Материалдар / Жастар арасында суицидалды мінез құлық факторларының алдын алудағы өзекті мәселелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жастар арасында суицидалды мінез құлық факторларының алдын алудағы өзекті мәселелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрғындар арасында суицидтік мінез-құлық факторларының алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және суицидалды мінез құлық факторларының алдын алудағы өзекті мәселелер



4 қалалық емхана


Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру - қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселенің маңыздылығы- қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына, жастардың өз денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түсуде. Адамның  өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады. Осы мәселе бойынша «Жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбын зерттеулерге талдау жасау барысында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және оның жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және экологиялық қолайсыздық бүкіл өркениетті әлем үшін көкейкесті мәселе болып отырғаны баршамызға аян.

Қазақстан Республикасының Конституциясының, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының, ҚР-сы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасының қабылдануы жас ұрпақтың болашағын жақсартудың, оның педагогикалық негіздерінің талапқа сай елеулі орнықтырылуын айқындауды талап етеді.

Салауатты өмір салты - ол адекваттық тәртіп арқылы денсаулықты басқару. Яғни, өз кезегінде Индивидуалдық қажеттілікке негіздеп, керекті білімді таңдап алуға мүмкіндік береді. Имандылық негізіндегі салауатты өмір салты біртұтас, ғылыми тиімді жүйеде қалыптастырылуы қажет.

Ол үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың тәжірибелік- әдістемелік кезеңдерін үш бағытта қарастыруға болады:

1.  тәрбиелік әрекет;

2.  денсаулық деңгейінің диагностикасы;

3.   денсаулық денгейін коррекциялау, түзету.

Тәрбие – қоғамдық, өндірістік, мәдени іс-әрекеттегі рухани және дене дамуына әсер ететін мақсатқа бағытталған жүйелі үрдіс. Ол оқу және ағарту саласымен тығыз байланысты. Тәрбиенің ұйымдастырылуы және мазмұны, мақсаты мемлекеттік және қоғамдық қарым-қатынаспен анықталады.

Тән саулығы- бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру және болжанбаған тосын және төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабілеті.

Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, денеміздің саулығы.

Жан саулығы мен тән саулығы бір-бірімен тұрақты жарасымды бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адамның жеке тұлғалық денсаулығының ажырамас бөлігі.

Спорттың өзара көмек және ұжымдық сезімді қалыптастырып, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі жақсы мәлім. Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі- дене мүшесінің саулығы. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы.

Жас ұрпақты рухани-интелектуалды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесінде жіберген олқылықтары, қадағаламаушылық, жауапсыздық және тәлім-тәрбие деңгейінің төмендеуі салдарынан жастардың жан түршігерлік іс-әрекеттерді жасаған жастар, білім мен тәрбие деңгейінің төмендігі, денсаулық жағдайының нашарлығы, салауаттылық, имандылық, адамгершілік туралы құндылықтардың парқын түсінбейтіндігі жасырын емес. Салауатты өмір сүрудің мән-мағынасын түсінбегендіктен жағымсыз іс-әрекеттерге әуестілік, рухани құндылықтың төмендеуіне әкеліп соғуда.

Сол себепті, рухани құндылық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісінде басты мәселеле ретінде қарастырылып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 50-0/0 –ы, әйелдердің 20-0/0-ы, жастардың 30-0/0 темекі тартып, жастардың 20,50/0-ы нашақорлыққа ауызданған. Осының негізінде қазіргі таңда ақпараттық құралдарда, теледидарда бейнефильмдер арқылы осы бір дертке тосқауыл қою барысында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. 

Мына өркениетті дамыған қоғамды тек - дені сау адам ғана құра алады. Жастарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеті ерекше, адамгершілігі мен имандылық қасиеті үйлескен тұлғаларды тәрбиелеу...

«Тәні саудың - жаны сау", "Шынықсаң шымыр боласың, "Есірткіге елікпе, спортты ал серікке"-деген қанатты сөздермен студент жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеуіміз шарт.

Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді. Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде ересектер міне осыны ұмытпағандары жөн. Бүгінгі таңда дүние жүзінде жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы ең өзекті мәселелердің бірі. Күніне әлемде қаншама бала осы «суицид» деген дерттің құрбаны болып отыр.

Ең алдымен «суицид» деген сөздің мағынасына түсініктеме беретін болсақ – ол адамның өз-өзіне қол жұмсау, яғни өзін жою әрекеті. Бұл қоғамдағы өткір психологиялық зақымдаушы жағдайлардың әсерінен болады. Мұндай жағдайда ең жоғары құндылық болып саналатын адам өмірі өз мәнін жоғалтады. Суицидтің себептері әртүрлі және ол субъектінің жеке тұлғалық формасының өзгеруіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өнегелілік ұйымдастыруларына да байланысты болады.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың формалары:

  • суық суицид – бұл жағдайда жасөспірім шынында өмірден кетуді қалайды, яғни өмір сүргісі келмейді.

  • белгілі бір ойын ретінде болатын суицид – яғни, бұл адам өзін басқалардың құтқарып алатынына сенімді, ол жай ғана өзгелердің оған назар аударуын қалайды.

  • жасөспірімнің әр түрлі проблемалардан құтылу тәсілдері ретіндегі суицид – бұл жағдайда жасөспірім суицидті барлық проблемаларды шешудің ең тиімді әдісі деп біледі.

Суицид өте әсерлі құбылыс, ол сән, үлгі ретінде болып қалуы да мүмкін, әсіресе олар өте құрметтейтін, еліктейтін адамдар өмірден кеткен жағдайда (мысалы, өзі табынатын адамның өмірден кетуі). Өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарған адамдар өздерінің проблемалаға тұйықталып қалғандығымен және ол проблеманы шешу жолдарын таба алмайтындығымен қажетті болады, сондай-ақ «Мен сенсіз өмір сүре алмаймын», «Сенсіз өмірдің маған еш қажеті жоқ» деген ойлар өзінің жақын адамының басқа біреуге кетіп қалуы немесе опасыздық істеуінен пайда болады да, жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді.

Жасөспірімдер өздерінің және эксперт психологтардың көзқарастары бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері төмендегі жиі кездесетін мысалдар арқылы түсіндіруге болады:

  • көмекке шақыру - өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдардың көпшілігі шын мәнінде өмірден кеткісі келмейді. Өз-өзіне қол жұмсау – бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі ретінде ғана қаралады. Мысалы, басқалардың өзіне көңіл бөліуне немесе махаббатқа қол жеткізуі. Өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі маңыйындағыларға мұндай ойы барын сездіруге тырысады. Көбіміз оған мән бере қарамай, сөз астарын түсінбей қалуымыз мүмкін. Дегенмен де олардың көбі өлімнен қорқады, қорқа тұра соған барады, себебі, жүрек түкпірінде біреу-міреу құтқарып қалар деген үміттері бәрібір блады. Жасөспірімдер арасында дайындалып жүріп шын мәнінде өмірмен қоштасатындар өте аз. Олар осындай әдіспен өздеріне назар аудартқылары келеді.

  • болашаққа үмітсіздік – жасөспірімге өмір мәнсіз көрінеді. Және болашаққа сенімі жоғалады. Өз өмірін жаөсарту немесе жаңалау үміті жоғалады.

  • проблеманың көптігі – жасөспірім үшін проблемалардың соншалықты шешімінің жоқтығы, оларды бір-бірлеп шешу амалдарының табылмауы. Мысалы, жасөспірім қылмыс жасағанда немесе қыздың жүкті болып қалуына бйланысты.

  • біреуге жәбірлік істеу, қасірет келтіру әрекеті – «Олар әлі өкінеді», «Оларға мен әлі-ақ қайғы тауып беремін» деген сияқты ойлардың болуы.

  • суицидті проблемаларды шешу тәсілі ретінде көру – бұл кезде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауды ерліктің және күштіліктің белгісі деп қарайды. Бұл арқылы бала барлық проблема шешіледі деп ойлайды.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалуының белгілері: өз жұмыстарын ретке келтіру:

1. Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап, түю. Күнделікті тіршілікпен қалай болса солай жүрген адам бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды, яғни, бұл оның соңғы дайындықтарды жасағандығы болуы мүмкін.

2. Қоштасу - өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

3. Сыртқы қанағанттанушылық – күш-қуаттың пайда болуы. Өзіне қол жұмсау туралы жоспары толық жасалынса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс энергия пайда болады. Күш-қуат көбею жағдайы терең депрессияға қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін.

4. Жазбаша түрде - хатта, күнделікте немесе басқадай түрде жазуы

мүмкін.

5. Нұсқауларды жай сөзбен немесе қауіп төндіріп білдіруі.

6. Жоғарыда көрсетілген белгілердің орындалуына себеп болған жақын адамынан айырылу. Үйінен айырылу.

7. Ұйқысыздық.

Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері

Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).

Үмітсіздік - өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.

Проблеманың көптігі – барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау – «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.

Батылдығы мен күшін көрсету – тек батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан.

Субмәдениеттің жасөспірімдер көңіл-күйіне әсері

Субмәдениет – бұл жалпылай қабылданған ұғымдармен өмірлік сенімдері, көзқарастары және әрекеттері сәйкес келмейтін, сырт көзден жасырын, мәдениет туралы кең ұғымнан айырмашылығы бар адамдардың қауымдастығы.

Субмәдениеттер көбіне жеке идеялы ұғымдарға ауысады. Олар жас шамасына, нәсілге, этникалық және тапқа тәнділікке, жынысқа бөлінуі мүмкін. Субмәдениеттер үшін эстетикалық, діни, саяси, нәпсілік немесе кез-келген басқа да сипаттамалар анықтаушы белгілер болып табылады. Субмәдениеттер әдетте өздері орын алған кең бағыттағы мәдени құндылықтарға оппозиция ретінде пайда болады. Оларға табынушылар өз бірліктерін басқалардан ерекшеленетін киім киісі немесе іс-әрекеттер, сонымен бірге ерекше нышандар арқылы байқатады. Алайда, барлық субмәдениеттер сыртық бейнесімен ерекшелене бермейді. Бүгінгі күні көптеген заманауи ағымдар ерекшелену екпінін рухани немесе саяси сенімдермен ұштастырады.

Қандай жағдай болса да жасөспірімдерде суицид көрінісінің алынуына ересектер жауапты. Суицидке бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, айтылатын сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқайымен зарлаған бала өзіне көмек іздегенде ересектерден жауап күтетініне күмән келтірмеген жөн. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына ең жақын адамы - ата-анадан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Білім беріп жүрген ұстаздар, мектеп психологы, достары және т.б. қасында жүрген жандар жеткіншекпен ата-анадай көп уақыт бірге бола алмайды, бірақ та олар қандай да бір өзгерісті сезсе баланың ата-анасына жеткізгені жөн. Жасөспірімнің жабығу көңіл-күйінің алдын алу, суицидтің алдын алу болып табылады. Бұл іс-шарада ата-ана маңызды рөл атқаруы дұрыс. Баланың көңіл-күйі төмендеуі және жабығудың басқа бегілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн. Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектерге үнемі әлеуметтік психологиялық тренингтер жүргізіліп, психолог, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог алдын алу шараларын ата-анамен тікелей байланыста бола, бірлесе отырып атқарған дұрыс.


Әдебиеттер тізімі


  1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы:Дарын. 2005.-191 б.

  2. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО-Пресс. 2000. -304 с.

  3. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992.

  4. Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. -196 с.

  5. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!