Суицид проблемасына тартылған барлық мамандар үшін күш біріктіруге және қайталанатын суицидтердің санын азайтуға көмектесетін бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірлеу керек.

3. Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге психолог мамандардың, сенім телефонының көмегімен тегін кеңес алу мүмкіндігі бар екенін кеңінен хабардар ету қажет.

4. Жалғыздық, қажетсіздік пен немқұрайлылық сезімдерінен арылту үшін жастарды ұжымдық қызметке тарту керек [1, 19 б].

Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу суицидтің алдын алу үшін маңызды. Сонымен қатар, бір рет өзін-өзі өлтіруге тырысқан балаларда бұл әрекетті қайталау ықтималдығы жоғары. Ең бастысы, баланың сенімді адамдары болуы керек. Бұл ата-аналар, мұғалімдер, жаттықтырушылар, достар. Бала әрқашан өз проблемаларымен бөлісетін адам бар екенін білуі маңызды. Кез – келген тәрбиешінің міндеті, мейлі ол мұғалім болсын, мейлі ата-ана болсын, баланың қиын жағдайдан шығудың жолы жоқ деген ойға жол бермеу.





Әдебиеттер:

  1. Елшiбаева К. Ғ. Суицидтiң алдын алу. - Алматы, 2009. 70б

  2. Сухарева О.А. Подростковый суицид:меры профилактики и предупреждения(научная статья)

  3. Личко, А. Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. -1983. 255с

  4. Отеуова А.К Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!