"Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу" іс- шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу" іс- шара

Материал туралы қысқаша түсінік
- мұғалімдер мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру; - оқушыларды әр түрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру; - оқушыларды мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу

Гүлия Жайлауовна Касенова, педагог-психолог

«Горное негігі мектебі» КММ


Іс-шараның мақсаты: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу және оны күнделікті өмірде қолдануға үйрету.

Міндеттері:

  • мұғалімдер мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;

  • оқушыларды әр түрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру;

  • оқушыларды мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Балалар шеңбер құрып құрып отырады. Жақсы сөздерін айтады, бір-бірімен амандасады.

  • Қайырлы күн, бар жақсылығы өзімізге – деп қолымызды жайып, қайта түсіреміз. Қатысушылар өз қалауларымен есімдерін өзгертеді, өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын таңдауына болады. Бұл есім тренингтің соңына дейін аталатыны түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Қатысушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтау үшін сол атауға арналған жүгіртпе ойындарын ұйымдастырамыз.

Танысу жаттығуы.

Шеңбер бойымен отырып, допты бір-біріне лақтыру арқылы ойыншының жаңа атын атап, өзі білгісі келетін сұрақтарды қояды. Мысалы, сенің алға қойған мақсатың қандай? Сенің сүйікті әншілерің кімдер? Сенің сүйікті пәндерің қандай?

«Аяқталмаған сөйлем»

Топтың әрбір мүшесі ортадағы үстелден кезектесіп қағазды алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.

«Жақсы қасиет» деп __________________________________________?

«Жаман қасиет» деп __________________________________________?

Адамның бойындағы қасиеттер _________________________________?

Ақылды болу үшін не істеу керек _______________________________?

Сыныптастар арасында адамгершілігі мол деп кімді айтар едің? Өз бойыңда адамгершілік қасиеттер бар деп ойлайсың ба?

Түйін: оқушылар өз ойын айтуға дағдыланады, ой пікірі қалыптасады. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренеді.

Жаттығу: «Ой талқы».

Балаларға сұрақ қойылады. Жақсы адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды атайды? Сендер сұрақтың жауабын күн сәулесінің шуағына жазуларың керек. Мысалы, мейірімді, ақкөңіл, сыпайы.

Shape5 Shape4 Shape1 Shape3 Shape2

Shape9 Shape6 Shape7 Shape8 Shape10

Жақсы адам



Shape11

Shape12



Түйін: жақсы адам Күндей айналасына жылу береді. Әл-Фараби бабамыздың «Ақыл дегеніміз екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» демекші, ақылдың атқаратын жұмысы – ол салыстыру. Осыған байланысты қасиеттерді салыстырып көрейік.

«Мен және айна» жаттығуы.

Бұл ойында ойыншылар бір-біріне қарап, жұп құрып отырады. Әр жұптағы ойыншының біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып айтады.

Мысалы: жалқау – еңбекқор, ұялшақ – батыл. Бірінші бала жалқау бала туралы әңгіме айтса, екіншісі оны қалай еңбекқор адам етуге болатыны туралы өз көзқарасын айтады.

Қорытынды: Бұл ойында жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерге үйретеді.

Сергіту сәті.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мына басым ақылды,

Бәрін осы басқарды.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

Балалар өлеңді айтып тұрып, дене мүшелерін көрсетіп, жаттығу орындайды.







Жаттығу. «Адамгершілік жүрегі».

Shape14 Shape13

Алғыр, жүйрік, ойлы, адал, батыл, ойшыл, зейінді, ақылды. ере











Балаларға сұрақ: Ақылды болуымыз үшін не істеуіміз керек? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?

Осы сұраққа жауапты әр оқушы жүрекшеге жазады.

Психолог: Күн бізге шуағымен жылу береді, ал адам жылы сөз айту арқылы бір-біріне жылылық танытады. Шын жүректен бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, сабағымызды қорытындылайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі