жасөспірімдерге арналған тренинг "Жастарға иә, нашақорлыққа жоқ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

жасөспірімдерге арналған тренинг "Жастарға иә, нашақорлыққа жоқ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстауға насихаттау,нашақорлықты алдын алу, бұл материал мектеп психологтарына кқөмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг "Жастарға ИӘ!!! Нашақорлыққы ЖОҚ!!!"

Тренинг "Жастарға ИӘ!!! Нашақорлыққы ЖОҚ!!!"

Мақсаты: өз денсаулығына жауаптылықты қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларда темекі тартуға, ішімдікке, нашақорлыққа кері әсерін жетілдіру.

  • Есірткі қолдануға кері қатынас қалыптастыру.

  • Денсаулықтарына жағымды дұрыс таңдау жасауға бағыттау.

өткізу формасы:тренингтік сабақ.

Қажетті құрал жабдықтар:

  • Түрлі түсті қаламдар+қатысушылардың санына байланысты карточкалар;

  • Түрлі-түсті жетондар(қызыл, көк, көгілдір, жасыл, сұр, сары, қара, қоңыр) + 2 қорабша;

  • ватман + маркер;

  • денсаулыққа байланысты ұлы даналардың сөздері жазылған білезікшелер;

Сабақтың барысы:

I. Психологиялық ұйымдастыру кезең. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • 1. – Қош келдіңдер қымбатты оқушылар! Ең алдымен маңызды сабағымызды бастамас бұрын алдымен танысып алайық. Сендердің алдында үстелдің үстінде қағаздар мен каламдар жатыр. Сендерге 5 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде сендер өздеріңді таныстыратын карточкалар жасайсыңдар. Онда сендердің есімдерің және өз есімдеріңнің бас әріпімен сай келетін жақсы бір қасиеттерін және эмблемаларың болуы тиіс. Оны кеуде тұсына қыстырып қоямыз.

2. Сәлемдесу.

Ал енді бір-бірімізбен салемдесейік.

Барлықтарын шеңберге тұрып, өзгеше формада амандасу түрін ойлап оң жақтағы көршілеріңмен амандасамыз.


3. қатысушылардың эмоционалды күйін анықта.

Балалар сендердің алдарына түрлі-түсті жетондар(қызыл, көк, көгілдір, жасыл, сұр, сары, қара, қоңыр) ұсынылып отыр. Соның ішінен өздеріңнің көңіл-күйіне байланысты түсін таңдап оны 1 қорапшаға салыңыздар.

Бүгінгі біздің сабағымыздың ұраны «Мен денсаулығыма қажеттіні таңдай алам!!!»

II. Тақырып бойынша жұмыс.

1. Сонымен балалар енді біз денсаулықпен жаман қылықтар арасынан дұрыс таңдау жасау жайлы маңызды әңгімемізді бастаймыз.

менің ойымша біздің денсаулығымыз ата-анамыздың, ата-апамыздың, біз дем алып жатқан ауамыз, ішіп отырған суымыздан және т.б. көптеген заттарға байланысты. Көп нарсе біздің өзіміз бен біздің таңдауымызға байланысты.

3. «Себептері және салдары»

Балалар ал енді біз бір ойын ойнайық. Сендердің алдарында ватман қағазы бар. Сол қағаздың бір жағына темекі тарту, ішімдік ішу, есірткі қолданудың себептерін жазамыз, ал екінші жағына соның салдарын жазамыз. Мен себептерді жазамын, ал сендер маған салдарын атайсыңдар.

  • Бір мәселені шешуден қашу үшін;

  • Қызығушылықтан;

  • Барлығы сияқты болу үшін, ешкімнен қалыс алмау үшін.

  • Жоқ дей алмадым;

  • Ересек болып көріну үшін;

  • Көңіл көтеру үшін;

  • Жігерлі, мықты болу үшін;

Салдары:

  • Үйдегі жанжалдар,

  • Қаражаттық қиындықтар,

  • Достарынан айырылу,

  • Денсаулықтың төмендеуі,

  • Құқық қорғау органдарымен қақтығыстар,

  • Азу.

  • өлім.

ал енді қараңдаршы болмашы себептер қандай салдарға әкеліп соқтырады. Енді қолданар алдында ойланыңдар сол нарселер сендерге керек па?

4. Ойын-жаттығуы. «Аурумен өмір»

Жаттығудың мақсаты: қатысушыларға есірткіге тәуелділік күйдегі адамның күйін сезіну.

Қатысушыларға 12 кішкене қағаздан және калам таратылады.

Нұсқау: 4 сүйікті тамағын, 4 сүйікті айналысатын істерін және 4 сүйікті қымбат адамдарын жазады.

Қатысушылар дайын болғанда, жүргізуші «Балалар енді сендер өздеріңді есірткі қолданатын адамның орнына қойып, есірткі қолданудың салдарынан не болатынын сезіндіру. Сонымен адам есірткіден алатын ләзатты таңдады, әрбір алған ләзат үшін төлем керек және тек ақша емес, сол үшін сендерден 1 сүйікті тамағын, 1 сүйікті айналысатын істерін және 1 сүйікті қымбат адамдарын жазылған карточкаларыңды берулеріңді сұрайм. Сонымен тәуелділік келесі де құрбандықты қажет етеді, қатысушылар тағы да 2 карточканы береді, соңынан психолог ешкімнен сұрамай қалған карточкаларды алып қояды. Бұл есірткі қолданған адам жағдайды бақылай алмай барлық құндылықтарынан айырылады.

Бұл нашақорлық адам өміріне әкеліп соқтыратын салдары.

Талқылау:

Жаттығуды орындауда сендер қандай әсерде болдыңдар?
Қазір өздеріңді қалай сезінудесіңдер?
Неден немесе кімнен айырылу қиынға соқты?

Ойыннан кейін міндетті түрде эмоционалды босану жүргізіледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2018
1991
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі