Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері
ЖОСПАР
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Интернет тәуелділік - нашақорлық дертімен тең
В) Жеткіншек шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері мен механизмдері
С) Виртуалды тәуелділіктің жасөспірімдерге физикалық, психологиялық зияны
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жасөспірімдердің aгpеccивті мінез-құлқынa интернеттің ықпaлын пcихoлoгиялық тұpғыдa зеpттеу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде жасөспірімдердің белгілі бір бөлігі интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жоба жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады
Тақырыптың өзектілігі. Адам өркениеті көптеген өзгерістерді басынан өткеріп, дамудың түрлі кезеңдерінен өтті. Осыған қарамастан адам қоғамының барлық уақыттарында қарым-қатынас және тілдесу басты құндылық болып саналған. Бірақ, адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқашан ХХІ ғасырдағыдай ғаламдық болған емес, бұл ақпараттық технологиялар дәуірімен байланысты. Бүкіләлемдік тордың пайда болысымен санаулы секундтар арасында түрлі бағыттар бойынша орасан зор көлемде ақпарат алу немесе шектеусіз көлемде достар табу мүмкін болды. Жаһандық желі ойлап тапқаннан бері күн сайын көптеген адамдар танысып, достық қарым-қатынас орнатуда, жаңа байланыстар құрылуда.
Зерттеу нысаны: 16 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Зерттеу пәні - жасөспірімнің интернетке психологиялық тәуелділігі.
КІРІСПЕ
Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні бесіктен белі жаңа шыққан баланың компьютерден, ұялы телефоннан ойын ойнап отырғаны қалыпты жағдайға айналған. Тіпті екі-үш жасар баланың компьютерді меңгергенін айтып мақтанамыз. Ал оның зияны жайлы ойламаймыз да. Мамандар «компьютерге телміріп, уақытының басым бөлігін виртуалды әлемде өткізу бала денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, оның психологиялық құбыжыққа айналуына ықпал етеді. Сондай-ақ компьютерлік тәуелділікке, психологиялық күйзеліске ұшыратады» дейді.
Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ, осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсе, тіпті таңырқайтын болды. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналып барады.
Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге және түрлі гаджеттердің тез таралуына жағдай жасап отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы интернет-тәуелділіктің кең таралуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ғаламтор — (ағылшын тілінде Internet, МФА: [ˈɪn.tə.net]) — ақпарат беру және сақтауға арналған компьютерлік желілердің біріктірілген әлемдік жүйесі. Интернет бүгінде ақпарат алмасу, хабарласу құралы болуымен қатар балалар психологиясы мен адамдардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Алдымен «Интернет» ұғымы қалай пайда болғанына қысқаша тоқталсақ.
1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29-қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып, жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды.
Интернетке тәуелділік - нашақорлық дертімен тең
Ғаламтор желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың тәуелділігін қалыптастыру және қылмыстың өршуіне ерекше қауіп тудырып отыр. Интернет пен компьютерлік ойындардың пайда болуымен тәуелділіктің жаңа түрлері де пайда болды: интернетке тәуелділік пен ойынға тәуелділік. Әрбір төртінші пайдаланушы компьютердің жанында аптасына 20 сағаттан аса уақытын өткізеді. Мұнымен бірге Психиатрлардың америкалық ассоциациясының мәліметтері бойынша күніне компьютерде екі сағаттан аса уақыт ойнау компьютерлік тәуелділік деп танылады. Тәуелділік — бұл психикасының бұзылуы, ол уәждеумен, шешімдер қабылдаумен, оқумен, тежелуді бақылау деп аталатынмен, рахаттануды іздестірумен байланысты химиялық үдерістерге араласу жолымен мидың жұмыс істеу қағидаттарына ықпал етеді. Құмар ойындары мен жеңсіктік сияқты мінез-құлықтың құштарлық-психологиялық тәуелділік формасының мәні; есірткілер немесе алкоголь сияқты заттарға құмарлық бір мезгілде психологиялық тәуелділік формалары болып табылады. Интернет-тәуелділіктің басқалардан ерекшелігі — ағзаны әлсіреуіне немесе өзгеріске ұшырауына соқтыратын химиялық тәуелділік емес, ағзаға әсері бойынша ол құмар ойындарға тәуелділікке жақын.
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Қазіргі кезде жеткіншектерге жаңа заманғы жеке өздерінің интернет желілері қауіп төндіріп отыр. Жеткіншектер интернет желісіне көптеген компьютерлік ойындарға өзінің бос уақытының бәрін дерлік арнайды. Он бес жыл бойы фантазиядағы (ойындағы) және шынайы өмірдегі жауыздықтың арасында тығыз себеп-салдарлық байланысы бар ма деген пікір таластар жүруде. Алайда, психологияда компьютерлік ойындарға бейімділіктің, агрессивтіліктің жеке тұлғалық қасиет ретінде қалыптасуына ықпалы аз зерттелінген.
Бүгінгі күні білім беру саласын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Балалар бұл күрделі техниканы жылдам және үздік меңгеруде.
Компьютермен айналысу бала үшін пайдалы болғанымен, ұзақ уақыт экран алдында отыру жүйке жүйесіне күш түсіреді, ұйқысы бұзылады, психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін, арқасы, мойын еттерінің ауыруы байқалады.
Ал, компьютер ойындары балалар үшін оқу тапсырмаларынан гөрі ауыр. Әр түрлі ойындар реакция жылдамдығын қажет етеді. Олар балаға түрлі оқиғаның ішінде жүргендей сезінуге мүмкіндік береді, көптеген балалар ойыннның виртуальды әлеміне кіріп, жарысу кезеңдерін бастан өткізіп, жеңуге ұмтылумен сағаттар бойы отыруға дайын. Компьютерлік ойындардағы зорлық-зомбылық көріністері және соның салдарынан пайда болатын агрессивті фантазиялар жеткіншектерге де, қоғамға да қауіп төндіріп тұр. Жеткіншектер виртуалдық әлемде рұқсат етілетін жауыздық қимыл, іс-әрекеттерді ойынның мақсатына жету үшін қолдануға әдеттеніп, шынайы өмірде де өз көргендерін іс жүзінде асыруға, бірте-бірте өз мәселелерін шешетін әмбебап құрал ретінде қолдануға болады деген ұстанымның қалыптасу мүмкіндігі бар.
Психологтар, мұндай ойындар баланың психологиясын бұзады деп қатаң ескерту жасауда. Ойынға берілген бала мінез – құлқында өктемдік, аямаушылық, ойланбаушылық, белең алады екен. Өкінішке орай, бізде ойды дамытатын, білім үйрететін бағдарламалар саны шектеулі, таңдап, талғап пайдалануға мүмкіндік жоқ.
Теледидардағы қорқынышты фильмдер, компьютерлік ойындардағы күштеу элементерінің ықпалы туралы мәселе де әлі шешілмеген. Бірақ, агрессиялық мінез-құлық табиғаты біршама зерттелді. Сол себепті агрессияны зерттеу бағытының негізгі теорияларын көрсетуге болады. Атап айтсақ, инстинкт теориясы (З.Фрейд), агрессияның фрустрация теориясы (Дж. Доллард), когнитивті теория (З. Берковитц) және әлеуметтік үйрену теориясы ( А.Бандура).
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптасқан мінез-құлықтық мәселесі, оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-түзетуші жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялық мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
Біздің балаларға компьютерленген қоғамда өмір сүруге тура келеді, сондықтан оларды комьютермен айналысуда сауатты болуды үйретумен бірге денсаулығына зиян келтірмейтін жағын да үйреткеніміз абзал.
Ғылыми – техникалық әлемнің дамуына байланысты жеке тұлғаның өмір сүруіне жаңа әлеуметтік талаптар қойыла бастайды. Ойын-сауық индустриясының жаңа түрі - компьютерлік ойындардың пайда болуы жеке тұлғаға, оның ерекшеліктеріне жаңа зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Әлеуметтік желілер шамамен 10 жыл бұрын пайда болды, бірақ, қазіргі заманда оны қолданбайтын адамды табу өте қиын. Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты. Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Сөздің, достың қадірі жоғалып барады. Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай. Әлеуметтік желі деген де аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады.
Қазіргі жастар өз өмірін виртуалды байланыссыз елестете алмай, барлық бос уақытын интернетте өткізеді. Бірақ, егер оны шамадан тыс қолданбайтын болсаңыз, әлеуметтік желінің пайдалы жақтары жеткілікті. Мысалы, ұзақ уақыт бойы көрмеген таныстарыңызбен сөйлесуге және олардың фотосуреттерін көруге мүмкіндігіңіз бар. Соның арқасында, алыс жақта тұратын туыстарыңызбен үнемі байланыста болып, олар немен айналысып жүргенін біліп отырасыз. Әлеуметтік желілер балалардың психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Ғаламторда жиі отыратын жасөспірімдер құрдастарымен қарым-қатынасты үзіп, тұйық өмір салтын жүргізе бастайды. Нәтижесінде, шынайы өмірге бейімделу олар үшін қиынға соғады. Сондай-ақ, мұғалімдердің пікірінше, оқушының сабақ үлгерімінің төмендеуінің басты себебі де осы. Виртуалды өмірге тәуелділікті – алкоголь немесе есірткі тәуелділігімен салыстырсақ, қателеспейміз. Оны жедел түрде шешуді қажет ететін проблемалардың қатарына кіргізуге болады. Әлеуметтік желілерді, ақылға қонымды мөлшерде пайдаланған жөн.
Ұялы телефонның зияны
Көптеген жастар сыңарын табу мақсатымен бейтаныс адамдармен танысып, бармақ тістеп қалатын кездер де аз емес. Ал әлемде жыл сайын шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен. Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. «Ақпараттың дамыған, ғаламдық өркендеудің қазіргі сатысында дәл осы аталған дүниелердің өскелең ұрпаққа тигізіп жатқан кері әсерін айта бермейміз»,
-
«Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ғаламтор, ұялы телефон, желі байланыстарының әсері өте үлкен.
-
Балалар кішкентайынан дамыту, сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефонына, айпатына ұмтылуда.
Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық:
-
себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;
-
ғаламторға қажетсіз кіре беру;
-
жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;
-
уақыт өлшемінің жоғалтуы;
-
желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;
-
міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;
-
тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;-ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы
Әлеуметтік желіге тәуелді болмас үшін
-
салауатты өмір салтын сақтау
-
кітап оқу
-
спортпен айналысу
-
таза ауада көп серуендеу
-
табиғат аясында демалу
-
телефонда кем дегенде күніне 3 сағат отыру
Жалпы ғылыми зерттеу жұмысының теориялық бөліміне сәйкес интернетке тәуелділікті психологиялық зерттеу жұмыстарын жасөспірімдік шақтағы өз тобымның арасында өткіздік. Зерттеуге 16-17 жастағы 20 студент қатысты.
Сауалнама
-
Сіз өзіңізді Интернетпен уайым басқан адам ретінде сезінесіз бе? (алғашында болған онлайн сеанстары жайлы ойлап, келесілері жайлы қам жейсіз бе?)
А. Ия В. Жоқ
2. Желіде өткізген уақытты көбейту жайында қажеттілік сезесіз бе?
А. Ия В. Жоқ
3. Интернетті пайдалануды шектеу немесе тоқтату әрекеттерін жасау кезінде өзіңізді шаршаған, қозулы, көңілсіз сезесіз бе?
А. Ия В. Жоқ
4. Онлайнда өзіңіз белгілеген уақыттан артық уақыт өткізесіз бе?
А. Ия В. Жоқ
5. Өміріңізде Интернет үшін жұмысқа, оқуға немесе жеке өміріңізге қауіп төндірген кездеріңіз болды ма?
А. Ия В. Жоқ
6. Сізде жанұя мүшелері, дәрігерлер не басқа адамдардан Желіде өткізген уақытты құпия сақтаған кездеріңіз болды ма?
А. Ия В. Жоқ
7. Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
А. Ия В. Жоқ
8. Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңыз, туыстарыңызбен қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
А. Ия В. Жоқ
9. Шынайы өмірден қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
А. Ия В. Жоқ
10. Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?
А. Ия В. Жоқ
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, ғаламтордың «торына » түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз мүмкін.
Жеткіншек шақтағы интернет-тәуелділіктің белгілері
Интернет тәуелділікке бейім адамдар Интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын анықтауға зерттеулер жүргізілуде.
-
Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа көңіл бөлуді сұрау кезінде, жеткіншек оны істеуге айқын қарсылығын білдіреді.
-
Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде де ол өте қозулы күйде болады.
-
Компьютердегі программаларды жаңарту және жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат жұмсайды.
-
Жеткіншек үй жұмысы, міндеттері, сабақ жайлы ұмытады.
-
Қоректену және ұйқы графигі толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды.
-
Өзін үнемі сергектік күйде сақтау мақсатында жеткіншек кофе және басқа психостимуляторларды көп пайдаланады.
-
Компьютер алдында көп қоректенеді.
-
Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді.
-
Қоршаған адамдармен үнемі түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады.
-
Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді.
-
Өзінің компьютерлік фантастика әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін ойластырады және оған жағдай жасайды.
Жеткіншек шақтағы интернет-тәуелділіктің механизмі