Материалдар / "Жасөспірімдер және зиянды заттар" ток-шоу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жасөспірімдер және зиянды заттар" ток-шоу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруда мұғалімдер мен әдіскерлерге, педагогтарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
940
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы

«Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Нұргүл Болатбековна

Тақырыбы

«Жасөспірімдер және зиянды заттар»

Түрі

Ток-шоу

Жалпы мақсаты

Бүгінгі жасөспірімдердің өміріне және денсаулығына зиянды заттар мен әдеттердің зардаптарын болдырмаудың алдын алу. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту.


Шараның мақсаты

Жасөспірімдер бүгінгі ток-шоу арқылы есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсінік алады. Зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін түсінеді.


Күтілетін нәтиже

Ток-шоуға қатысушы-жасөспірімдер зиянды заттар оларды қолданудың зардаптары туралы білімдерін ортаға салады, талдайды. Жасөспірімдер өз болашағына зиян келтіретін әдеттердің салдарын көріп, ол заттар мен әдеттерге әуестенбеу керек екенін және салауатты өмір салтының маңыздылығын бағалауды үйренеді.

Тәрбиелік мәні

Жасөспірімдер өмірді сүюге, үлкендердің ақылын тыңдауға, салауатты Қазақстанның елжанды азаматы болуға ұмтылады.


Қатысушылар

9-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, ұстаздар, ата – аналар, ауыл фельдшері, аудандық полиция бөлімі қызметкері

Көрнекіліктер

Бейнероликтер, слайдтар, жағдаяттар.


Барысы

Шараның жоспарланған кезеңдері

Шарадағы жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

І. Ой қозғау

Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздермен, бүгінгі ток шоуды бастауға рұқсат етіңіздер! Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әдеттер болып табылады. Сонымен, бүгінгі тақырып: «Жасөспірімдер және зиянды әдеттер» бүгінгі ток – шоуымызды бастайық!
Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт - наша, темекі, арақ. Бүгінгі бағдарлама тақырыбы қоғамның ғасырдың дертіне айналып отырған зиянды әдеттерге жасөспірімдердің әуестенуі болып отыр.
Олай болса бағдарламамаыздың алғашқы қонақтарын ортаға шақырып алайық, олар 11-сынып оқушылары.

Алдымен экранға назар аударайық.

1. Жаңағы бейне сюжеттен түйген ойларыңыз, бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?


2. Аудан, облыс көлемінде зиянды затарды қолданатын жастар қаншалықты, зиянды әдеттерден аулақ болу үшін не істеу керек, оған ұшырап қалған жағдайда зиянды әдеттерден құтылу үшін қалай қарекет жасау керек сол туралы пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.

Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал, Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Елбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам. Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз. Нұрлы жолға бағыттайтын саламаттылық-саулық кепілі, ал саулық-табысты болашақ болмақ.

Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт: Темекі шегуді тоқтату

2-бағыт: Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес

3-бағыт: Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес

Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиянды екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды әдеттерден арылудың жолдары туралы тереңінен тоқталайық.


Бейнеролик











































Интернет материалдары

ІІ. Мағынаны тану


- Қазір елімізде 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі, 21 жасқа толмағандарға арақ сатылмайды. Арақ үлкендерге сағат 11-ден бастап қана сатылады. Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Нашақорлардың арасында да жасөспірімдердің бар болуы жасырын емес. Бұл – өте өкінішті жағдай. Осы мәселелер жөнінде не айтасыздар? Осындай зиянды әдеттердің қалыптаспауы үшін қандай әрекет жасау керек деп ойлайсыздар?

Серпілген сауалдар:

1. Ауыл фельдшеріне: Бүгінгі қозғалып отырған мәселе бойынша сіз не айтар едіңіз?

2. ІІБ-нің қызметкеріне: Ауданда жасөспірімдер арасында зиянды заттар қолданатындар бар ма, бар болса олармен қандай шаралар атқарылуда?

1. Ата-анаға: - Балаңыз қалтасынан қолын алғанда байқаусызда темекісі түсіп қалды. Сіз байқап қалдыңыз, ол сізді көрген жоқ. Ақырын жан-жағына қарады да, қалтасына салып алды. Сіздің әрекетіңіз?
2. Оқушыларға:

Сенің жан досын бар. Екеулерің 1 сыныптан бастап оқисыңдар. Бір – бірлеріне көмектесіп, өз сырларынды айтып, ақылдасып, бірге жүресіңдер. Кейінгі кезде досыңның өзгергенін байқадын. 1 рет шылым шегіп жүргенін, сыра ішкенін, аузына насыбай салғанын естідің. Сенің әрекетің?


3.Сынып жетекшісіне:

Сіздің оқушыңыз үнемі дүкеннен әкесіне темекі алып тұрады, ауыл адамы, танитын болған соң сатушы да оған темекі сатады. Қалай ойлайсыз бұл жағдай оқушыңызға кері әсер бермей ме?

4.Мектеп психологына:

Сіз отбасында ішімдікке салынған адамдар бар оқушының үнемі үстінен жағымсыз иіс байқайсыз. Ол үйдегі иіс те болуы мүмкін. Алайда сол оқушының шылым шегетінін білсеңіз қандай әрекет жасар едіңіз?

- Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Ал, қоғамдағы тәртіптің бұзылуына әрине зиянды әдеттер үлкен әсер етері сөзсіз. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастайды және ол әркеттер асқына келіп қылмысқа ұласады.


Бейнеролик




















Жағдаяттар

Кері байланыс

Бағдарламаға қатысушылар және көрермендер! Бүгін біз қоғамдағы маңызды мәселелер жайлы сөз қозғадық. Оның әрбір адамға әсер етері сөзсіз. Бүгінгі ток-шоу сізге қандай ой салды, қандай тұжырымға келдіңіз, қандай ұсыныс немесе сұрақтарыңыз бар? Ойларыңызды қолдарыңыздағы стикерлерге жазып, қабырғадағы алып жеміс ағашына жапсыруларыңызды сұраймын.



Рефлексия


- Бүгінгі ток шоу бойынша сіздер көптеген мағлұматтар алдындар деп ойлаймын, болашақта зиянды әдеттерден аулақ жүреді деп сенеміз. Жастар туралы «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» -деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Әр халық өз ұрпағын ұлттық салт-дәстүрімен тәрбиелеп, дені сау, елжанды ұрпақ қалдыруды мақсат еткен. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау , сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы бір сырлы» азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы болып келеді» -делінген.

Әр ұлттың қай кезде де алдында тұратын ұлы міндеттерінің ішіндегі маңыздысы саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеу екендігі белгілі. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» -деген Мұхтар Әуезовтың даналық сөзі бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің қаншалықты маңызды екендігі ұрпақ өсіріп отырған әр адамға, қоғамға үлкен ой салып келді. Тәрбиелі отбасында өскен ұрпақ ұлттың жоқтаушысы, елінің болашағы, отанын жанындай сүйетін, сол жолда барын аямайтын азамат, тұлға болары хақ. Ендеше жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың. Осы атқа лайық өмір сүруің үшін қарекет етуге тиіссің. Ал, қарекет түбі қашанда берекет екенін естен шығармайық!

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!