Материалдар / Жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламаларын(ТД) меңгерудің психологиялық ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламаларын(ТД) меңгерудің психологиялық ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі арта түседі. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайыстар да өткізу болады. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты жасөспірімдерді аңғарып мадақтауымыз керек. Басқа оқырмандар да соған ұқсау, не жаңаны ойлап табуы қалыптасады және басқа жасөспірімдерге қарап бой түзейді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға қазақ тілі мен әдебиеті оқу бағдарламаларын(ТД) меңгерудің психологиялық ерекшеліктері


М.Дулатов атындағы 136 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нареге Гүлназ Қойшыбайқызы

М.Дулатов атындағы 136 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Жұбаназарова Н.С.психол.ғ.к., профессор м.а.,

әл-Фараби ат.ҚазҰУ-і


Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық рухани өзгерістердің балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдістерінде, оның ішінде жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға оқу бағдарламаларын(ТД) негізінде беру саласында өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс. Бүгінде көгілдір экранның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат баласы үшін маңызы зор. Алайда жасөспірімдеріміздің психологиясына, тәрбиесіне кері әсерін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда интернет көздері дамып жатқандықтан, барлық жасөспірімдер кітап көздерін аз пайдалануда. Кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Осы орайда телебағдарламалар - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі. Қазақ халқы өзінің бет бейнесі мен болмысын, ұлттық салт - дәстүрін болашақ ұрпағы ғана арқылы қорғай алады. Өскелең ұрпақты жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға оқу бағдарламаларын(ТД) меңгерудің психологиялық ерекшеліктері көтеретін телебағдарламаларді көруі аса маңызды. Сол себепті оқушылардың тамырынан қол үзіп қалмасын десек оқу бағдарламасы болмыстағы телебағдарламаларды көбірек түсіріп, жарнамалау қажет. Бұл бағытта жасөспірімдерді оқу бағдарламасын жан – жақты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, ағартушылардың еңбектері баршылық. Солардың ішінен атап айтатын болсақ: ресейлік ғалымдар А.А.Люблинская, С.А.Козлова т.б., зерттеп қарастырған. Дегенмен, жасөспірімдерді ойлау әрекетін дамытуға оқу бағдарламаларын әліде болса отандық телебағдарламалардың мардымсыздығының арасындағы қарама қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға оқу бағдарламаларын(ТД) меңгерудің психологиялық ерекшеліктері» деп алуға негіз болды.

Жасөспірімдердің қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу үшін кітапқа деген баланың қызығушылығын арттырып қана қоймай әртүрлі жұмыстар жүргізуіміз керек. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман жасөспірімнің қызығушылығын арттыру үшін « мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Акцияға кезекші жасөспірімнің ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса сонда ғана ата-анада ой туады,баласының кітапқа деген қызығушылығы жоғары екендігіне. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі арта түседі. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайыстар да өткізу болады. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты жасөспірімдерді аңғарып мадақтауымыз керек. Басқа оқырмандар да соған ұқсау, не жаңаны ойлап табуы қалыптасады және басқа жасөспірімдерге қарап бой түзейді.

Қазақ телеарнасы өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта біршама ілгерледі деп айтсақ болады. Өйткені, бүгінгі таңда қазақ телеарнасының қатары түрлі тақырыптағы туындылармен толығуда. Деректі, көркем, көп сериалы фильм секілді түрлі жанрда дамып, қарыштап келеді. Тіпті, әлемдік деңгейдегі шетелдік кино байқауларында да жоғары жетістікке жетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген кино туындыларымыз ауыз толтырып айтарлықтай аз емес. Жасөспірімдердің ойлау әрекетін дамытуға оқу бағдарламаларын(ТД) меңгеруде психологияның да алатын орны ерекше.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!