Материалдар / "Жастар девиантты мінез-құлықтан арылту жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жастар девиантты мінез-құлықтан арылту жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық мен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34.) деген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
885
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАСТАРДЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТАН АРЫЛТУ ЖОЛДАРЫ


Қазіргі таңда біздің қоғамымызда өзекті мәселенің бірі жастар арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда, яғни қоғамда девиантты мінез-құлықтағы жастардың көбеюі. Үлкендер жастардың арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан–жақты ізденістер үстінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық мен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» (34.) деген.

Девиантты мінез-құлықтың негізгі түрлеріне қылмыс жасаушылық, ішімдік қолдану, нашақорлық, сонымен қатар өзіне-өзі қол жұмсау жəне т.б. жатады. Ортада қабылданған нормалардан ауытқыған мінез-құлық көбіне жасөспірімдер арасында көптеп кездеседі. Жасөспірімдік шақта балалардың қызығушылығы арта түседі, əртүрлі əрекетке бейімделгіш келеді, мінезі ерекшеленіп, өзінің өмір жолына көз жіберіп, ой елегінен өткізуге тырысады, оқудың мəнін, мақсатын түсініп, ұжымдағы өз орнын білгісі келеді. Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде екі үлкен өзгеріс болады:

- ол ағзадағы жыныстық жетілу жəне өзінің “Мен” мəдениетінің ашылуы, тұлғасының жəне дүниетанымының қалыптасуы. Əр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасатын кезең деген болатын.

Егер ғылыми анықтамаларға сүйенетін болсақ девиантты мінез-құлық бұл:

- осы қоғамдағы нақты бекітілген немесе тарихи қалыптасқан нормалар мен ережелерге сай келмейтін адамның əрекеті;

- осы қоғамдағы нақты бекітілген немесе тарихи қалыптасқан нормалар мен ережелерге сəйкес келмейтін адам əрекетіндегі жалпыға қатысты жəне тұрақты формада көрініс беретін əлеуметтік құбылыс.

Девиантты мінез-құлық жəне қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастаған. Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылылған. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енген. П.П.Блонский ең алғаш бұл мəселе бойынша зерттеу жүргізген, ол өз зерттеулерінде девиантты деп мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кəмелетке толмаған балаларды қарастырды. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты мəселесін қазақстандық педагог-психологтар мен əлеуметтанушылар да қарастырып жүр. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы əрекеттерге араластыру арқылы жеңудің əртүрлі жолдарын көрсетіп берген. Девиантты мінез-құлық мəселесі психологиялық тұрғыдан Л.С.Выготскийдің еңбектерінде қарастырылады, сонымен қатар А.С.Макаренконың тəжірибелерінен де үлкен орын алады. Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір əлеуметтік-мəдени нормаларды, əсіресе құқықтық норманы бұзатын антиəлеуметтік іс-əрекет. Əлеуметтік-психологиялық əдебиеттерде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуына əсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:

· агрессивтілік;

· өзін-өзі басқарудың төменділігі;

· əлеуметтік нормаларды түсіну дəрежесінің төмендігі;

· ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;

· ата-аналардың əсер етуінің тиімсіздігі;

· физикалық жазалау;

· жасөспірімнің отбасымен жəне құрдастарымен келіспеушілігі;

· отбасының құлдырауы;

· əлеуметтік қанағатсыздану жəне т.б.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан торт топқа бөлеміз:

Бірінші топ

- девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстарымен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.

Екінші топ

- адамгершілік қадір-қасиеттері төмендей бастаған, əлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен ерге икемдене бастаған. Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз жүріс-тұрыстарын түзетуге мүмкіндік – қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

Үшінші топ

- өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын жасөспірімдер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді.

Төртінші топ

- жүйке ауруларына шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагог-психологтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет. Жеткіншектердің девиацияларына үңілу, көңіл аударып талдау кезінде тұлға акцентуацияларын ескеру қажет.

«Баланы жастан» демекші, әуел бастан балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беруді, тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың ата-аналық және педагогикалық борышымыз екенін ұмытпаған абзал.

Қазіргі уақытта отбасы мәселесі, соның ішінде девиантты мінез–құлқы бар әкемен, шешемен немесе баламен педагогикалық–психологиялық жұмыс жүргізу, оларда девиантты мінез–құлықты болдырмаудың алдын–алу шараларын жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етуде. Ендеше аз жылда кең етек алып кеткен нашақорлық пен маскүнемдік, шылымқорлық, жезөкшелік, кісі өлтіру, қарақшылық және т.б ата–аналар мен тәрбие ісімен айналысушы көпшілік қауымды алаңдатуы заңды құбылыс. Өйткені мұның бәрі тәрбиенің «нәтижесі» әрі жіберген кемшілігі екені түсінікті.

Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп – жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала, есті болмайды. Естіп көріп ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады» – деп ақыл естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді.

Девиантты мінез–құлықтың пайда болуына отбасындағы түрлі жағдайлар әсер етеді. Олар: әке–шешенің теріс үлгісі, үй ішіндегі еңсені босататын жағдай –отбасында өне бойы болып тұратын ұрыс, жанжал, ата–ананың біреуінің болмауы, ажырасулардың көбеюі. Өкінішке орай отбасындағы теріс қылықтарды түзету қиын.

Девиантты мінез–құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар аударарлық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеуде. Нақтылай айтқанда жасөспірімдердің бойында девиантты мінез–құлықтың пайда болуына бірден–бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тәрбиесі. Оның бастыларының бірі, баланың күнделікті жүріс–тұрыстарын қадағаламау, оның көзінше арақ–шарап ішу, дау–жанжал, ұрыс–керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі – баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң–мұқтажын қамтамасыз ету деп санау. Үшіншіден, жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, балаға көңіл бөлмеу, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де түрткі болады. Төртіншіден, ата–аналардың бір топтары адамгершілік талаптардың мән–мағынасын түсінгенімен, оларды күнделікті өмірде нық ұстамай, екі жүзділік көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туындайды. Бесінші себеп – кейбір ата–аналар өмірлік бағдарламасында ала беру жинау, мансапқорлық, менмендік пиғылдар орын алып, адамдарды ақыл–парасатына қарай емес, «байлығына», «қажеттілігіне» қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан балалардың ұрлық, тонау, жәбірлік, зорлық–зомбылық жасауға бейім екенін байқауға болады. Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс еркелету, балаларын шектен тыс мәпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру, тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтыққа» дағдыландыру, алдындағы қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, әдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекі ішімдікке, нашаға ұрлыққа икемделе бастайды.

Жастардағы девиантты мінез–құлық әлеуметтік жүріс–тұрыс нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады.

Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.

Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым. Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» (50.) деген дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.

Менің ұсынысым:


Жастарды девиантты мінез-құлықтан арылту үшін төмендегідей жұмыстар жасалу керек:

1. Жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;

2. Оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;

3. Әлеуметтік жəне психологиялық қорғалуы;

4. Оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

5. Маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық əрекетке бейім балаларға үлкендер тарапынан қатаң бақылауға алу.

6. Психологтардың психологиялық тренингтеріне көптеп қатыстырылуын қадағалау.


Демек, мектепте, отбасында оқушыларға білім, білік, тəрбие негіздерін үйрете отырып, оларды қарым-қатынас ережелеріне, мəдениетке үйрету, əлеуметтік тəжірибелер арқылы адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғынуға, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету керек.




Әдебиеттер.


1. Қызықты психология. Танымдық-психологиялық журнал. 2013 жыл № 1.

2. С.Б.Бейсембаев – «Жастардың девианттық мінез-құлқының дамуының әсері».

3. Л.Ерімбетов – «Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшелігі» Заң газеті 2010 жыл.

4. Е.Сармурзаев – «Психологиялық сауалнамалар» Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей психологы. 2013 жыл.

5. Қызықты психология. Танымдық психологиялық журнал.

6. Орақова А.Ш. Педагогикалық консилиум. – Алматы, 2010. – 80 бет




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!