400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздегі өзекті мәселелер: Ұрлық-зорлық, қыз тәрбиесі, ерте жүктілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияда

«Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралар»

27.10.2020ж күні А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназияда «Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралар» осы тақырыпта семинар-тренингі өткізілді.

Семинардың мақсаты: «Жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы танымдық-ақпараттық шаралардың алдын алу»





Семинар тренингке әр сыныптан ата-аналар қатыстырылды. Семинарда төмендегідей мәселелер талқыланды:

    1. «Жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу репродуктивті денсаулықты қорғау»;

    2. Жанұялық қарым-қатынасты нығайту;

    3. Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің деңгейіне ықпал ететін факторлар;

    4. Қыздарды ерте сексуалды қарым-қатынастан шектеу үшін АТА-АНАЛАР міндеті;


Аталған тақырыпқа байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді мен баяндамалар оқылды.

Ата-ана тарапынан мынадай сұрақтар қойылды:

  1. Ұл баласы бар ата-аналар ұлдарына жыныстық тәрбиеге қатаңдық танытса?

  2. Қыз баланың ата-анасы қызыммен бұндай тақырыпта ашып сөйлесе алмаймын бұным дұрыс па?

  3. Баланың жыныстық тиіспеушілікке деген көзқарасын қалай білуге болады?

Қорытынды: Статистика бойынша: ДДҰ деректері бойынша көбінесе табыс көзі орташа және төмен елдерде жыл сайын 15-19 жас аралығында шамамен 16 миллион қыз және 15 жасқа дейін шамамен 1 миллион жеткіншек қыз балалардың босануы кездеседі.Бүкіл әлемде жүктілік және босану кезіндегі асқынулар осы 15-19 жас аралығындағы қыздардың өлімінің бірден-бір себебіне айналуда.

Әлеуметтік желілер, Youtube арқылы сексуалды тәжірибе туралы ақпараттың жоғары деңгейде таралуы, смартфондарды шамадан тыс пайдалану;

Эмоционалды проблемалары мен жанжал көп болатын отбасындағы қыздар бөгде адамдардың назарын, жылулығын және мейірімін қажет етеді. Жұмыс басты ата-аналар 13-15 жас аралығындағы балаларына өз бетінше өмір сүруіне жағдай жасайды.

Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, қызды толық жыныстық тәрбиелемеу немесе мүлдем тәрбиелемеу; сияқты факторларды ата-аналарға ескертті.

Шешім:

  • Баланы тәрбиелеуге және қадағалауға;

  • Баланың немен айналысатынын және қандай ақпарат алатынын бақылауға;

  • Жасөспірімге және оның жасында маңызды істерге уақыт бөлуін түсіндіруіңіз қажет: оқуына, спортқа және жақындарына қамқор болу. Ата-аналарға міндеттелсін.




Мектеп-гимназия психологы: Джусупова Перизат Қуанышқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27.11.2020
3972
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі