«Ш.Уәлиханов атындағы Торғай
орта мектебі» КММ
«Адамды жан – жақты тәрбиелеу мен
дамыту
үшін оны жан – жақты біліп алу
керек»
К.Д.
Ушинский
«Жасөспірімдер арсындағы суицидалды
мінез-құлық»
ата – аналарға
аутодеструктивті мінез - құлықтың
алдын алу жолдары
психологиялық
сабақ
Мақсаты:
-
Суицид ұғымы мен
суицидальді синдромға түсінік
беру
-
Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілерін
ақпараттандыру.
-
Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы
белгілері, суицид себептері өзін өлтіру
тәсілдері.
-
Жасөспірімдерің психикасына
аса назар аудару, әрқашан қолдап, қажетінше қорғап, сырласа отырып
ата – аналық махаббатты одан әрі
арттыру.
Қатысушылар:
ата –
аналар
Бағдарламасы:
-
Кіріспе сөз
-
Бейнеролик «Жасөспірімдік
кезеңнің психологиялық
ерекшеліктері»
-
Тақырыпты баяндау(слайд)
-
Презентация «Біз өмірді
таңдаймыз»
-
Қорытындылау
1.Кіріспе сөз:
Саламатсіздар ма,
құрметті тренинке қатысушы ата –
аналар! Бүгінгі тренингіміздің
тақырыбы «Жасөспірімдер арсындағы суицидалды
мінез-құлық» бүгін біз суицид себептері өзін
өлтіру тәсілдері, суицидальді тенденцияларын, өзін
өлтірудің алдын –
алудың жалпы сипаттары жөнінде мағлұмат
аласыздар.
2. Бейнеролик «Жасөспірімдік
кезеңнің психологиялық
ерекшеліктері»
3. Тақырыпты баяндау
(слайд)
Біздің заманда мұндай жағдайлардың орын алуы
күннен-күнге көбейіп барады, әсіресе балалар
арасында. «Суицид» -
бұл сөз
тек ата-аналар мен ұстаздарды үркйлендіріп қоймай, барша адамзаттың
үлкен мәселесіне айналуда. Бұл түсінікті, себебі, олардың біреуі де
осы проблемамен жұмыс жасау үшін толық дайындық алған жоқ. Бірақ,
өмірдің өзі балалар суициді мен оның
алдын-алу туралы білімнің маңыздылығын көтеруге тура
келтіріп тұр.
Латын тіл інен аударғанда «суицид» сөзі —
өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзілік
суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне-өзі қол
жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық
бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен
атап өтіледі. Елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына
қарамастан, көпшілігіміз мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз.
Өйткені соңғы 45 жылда өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз
өссе, оның жылдан-жылға өсе түсуі әбден мүмкін. Мысалы,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2000 жылы
суицидтен бір миллиондай адам көз жұмса, 2020 жылы оның бір жарым
есе өсуі ықтимал. Осы ұйымның деректері бойынша, егерде, жылына
миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы
қазақстандықтар екен. Бұл — әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам
өзіне өзі қол салса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өмірмен
қоштасады деген сөз. Тағы да осы ұйымның деректеріне жүгініп
көрелік. 2005 жылы Қазақстанда суицидтен 3919 адам көз жұмса, оның
3283-і — ерлер. Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар
аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол
жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген.Ал, америкалық
психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын
өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен,
тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі сезімнің
күштілігімен түсіндірген.
Өзін-өзі өлтіру – философиялық (өмірдің мәнін
жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу,
фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау,
қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.),
медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік
және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп
қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше,
дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды
екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20
миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды.
Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар
екен. Ал бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат
сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар
аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда,
өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп
көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің
дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде
суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы
дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының
дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай
қаптап кеткенін байқатса керек.
Суицидалдық әрекетке әсер етуші
факторлар
І. Жанұядағы
конфликт:
-
туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз
болуы;
-
басқамен көңілдес болу, қызғану,
айырылсу;
-
“сүйікті” адамынан
айырылу;
-
жоспарының орындалуына кедергі
жасау;
-
сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін
ұнатпау;
-
жалғыз қалу,
-
сәтсіз махаббат;
-
басқалардың оған жеткілікті көңіл
бөлмеуі,
-
жыныстық һәлдің
төмендеуі.
ІІ. Психикалық
күй:
ІІІ. Физикалық
күй:
ІV. Қоғамға қарсы конфликттің
туындауы:
V. Кәсіптік және білім саласындағы
конфликтінің туындауы:
VІ. Материалды-тұрмыстық
қиыншылықтар.
VІІ. Басқа да
себептер.
Сөзді
белгілер
-
Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің
жанының
психикалық күйін айтады;
-
Өлім туралы айтуы мүмкін:”Мен әрі қарай өмір
сүргім келмейді”, “Мен өзіме қол жұмсағым
келеді”;
-
“Мен
ешкімге проблема болмаймын”;
-
Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме
айтуы;
-
Өлім сұрақтарына аса қызығушылық
білдіру.
Мінез-қылықты
белгілер
- Өзіне ыстық жеке заттарын
тарату;
-
Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға
келу;
-
Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт
төмендеуі;
-
Ұйқы уақытының өзгеруі;
-
Киім киісіне мән бермеуі;
-
Сабаққа себепсіз қатыспау;
-
Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін
таныту;
-
Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету.
Жағдайлы
белгілер
- Әлеуметтік оқшауланған
болса;
-
Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін
адамның
болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы
тұрақсыздық;
-
Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың
құрбаныретінде
сезіну;
-
Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.
Сыртқы түрі және мінез-құлқы Беттің
мұңлы көріністері (қасіретті
мимика)
-
Гипомимия, амимия
-
Ақырын монотонды дауыс
-
Сөйлеудің ақырындығы
-
Жауаптың қысқалығы
-
Жауаптың болмауы
-
Жылдам экспессивті
сөйлеу
-
Ызыңдаушылыққа
бейімділік
-
Жалпы қозғалыстағы
тежеушілік
-
Іс-әрекетсіздік,
адинамия
-
Қозғалыстағы жылдамдық
Эмоционалды
бұзылулар
-
Мұң, қайғы, жабырқау
-
Түңілу
-
Ашушаңдық,
тітіркенгіштік
-
Көп
сөйлегіштік
-
Қоршағандарға жауласқандық
қатынас
-
Қоршағандардың аманшылығына деген жеккөрушілік
сезімі
-
Физикалық наразылық
сезімі
-
Өзіне, қоршағандарға деген немқұрайлылық
қатынас
-
Заттық емес мазасыздық
(мотивтелмеген)
-
Заттық мазасыздық
(мотивтелген)
-
Қорқыныш
-
Түзетуге болмайтын қайғыны
күту
-
Мұң
көңіл-күйдің қалыпты фоны
-
Айналадағылардың қуанышты оқиғаларына мүңлы
көңіл-күйдің тереңдеуі
Өз өмірін
бағалау
-
Өз
өткенін пессимисті бағалау
-
Өткен өміріндегі жағымсыз жағдайларды ғана еске
алу
-
Өзінің қазіргі жағдайын пессимисті
бағалау
-
Болашақтық жоспардың
жоқтығы
Қоршағандармен өзара
әрекет
-
Адамдармен байланыстан
қашу
-
Қоршағандармен байланысқа түсуге талпыну,
жанашырлық іздеу, дәрігерге жүгіну
-
Ызыңдаушылыққа
бейімділік
-
Өз
қайғысына эгоцентрлік бағыттылық
Вегетативті
бұзылулар
-
Жас
тоқтамау, қарашықтың кеңеюі
-
Ауыз қуысының құрғауы (“құрғақ тіл
симптомы”)
-
Тахикардия, қан қысымының
жоғарылауы
-
Демнің тарылуы, ауаның
жетіспеуі
-
Бас
ауруы
-
Ұйқысыздық, жоғары
ұйқышылдық
-
Ұйқы ырғағының бұзылуы, ұйқының
қашуы
-
Физикалық ауырлық сезімі, кеудедегі жанның
ауырсынуы
-
Дененің басқа жерлерін ауырсыну (бас, эпигастрия,
іш)
-
Дене салмағының артуы, дене салмағының
азаюы
-
Тәбеттің төмендеуі, тағамның дәмінің
жоғалу
4. Презентация «Біз өмірді
таңдаймыз»
5. Қорытындылау
Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте
күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай
танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы
жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар,
қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне
жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере
алатынымыз күмәнсіз.
Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге
тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу,
ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал
ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы
көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы
көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын
жолдардың бірі.